МОДУЛЬ 1-дәріс: Жасерекшелік психологиясы ғылымының пәні және міндеттері, зерттеу әдістері

Жоспары:

1. Жас ерекшелік психологиясының теориялық және практикалық міндеттері.

2. Жас ерекшелік психологиясының пайда болу тарихы.

3. Жас ерекшелік психологиясының басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері.

Жас ерекшеліктері психологиясы адамның бүкіл өмірі бойындағы психикалық қасиеттері мен тұлғасының даму үдерісін зерттейді. Бізді қызықтыратыны – бүкіл өмірлік жол емес, өте жылдам есейіп келе жатқан баланың мектепті тәмамдап, ересек өмірге қадам басқанша жүріп өткен, туғаннан 17 жасқа дейінгі өмірінің бастапқы кезі. Жас ерекшеліктері психологиясының бұл бөлімінде бала дамуының заңдылықтары мен фактілері анықталады.

Жас ерекшеліктері психологиясының психологияның басқа салаларынан басты айырмашылығы – даму қарқынына басым көңіл бөлінуі. Сондықтан оны генетикалық психология (грек тілінде «генезис» – шығу тегі, қалыптасу) деп атайды. Әйткенмен, жас ерекшеліктері психологиясы психологияның басқа салаларымен: жалпы психологиямен, тұлға психологиясымен, әлеуметтік, педагогикалық және дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Жалпы психологияда психикалық қасиеттер – қабылдау, ойлау, сөйлеу тілі, ес, зейін, қиял зерттелетіндігі белгілі. Жас ерекшеліктері психологиясында әр психикалық қасиеттің даму үдерісі және әр түрлі жас кезеңдеріндегі қызметаралық байланыстардың өзгеруі қадағаланып отырады. Тұлға психологиясында түрткі, өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейі, құндылықты бағдарлар, дүниетаным және т.б. сияқты тұлғалық түзілімдер қарастырылса, жас ерекшеліктері психологиясы осы түзілімдердің баланың бойында қашан пайда болып, олардың белгілі бір жас кезеңіндегі ерекшеліктері қандай болатындығы туралы сұрақтарға жауап береді. Жас ерекшеліктері психологиясының әлеуметтік психологиямен байланысы баланың мінез-құлқы мен дамуының оның өзі кіретін топтарға: отбасына, балабақша тобына, мектеп сыныбына, жасөспірімдер ортасына тән ерекшеліктерге байланыстылығын бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір жас кезеңі – баланың айналасындағы адамдардың, ересектер мен құрбы-құрдастарының өзіндік, ерекше ықпалы. Баланы оқытып-тәрбиелейтін ересектердің мақсатты ықпалы педагогикалық психология аясында зерттеледі. Жас ерекшеліктері психологиясы және педагогикалық психология бала мен ересек адамның өзара ықпалдасу үдерісіне әр түрлі қырларынан қарайды: жас ерекшеліктері психологиясы – бала тұрғысынан, педагогикалық психология – тәрбиеші, мұғалім тұрғысынан.

Дамудың жас ерекшелік заңдылықтарынан басқа, дифференциалдық психология айналысатын индивидуалды айырмашылықтары да болады: бір жастағы балалар ақыл-парасаттың әр түрлі деңгейлерін және әр түрлі тұлғалық қасиеттерді иеленулері мүмкін. Жас ерекшеліктері психологиясында барлық балаларға ортақ жас ерекшелік заңдылықтары зерттеледі. Бірақ бұл орайда дамудың магистралды желілерінен қандай да бір басқа жаққа ықтимал ауытқушылықтар да ескеріледі.

Сонымен, жас ерекшеліктері психологиясы – психологиялық білімнің ерекше саласы. Баланың даму үдерісін қарастыра отырып, ол әр түрлі жас кезеңдеріне сипаттама береді, демек, «жас» және «балалық шақ» деген ұғымдарды қолданады. Жас немесе жас кезеңі дегеніміз – бала дамуындағы өз құрылымы мен қарқыны бар цикл. Л.С. Выготскийдің бұл анықтамасына толығырақ біз кейін тоқталатын боламыз, ал қазір бар болғаны екі нәрсені атап өтеміз.

Біріншіден, психологиялық жас жекелеген баланың оның туылу туралы куәлігінде, ал кейінірек төлқұжатында жазылған хронологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін. Өзінің қайталанбас мазмұны – баланың тұлғасы мен психикалық қасиеттерінің даму ерекшеліктері, оның айналасындағы адамдармен өзара қатынастарының ерекшеліктері және ол үшін басты болып табылатын іс-әрекеті бар жас кезеңінің белгілі бір шектері бар. Бірақ бұл хронологиялық шектер жылжытылуы мүмкін, бір бала жаңа жас кезеңіне ертерек, ал екіншісі кешірек енеді. Әсіресе балалардың жыныстық пісіп-жетілуімен байланысты жасөспірімдік шақтың шектері қатты «толқымалы болады».

Екіншіден, бастапқы жас кезеңдері балалық шақты – негізінен ересек өмірге, өздігінен еңбек етуге дайындық болып табылатын тұтас бір дәуірді құрайды. Балалық шақ – тарихи құбылыс: оның мазмұны да, ұзақтығы да ғасырлар бойы өзгеріп отырған. Алғашқы қауымдық қоғамдағы балалық шақ қысқа, ал орта ғасырларда ұзағырақ болған; қазіргі заманғы баланың балалық шағы одан да ұзағыраққа созылып, іс-әрекеттің күрделі түрлерімен толыға түсті – балалар өз ойындарында ересек адамдардың отбасылық және кәсіби қатынастарын қайталап, ғылым негіздерін меңгере бастады. Балалық шақтың өзіне тән ерекшелігі бала өмір сүріп, оқып және тәрбиеленіп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейімен анықталады.

