Темперамент типтерінің өзгеруі және адамның жеке басының мінез- құлқындағы көрінісі,оларды тәрбиелеу
Жүйке жүйесінің типтері өзгеріп дамиды.Бұл жайтты И.П.Павлов өз еңбектерінде ерекше атап айтқан болатын.Жүйке жүйесі іс-әрекетінің дамуы мен өзгеруі тек оның табиғи типтерін ғана билеумен шектеліп қоймай,организм тіршілігі өзгерістерінің бәріне дерлік әсер етеді.Жоғары жүйке қызметінде адамның шексіз-шетсіз жаңа байланыстар жасауға күшті қабілеті және пластикалық төзімді қасиеті болады.
Адам өмірінде жасалған уақытша байланыстардың тұрақты жүйесі оның қылығына,іс-әрекеттеріне күрделі өзгерістер енгізеді.Кісінің қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарының ұнамды қасиеттерін жетілдіріп дамытуына әсер етеді.Жеке адамның даралық өзгешелігі болып саналатын мінезі уақытша байланыстар жүйесі бойынша қалыптасады.Осы орайда,біз темпераменттің жүйке жүйесінің туа пайда болатын типтік қасиеті,ал мінездің адам бойында жүре пайда болатын психологиялық ерекшелік екеніне көз жеткіземіз.Балалар мен шәкірттердің психикалық дамуында олардың мінез қырлары жетіліп,темперамент мінез құрамына қосылады.
Темперамент типтерінжақсы жаман деп ажырату дұрыс емес.Өйткені,әрбір темпераменттің жарамды,жарамсыз,ұнамды,ұнамсыз сипаты болатындығына көз жеткіздік.Мәселен,ұстамсыз холнрикті шапшаң қимылдап,істі жігерлі атқаруға баулу флегмаиктен оңай.Ал флегматикті салмақты,сабырлы болуға үйрету холерикті үйретуден жеңіл.Сангвиниктің сергек,қайырымды қасиеттері,флегматиктің асықпайтын салмақтылығы,холериктің жігерлілігі,меланхоликтің ұзақ сақталатын терең сезімі темперамент типтерінің аса бағалы сипаттары болып табылады.
Темперамент ерекшелігінің ұнамды қасиеттерін баланың бойына сіңіру үшін оларды жастайынан тәрбиелеп,мінез-құлықтарының жағымды қырларын қалыптастырып отыру-ата-аналардың,ұстаздар мен тәрбиешілердің борышы және қоғам алдындағы жауапты міндеті.Сондай-ақ,тәлім-тәрбие істерінде балалар мен шәкірттердің бойындағы темперамент типтерінен хабардар болып,олардың даралық ерекшеліктерін ескеріп отырудың да маңызы зор.
Баланың типтік сипатын жақсы білу үшін флегматикті жұмыстың,сабақ кездерінің басында қадағалаған жөн.Дер кезінде ескерілмей,назардан тыс қалған бала темпераментінің ұнамсыз жақтары кімге болса да опық жегізуі мүмкін.Мысалы,сангвиникті ісін бастаған кезінен бақылауға алу керек. Олай етпеген жағдайда ол ауытқып кетуі мүмкін.Бала сабақ үстінде,үзіліс кезінде тәртіпсіз қылық көрсететін болса,оның өзіндік даралық ерекшелігіне орай әралуан әдіс-тәсілдермен ықпал ету тиімді болмақ. Меланхоликке мұндай жағдайда ұстаздың суық қабақпен бір қарағаны да жеткілікті. Ал холерикке байсалды үнмен қатаң ескерту жасау, қажет болғанда оны қайталау да керек. Тәлім-тәрбие істерінің басты мақсаты — шәкірттердің темперамент типтерімен жете танысып, олардың ұнамды қасиеттері мен сапалы ерекшеліктерін дамытып отыру.Тәлім-тәрбие, ѳмір тәжірибесі темперамент типтерін- дегі кейбір қылықтарды дамытып, жағымсыз жақтарын тежеп отыруды талап етеді. Мысалы, холериктің күйгелек, ашуланғыш, құбылмалы,оқыс қылықтарын, мазасыздығын, менмендік сипаттарын тежей отырып, оның алғырлығын оқу материалын ұғына білуге бағыттаған абзал. Сангвиниктің жеңілтек, тиянақсыз, үстірт қылықтарын тәрбие арқылы ѳзгертіп, ұнамды сипатқа айналдыру керек. Флегматиктің керенау, жалқау, салқын қылықтарын жүрек тебірентерлік ѳткір сезімге айналдыруға, сергімейтін мінезін лсәне күнделікті тіршілігімен ғана шұғылданатын әрекетін ѳзгертіп, оны қоғамдық ѳрелі істермен айналысуға баулуға болады. Болмашы нәрсені кѳңілге ауыр алатын кінәмшіл, уайымшыл, тұйық қылықты меланхоликтің де қажырсыз, селқос мінезін ѳзгертіп, басқа типқе жақындастыруға болады.
