ТАҚЫРЫП. Дәріс №3. Баланың мектепке дайындығының диагностикасы.- 3 сағат

Жоспары:

1. Баланың мектепке дайындығын диагностикасы.

2.Баланың мектепке дайындығын анықтайтын көрсеткіштер.

3. Баланың мектепке дайындығының деңгейін анықтау үшін карта.

4.Баланың мектепке психологиялық-педагогикалық дайындығының мониторингі.

1.Соңғы кездегі психодиагностикадағы өзгерістер бұл білім саласын қайтадан жаңартуға негіз болды. Психодиагностиканың даму тенденциясы адамдарды психологиялық белгілері бойынша жіктеп, тәрбиелеумен айналысатын психологияның саласы гуманизациялану мен адамның психикалық және тұлғалық дамуына көмек беру шарттарын еңдірді. Бұндай тенденция өзіне белгілі бір тәсілдер арқылы-коррекциялық-дамыту, мақсаттылы жұмыстарды жасау үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретін әдістерді құру арқылы жүзеге асырылады.

Әрине, психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізі: оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылым мен механизмдерін айырып тану болып табылады. Сонымен бірге, психологиялық-педагогикалық зерттеулер эмпирикалық тексеруге келетін фактілерге негізделеді яғни мақсаткерлігімен, жүйелігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленеді.

Бала өмірінде 6 жаста үлкен өзгеріс болатын белгілі бала мектеп оқушысына айналып, кіші мектеп оқушыларының жас ерекшелігі өсіп - жетілуіндегі елеулі өзгерістерімен сипатталады.

Мектепке бару сәтінде балалардың психологиялық даму деңгейінде жекеленген айырмашылықтар едәуір өседі. Бұл айырмашылықтар ең алдымен, балалар бір-бірінен интеллектуальдық, моральдық, тұлғалық дамуынан көрінеді. Олар психодиагностикалық ситуацияға немесе сол қайталанатын шарттарға әр түрлі күйде елемей қарауы да мүмкін. Кейбір мектепке түсетін балаларға ересек адамдарға арналған психодиагностикалық тестерді өткізуге болады. Ал кейбір балаларға тек қана 4-6 жасқа араналған әдістемелерді өткізу қажет етеді. Ол әсіресе, вербарльды өзіндік бағалау, рефлексия және баланың қоршаған ортаны қиын бағалауы сияқты психодиагностикалық әдістемелер болып табылады.

Сондықтан да кіші жастағы балаларға әдістемелерді қолдану үшін, ең алдымен сол әдістеме баланың нақты даму деңгейіңе сәйкес келетініне сенімді болу керек.

6-7 жастағылардың ішінде 50% дан 80% ға дейін мектепке дайындығы толық емес екеніні көрсетеді. Дене тұрғысы психологиялық даму деңгейіне қарағанда, психологиясы мектепке дейінгі баланың деңгейімен сәйкес келеді. Егер осындай балаға ерікті, зейінді, есті және қиялды қажет ететін, жеткілікті қиын, негізінен қолайлы, бірақ қызықсыз психологиялық тест берілсе, онда бала сол тапсырманы орындай салмауы мүмкін. Оның тапсырманы орындамаған себебі интеллектуальдылық қабілеттің жоқтығынан емес, тұлғаның психологиялық даму деңгейінің жетіспеушілігінен болады. Ал егер керісінше, дәл сол тестік тапсырмаларды ішкі және сыртқы тұрғысынан қызықты, ойын түрінде берілсе, онда тестің қорытындысы жоғары көрсетіледі. Осы жағдайды әсіресе, бірінші және екінші сыныпта оқитын оқушылардың практикалық психодиагностикасында қолдану қажет, үшініші және төртінші сыныптың оқушыларына, тек қана егер үлкен адамдарға арналаған тестік тапсырмалар оларға қолайлы болса, онда өткізуге болады. Егер баланың тестке қызығушылығы, белсенділігі болса, онда қорытынды жоғары көрсеткішті көрсетеді.