Біздің заманымызда балалық шақ қашан аяқталады? Дәстүрлі түрде жас ерекшеліктері психологиясының бірінші бөлімі ретіндегі балалар психологиясы баланың туылғаннан 7 жасқа дейінгі даму үдерісін қамтиды. Бірақ қазіргі балалық шақ мектепке барғаннан кейін де жалғаса береді, бастауыш мектеп оқушысы бала болып қала береді. Оның үстіне, кейбір психологтар жасөспірімдік шақты да «ұзап кеткен балалық шақ» ретінде қарастырады. Қандай көзқарасты ұстансақ та, нағыз ересектіктің баланы тек мектеп табалдырығынан тыс, 15 немесе 17 жаста күтетіндігін мойындауымызға тура келеді.

Қазіргі таңда әрбір білімді адам «балалық шақ деген не», - деген сұраққа бұл – даму, үйрену, өзгеру кезеңі деп жауап қайтарады. Алайда тек ғалымдар ғана бұл кезеңді – парадокстар және қарама- қайшылықтар кезеңі, және онсыз даму процесі болмайтындығын атап кқрсетеді. Балалық шақ дамудың парадокстары жайлы В. Штерн, Ж.Пиаже, И.А. Соколянский және т.б. жазды. Д.Б. Элькониннің айтуы бойынша балалық шақ психологиясында парадокс бұл – ғалымдардың әлі де шешетін дамудың жұмбақтары.

Д.Б. Эльконин Москва университетіндегі дәрістерін балалық даму парадокстарының екі негізгі мінездемелерінен бастайтын.

Адам дүниеге келгенде өмірді сақтай алатын элементарлы механизмдермен ғана шектеледі. Физикалық құрылымы, жүйке жүйесінің үйлесуі жағынан, іс-әрекет типтері және оны бақылауы жағынан табиғаттағы мінсіз жан болып есептеледі.

Алайда эволюциялық қатарға дүниеге келген уақытысында мінсіздіктің айтарлықтай күрт төмендеуі байқалады, яғни балада дайын мінез – құлық формалары болмайды. Негізінен, тірі жан жанауарлар қатарында жоғары сатыда тұрған сайын, сол сияқты оның балалық шағы ұзаққа созылады, сол сияқты туылғанда ол әлсіз болады. Бұл табиғаттың бір парадоксы болып есептеледі. Тарихи даму барысында адамзаттың материалды және рухани мәдениетінің үздіксіз артуы байқалады. Мыңжылдықтардың ішінде адамдардың тәжірибесі мың есеге көбейді. Бірақ бұл уақытта туылған сәби еш өзгерген жоқ. Антропологтардың мәліметтері бойынша анатомо – морфологиялық ұқсатықты зерттей отырып, олар кроманьондықтармен және қазіргі европалық адамды салыстырады. Қорытынды бойынша қазіргі заманғы адамның жаңа туылған сәбиі он мың жылдар бұрын өмір сүрген сәбиден еш айырмашылығы жоқ.

Сонда табиғи шарттары ұқсас бола тұра психикалық дамудың деңгейі, қоғам дамуының тарихи кезеңдерінде бала әртүрлі жетістіктерге жетеді. Балалық шақ бұл жаңа туғаннан толық әлеуметтенгенге дейін жалғасатын және әрі қарай ержеткенге дейін; бұл кезең баланың адами қоғамның толық мүшесіне айналуы. Сонымен қатар, алғашқы қоғамдағы балалық шақтың ұзақтығы орта ғасыралдағы қазіргі күндердегі баланың шағының ұзақтығы мен тең емес. Адамның балалық шақ этапы- тарихи өнімі, және сол секілді олар мың жыл бұрын өзгеруге бейім болды. Сондықтан да баланың балалық шағын және оның заңдылықтарын, оның қалыптасуын адами қоғамның және заңдылықтарының дамуынан тыс қарастыруға болмайды. Балалық шақтың ұзақтығы қоғамның материалды және рухани мәдениетінің деңгейіне байланысты.

Тану теориясы мен диалектика жеке ғылымдардың тарихынан – жануарлар балаларының ақыл- ой дамуы, тіл тарихында қалыптасуы белгілі.

Назарды баланың ақыл- ой даму тарихына аудара отырып, оны балалық онтогенездегі дамунан және қазіргі заманғы мәдениеттердің біркелкі емес дамуынан ажырату қажет.

Балалық шақ дамуының проблемасы – қазіргі балалық шақ психологиясының ең күрделісі болып табылады. Себебі бұл аймақта бақылау да, эксперимент те жүргізе алмаймыз. Этнографтарға балаларға байланысты. Мәдени ескерткіште кедей екені белгілі. Тіпті, археологиялық қазбаларда табылатын ойыншықтардың өзі діннің заттары, яғни оларды ол дүниеге барғанда иесіне қызмет етсін деп салады екен.

Балалық шақтың тарихи шығу тегі кезеңдері жайлы теоретикалық сұрақты П.П. Блонский, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин деген ғалымдардың еңбектерінде жасалып шығарылды. Л.С. Выготскийдің концепсиясы бойынша бала дамуының психикалық даму жолы – табиғаттың мәңгілік заңдылықтарына бағынбайды. Міне, сондықтан да мәңгілік балалық шақ болмайды. Ол тек тарихи балалық шақ қана бар деп көрсетеді. XIX ғасыр әдебиеттерінде өте көп дәлелдемелер келтірілген. Олар бойынша жұмысшылардың балаларында балалық шақ болмады. Ф. Энгельс 1483 жылдары Англиядағы жұмысшы клас ты зерттей отырып мынандай мәліметтер алды. Балалар кейбір жағдайда бес жастан бастап жұмыс істеп жиірек алты жаста, жиі жеті жаста бірақ ата-анасының ахуалдары нашар балдардың бәрі сегіз жастан жұмыс істейтін болған, жұмыс уақытысы 14- 16 сағатқа созылған.

