Тренинг қызметінің негізгі ережелері
Тренинг жүргізілу барысында қолданылатын негізгі ережелер Дәрістің мазмұны: Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау. Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу; Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау; «Жүргізуші позициясы» Топтық жұмысты ұйымдастыратын жүргізушінің жасөспірімдер тобымен жұмыс тәжірибесі болуы қажет. Жүргізушінің топтық динамика, топтық эффект және тренингті жүргізу барысында туындаған мәселелерді шеше білу жөніндегі білімді толық игеріп, жұмыс барысында тиімді қолдана алғаны жөн. Курс барысында жүргізуші топпен жылы қарым-қатынас орнатуы қажет, сондықтан ол үнемі қатысушылардың көңіл-күйін, эмоцияларын қадағалап, тренинг барысында туындаған қиындықтарын шешіп отырады. Жасөспірімдермен жұмыстың нәтижелілігі топ бірлігіне де байланысты. Бұл үшін тренингтің алғашқы кезеңінде-ақ топ пен жүргізуші арасындағы құндылықтар анықталып алынады (сенімді дауыс ырғағы, жағымды эмоциялар, бірнеше ойын элементтері, қозғалатын тақырыптар және оның талқылануы маңызды болады, егер осындай құндылықтар тұлғааралық іс-әрекетте сақталса, тренинг өз жемісін береді) есірткі мен алкогольге қарсы альтернативтер табады. Топпен жұмыс жасаудың негізгі ережелері 1. Қатысушылардың өзіндік бағалауын қолдау. 2.Топта сенімді және жылы атмосфера туғызу; 3. Өзін-өзі көрсетуге жағдай жасау; 4.Топтағы қарым-қатынас үрдісін зерттеу және мағынаны қалыптастыруға жағдай жасау; Тренинг өз мақсатына жету үшін – 1-ден әр адамға өз ойын айтуға мүмкіндік беру. 2-ден өзіндік сезім мен алған әсерлерімен бөлісу. 3-ден әр қатысушының әмбебаптылығын сақтау. Серіктесіңіздің айтқан пікірін тыңдап, бірге талқылау әрекеттерін жүзеге асырған дұрыс.Әр жаңа сабақты миға күш түсірмейтін жеңіл жаттығудан бастаған жөн. Оның мақсаты – қысымды шығару және жалпы эмоцианалды қызығушылық тудыру. Содан соң мақсатты түрде қатысушыларға өткен сабақты еске түсіріп, өздерінің пікірлерін және сезімдерін бөлісуді ұсыну. Әрі қарай негізгі бөлімдегі арнайы жаттығулар жүргізушінің талқылануымен орындалады. Тренинг қорытындысында өткен сабақтарды еске түсіріп, алған сезімдерімен бөліседі және ұсыныс берілді. Топтық ережелер. Егер қатысушылар тренинг ережелері мен тәртіптерін нақты білетін болса, топтағы талқы сауатты өтеді. Ережелер сипаттамасы төменде берілген: Бір-біріңді тыңдай біліңіз. Бұл сөйлеушінің көзіне қарап, сөзін бөлмей тыңдау ережесін білуді қажет етеді. Сөйлеуші сөзін аяқтаған соң, келесі сөзді алушы айтылған ақпаратқа қысқаша тоқтала кетіп, содан соң өз пікірін нақты білдіруге болады. Барлық назар сөйлеушіде болуы үшін тренинг сабағында кішкене ойын добын қолдануға болады, ал диалогтарда қатысушылар допты бір-біріне лақтырып отырады. Берілген тақырып бойынша сөйлеңіз. Кейде қатысушылар талқылап отырған тақырыптан ауытқып кетеді. Мұндайда жүргізуші оқушыға «Мен толық түсінбедім, бұның біз талқылап отырған тақырыппен қандай байланыстылығы бар? Не айтқыңыз келгенін толықтырсаңыз» дегені абзал. Бұл қатысушының тақырыптан ауытқып бара жатқанын түсінуге көмектеседі. Өз сезіміңізбен бөлісіңіз. Топтағы әр қатысушы өз пікірін білдіріп өтуі тиіс. Өз ойымен бөлісуге тырысқан қатысушыны мадақтап отырған жөн. Қатысушыларға олардың пікірлерін сыйлайтындығын және бағалайтындығын сезіндіруге тырысыңыз. Егер қытысушы бұрыс пікір айтып жатса, сіз: «Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс және онымен барлығы келіседі, дегенмен...» деп жауап бергеніңіз дұрыс, яғни тренингке қатысушы ыңғайсыз жағдай да қалмауы қажет. Сонымен қатар қатысушы өз пікірін білдіруден бас тартуға құқылы екенін ұмытпағаныңыз дұрыс. Барлық қатысушыға құрмет көрсетіңіз. Пікір алмасу ашықтығы өзгелердің пікірімен келіспей, өз ойын жеткізуден және өзгенің пікірін бағалаудан қашық болудан көрінеді. Қатысушыларға өзге адамдардың намысына тимейтін пікірлер айтуын ұсыныңыз. Сонымен қатар сіз ақымақ сауалдардың болмайтынын есте сақтаңыз. Әр сауалдың өзіндік құндылығы болады. Қатысушыларды әр қойылған сұрақтарға жауап міндетті түрде берілетіндігіне және қойылған сұрақтардың барлығы бағаланатындығына сендіріңіз. Топ арасында дұрыс қарым-қатынас орнату үшін топ өзінің тәрт