Сауат ашу әдістемесінің психологиялық лингвистикалық негіздері

2) Бастауыш сыныпта жазба жұмыстарында кездесетін графикалық қателер Жазудын графикалык калыптасуы мектепке дейін қалыптасады. Мысалға мектепке дейнгі ( 3 жасар) балалар қолына қаламсап алып сурет және сызықтар сыза бастайды. Кешірек мектепке дейнгі салған суреттерін к-збен бақылап, жеке әріптер сала бастайды. Баланы4 сурет сала бастауы қолын , саусақтарын,көзін дамытып жазуға дайындайды. Осылайша бала біршама жазуга дайындыкпен мектепке келед. Бмектепке келед. Бірақ мұндай дайындыктың кері әсері бар. Мәселен сурет салу кезіндегі 0аламсап 9стау гигиенасы сәйкес келе бермейді. Мысалға, үй,ағаш,шарбақ салғандағы тік сызык көлбеу жазуға кері әсерін тигізеді. Яғни, оқушылар көлбеу жазудын орнына тік жазады.Мұндай дағдыларды дұрыс орындау керек. Жазуга уйрету барлык әріпті салып біткенде аякталады деуге болмайды. Келесиде олар орфографиялык графикалык дагдынын әдістерімен танысады.

3)Сауат кезеңінде оқушылардың үйренетін шеберліктері мен дағдылары Сауат ашу кезеңінде балалардың бойында мынадай шеберлік қалыптасуға тиіс: 1) дыбыстардың орын-орнына қойып сөз құрастыру; 2) кеспе әліппе әріптерінен сөз құрау және жазу; 3) сөздердегі жуандық белгі (ъ) және жіңішкелік белгілердің (ь) айырмашылығын ұғу; 4) қандай да болмасын тіркесіп келген дыбыстардан құралған сөздерді оқи алу; 5) әліппедегі мәтіндерді екінші рет оқығанда тыныс белгілерін сақтап оқи алу; 6) қарапайым мәтіндерді мұғалімнің сұрағы бойынша айтып беру; 7) қысқа өлеңдерді жатқа айта алу; 8) заттар туралы елеске сүйене отырып, қарапайым логикалық жаттығуларды орындай алу1; Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады: 1) сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу; 2) көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу; 3) айтылуы мен жазылуы бірдей, кейбір сөздерді жазу; 4) жазған сөздерін тексеріп отыру; 5) әріптерді бір-бірімен жалғап жазу.

