Дәріс. Психологиялық кеңес берудің кезеңдері.
Жоспары:
- Психологиялық кеңес беру кезеңдері
- Психологиялық кеңес беруде Филипп Бурнард құрылымы
Р.С. Немовтың «психологиялық кеңес берудің негізі» атты кітабында психологиялық кеңес берудің кезеңдерін мынадай түрлерге бөледі.
Дайындық кезеңі (20-30). Бұл кезеңде кеңес беруші клиенттің құжатын қарастырып, бар болған мәселе бойынша әдебиеттерді іріктеп, кеңесуді жүргізу жоспарын өңдейді.
Бағытталу (настроечный) кезеңі (5-7 минут). Клиентпен кездесіп, қарым-қатынасқа түседі.
Диагностикалық кезең (60 минут, кейде 4-6-8 сағат). Бұл кезеңде клиенттің тұлғалығына диагностика жүргізіледі. Және клиент осы кезеңде тәубе (исповедь) етеді.
Ұсыныстар беру кезеңі (40-60минут). Алынған мәліметтер бойынша мәселені шешу алгоритмін өңдеп, клиентпен бірге мәселені шешу алгоритмін іздестіреді.
Бақылау кезеңі (20-30 минут). Кеңес беруші психолог пен клиент біріге отырып, табылған алгоритмді жүзеге асырудың бақылау әдістері жайлы келіседі.
Филипп Бурнард келесі құрылымды ұсынады.
Жұмыс басы. Кеңес берушінің клиентпен кездесуі, танысуы. Және осы кезеңде олар қай уақытта кеңесуді өткізетіні жайлы талқылайды.
Кіріспе кеңес. Клиентке психологиялық сүйеу көрсету, психологиялық тосқаулардан арылту, клиент жайлы жеке мәлімет алу.
Бар болған мәселені анықтау. Клиенттің мәселесі жайлы толық мағлұмат алу.
Эмоцияларды қабылдау. Кеңес беру процесінде клиент өзіндегі нақты мәселені түсіне бастағанда қатты эмоциялық күйде болады. Оның бойынан ашу, жеркенушілік, қорқыныш, қуаныш, қайғы таңғалу, жек көру сияқты эмоциялар көрінеді. Жағымсыз эмоцияларға ашу, қорқыныш, қайғы, абыржу, агрессия жатады. Осы кезеңде кеңес берушінің міндеті клиентке бар эмоциясын сыртқа шығаруға мүмкіндік беру.
Мүмкін шешімдерді анықтау. Кеңес беруші клиентке мәселені шешу стратегиясын анықтауға көмектеседі. Зерттеу көрсеткендей бұл кезеңде белсенді рөльді клиент атқарады өйткені, өз мәселесіндегі мүмкін шешімдерді өзі анықтау керек.
Әрекет ету жоспарын келісу. Қабылдауды жазып отыратын бұл жоспар екі данада сақталу керек. Біреуі кеңес берушінің өзінде қалады, екіншісі клиентке беріледі.
Жоспарды орындау. Бұл кезең клиенттің жеке орындауымен жүзеге асады.
Егер де құрылымдық компоненттерді интегралдасақ, онда
психологиялық кеңес беру барысын келесі түрде көрсетуге болады.
Бірінші кезең. Жұмыс басы. Бұл кезеңде клиентпен кездеседі, танысады, қарым-қатынасқа түседі.
Екінші кезең. Мәлімет жинақтау. Бұл кезеңнің мақсаты - клиенттің тұлғалығын диагностикалау (әңгімелесу, бақылау, тестілеу), қасиеттерін анықтау, міселенің мәнін ашу.
Үшінші кезең. Стратегиялық: Мәселенің мүмкін шешімдерін анықтау, әрекет ету жоспарын келісу, айқындалған жоспарды жүзеге асырудың бақылау әдістерін анықтау.
Төртінші кезең. Клиентпен жоспарды жүзеге асыру. Маманның қатысуынсыз, клиенттің өздігінше орындалады.
Кеңес берудің әр кезеңдері белгілі процедура мен техникаларды қолдана отырып, психологиялық кеңес беруде жетістікке жетеді.
Сұхбаттасу (интервью) көмек берудің басты әдісі ретінде
Интервьюді көмек берудің басты әдісі ретіндегі суреттеу, яғни кеңес беруші психологтың клиент берген тапсырмасымен жұмыс істеу деген сөз. Егер тапсырыс диалогты жұмысты қажет етсе, онда бұл кездесу белгіленген бір уақытпен психодиагност маманның көмегімен өтеді. Кеңес беруші психолог диагноз қоймайды, клиенттің жағдайын уникалды деп анализдеп, оған белгіленген білімді қолданады.