Адамдарды әртүрлі тестердің көмегімен тесттілеуді бәрі-бір де сәйкестендіру қажет және олар үнемі бірдей бола бермейді.Өзара тесті сәйкестендіру қорытындысында бір тесттен екінші тестке дерлік қате жібере алатыны, яғни басқа әдістеменің қорытындысы бойынша бірінші әдістемелік тестілеудің нәтижесін болжамды түрде жобалауға мүмікіндік беретін өту коэффициенттің шығартады. Өтпелі коэффициенті көбінесе сол психологиялық қасиетті анықтау үшін арналған тұлғаның тесттерді қолдану өте күрделі мәнге ие және тек сандық айырмашылықтарға байланысты. Тәжірбиеде үлкендерге және балаларға арналған тұлғалық тесті құрғанда және қолданғанда тәжірбие үшін пайдалы ақпарат беретін және алдын-ала жарамдылығын қамтамасыз ететін жас ерекшелік психологиясы мен адаманың тұлғалық жас ерекшілік дамуы туралы білімдерге сүйену керек. Берілген әдістеме негізінде балалардың психологиялық тұрғысынан мектепке дайындығын, олардың бастауыш мектепке оқыту барысында психикалық дамуын (1 сыныптан 4 сыныпқа дейін) бағалауға болады. Осы психодиагностикалық бағалауға мыналарды жатқызуға болады:

- балалардың қоршаған ортасына деген жалпы бағдары; баланың мектепке деген қатынасы; зейіні; есі; ойлауы; сөйлеу; шығармашылық – бейнелік қабілеті; еңбекке икемділігі мен дағдылары; жетістікке жету мотивациясы; жеке бас сапалары; өзара жеке тұлғалық қатынастар.

Осы тақырыптар арқылы баланың мектепке қаншалықты дайын, қаншалықты дайын емес екендігін көруге болады. Бұл әдістемелер балалардың қабілеттерін бірінші қадамнан - ақ олармен мақсатқа бағытталған психодиагностикалық жұмыстар жүргізіп, олардың даму қабілеттерін анықтауға мүмкіндік береді.

Кешенді жүйелі психодиагностика жүргізу өзінің психологиялық дамуының алдыға жылжуына қандай мөлшерде сәйкес келетін, мектептегі оқу-тәрбие жұмысына көзқарасының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл кешенге 6-7 жастан 10-11 жасқа дейін немесе сәйкес келетін қорытынды алуда зерттеу үшін қолдануға мүмкін әдістемелер кіреді. Кешенге 3 түрлі әдістемелер кіреді: әдетте балалар дайындығын диагностикалау, психологиялық даму деңгейін бағалау, анықтау.

Балалардың психологиялық дамуын көрсететін үш негізгі сфера: танымдық процестер, тұлғалық және тұлғаралық қатынастар. Олардың барлығы бағалануы тиіс, яғни оларға арнайы әдістемелер бар. Бұл кешенді әдістеме шектеуінде психологиялық-педагогикалық бағалауға мына процестер кіреді: зейін, қиял, ес, ойлау және баланың сөйлеуі, сонымен қатар оның оқу мотивациясы, жетістіктерге жету, өзімен жасты және өзінен үлкен адамдармен өзара қарым-қатынасы. Әр әдістеме бір көрсеткіш алуға мүмікіндік береді және өзін өткізу үшін 5 - тен 10 минутқа дейін уақыт қажет етеді. Толық және жан - жақты әр баланы зерттеуге жалпы кететін уақыт 3 - тен 6 сағатқа дейін мөлшерді құрайды.

Қорыта келгенде, оқушылардың психодиагностикасы келесі тапсырмаларды орындау, төменде көрсетілген мақсаттар негізінде өткізіледі:

- оқушылардың қалай дамитынын анықтау;

- өз уақытында баладағы кемшіліктері мен қабілеттерін анықтау;

- оқушылардың оқу процесінде үлгермеуі мен нашар тәрбиенің себептерін анықтау;

- оқушыға, мұғалімге және ата-анаға болашақ мамандығын таңдау үшін ғылыми қалыптасқан нұсқаулар ұсынады.