XIX- XX ғасырда балалық шақты қорғау органдарының жұмыс істеуінің арқасында бала еңбегі тоқтатылды. Әрине, бұл қоғамның төменгі деңгейде орналасқандарға балалық шақты қоштасу ету емес. Біздің заманымызда бала еңбегі жоқ десек те , балалық шақ статусын ата-анасының әлеуметтік қоғам құрылымындағы орнын есептемей айта алмаймыз.

ЮНЕСКО – ның қабылдаған және көп мемлекеттер бекіткен 1989 жылы «Баланың құқықтары жайлы конвенция» бойынша барлық жер бетіндегі бала тұлғасының толыққанды дамуы қамтамасыз етілуі қажет.

Балалық шақ туралы түсініктер тарихта көбіне олардың биологиялық дамуы емес, әлеуметтік даму кезеңдері ескерілді. Осы айтылған қорытыньдылардың дәлелі ретінде француз демографы және тарихшысы Филипп Ариестің деректері негіз болды. Соның арқасында шетелдік ғалымдар балалық шақ психологиясына назар аударды, ал Ариестің еңбегін кллассикалық дәрежеде бағаланды.

Түрлі тарихи дәуірден, тарихи процестің барсында суретшілердің санасында балалық шақ ұғымының ерекшеленуі. Бейнелеу өнеріндегі зерттеулері бойынша он үшінші ғасырға дейін өнер балаларға назар аудармады. Суретшілердің өздері де бейнелеуге тырысады.

XIII ғ балның бейнесі, кескіні тек діни аллегориялық сюжетте кездеседі. Бұл нәресте Исус және жалаңаш сәбидің өліктің символы ретінде. Шынайы түрде балалар суретін салу бейнелеу өнерінде көпке дейін болмады. Мүмкін ешкім өзіндік тұлға екендігін есептемеді. Өнер шығармашылығында бала бейнесі пайда болғанымен көбіне, олар ересектердің кішірейтілген формада көрсетеді. «Бала сөзі» көпке дейін қазіргі кезде нақты мағынаға ие болмады. Мысалы ортағасырларда Германияда «бала» сөзінің мәні «ақымақ» сөзімен барабар болды.

Балалық шақ ол кезеңде тез өтпелі және құндылығы жоқ болып есептелді. Оған немқұрайлы болуын Ф. Ариес, сол кезеңдегі демографиядағы жоғарғы туу мен жоғарғы өлімнің болу ерекшелігінің салдарынан. Балалық шаққа деген немқұрайлықты жеңу ол XVI ғ өлген балалардың портреттерінің пайда болуының әсерінен дейді француз демографы.Бұл жағдай жай ғана құбылыс емес, үлкен мән берілетін мәселе ретінде қалыптастырады. Жеңіл болуын бейнелеу өнерінде балалардың шынайы суреттері XVII ғ ерте дамымады. Ол кешегі біздің ғасырымызға дейін сақталады. Ескертетін бір жайы, шаруа отбасыларында революцияға дейін балалар мен ересектер бірдей киінген. Және бұл ерекшелік баланың ойны мен үлкендердің айырмашылығы аса көп болмаса киімдерінің бірегейлігі осы уақытқа дейін сақталған.

Ф. Ариес көне кезеңдердегі бала бейнесі мен әдебиеттегі балалық шақ киімдері көріністерін анализ жасай келе, бала киімінің эволюциясындағы 3 тенденцияны бөледі:

1. Феминизация– ер балаға арналған костюм, онда көбіне әйел адамының киімінің бөліктері қайталанады.

2. Архаизация – дәл осы уақыттағы бала киімі үлкендердің киімінен сән үлгісі қалуда, және көбіне өткен ғасырдағы

3. Жоғарғы тап өкілдерінің балаларына, төменгі тап шаруалардың ересектерге арналған костюмді киюі.

Ф. Ариес атап өткендей, балаларға арнайы киімдердің қалыптасуы ол қоғамдағы балаға деген қарым- қатынастың өзгеруі байқалады. Енді балалар ересектердің өмірінде маңызды орын алады.

2 Дәріс (2 сағат). Тұлғаның даму теориялары. Психикалық дамудың заңдылықтары.

Жоспары:

1. Психикалық дамудың жылжымалы күштері және қайнар көздері. Дамудың табиғи алғышарттары.

2. Психикалық дамуда тәрбиелеу мен оқытудың басты рөлі.

3. Сензитивтік кезеңнің және жетекші іс-әрекеттің әлеуметтік жағдайының даму түсінігі.

Отандық психологтардың айтуынша, жеке тұлға «иелену» арқылы өзінің «жан-жақтылығы» негізінде дамиды: «адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы қоғамдық қатынастардың маңызы зор». Психологияда жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін сыртқы детерминация мәселесі пайда болды.

Л.С.Выготскийдің теориясына сүйенсек, «біз өзгелер арқылы өзімізді қалыптастырамыз», «неліктен барлық ішкі қажеттіліктен жоғары формадағы сыртқы бола алады» деген сұраққа «барлық жоғарғы психиканың функциялық дамуының сыртқы кезеңі арқылы өту керек, өйткені функция ең алдымен әлеуметтік болып есептеледі. Бұл – ішкі және сыртқы мінез-құлықтың барлық мәселелерінің орталығы болып табылады». Осыған байланысты адамның қалыптасу механизмі туралы сұрақ пайда болады. Толыққанды адамның қалыптасуының психикалық механизмі әлеуметтік детерминанттарға ие болумен қатар, жеке тұлғаның құрылымы мен жағдайы, іс-әрекеттерін жасайтын үрдістер мен жүйелерден тұрады.