1«Әліппе серігіде» және сыныптан тыс оқу құрылымындағы сауат ашу сыныптан тыс сабақтарының жүргізілуі оқу бірінші оқу аптасынан бастап сауат ашу мен ана тілі сабағымен қатар жүреді, балаларды үлкен әдебиет өмірімен таныстырады, баланың өз еркімен оқуын қалыптастырады.
Бірінші сыныпта сабақтан тыс оқу мынадай екі кезеңде іске асырылады: бірі алғашқы оқу жылының бірінші жартысында дайындық жүргізіледі. Яғни, бірінші қыркүйектен 10 - 15 қаңтарға дейінгі кезең. Екіншісі, 10 - 15 қаңтардан 25 мамырға дейінгі кезең. Бірінші сынып бағдарламасында бұл кезеңдерде оқушыға білім беру жолдары анық көрсетілген. Сыныптан тыс оқу дайындық кезеңінде 20 - 25 минутқа созылуы мүмкін. Сыныптан тыс оқу мен жазуды мұғалім ұйымдастырады. Соның бірі «сыныптан тыс оқу және жазу» сабағы.Үй - іші, ата - анасының көмегімен сыныптан тыс оқуға дайындық жасалады. Алғашқы жартыжылдықта балалар өз бетінше оқи алмайды, тек мұғалімнің оқығанын естіп, тыңдайды. Мысалы: ертегі, қызық әңгіме, өлең үзінділері, тақпақ, т. б.
Оқу жылының бірінші жартысында әліппе кезеңінде сыныптан тыс оқуды былайша жоспарлаймыз. Оқу жөнінде қысқаша түсінік беріп, әңгіме өткізіледі. Бір мәтінді алып мұғалім дауыстап оқып береді. Одан кейін қысқаша түсінік беріледі. Бір жұмадан кейін оқушылардың шамасы келетіндей кітаптарды белгілеп, әңгіме өткізіп, тапсырма беріледі.Кітаптың көлемі 8 беттен 30 бетке дейін болуы мүмкін, міндетті түрде үлкен форматты болуы керек. Сыныптан тыс оқудың әдіс - тәсілдеріне тоқталайық.
Оқылатын ертегі, әңгіме, өлеңді алдымен мұғалім оқиды. Әр сөзге дұрыс екпін түсіріп, тыныс белгілеріне тоқтап, дұрыс оқуға бағыт береміз.. Мәтін оқылып болған соң, ондағы әр сөздің оқушыға түсінікті, түсініксіздігін тексеріп байқаймыз. Мәтіндегі сөз, сөз тіркестерін дұрыс ұғатын болса, онда оқушы мәтін мазмұнын тұтас түсінеді деуге болады. Егерде мәтін ішіндегі бірнеше сөздің не екенін, мағынасын түсінбейтін болса, күні бұрын дайындалған сабақ көрнекілігін, суреттерді пайдаланып мағынасын ашуға көмек беру ескеріледі. Сондай - ақ, сол сөздерді кіріктіріп сөйлем құрату тиімді. Балаларға әліппе оқулығында берілген «Бәрінен де жақсы» деген мәтінді оқытып көрейік.
Мысалы:Бір кішкентай қыз топты адамның ортасында шешесінен адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп таба алмаған соң бақырып жылапты. Оны көрген адамдар жұбатып: - Сен жылама, біз сені қазір шешеңе апарамыз. Сенің шешең қандай адам еді? - деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып: - Сіз білмейтін бе едіңіз, менің шешем ең жақсы адам!? Ол бәрінен де жақсы, - деп жауап беріпті.
Ең әуелі мәнерлеп оқып шығамыз. Сонан кейін 2 - 3 оқушы оқиды. Оқушылардың қате оқыған сөздеріне түзету жасап, бірнеше рет оқимыз. Мысалы, мәтіндегі «кішкентай, бақырып, жұбатып» деген сөздерді дұрыстап айта алмайтындары байқалады. Мәтін мазмұнына байланысты сұрақтар мен тапсырмалар беріледі:
1. Кішкентай қыз кімнен адасып қалды?2. Қайда адасып қалды?3. Қыз қандай еді?4. Қыз не істеді?5. Қызды кімдер жұбатты?6. Олар қыздан нені сұрады?7. Қыз не деп жауап берді?Балалардан толық жауап алу ескеріледі.1. Кішкентай қыз шешесінен адасып қалды.2. Қыз көшеде адасып қалды.3. Қыз кішкентай еді.4. Қыз бақырып жылады.5. Қызды көрген адамдар жұбатты.6. Олар қыздан - анаң қандай адам?- деп сұрады.7. Қыз менің шешем ең жақсы адам,- деп жауап берді.

