Адамның мамандықты меңгеру үрдісін зерттеу
Жоғарыда айтылып кеткендей, акмеология адамның есею сатысындағы даму механизмдерді, заңдылықтарды және феноменологияны, әсіресе осы даму кезінде оның есею сапасының қалыптасқандығын білдіретін жоғары деңгейге жету жолдарын зерттейді. Адамның есеюі оның азамат, ата-ана, белгілі бір еңбек саласының маманы ретінде теңдестірілгендіктен, акмеология саласында қызмет етуші кей ғалымдар «есею» түсінігін «ер жету» түсінігімен теңдестіреді, бірақ та бұл түсініктер эквивалентті емес. Адамның есею сатысы және осы есеюдің шыңы, немесе акме,-адамның көп өлшемді жағдайы, ол сол адам өмірінің уақытша бір кезеңін қамтып, оның қаншалықты азамат, белгілі бір саланың маманы ретінде қалыптасқанын, жұбай, ата-ана ретінде қалыптасқанын көрсететін, бірақ ешқашан статикалық білім болып табылмайтын және, керісінше, аз немесе көп мөлшердегі өзгермелілігімен ерекшеленетінін көрсететін кезең болып табылады. Дұрысында, адамның дене жағдайына қатысты үнемі есею өлшемі шеңберінде қайта құруды бастан өткізетін компонент. Сонда осы мазмұнды спецификаның жылжымалы бірлігі мен оның айқындалу формасы өзін азамат, жеке тұлға, және іс-әрекет субъектісі, және жұбай мен ата-ана ретінде көрсететін кезде адамда есею сатысында қадағаланады.
Адамды тұтастай «қожайын», «таратушы» ретінде түсіну үшін, олардың арасындағы барлық тәуелділік күрделілігін ұғынып, түрлі ғылым ұстанымдары зерттеулерінен алынған адамның есеюін зерттеу нәтижелерінің мәліметін бір картина тұрғысынан қараған дұрыс.
Адамды зерттеу кезінде алынған интеграция,- неғұрлым қиын және ерекше методологияны құруды, сонымен қатар олардың бір-бірімен ғылыми- әдепті ұштасуын талап ететін үрдіс.
Оларға бірізділік тірегі адамның денесінің есеюі, оның психикалық есеюі, қалыптасқан ақыл-ойы, сезімі, еркі, және интеллект пен ерікке тәуелді емес оның жеке есеюі, оның қарым-қатынасында айқындалып отырады деп айтуға мүмкіндік берді. Белгілі болғандай, адам индивид, тұлға және іс-әрекет субъекті ретінде болатын есею сатысына білімнің барлық блоктарымен бір уақытта жету мүмкін емес, әрі қарай, есею сатысының өзінде адамда аталған пайда болуларда түрлі ағып өту қарқыны байқалмайды.
Адамның акме деңгейіне индивид, тұлға және шығармашылық қызмет субъектісі ретінде шығу уақыты көп жағдайларда сәйкес келмейді.
Есею сатысына өту кезінде адамның денсаулығы нормаға жақын болуы мүмкін, сонымен қатар созылмалы аурулар салмақ салуы да мүмкін. Оның өзекті ниеттері жалпыадамзаттық құндылықтар мәніне сәйкес бола алады, немесе олардың артында жалған құндылық тұруы да ықтимал. Сонда адам тіршілігі тәуелді қызмет түрінде, ол дәрменсіз, жасына сәйкес емес инфантильді немесе, керісінше, тек репродуктивтік қызметте емес, сонымен қатар шығармашылық деңгейде де өнімді жігерлі бола алады.
Әр адамға тән есею кезінде қысқа ғана уақытта болатын дамудың осы жоғары деңгейі акме, оның шығар шыңы болып табылады. Бұл шың неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мазмұнды, көп қырлы және бай болады, жасаған ісінің нәтижесі акме кезінде соншалықты әлеуметтік зор және жаңашыл болса, бұл, әрине, адамның есею кезіндегі өмір жолының ерекшеліктеріне, әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық мәніне, сол адам тап болған әлеуметтік-психологиялық жағдайға байланысты. Бірақ кей жағдайда, адамның сандық-сапалық акме көрсеткіші танымының кеңеюімен, жалпы және әлеуметтік интеллекттің қалыптасуымен, жаратушылық қабілеттің дамуымен анықталады.
Адамдар бір-бірінен жағымсыз жағдайларға қарсы тұра алу және оларға қарсы өз ниеттерін жүзеге асыра алу біліктерімен ерекшеленеді. Және бұл адамдардың акмесі олардың индивид, тұлға және іс-әрекет субъекті ретіндегі қалыптасуын әрдайым көрсетеді.
Акмеология шешетін маңызды міндет,- адамның немесе адамдар қауымдастығы қол жеткізген кәсібилік деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік инстументария құру.
Акмеология ғылыми пән ретінде еңбек саласы индивидтік, тұлғалық және есею сатысының әрекеттілігін, әрқайсысының осы сатыларда өздерін шығармашыл өнімді түрде айқындауда оңтайлы қол жеткізуі арқылы жағдай туғызуды мамандардың терең игеруін пайымдайды. Сондықтан да акмеология бір уақытта оқу пәні болып та саналады. Осы сапада өз ролін жақсы орындауы үшін, міндетті түрде акмеология пәнін терең және жан-жақты ашудан және оның қоғам мен адам туралы ғылым жүйесіндегі орнынан басқа, акмеологияны оқуға қатысты заңдылықтар мен механизмдерді жарыққа шығарып, дидактикалық және әдістемелік түрде адамның индивид, тұлға, қызмет субъекті ретіндегі негізгі өлшемдері мен типологиясының ғылыми сипаттамаларын осы пәнді зерттеушілердің назарына аудару қажет.
Дәріс