Идентификация – жеке индивидтің адамзаттық жан-жақты негіздерін иелену механизмі (лат – ұқсату, теңестіру). Идентификациялық механизмдер индивидке даму, сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуге және әлеуметтік жағдайға қарсы тұруға көмектеседі. Психологияда идентификацияны«бір адамды басқа адаммен, топпен, үлгімен эмоционалдық және өзгеше өзіндік ұқсату процесі» деп қарастырады.Идентификацияның екі түрі бар:

1) интериоризациялық идентифифкация;

2) экстрариоризациялық идентифифкация.

1) интериоризациялық идентифифкация өзін басқадан «иелену» және «сезіндірумен» қамтамасыз етеді;

2) экстрариоризациялық идентифифкация өзінің сезімін және мотивін басқаға тасымалдаумен (берумен) қамтамасыз етеді.

Осы идентифифкациялық механизмдердің өзара әрекеттесуінен ғана индивидке даму, рефлексия және теңбе-тең (адекватты) әлеуметтік күту мүмкіндігін береді.

«Иелену» идеясы, егер, адамның ішкі мәні, оның «индивидтің өзіндік іске асырылуы» жағдайына тәуелді және белсенділігі туралы диалектикалық бірліктегі идеясымен түсіндірілмесе, өзіне-өзі механикалық болуы мүмкін еді. Бұдан басқа, адам қоғамда қоғамдық жануар ретінде жекеленуі мүмкін.

Адамдар жалпы және бір-біріне жағдай туғызады. Марксистік ой желісінде индивидтер бір-біріне физикалық және рухани тұрғыдан жағдай туғызады деп баяндалған.

Іс-әрекеттердің тұлғалық мәні мен полярлы эталондарымен идентификация.Қалыпты дамушы әрбір бала тұлғасының құрылымы негізінде жататын өз-өзіне эмоционалдық жағымды қарым-қатынасты ( «Мен жақсымын »), оны дұрыс этикалық эталонына бағыттайды.

Дұрыс мінез-құлық эталонына сәйкес келу қажеттілігі баланың қандайда бір іс-әрекеті немесе мінез-құлық формасы белгілі бір тұлғалық мәнге ие болса туындайды. Баланың өз-өзіне көңіл толмауы оның мінез-құлқының қалыптасуына негіз болады. Алайда егер бала әрқашанда дұрыс үлгіге сай келуге тырысса , бәрі жеңіл болады.

Балалар өсе келе жағымсыз этикалық эталонның мағынасын түсініп, негативті іс-әрекеттке эмоционалдың қызығушылығын сақтайды. Бұл қызығушылық ашық түрде емес, жанама түрде мәлімдейді ( « Мен сондай жаман бала болғым келеді ! » ) . кейбір балдар (әсіресе ұлдар) мектепке дейінгі кезеңде мінез-құлықтың жағымсызь өнегелік эталонына бейім болады. өздерінің шынайы іс-әрекеттерінде олар өзін әлеуметтік жағөздерінің шынайы іс-әрекеттерінде олар өзін әлеуметтік жағдайларға сәйкес ұстайды, бірақ сонымен қатар жағымсыз мінез-құлық формасы тән адамдармен (немесе кейіпкерлермен) идентификацияланады.

Балалар көркем шығармаларды әсер қалдырған образбен жиі эмоцианалды идентификацияланады.

Баланың қандайда бір кейіпкеге баға беруі қоршаған адамдармен қарым-қатынасы жанамаланады. Жақын ересек адамдармен қарым-қатынас процесінде алғашқы адамгершілік эталондарын меңгерумен жүреді. Алғашқыда балалар белгілі бір ережелерді орындауда қоғамдық мәнін түсінгендіктен парасатты іс-әрекет жасамайды, онда адамдардың талаптарын орындау немесе көзқарасымен санасу қажеттігі туғанда парасатты іс-әрекет жасайды. Егер баланы айналадағы адамдар жағымды эталондарға сай, жақсы деп есептесе, онда балаға оның өзінің жағымды образын көрсетеді.

Бала метепке дейінгі кезеңде өз мінез-құлқын қаншалықты санаса да, оның бағасы негізінде ерте балалық шақта туындайтын өзіне деген жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жатады.Бала тобында абыройға ие құрдастар бала үшін мінез-құлық бағыттаушысы болады. Моральдық эталондарды бала үнемі басқа адамдарға қатысты меңгерілген мінез-құлық нормаларын практикада қолдану қажеттілігімен соқтығысатын топтағы қарым-қатынас процесінде игеріледі. әлеуметтік даму – адам нақты бір ситуацияға сәйкес мінез-құлық формасын таңдауды үйренуден туады.

Балаларға ересектер және құрдастар тарапынан әсер ету іс-әрекет процесінде жүзеге асады. Мысалы, ойын іс-әрекетінде бала өз мінез-құлқын салыстырып бақылайтын мінез-құлық үлгілерінің рөлін орындау барысында эталон болып қалыптасады. Бала ойнының басты мазмұны бала адамзат іс-әрекетімен, өзара қарым-қатынастарының жоғарғы формасының дамыған әлемге өту ойынындағы мінез-құлық формалары болып табылады. Адамзат өзара қарым-қатынасының нормалар ойын арқылы баланың моралінің қалыптасуының қайнар көзі.

Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың жағымды адамгершілік эталонын сақтауға тырысу басқа адамдар тарапынан мойындауға талаппен байланысады. Егер әлеуметтік бақылау төмендесе, бала өзі қалаған ситуацияға сәйкес әрект етуге дайын емес болады. «Егер көрінбейтін адамға айналсаң не істейсің » - деп балаға әлеуметтік бақылаудың илюзиясы туындаған ситуацияда қояды.