2.Каллиграфиялық жаттығулар, оларға қойылатын талаптар сауат ашу кезеңінде оқушылар дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика – графикалық жазуға) үйретіліп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық талапқа сай жазуға дағдылану тиіс. Демек, сауат ашудың міндеті әріпті жаза білуге үйрету емес, оның әрбір элементін дұрыс сақтауға, дәптерге қалай болса, солай жазбай, оңға қарай біркелкі көлбеу, таза, анық жазуға машықтандыру міндеті де тұр. Осы талаптарды орындау негізінде оқушының көркем жазу дағдысы (каллиграфия) қалыптасады. Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарды меңгереді. Ал, сауат ашудың әліппе кезеңінде әріптерді жазып үйренеді. Әріптің толық таңбасы оның оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, әрбір әріпті жазып шығу дегеніміз- көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс -әрекет. Әр әріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол әріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - әріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. «Орынын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орынын белгілейді.
«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді. «Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады. Бұл жаттығу әріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал келесі жаттығу көз бен қолдың координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады.
1-ші сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі. Қысқа й дыбысымен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар. Оны былай жинақтап көрсетуге болады. й – ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне жазылатындығы ескеріледі. ң әріпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды. Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынансының өзгертетіндігіне көз жеткізу керек. Және н – тіл ұшы дыбысы, ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек. Әр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штирхтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дәптеріндегі үлгідей орындалады. Сауатты жазуға тиімді әдістерінің бірі – жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді.

3.Дайындық кезеңінде және әліппе кезеңіндегі сабақтардыің жоспарыБұл-«Әліппе» мерзімінің жеделдетуіне, үш айда сауаттандыру ісін аяқтауға байланысты. Дегенмен, осы аз уақыттың өзінде мұғалімдер пайдалы әдіс-тәсілдерді қолдана білсе, оқушыларды мектепте дұрыс жүріп-тұруға, сыныпта отыра білуге төсілдіруге болады. Дайындық кезеңде оқушыларға ертігі, әңгіме оқып беріп, өлең жаттатып, сурет салғызып, білуге құмарлығын арттыруға, қағаз, қалам ұстауға машықтандыруға болады. «Әліппе» суреттерін падалана отырып, сөйлем, сөйлемнен әңгіме құратуға және сөздерге дыбыстық талдау жасауға машықтандыру керек. Сабақта сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс деген ұғымдарды оқушылар тәжірибе жүзінде меңгеретін болады.

Дыбыспен таныстыру сабағы.1.Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешгізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу. 2.Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буындарға талдатқызу.3. Дыбыспен таныстыру (Мысалы, а-ра, ал-ма, а-ғаш, а-па т.б. сөздерді талдай отырып, «а» көңіл аударылады.).4.Таныс дыбыстан басталатын сөздер ойлату.

5.Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.

Әріп элементін жазуға үйрену сабағы.1.Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.

2.Оқушыларды жазуға даярлау. Қарындашты қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазғызып жаттықтыру.3.Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.5. Балаларға дәптерлеріне жазғызу.

Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен жаңа әріпті үйрету сабағының жүйесіОқу сабағы:

1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме2.Әңгіме барысында қолданылған сөйлемдердің ішінен үйретілелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.3.Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.4. Сол әріптің баспа түрін көрсету, оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету, басқа әріптердің ішінен табу. 5. Кеспе әліппеде сөз құрастыру және оны оқу.6. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, жаңа сөз жасау, оларды оқу.7. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.Жазу сабағы:1.Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партада дұрыс қойылуы) тексеріледі.2.Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп көрсетіледі, мұғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.4. Мұғалім жаңа әріпті тақтаға жазады. Оқушылар осы әріптен басталатын сөздер ойлап табады. Сонан соң олар әріпті дәптерлеріне жазып алады.5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды оқиды.6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.7. Суретпен немесе пластилинмен жұмыс.Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерді оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды.

1.Сауатты жазуға үйретуде әр түрлі ой операцияларының (аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау т.б) қажеттілігі жайлы түсінік беріңіз.Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн. Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің де маңызы зор. Ереже, қандай да болмасын, тек жалпы ғана нұсқау немесе түсінік береді. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтінен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Оқушылар сол ережені оған ұқсас басқа жағдайларда қолдана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасты деп есептеуге болады. Сауатты жазу дағдысын қалыптастырудың маңызды шарттарының бірі – орфографиялық қате, сөйлеу қателерін болдырмау үшін алдын ала синтездеу, талдау жұмысы. Сөйтіп сауатты жазуға үйрену үшін аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой операцияларының іске асуы ең маңызды шарт болып табылады.