Темперамент типтерін тәрбиелеуді баланың ерік-жігерін, мінез бітімін, сезім-эмоцияларын дамытумен ұштастыра жүргізген тиімді болмақ. Ерік-жігері күшті адамның ѳз темпераментін тәрбиелеп, ұнамды сипаттарын жетілдіруі оңай. Еркі күшті адамға темпераменттің қандайы болса да жарасымды. Мәселен, нағыз холерик темпераментійің ѳкілі болған ұлы қолбасшы А. В. Суворов — ерік жігерінің аса күштілігі нәтижесінде темперамент жетегінде кетпей, батылдық пен ерліктің керемет үлгісін кѳрсетіп, Отанының құрметінё бѳленген жан.
Сонымен, темпераменттің адам психикасындағы мәнін жоғары бағалай отырып, оның адам бойындағы табиғи қасиет — жүйке жүйесінің типтерімен байланысты екеніне кѳз жеткіздік. Деғенмен, темперамент адам психологиясының бүкіл дерлік мазмұн-мәнін қүрай алмайды. Ѳмір-тіршілігінде адамның темперамент сипаттары ,ѳзгеріп, жаңа сапаларға ие болып отырады. Әрбір адамның темпераменті оның психикалық әрекетінің сыртқы кѳрінісінде із қалдырғанымен, ақыл-ойының, дүние танымының әдістеріне елеулі әсер ете алмайды. Ѳйткені, темперамент — адамның дара психологиясының ѳзіндік бір сипаты ғана.
XX тарау. мінез § 1. Мінез. Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі
Әрбір адам басқа адамдардаң ѳзінің даралық ѳзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің тѳркіні гректің «характер» деген сѳзінен шыққан. Мәнісі-із щалдыру. Психологияда бұл— дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Мінез — әрбір адамның жеке басына тән ѳзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы.Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді- Мінез ерекшеліктері — адамның даралық ѳзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудің нәзіктігі, кѳздің кѳргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің кѳріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адампың іс-әрекет сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, кѳңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да баіілаііысты болады. Соның нәтижесінде адамның эр алуан психикалық проңестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, кѳңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиетте- рінің ерекшеліктерін айқын аңғартады.
Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» дегец еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде мінез адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бұл — әрине, темпераментке кері анықтама. Ѳйткені, темперамент — адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Осы кѳзқарасқа орай, мінез — адамның туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі.
XIX ғасырда француз, ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің лсәне ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
И. Кант (XVIII ғ.) мінезді темпераментпен салысты- ра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттерін- дегі туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бѳліп кѳрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т. б. мінездің туа пайда болумен катар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады.Сонымен, мінез жѳніндегі осындай екі түрлі кѳзқарас қазірге дейін ѳзара талас- тартыс туғызып келеді.
Лттық мінез
Ұлттық мінез адамдардың тарихи қалыптасқаң бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлт- тың, халықтың ѳмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұ.тастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттың, этностың ѳзіндік мінез-қүлықтарының ерекшеліктері болатындығы — тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халқының түркі тектес ѳзге халықтардан ерекшеленіп тұратын ѳзіндік сипат-қасиеттері бар.Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде ѳз халқының мінез- қүлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап кѳрсеткен-ді. Оның анықтауынша, қазақ халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын кѳңіл мен кеңпейілділік, ѳзге нәсілді адамдарға деген достық және сыйластық кѳзқарас, қонақжайлылық сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ, олардың бойында ѳзге де мінез-құлық сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардыц ѳз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, ѳмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге тѳзімділігі, сѳз ѳнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, едбексүйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы үлттық қасиеттері болып табылады. Әрбір үлт пен үлысқа, этнос пен тайпаға тән қасиеттердің жай-жапсары — әлеуметтік психология саласы — этникалық психологияның зерттейтін тел пәні.
Адамның мінез-құлқының ѳзгеріп отыруына әлеуметтік жағдайдыд үнемі ықпал етіп, оныд жаңа сапаларын қалыптастырып отыратындығы.ғылыми тұрғыдан анықталған тарихи шындық және объективтік фактор.
Мінездің физиологиялық негізі. Динамикалық стереотипмінез.Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес кѳрініс береді. Мұндай ерекше- діктердің ѳзіндік физиологиялық механизмі бар. Сондай механизмдердің бірі — динамикалық стереотип — жүйке жүйесінің таптаурын болып қалыптасатын қызметі. Бұл жоғары жүйке қызметіндегі шартты рефлекстердің жасалу жүйесі. Ол үнемі болып отыратын шартты тітіркендіргіштердің жүйелі түрдегі қызметіне байланысты. Динамикалық стереотип осы тітіркендіргіштерге белгілі бір жағдайға байланысты реакциялар беріп, әсерленіп отырады. Бұл құбылыстың мәні нақты жағдайдың ѳзгеруіне сәйкес орталық жүйке жүйесіндё әрқилы қа- лып пайда болуында.
Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып кѳрсетуде ерекше орын алатын жайт-жоғары жүйке қызметінің тнптеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И. П. Павлов қандай сигнал жүйесінің, басым екендігіне қарай адам мінезінід типтерін мынадай үш түрге бѳледі. 1. Ойшыл тип — бұл, негізінен, сезбен байланысты екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2) Кѳркем тип — бірінші сигиалдық шартты рефлекстіц басымдылығы. 3. Орташа тип — мұнда екі сигнал жүйесініц бір де бірі басымдық кѳрсете алмайды. Адамдардың кѳпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа
да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына эсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтимал. Темпераменттеріне сәйкес эр түрлі типтегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді.