Сезім мен эмоцияны дамыту және тәрбиелеу.

Біздің психикалық өмірімізде сезімдер ерекше орын алады. Сезімдер — бұл адамның қоршаған объективтік шындыққа және өзіне-өзінің қатынасының көңіл-күйі. Сезімдер адам өмірінің мазмұнын байыта түседі.

Балаларда сезім туған кезінен бастап аңғарыла бастайды. Сәбидің алғашқы жылауы оның эмоциялық өмірі бастауының көрсеткіші болып табылады.

Болашақта сәбидің сезімі мазмұны, күші және тұрақтылығы жағынан дами түседі. Алғашқы кезде балаларда органикалық сезімдер дамиды, кейін тәрбиенің әсерімен адамгершілік, эстетикалық, интелектуалдық сезімдер дамиды. Сонымен қатар бала өмірінің алғашқы күндері бет келбетіне қарап, қанағаттану және қанағаттанбауға қарсы жауабын аңғаруға болады. Баланың алғашқыда қимылдары қанағаттандық сезімді білдіреді. Алғашқы сәбилік кезеңде сезімдер тұрақсыз келеді. Алғашқы балалық шақта түйсіктер және қабылдаулармен байланысты сезімдер аңғарылады.

Екінші жылдың орта кезінде бала өзінің анасына, әкесіне және басқа да жақын адамдарына нәзіктік жылы сезіммен қарай бастайды. Бұл кезенде баланың сезімі өте тұрақсыз болады, кейде егіл де-тегіл болып жылап жатса, қызу күліп отыруы да ықтимал, яғни, бұл кезеңде баланың сезімі тез өзгеріп отырады. Бұл кезеңде эстетикалық сезімдері қалыптаса бастайды: бала үстіне киген әдемі көйлектен, қызықты ойыншықтан қанағаттанғандық сезімге ие болады.

Мектепке дейінгі кезенде интеллектуалдық сезімдері аңғарылады. Мектепке дейінгілердің сезімдері ерекше айқындылығымен, күшімен, әлі де аз тұрақтылығымен ерекшеленеді.

Кіші мектеп жасындағы кезеңде оқыту мен тәрбиенің әсерімен балалардың эмоциялық өмірі бірте-бірте кеңейе түседі. Мектеп шәкірттерінде интеллектуалдық және моралдік сезімдермен қатар, достық және жолдастық сезімі ерекше орын ала бастайды. Патриотизм, борыш сезімдері пайда болып, қалыптаса бастайды.

Жеткіншектік кезеңде эмоциялық көңіл-күйінде (13-14 жаста) үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жеткіншектер дүниетанымдық мәселелермен қызыға бастайды. Бұл кезеңде эмоциялық көңіл-күйдің қайнар көзі болашақ туралы армандау, ерлік, романтика болып табылады; өзін-өзі бағалау сезімі күшті дамыған. Бұл кезеңде оқытудың әсерімен абстракциялық, логикалық және сыни ойлауы біршама даму деңгейіне жетеді.

Бұл кезеңде жеткіншек ағзасында физиологиялық өзгерістерге (жыныстық жетілуі) байланысты мінезінде, эмоциялық қозуында, ерекшеліктер байқалады. Жеткіншектерде басқа кезеңдегі балаларга қарағанда кыңырлықты, мінезіндегі ерекшеліктерді аңғаруға болады. Балалар мен жеткіншектердің эмоциялық көңіл-күйі үлкендер сияқты даралық ерекшеліктері болады. Алғашқы балалық және мектепке дейінгі кезенде сезімдер негізінен темпераментпен байланысты, сонымен қатар мектепке дейінгі кезеңде сезімдср қалыптасып келе жатқан мінез, қызығулардың көрінісі болып табылады.

Балалық шақта бастан кешірген кейбір күшті сезімдер жеке тұлғаның бүкіл өміріне — оның қызығулары мен мінезінде жиі із қалдырып отырады.

В.Г.Короленко өзінің өмірбаяндық естеліктерінде жаңа мұғалімнің алғашқы сабағынан алған әсері оның дамуында елеулі кезең болғандығын атан өткен болатынды.

Сезімдердің дамуында тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің мәні орасан зор. Сезімдерді тәрбиелеу қажетсіз және жағымсыз сезімдерді болдырмау, жою әлеуметтік мәнді және тұрақты жағымды есімдерді дамыту және бекіту болып табылады. Сезімдерді тәрбиелеу әртүрлі жолдармен іске асады.

Тәжірибе және психологиялык зерттеулер көрсеткендей, эмоциялық көңіл-күйге байланысты деректер балалардың есінде берік және ұзақ мерзімгс сақталады. Жаңа берілген білім шәкірттерге берік меңгеріледі, егер де олар оқушының сезімі арқылы қабылданган жағдайда.

Шәкірттердің көңілінің көтеріңкілігі кез-келген тәрбие жұмысының тірек нүктесі болуға тиіс.

Бастауыш сыныптың шәкірттері үшін оқу үрдісіне ойын элементтерін кеңінен енгізу оқу магериалын меңгеруді жеңілдетуге эмоциялық жағдай жасайды, балалардың көңіл-күйін арттырады және сабақтың қызықты өтуіне себепші болады.

Бастауыш мектептің шәкірттері өз сезімдсрін әлі де тежей алмайды. Олардың қандай көңіл-күйде екендігі бст-пішінінен, қимыл-қозғалысынан анық байқалады.

Мектеп шәкірттердің жоғары сезімдерін дамытуға және тәрбиелеуге көмектеседі (адамгершілік, эстетикалық, интеллектуалдық). Жоғары сыныптардың шәкірттерінде өз отанын сүю, достық және жолдастық, ар және ождан, намыс және тағы басқа құнды сезімдері қалыптасады.

Шәкірттердің сезімдерін тәрбиелеудің негізі - өз сезімдерін басқара білуге үйрету, өз сезімдерін ұстай білу, жағымсыз сезімдерге жол бермеу, тежеп отыруы кажет. Тек кана жаттығулар арқылы шәкірттерде борыш сезімі жетіле түседі.

Наши рекомендации