Эталонға сай адамгершілік әрекеттерін орындауда бала ересектің тарапынан дұрыс, оң бағалауды күтеді. Қоршаған орта тарапынан мақұлдауды күтуде бала өз адамгершілігін арнайы ұйымдастыруы мүмкін.

Қандайда бір әрекетке ересектің бағасына сүйеніп, бала тек моральдың бірінші кезеңінде болады. Мақұлдауға ие болу үшін кез-келген тәсілді қолданса, оның мінез-құлқы демонстративтік форма сипатында болады. Бала өз «мейірімді қасиетін» әдейі ұйымдастырады.

Мотивтер. Мектепке дейінгі балалық шақта мінез-құлық мотивінің өзгеруінен тек оладың мазмұны ауыспайды, жаңа матив түрлері пайда болады. әртүрлі матив түрлерінен матасу, иерархия қалыптасады: біреулері бала үшін басқаларға қарағанда үлкен маңызға ие болады.

Кіші мектепке дейінгі кезеңдегі баланың мінез-құлқының негізгі сызығы болмайды. Бала қазір ғана өз құрдастарымен сыйлықтарды бөліседі және сол сәтте қолынан ойыншықтарды қайта алып қоюы мүмкін. Басқа бала қызығушылықпен анасына бөлме жинауға көмектеседі, ал бес минуттан кейін ойыншықтарын шаша бастайды. Себебі әртүрлі мотивтер бір-бірімен ситуация өзгеруіне байланысты мінез-құлыққа қандайда бір мотив жетекшілік етеді.

Мотивтердің матасуы мектепке дейінгі кезеңдегі бала тұлғасының дамуында маңызды рөлге ие. Туындаушы мотив иерархиясы баланың мінез-құлқына белгілі бір бағыт береді. Оның даму көлеміне байланысты баланың тек жеке әрекеттерін емес, тұтастай мінез-құлқын бағалау мүмкіндігі пайда болады. Егер қоғамды мінез-құлық мотивтері, адамгершілік нормаларын сақтау маңызды болса, бала көп жағдайда қарама-қарсы қозуларға берілмей, солардың ықпалымен әрекет жасайды. Керісінше рхат сезімін жеке қабылдауға тырысу бала мінез-құлқының бұзылуына алып келеді. Мотивтердің матасуының пайда болуы бала барлық жағдайда бір әлеуметтік маңызы бар мотивтерді жетекшілікке алады деген сөз емес. Мұндай жағдай ересектерде кездеспейді. Кез-келген адамның мінез-құлқында көптеген әртүрлі мотивтерді кездестіруге болады. Алайда осы матасу әртүрлі мотивтердің теңдігін жоғалтып, бір жүйеге орналасуына алып келеді.

Тұлғаның психологиялық уақыты – уақыт барысында өзінің физикалық және рухани өзгерістеріне индивидуалдық уайымдау. Балалық шақта ғана бала өзінің индивидуалдық өткені, қазіргі және болашағы бар екенін түсінеді. өзінің өткені туралы қзығушылықпен тыңдайды. Егер « оның тарихын » ересек мейіріммен және қызығушылықпен айтса, онда бала оны үлкен ынтамен бірнеше рет қайталап тыңдауға дайын. Осындай ынтамен мектепке дейінгі кезеңдегі бала өзінің болашағынан үміт күтеді. «Мен үлкен болып өскенде ...» - өмір жетістігі үшін баланың өте маңызды позициясы. Ес және қиял образы психологиялық уақыт финоменінің біліміне сәйкес келеді.Мектепке дейінгі кезеңде бала тұлғасының өмірлік жетістігінің қалыптасуы үшін ересектің қатысуы өте маңызды.

6 Дәріс (2 сағат). «Ерте балалық шақ (1-3 жас)». Шетелдік периодизация теорияларына сынды талдау (А.Гезелл,С.Холл,К.Бюлер, Ш.Бюлер, А.Валлон, Ж.Пиаже).

Жоспары:

1. 1-3 жас аралығындағы бала дамуының жалпы сипаты.

2. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің мақсаты, оның даму сатылары.

3. Ерте балалық шақтағы заттық іс-әрекеттің қалыптасу механизмі.

4. Сөйлеудің қалыптасуы. Пассивті және активті сөйлеу.

Сәбиліктен кейін адамда жаңа кезең басталады - ерте жастық шақ ( 1 жастан 3 жасқа дейін). Сәбилік баланы есту мен көру қабілеттіліктерімен қаруландырады. Бала денесімен жұмыс істей бастайды, қол қозғалыстарын басқарады. Ерте жаста бала енді әлсіз емес, ол өзінің қимылдары мен үлкендермен қарым-қатынасқа ұмтылуда барынша активтілік көрсетеді. Алғашқы жылында сәбиде адамға тән психикалық әрекеттердің алғашқы формалары қалыптасады. Психикалық дамудың алғашқы тарихы енді шын тарихына орын берді. Келесі екі жыл - ерте жастық шақ кезеңі - балаға жаңа жетістіктер алып келеді.

Алғашқы үш жылда бала ұшыраған сапалы өзгерулер өте маңызды, сол себепті кейбір психологтар (мысалы, Р.Зазза) туылғанынан бастап ересек болуға дейінгі адамның психикалық даму жолының ортасы баланың үш жасы деп белгілейді.

Көптеген зерттеулер көрсеткендей, үш жасар бала үнемі заттар әлеміне кіреді, көптеген тұрмыстық заттарды қолдана алады және заттық әлемге бағалы қатынаста болады. Ол өз-өзіне қызмет ете алады, қоршаған адамдармен өзара қатынасқа түсе алады. Ол тіл арқылы үлкендермен және басқалармен қарым-қатынасқа түседі, мінез-құлықтың қарапайым формаларын ережелерін орындайды.