2.Сауатты жазуда жүргізелетін диктанттың түрлері (көру,өздік,бақылау,графикалық т б) мысал келтіріңіз ?Әріп диктанты. Бастауыш сыныпта алғашқы әріптерді үйренгеннен кейін өткізіледі. Ол дыбыс таңбасының баспа түрінен жазба түріне аударып жазуға үйрету, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге дағдыландыру және көркем жазуын қалыптастыру үшін қолданылады.Буын диктанты сауатты жазуға үйрету, қате жазудан сақтандыру, сөзді буындап оқуға, оны жаттап алуға көмектесу, сөздерді тасымалдай білуге үйрету сияқты жұмыс түрлерін қамтиды.Сөз диктанты әріп пен буын диктанттарына қарағанда біраз күрделірек. Мұндағы мақсат — оқушыларға сөз белгілі бір ұғымды білдіретінін, ярни мағынасы болатынын түсіндіру. Мұнда оқушылар өздері естіген әрбір сөздің нақты мағынасын түсінумен қатар, оларды буынға бөліп жазып үйренеді. Осыдан кейін ғана олар жеке сөзді, әріпті тастап кетпей, артық әріп қоспай немесе әріптердің орынын ауыстырмай, әрбір сөздің мағынасын түсініп, қатесіз, көркем жазуға дағдыланады.Жоғарыда айтылған әріп, буын, сөз диктанттары бастауыш сыныпқа арналған диктанттар, яғни кеңірек айтылғандықтан, бұларға көп тоқталмаймыз.Сөздік диктанты әріп емлесін өту кезінде белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 5-6 сыныптарда 30-35-тен аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқып алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады,Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде өте пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы больш есептеледі. Бұл диктант түрі оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен сөз тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілгсн өлеңдерді алуға болады.Диктант мәтіндері үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың 2—3 рет оқып шығуына, асықпай көріп, жадында сақталуына 1 — 2 минут уақыт беріледі. Содан ке-йін мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады. Мұндай материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге, баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктанты қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп қояды.Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арт- тыру көрсеткіші. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктері болады.Ескерту диктанты көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.Графикалық (сызба)диктантты сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі вариантта жүргізуге болады.Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бақылау диктанты белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өкізіледі.

3Коллиграфияның бұзылу себептері Каллиграфия (грек. kallіgraphіa – көркем жазу) – көркем әрі анық жазу өнері. Каллиграфия тарихы қаріп және жазу құралдары, стилистика өнері дамуы тарихымен тығыз байланысты. Каллиграфия оқуға қолайлы ғана емес, сонымен қатар хатқа графикалық эмоционалды-бейнелі ұғым беру мақсатын көздейді. Каллиграфия стилі қашықтан оқуға мүмкіндік беретін таңбаларының анық болуына, шапшаң жазылатын курсивке немесе оқуға қиын, бірақ сәнді өрнекке бейім болып келеді. Ислам елдерінде каллиграфия жоғары бағаланды. Ірі каллиграфтар “насхи” қарпінің шеберлері арасында ибн Мукла (10 ғасыр). ибн Бавваб (11 ғасыр), Сұлтан Әли Мешхеди (15 ғасыр, “насталик” қарпінің шебері) және басқалар болды (қ. Хұснихат), Еуропада грек және латын жазуларының классик. үлгісі біздің заманымызға дейінгі дәуірде жасалды. Ал орыс жерінде каллиграфияның тамаша үлгілері 11 ғасырда басталды. Кітап басу ісінің және машинамен жазудың өрістеуіне байланысты каллиграфияның қолданылуы азайды, ол, негізінен, бастауыш мектепте пән ретінде оқытылды. каллиграфия кітапты көркемдеу, плакаттар жасау, графика, т.б. салаларда қолданылады. Қазіргі кезде де мектеп оқушыларынан каллиграфия принциптерін сақтау талап етіледі.

Наши рекомендации