Психологиялық-педагогикалық диагностикалық зерттеуді жүргізбес бұрын, мынаны ескеру керек:

- әдістеменің мәтінімен танысу, оны толық түсіну керек.

- егер әдістемеде түсініктеме болса, оны оқып шығу керек.

- әдістемені өткізу үшін керекті заттарды дайындау.

- әдістемені алдын-ала балаға жүргізіп көру және оның нәтижесін талдау.

2.Баланың мектепке дайындығы келесі көрсеткіштер бойынша анықталады: жоспарлау, бақылау, мотивация, интеллект дамуының деңгейі

. 1 Жоспарлау - мақсатқа байланысты өз іс-әрекетін ұйымдастыра алуы:

Төмен деңгей - баланың іс-әрекеті мақсатына сай емес.

Орташа деңгей - мақсаттың мазмұнына қарай әрекеті толық

сәйкестірілмеген.

Жоғары деңгей- баланың іс-әрекеті мақсатына толығымен сай келеді.

2. Бақылау- белгіленген мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыра

алуы:

Төмен деңгей - қойылған мақсатпен бала әрекетінің нәтижесі сай емес (бала

бұны көрмейді)

Орташа деңгей - қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесі толығымен

сай келмейді ( бала толық емес сәйкестікті көмексіз

көрмейді )

Жоғары деңгей- қойылған мақсатпен әрекеттің нәтижесі сәйкес.

. 3 Оқу мотивациясы - заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының

жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және оларды қолдану:

Төмен деңгей - сезім мүшелерімен байланысты заттардың қаситтеріне ғана

бағдарланады.

Орташа деңгей - қоршаған ортаның кейбір жалпы қасиеттеріне

бағдарланады.

Жоғары деңгей- заттардың, қоршаған орта заңдылықтарының

жасырын қасиеттерін табуға ұмтылыс және білімдерін өз

әрекетінде қолдануға құштарлық.

4. Интеллект дамуының деңгейі

Төмен деңгей -басқа адамды тыңдай алмауы, логикалық операцияларды

талдауға, салыстыруға, жалпылауға, абстракциялауға және

ұғымдарды нақтылауға мүмкіншілігінің болмауы.

Орташа деңгей - басқаларды тыңдай алмайды, қарапайым логикалық

операцияларды-ұғымдарды салыстыру, жалпылауды қатесіз

орындайды, ал күрделі логикалық операцияларды- абстракция,

нақтылау, анализ, синтезде қателер жібереді.

Жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, түгел

логикалық операцияларды орындағанда кейбір қателер жіберуі

мүмкін, бірақ бұл қателерін ересектердің көмегімен жоя алады.

Өте жоғары деңгей- басқа адамдарды тыңдайды және түсінеді, кез келген

логикалық операцияларды орындай алады.

Осы көрсеткіштерден келесі қорытынды шығаруға болады:

Бала мектепке дайын емес

Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алмайды, оқу мотивациясы төмен (сезім мүшелерінің мәліметтеріне ғана жүгінеді), басқа адамдарды тыңдай алмайды және логикалық операцияларды орындай алмайды.

Бала мектепке дайын

Өз әрекеттерін жоспарлап, бақылай алады (немесе осыған ұмтылады), заттардың жасырын қасиеттеріне, қоршаған ортаның заңдылықтарына жүгінеді және оларды өз әрекетінде қолдануға тырысады, басқа адамдарды тыңдап, логикалық операцияларды орындай алады.

3.Баланың мектепке дайындығының деңгейін анықтау үшін карта мінездемесін қолданады, оның көрсеткіштері:

1. психологиялық және әлеуметтік дайындық

2. психологиялық-физиологиялық қызметтің дамуы

3. таным процестерінің дамуы

4. денсаулық жағдайы.