Үлкендермен қарым-қатынаста балада айқын еліктеу байқалады және бұл идентификацияның қарапайым формасы болып табылады. Баланың үлкенмен және үлкеннің баламен идентификациялы қарым-қатынасында сәбиді басқа адамға деген эмоционалды қатынасқа дайындайды. Баладағы идентификация фонында адамдарға деген сенім сезімі пайда болады (базалық сенім сезімі, Э.Эриксон), сонымен қатар материалды, психологиялық және рухани мәдениетті иеленуге дайындалады.

Бала психикасының дамуын анықтайтын ерте жастық шақтың негізгі жетістіктері болып саналатындар мыналар: денені игеру, тілді меңгеру, заттық іс-әрекеттің дамуы. Осы жетістіктер мынада байқалады: дене активтілігінде, қимыл мен қозғалыстардың үйлесімділігінде, түзу жүруде; арақатынасты және зеңбіректі қимылдардың дамуында, сөйлеудің қарқынды дамуында, орын басу мүмкіндіктерінің дамуында, символикалық әрекеттер мен белгілерді қолдануда; көрнекі-қимылдық, көрнекі-бейнелік және белгілік ойлау дамуында; елес пен ес дамуында; елес пен ерік көзі ретінде өзін сезінуде; өзіндік «Меннің» шығуы және тұлғалық сезімнің пайда болуында.

Жалпы сезімталдылық дамуға деген онтогенетикалық потенциалының тоқтатылмауынан болады, сонымен қатар жағымды эмоциялар қажеттіліктері мен танымды болу қажеттілігінің дамуы мен қалыптасуы жүретін адамдар қатынасының әлеуметтік кеңістігіне баланың психологиялық кіруі.

Қарым-қатынас ерекшеліктері.Ерте жаста, әсіресе оның бірінші жартысында, бала әлеуметтік қатынастар әлеміне енді кіре бастайды. Ол мама, папа және әжесімен қарым-қатынас арқылы нормативті мінез-құлықты игереді . Бірақ осы кезеңдегі мінез-құлық мотивтері саналы емес және маңыздылық дәрежесіне байланысты жүйеге реттелмеген. Тек бірте-бірте баланың ішкі дүниесі тұрақтылық пен анықтылыққа ие болады. Бұл дүние үлкендердің әсерінен қалыптасса да, бала бірден өзінен күткен адамдар мен заттарға деген қатынасты игере алмайды.

Үлкендермен қарым-қатынаста формалардың өзгеруі бала дамуының ерте жасында шешуші мәнге ие, бұл әдеттегі заттар әлеміне кірумен және заттық іс-әрекетті игерумен байланысты. Дәл осы заттық іс-әрекетте үлкендермен қарым-қатынас арқылы сөз мәндерін игеру және оларды заттар бейнелері мен қоршаған орта құбылыстарымен байланыстыру негізі құрылады. Басқарудың «саңылау» формалары (қимылдарды көрсету, қозғалыстармен басқару, растауды жест пен мимика арқылы білдіру) баланы затты қолдану ережелері мен әдістеріне үйретуге жеткіліксіз болып бара жатыр. Баланың заттарға, олардың қасиеттері мен әрекеттеріне қызығушылықтарының өсуі үлкендерден үнемі көмек сұрауды тудырады. Бірақ көмек сұрау да, сол көмекті алу да тілдік қарым-қатынасты игерген кезде ғана болады.

Мұнда көбісі үкендердің балалармен қарым-қатынасты қалай ұйымдастырғанына және осы қарым-қатынасқа қандай талаптар қойылуына байланысты. Егер балалармен аз араласып, оларға деген қамқорлықты шектесе, онда олар бірден сөйлеу дамуынан артта қалады. Басқа жағынан, егер үлкендер балалармен қарым-қатынаста олардың бірінші жестінен ақ әрбір тілегін орындаса, бала ұзақ уақыт бойы сөйлеу қабілетінсіз жүре береді. Ал егер үлкендер баланы анық сөйлетсе және мүмкіндігінше өз тілектерін сөзбен жеткізсе ғана оларды орындайды.

Сөйлеудің дамуы.Ерте жастық шақта сөйлеудің дамуы екі жолмен жүреді: үлкендердің сөйлеуді түсінуін жетілдіру және баланың өзінде белсенді сөйлеудің қалыптасуы.

Сөздерді көрсетілген заттарға және қимылдарға қатыстыра алу балаға бірден келмейді. Алдымен нақты зат пен құбылыс емес, жағдай түсіндіріледі. Бала үлкендермен қарым-қатынаста сөзбен анық қимылдар жасаса, басқа адаммен айтылған дәл осы сөздерге мүлдем жауап бермеуі мүмкін. Осылай, бір жастағы сәби анасымен қарым-қатынаста басына, мұрнына, көзіне, аяғына және басқа да дене мүшелеріне көрсете алады, бірақ адамдардың дене мүшелерін көрсету сұрауларына ол жауап бермеуі мүмкін. Бала мен ана өте тығыз интимді байланыста болады, мұнда тек сөздер ғана емес, сонымен қатар жесттер, мимика, дауыс ырғағы және қарым-қатынас жағдайы - бәрі бірге әрекетке сигнал болады.

Үлкенмен қарым-қатынаста бала оның сөздеріне дұрыс жауап береді, егер бұл сөздер көп рет анық жесттермен қайталанса. Мысалы, үлкен балаға айтады: «Қолыңды берші» - және соған сәйкес жест істейді. Бала өте тез жауапты әрекетке үйренеді. Сонда ол тек сөздерге ғана жауап бермейді, сонымен қатар толық жағдайға жауап береді.