Клиенттің уникалды жағдайын анализдеудің бір әдісін сұхбаттасу деп атайды. Бұл әдіс арқылы кеңес беруші психолог клентттің мәселесін шешудің альтернативті нұсқауларын ұсынады, қобалжулар, сезімдер, ойлар мен мақсаттар, яғни клиенттің ішкі әлемінде үлкен мобильдікті тудыру себебі.
Интервьюдің тақырыбы клиенпен қандай да бір қатаң индивидуалды өмірлік контекстің арқасында қойылады. Мысалы: өзінің ана, әке ретіндегі комлектілік емес сияқты қобалжулар, ол да әр түрлі контекстерде қарастырылады. Көптеген практикалық психологтар кеңес беру кезінде столдың арғы шетінен шығып, клиентті қарсы алып, орындыққа дейін шығарып салады. Одан кейін: «Отырыңыз» бірер кідірістен кейін танысу болады дейді.
Интервью басталады,психологтың сұрақ қойуынан:
сізді тыңдап тұрмын
өзіңіз жайлы айтып беріңізші
сізді бұл жерге не алып келді
Бұл жерде клиенттің өз өмірі жайлы айтуға мүмкіндік беріледі. Психолог қарым-қатынасқа түсу барасында аты-жөнімен айту арқылы сөйлесу керек. Бізге белгілі болғандай клиенттің аты және оны қолдану – клиентті меңгере алу деген сөз. Атын қайталау индивидуалдық қатынаспен клиентке әсер ету болады.
Қарым-қатынасқа түспейтін клиенттер бар. Егер де 10 минут ішінде сөйлемесе, клиент айтқанымен жүрілу керек және ол армандайтын сұрақтарды қоймау керек.
Интервьдің екінші кезеңінде, материалды жинақтау барысында, мынадай сұрақ шешіледі: «мәселе неде?»
Бұл кезде клиент тергеуші сияқты клиентпен көбірек мәлімет алуы керек. Сонымен қатар психолог нақты сұрақтар керек. 15-20 минуттай клиент өз жайында айтып береді. Бұл уақытта психолог клиенттің ішкі әлемінің құрылымын қалай орналасқаны жайында өз ішінен ұсыныстарды қарастырып отырады. Анализдеу арқылы клиент мынаны білуі мүмкін:
өз мүмкіншіліктері жөнінде клиент не біледі
өз мақсаттары жөнінде не біледі
өз сезімдері жөнінде не біледі
өз ойлары жөнінде не біледі
Сонымен қатар клиенттің ішкі әлемін белсенді қылу үшін, клиент өз жайында не білуі керек. Сұрақ қойған кезде клиенттің айтылған сөздерінің кілттерін қолдану арқылы қою керек. Кілттік сөз әр текстте мынадай критерилер бойынша табылады: ол синониммен алмастыруы мүмкін емес. Егер оны алмастырса, онда тексттің мазмұны өзгереді. Кілттік сөз – қарым-қатынас тақырыбының фиксациясы. Психолог өз кәсібилік әсер етуі кезінде, клиентке өзінің өмірлік жағдайындағы қарым-қатынасын көрсетеді. Сонымен қатар мынадай ойлар айтылады: «өзіңіз өзгеру арқылы, сіз басқаларды өзгертесіз», «қасыңыздағы адам өзгеруі үшін, уақыт және шыдамдылық керек және т.б.»
Психолог клиентке сұрақ қою арқылы өз гипотезаларын тексереді. Сұраққа жауап беру арқылы клиент өз жағдайын, басқалардың осы ситуациядағы жағдайын анализдейді және саналы түрде түсінеді.
Қолданылатын әдебиеттер:
- Коралева З. Психологиическая тесты для всех – Москва.:Пресс, 2002
- Лесли Рай. Развитие навыков тренинга.- Питер, 2001
- Немов Р.С. Психология.- Москва ., І-ІІ-ІІІ том. 1998,
- Немов Р.С. Психологическое консультирование .- Москва.:
Владос,2001
- 11. Намазбаева Ж. Санғылбаев О. Психологиялық сөздік. –
Алматы.,2005 .
- 12. Овчарова В. Практическая психология образования.- М., 2003
- Роджерс К.Консультирование и психотерапия. Москва.: апрель-Пресс, Эксмо, 2000
6 Дәріс. Психологиялық консультация, психологиялық