Баланың мектепке дайындығының карта- мінездемесі:

1. Мектепке психологиялық және әлеуметтік дайындығы (сәйкес келген деңгейді дөңгелетеді)

а) Мектепте оқуға ұмтылыс

1. бала мектепке барғысы келеді

2. мектепке баруға әзірше ұмтылыс жоқ

3. мектепке барғысы келмейді.

ә) Оқу мотивациясы

1. оқудың маңыздылығын және қажеттілігін түсінеді, оқуда өздік

мақсатын қойған

2.оқудың өздік мақсатын түсінбеген, оны оқудың сыртқы

жақтары ғана қызықтырады (құрбыларымен қарым-

қатынас, онда мектеп құралдарының болуы)

3. оқудың мақсаты жоқ, мектепте ештеңе қызықтырмайды.

б) Қарым-қатынасқа түсе алуы, жағдайға байланысты өзін

адекватты ұстауы

1. контактіге оңай түседі, жағдайды дұрыс қабылдайды, оның

мәнін түсінеді, өзін адекватты ұстайды

2. контакт пен қарым-қатынасқа түсуінде қиыншылықтар

бар, жағдайды түсінуі және реакцияларды әрқашанда

адекватты емес

3.контактіге нашар түседі, қарым-қатынасында және

жағдайды түсінуінде қиыншылықтар бар.

в) Тәртібін ұйымдастыру

1. тәртібі ұйымдастырылған

2. тәртібі толық ұйымдастырылмаған

3. тәртібі ұйымдастырылмаған.

2.Мектепте негізгі психофизиологиялық функциялардың дамуы

а) Фонематикалық есту қабілеті, артикуляциялық аппарат

1.сөйлеудің фонематикалық құрылысында, дыбысында бұзылулар

жоқ, сөйлеуі дұрыс, анық

2. сөйлеудің фонематикалық құрылысында, дыбысталуында аздап

бұзылулар бар (логопедтің тексерісі қажет)

3.бала тілінде кемістік бар (логопедтің көмегі қажет).

ә) Қолдың ұсақ бұлшықеттері

1. қолы жақсы дамыған, бала қарындаш, қайшыны еркін меңгереді

2.қолы жақсы дамымаған, қарындаш, қайшыны қысыммен ұстайды

3.қолы нашар дамыған, қарындаш, қайшымен жұмыс істей

алмайды.

б) Кеңістіктегі бағдары, қозғалу координациясы, дене ептілігі

1. кеңістікте жақсы бағытталады, қозғалыстарын

координациялайды, епті, қозғалғыш

2.кеңістікте бағытталуының, қозғалыс координациясының,

ептіліктің дамуы толық емес

3.кеңістікте нашар бағытталады, қозғалу координациясы нашар

дамыған, епті емес, көп қозғалмайды.

в) Көз-қол жүйесіндегі координация

1. қарапайым графикалық бейнелерді (ою, фигура) дәптерге түсіре

алады, қашықтықты жақсы қабылдайды

2. графикалық бейнелерді, қашықтықты қабылдайды, бірақ дәптерге

дұрыс түсіре алмайды

3.графикалық бейнелерді дәптерге түсіргенде, қашықтықты

қабылдағанда көптеген қателер жібереді.

3. Таным іс-әрекетінің дамуы

а) Ой өрісі

1. әлем туралы танымы кең және нақты, бала өзі тұратын мемлекеті,

қаласы туралы, жануарлар мен өсімдіктер, жыл мезгілі туралы

айтып береді

2. қоршаған орта туралы танымы нақты, бірақ шектеулі

3. қоршаған орта туралы білімі толық емес, жүйеленбеген.