Кейінірек жағдай мәні өтіледі, бала сөздерді түсіне бастайды, оларды нені айтып жатқанын түсінеді және ол сонымен бірге ере жүретін жесттерге тәуелсіз. Бірақ бұл жерде де сөздер мен көрсетілген заттар және құбылыстар арасындағы байланыс көп уақыт тұрақсыз болады. Бұл үлкеннің балаға берген сөздік нұсқаулар кіретін жағдайларға тәуелді.

Бір жарым жылдан кейін баланың қимылдық бағынулары үлкеннің сөздік нұсқауларына мықты бола бастайды, бірақ егер нұсқау мен орындау арасында уақыт аралығы енгізілсе немесе нұсқау дағдыланған әрекеттермен қарама-қайшы болса бұзылады. Баланың көзіншебалықты аударылған шынының ішіне салады. Содан кейін оған айтады: «балық шынының астында, алып берші балықты!», сонымен қатар баланың қолын 20-30 сек ұстап тұрады. Осы таңдаудан кейін бала басқа заттарға алаңдап, нұсқауды орындауға қиналады.

Басқа жағдайда баланың алдына екі затты қояды - шыны мен қасықты - сосын айтады: «шыныны берші, шыныны берші!» деп. Ол шыныға ұмтылады. Ал егер де осы нұсқауды бірнеше рет қайталап, кейін: «қасықты берші!» десе, онда бала шыныға қолын созуды жалғастырады, үлкеннің сөздік нұсқауларына бағынбай жатқанын өзі байқамайды.

Екі жастық балаға сөз өте ерте тежеушіден гөрі жіберуші мәнге ие болады: балаға сөздік нұсқау бойынша қандай да бір әрекет жасау оңайырақ, бастаған істі тоқтатқаннан гөрі. Мысалы балаға есікті жабуды ұсынса, ол оны көп рет жаба және аша бастайды.

Әрекетті тоқтату - басқаша. Алайда бала ерте жастан-ақ «болмайды!»сөзінің мәнін түсіне бастайды, тыйым үлкендер қарағандай магиялық түрде әсер етеді.

Тек үшінші жылда ғана үлкендердің сөздік нұсқаулары баланың мінез-құлқын әр түрлі шарттарда шын мәнінде тәртіпке сала алады, оның әрекеттерін шақырады және тоқтатады, тікелей, сонымен қатар уақыты өткенде әсер ете алады. Үлкендердің сөйлеуін түсіну осы кезеңде сапалы өзгереді. Бала бөлек сөздерді ғана түсінбей, үлкеннің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер де істей алады. Ол үлкендердің әңгімелесулерін қызығушылықпен тыңдайды, олардың не туралы ойлап жатқанын түсінуге тырысады. Бұл кезде балалар белсенді түрде балалық ертегі, әңгімелер, өлеңдер мен мағынасы жағынан күрделілері де туындайды.

Тікелей қарым-қатынас шегінен шығатын ақпаратты тыңдау мен түсіну бала үшін өте маңызды алулар. Ол сөйлеуді іс-әрекеттің танудың негізгі құралы ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Осыны есепке ала отырып, тәрбиелеуші баланың есту мен түсіну қабілеттіліктерінің дамуын бағытты басқаруы керек.

Баланың активті сөйлеуінің дамуы бір жарым жасқа дейін ақырын жүреді. Осы кезеңде ол 30-40 сөзден 100 сөзге дейін меңгереді және оларды сирек болса да қолданады.

Бір жарым жастан кейін бала ынталы бола бастайды. Ол үнемі заттардың атауын сұрап қана қоймай, сол заттарды білдіретін сөздерді деайтуға тырысады. Басында оған сөздік қабілеттіліктер жетіспейді. Бірақ кейін «Бұл не?» сұрағы үлкенге айтылған үнемі шарты бола бастайды. Сөйлеудің даму шапшаңдығы бірден артады. Екінші жылдың аяғына таман бала 300 сөзге дейін қолдана алады, үшінші жылдың аяғында 500-ден 1500 сөзге дейін.

Үлкен мен баладағы қарым-қатынас идентификациясы.Сәбилік кезеңнің аяғы мен ерте жастық шақтың басында балада паралингвистикалық белгілік жүйе қалыптасады (мимика, жест және т.б.). осындай қарым-қатынасқа маңызды қалыптасулар үлкенге еліктеу негізінде жүреді, ол идентификацияның алғашқы формасы болып табылады.

Бала меңгеретін қарапайым белгілік жүйе үлкеннің жауапты реакциясына стимулға айналады, ең алдымен ананың. Бала психологиялық идентификацияға бағытталған тікелей эмоционалды байланыс құралдарын қолданады және сонымен бірге идентификация деңгейін орнатады. Идентификациялық қатынасты орнатуда ана бейсаналы түрде денемен контакт әдістерін қолданады.

Баланың өзінің күйлеріне байланысты анасымен қарым-қатынас пен идентификациясын туғызады - балалық қуаныштан қайғыға дейін. Балаға өзінде терең эмоционалды қызығушылықты сезінген өте маңызды. Әрине, оның сезімдері эгоистті, бірақ олар арқылы адамдар өзара қатынас идентификациясының алғашқы этаптарын меңгереді. Идентификация мүмкіндіктерінің дамуында баланың сөйлеуді меңгеруі өте маңызды.Үлкен жағынан идентификацияға дайындық шарттарында баланың көңіл-күйі жоғарылайтыны анықталды және осымен баланың жалпы белсенділігі байланысты.