ә) Сөйлеудің дамуы

1. сөйлеуі мәнді, мәнерлі, грамматикалық дұрыс құрастырылған

2. бала өз ойын айтқанда сөздер іздеп қиналады, сөйлеуінде

грамматикалық қателіктер бар және толық мәнерлі емес

3. сөздерді одан тартып алу керек, жауаптары қарапайым, сөйлеуінде

қателер көп кездеседі

б) Таным белсенділігінің дамуы

1.бала белсенді, тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды

2. бала толығымен белсенді емес, тапсырмаларды орындағанда

ынталандырып, қызықтырып отыру керек

3. белсенділігі төмен, қызығушылығы жоқ

в) Интеллектуалды икемділіктердің қалыптасуы (талдау, салыстыру,

жалпылау, заңдылықтарды қалыптастыру)

1.талдаудың мәнін, мазмұнын анықтайды, оны жалпылап,

салыстырады және байланыстарын табады

2. талдауды, жалпылауды, салыстыруды және байланыстарды

ересектердің көмегімен табады

3.аталып өткен тапсырмаларды ересектердің көмегінсіз және үлгісіз

орындай алмайды

4.аталып өткен тапсырмаларды орындай алмайды

г) Іс-әрекеттің ырықтылығы

1. іс-әрекеттің мақсатын белгілейді, оның жоспарын құрады,

мақсатына жету үшін құралдар таңдайды, нәтижесін тексереді,

жұмыстағы қиыншылықтарды төзе біледі және ісін соңына дейін

жеткізеді

2. іс-әрекеттің мақсатын белгілейді, оның жоспарын құрады,

мақсатына жету үшін құралдар таңдайды, нәтижесін тексереді,

бірақ іс-әрекетті орындап жатқан кезде көп алаңдайды,

қиыншылықтарды психологиялық көмектің арқасында ғана төзеді

3. іс-әрекеті ойластырылмаған, нәтижесін тексермейді,

қиыншылықтар туындаса іс-әрекетті үзеді, ұйымдастырылған,

ынталандыратын көмек аз нәтиже береді.

д) Іс-әрекетті бақылау

1. баланың қойған мақсаты мен жұмысының нәтижесі

сәйкестендірілген, ол мақсаты мен нәтижесін салыстыра алады

2. баланың қойған мақсаты мен жұмысының нәтижесі толық

сәйкес емес, бірақ соны өзі көрмейді

3.қойған мақсаты мен жұмысының нәтижесі бір емес және соны өзі

көрмейді

4.Денсаулық жағдайы

1. мектепке дейінгі кезеңдегі баланың даму ерекшелігі, дамуға кедергі

жасайтын жағдайларды нақты көрсету;

2. мектепке дейіңгі кезеңдегі даму темпі (уақытында жүруі, сөйлеуі,

т.б.)

3. соматикалық денсаулық жағдайы (организм жүйесіндегі және

функциялардың ауытқушылықтары, аурулары).

Денсаулық тобы ____________________________________________

Қорытынды ____________________________________________

Егер баланың 6 жастан мектепте оқуға психологиялық дайындығы болған кезде ғана оқытуға болатынын психологиялық зерттеулер көрсетеді. Кері жағдайда, 6 жастан оқыту оның психикалық дамуына зиян келтіреді. Сондықтан баланы мектепке берер алдында психологтың, мұғалімдердің кеңесін алған жөн. Себебі ата-анаға ұсыныстар мен кеңес берер бұрын психолог баланың мектепке психологиялық дайындығының деңгейін арнайы психодиагностикалық әдістер арқылы анықтайды.

Аталып өткен психодиагностикалық әдістемелерді өткізудің мақсаты:

1) оқу-тәрбие үрдісінде баланың даралығын ескеру мақсатымен олардың психикалық ерекшеліктерін түсіну;

2) мектептік үлгермеушілік пен бейімделе алмауды алдын алу;

3) мектепке оқуға дайын емес балалармен дамыту жұмыстарын өткізу;

3) мектепте оқуға дайын емес балалардың оқуын бір жылға шегеру (жасы 5-те болса).

Мектеп психологының мұғаліммен бірігіп жұмыс істеуі міндеті- әр баланың дамуы үшін жағымды жағдай жасау, бірінші күннен бастап оның психологиялық ерекшеліктерімен санасу.

Наши рекомендации