Ерте жастағы қарым-қатынас спецификасы.Бір жарым жастан үш жасқа дейін баланың сөйлеуді тез меңгеруі үлкендермен қарым-қатынасқа психологиялық қосылуынан болады. Ол үлкендердің әңгімелерін зейінін қойып тыңдайды, оған қатысы жоқ болса да және ойнап жатса да. Бала тыңдаудан алатын қанағаты сөйлесіп жатқан үлкендерге жақындауға итермелейді. Сол уақытта бала үнемі үлкендерге , ең алдымен анасына қаратып сөздік қарым-қатынасын белсенді етеді. Бала үлкенге сұрақтар қояды, олардың жауабын түсінуге тырысады.

Ерте жастағы қарым-қатынас баланың үнемі керек ететін сұрауларынан тұрады және ол үлкеннің ұсыныстарына қарсылықтан білінеді. Бала өз ерігінің көзі өзі екенін ашады және еркін жақындарымен, үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынаста қолданып көреді. Осы барлық әлеуметтік белсенділіктің түрлері бала үшін өте терең және маңызды, бірақ ол өзінің көп уақытын заттық әлемді үйренудегі заттық іс-әрекет пен құралды, соған сәйкес әрекеттерді меңгерумен өтетінін ұмытпаған жөн.

Дәл осы ерте жаста бала үлкеннің көңілін аударуды және оны ұстап тұруды меңгереді. Бұл әдістер тұтасымен әлеуметтік жағынан ұтымды, себебі бала үлкендердің реакцияларын жақсы рефлексиялайды, өзінің сәтсіздіктерін бірден түзейді. Бала бауыр басу мен симпатия сезімдерін білдіре алады, сонымен қатар ол қанағаттанбаушылық сезімін білдіре алады және жағымсыз жағдайдан шығу жолын іздейді. Өз жасына сай баланың шыдамды болуы және күте алуына қарамасатан, ол үлкеннен қамқорлықты күтумен өткен күшті сынақтардан өте алмайды. Ол бірден регрессивті реакция беруі мүмкін.

7 Дәріс. (2 сағат). Мектепке дейінгі бала психикасының дамуы

Жоспары:

1. Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық дамудың жалпы сипаттамасы.

2. Іс -әрекеттің әртүрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен қарым- қатынас формаларының даму ерекшеліктері.

3. Ойын функциясының, генезисінің, құрылымының, шығуының әлеуметтік-тарихи сипаты.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінің психикалық дамуының басты қорытындысы – баланың мектеп оқуына психологиялық түрде дайындығы. Соңында балада мектепке барар сәтте оқушыға тән психологиялық қасиет пайда болады. Бұл қасиеттер өмір жағдайымен іс-әрекетінің әсер ету арқылы мектеп оқуында түбегейлі болып қалыптасады.

Мектепке дейінгі кезең (3-7 жас) ерте балалық шақтың онтегенетикалық дамудың тікелей жалғасы болып табылады. Бұл кезең балалардың жақын ересек адамдармен қарым- қатынас жасау арқылы, сонымен қатар құрдастарымен ойын және шынайы қарым- қатынас жасау арқылы әлумттік кеңістікті меңгереді. Жалпы психологиялық проблемалармен байланысты психологтар баланың психикасымен айналысқан. Олар: Джон Уатсон, В.Штерн, К.Бюлер, К.Кофка, К.Левин, А.Валлон, З.Фрейд, Э.Шпрангер, Ж.Пиаже, В.М. Бехтерев, Д.М.Узнадзе, С.Л. Рубенштейн, Л.С. Выготский, Р.Р. Лурия, А.Н. Лентьев, П.Л. Гальперин және тағы басқалар.

Алайда, сол бір объектіні зерттей отырып – психикалық даму – генетикалық және баланың психикасының екі әр түрлі психикалық ғылымдар болып табылады. Генетикалық психологияның психикалық процестердің пайда болуына және дамуын зерттейді. Генетикалық психологиялық зерттеулерді балаларға және ересектерге жүргізілуі мүмкін. Алайда, генетикалық зерттеу объектісі бала болып табылады.

Генетикалық психологгияның негізгі стартегиясы – психикалық құбылысты жасау, пайда қылу қалыптастыру болып табылады. Л.С. Выготский қалыптастыру жайлы алғаш айтқан. «Біз қолданатын әдіс эксперименталды генетикалық деп аталуы мүмкін. Себебі, ол жасанды түрде психикалық дамудың генетикалық тұрғыда жасап шығарады. Әрбір қатып қалған психологиялық форманы ерітіп, оны қозғалғыш ағынға айналдыру қажет. Анализдей келе, жоғарғы форманы зат есекбінде емес, процесс есебінде алып, заттың оның бөлшектеріне емес, ол прцестен бөлек сәттеріне бару.»

Баланың психикасынан басқа психологиялық саланың айырмашылығы – ол ерекше бірліктермен жұмыс жасайды, олар – жас немесе даму кезеңі болып табылады.Мектепке дейінгі кезеңде бала жаңа принципиалдық жетістікке жетеді. Бала ересектермен және құрдастармен қарым- қатынастың қиын- қыстау кезеңінде басқа адамдардың рефлекциясын меңгереді. Бұл кезеңде ересектермен қарым- қатынас жасау барысында идентификация қабілеті қарқынды дамиды. Кейінгі жастық шақта бала бір мезгілде позитивті және негативті даралануды меңгереді. Мектепке дейінгі кезеңде өз дене мүшелерін белсенді түрде басқара алады. Бұл шақта балада дене мүшелерінің құрылымына, соның ішінде жыныс мұшелерінің ерекшеліктеріне қызығушылық пайда болады. Осы кезңде баланың тілі қарқынды түрде дамиды. Осы кезеңде бала жаңа жаңа құбылыстарды меңгеруге үзілді- кесілді қарсы, ол бұрынғы меңгерген білімдерін қайта жаңғыртады.

Наши рекомендации