Балабақша жағдайына бейімделу
(психолог кеңесі)
Көпшілікке мәлім «балабақша жағдайына көнетін» және «балабақша жағдайын қабылдамайтын» балалар кездеседі.
Баланың балабақшаға тез үйренуі үшін ата аналарға мынадай кеңес береміз:
1. Баланы қысқа мерзімге балабақшаға беру.
2. Топтағы бірнеше баламен және олардың ата аналарымен жақын танысып, оларды қонаққа шақыру
3. Балалар мерекелерін ұйымдастыруға қатынасу.
4. Әр кез балабақшада өткен күн жайында сұрап әңгімелесу.
5. Кешкі мезгілде жағымды жағдай жайлы, достарымен болатын кездесу,жаңа ойыншықтар, ойындар туралы әңгімелесу.
6. Балабақшаға барар жолда мейірімді, сабырлы болу.
Егер де бала анасынан ұстап, оны жібермеген жағдайда тәрбиеші баланы қалай жұбатады?
Психологтің ұсынысы:
1. Баланың көңілін ашық, жылтыр заттар өзіне аударады, мысалы. Сабын көпіршіктері, шарлар.
2. Топтағы ойыншықтарға назарын аударту.
3. Саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу.
4. Доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген баланы шақыру.
Психологтар мынаны ұсынбайды:
1. Баланы анасынан күшпен айыру.
2. Тамақты еріксіз ішкізу.
3. Баланың көз жасына көңіл аудармау.
Ата-аналарға арналған анкета
«Отбасындағы тәрбие стиліңіз қандай?»
Құрметті ата-ана!
Үш нұсқаның біреуін таңдаңыз.
1. а) басқа тамақ бересіз;
б) стол басынан кетуін талап етесіз
в) тамағын жемегенше стол басынан тұрғызбайсыз.
2. Балаңыз аулада ойнап жүреді,бір кезлде сүйікті ойыншығын жоғалтып үйге келеді,Сіз:
а) балаңызбен бірге жоғалған ойыншық үшін көңіліңіз түседі;
в) балаңызды жұбатасыз
3. Балаңыз ұйықтаудың орнына,телевизор алдынан шықпады,Сіз:
а) сөзсіз тв сөндіресіз;
б) ұйықтау үшін не қажет екенін сұрайсыз
в) балаңыздың тыңдамағаны үшін ұяласыз.
4. Балаңыз ойнаған ойыншығын тастап,жинамай кетеді,Сіз:
а) қолы жетпейтін жерге Балам еркелеп,күнде жеп жүрген тамағынан бас тартады Сіз:
қоясыз «шамалы қиналсын» деген оймен»;
б) жинасуға көмектесесіз
в) оны жазалайсыз.
5. Балаңызды балабақшадан алып кетуге бардыңыз,оны тез киіндіріп,почтаға соғуыңыз керек,бірақ балаңыз әртүрлі сылтаумен сөзге айналдырып сіздің мазаңызды алады:
а) ұрсасыз;
б) оның осындай тәртібі үшін жыныңыздың келіп тұрғанын айтасыз ;
в) көңіл бөлмей, тез киіндіруге тырысасыз.
Түсінік хат.
Алғашқы күннен бастап адам қоршаған ортаның алуан түрлі құбылыстарымен: адаммен, затпен, оқиғамен соқтығысады. Айналамен таныса отырып, адам белгілі бір нәрсеге өзінің субъективті көзқарасын, сезімін білдіреді.
Эмоция(лат. еmoveo-қоздырамын, толқытамын) адамды не толқытса соның, адам үшін сыртқы және ішкі стимулдардың, ситуациялардың,оқиғалардың маңыздылығын бейнелейді. Қоршаған дүние заттары мен құбылыстарын адам қабылдағанда, ол оларға әрқашанда кейде салқын да емес, тіпті парасаттылық та емес, өзгеше бір әсерленушілік танытады. Кейбір оқиғалар оған қуаныштылық туғызады, басқалары оған қанағаттанбаушылық туғызады, ол кей адамдарды ұнатады, басқаларына немқұрайлық танытса, үшіншілерін жек көреді; кей нәрсе оны ашуландырады, кейбір нәрседен қорқады; өзінің кейбір қылықтары үшін мақтанады; басқа бір қылықтары үшін ұялады. Қанағаттану, қуану, қайғы, қорқыныш, сүйіспеншілік- әр түрлі заттарға, құбылыстарға, адамдарға білдіретін адамның көңіл-күйінің формалары болып табылады.
Эмоция балалардың өмірінде маңызды роль атқарады. Олар шындықты ұғындыруға және дұрыс қарым-қатынас құруға көмектеседі. Сезім бет-әлпетімізде , іс-әрекетте, ым-ишарадан көрініп тұрады.
Бала алғаш балабақшаға келген кезде ересектермен, басқа балалармен танысады, мінез-құлық ережелері мен нормаларын игереді. Сондықтан үлкендер баламен жағымды қарым-қатынас құру қажет.
Тәрбиешілер мен психологтардың балалармен жеке тұлға ретінде қарым-қатынас жасауындағы басты мақсаты- баланы өзі туралы айтуға, өзінің сезімі, ойы, әдеті туралы әңгімелесуге, оны ой елегінен өткізіп баға бере білуге, тек өзіне ғана емес, жанындағы адамдарға да көңіл аудартып, оларды өзіндік табиғи болмысымен қабылдап, ізгі ниет ықылас таныта білуге, эмоционалдық көңіл- күй мен мінез-құлықты ұғына білуге үйретуден басталады.
Мақсаты:
Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалдық аумағын дамыту.
Міндеттері:
· Балаларды өзінің және айналасындағылардың эмоциялық көңіл-күйін түсінуге үйрету;
· Эмоция түрлеріне (қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу) түсінік беру және ым ишара арқылы сезімдерді түсінуге үйрету;
· Өз сезімдері мен эмоцияларын басқара алу қабілетін жетілдіру.
· Балалар өз эмоция сезімдерін және айналасындағылардың эмоциясын түсіне білуді үйренеді;
· Өз эмоцияларын (қуаныш, реніш, қорқыныш, ашу) ым ишара арқылы көрсете алады;
· Өз сезімдері мен эмоцияларын басқара алады.
Әдіс-тәсілдері:
Тест, сауалнама, тренинг, ойын, жаттығу, психогимнастика, релаксация, сурет салу, рөлдік ойын.
Өткізіледі: аптасына 1 рет.
Бағдарлама ұзақтылығы: 1 жыл.
Жұмыс түрі: жеке және топтық.
Күтілетін нәтиже:
Бағдарлама құрылымы және мазмұны:
І тарау. Кіріспе (6 сағат)
Бұл тарауда балалар топта жағымды қарым-қатынас құруды үйренеді. Эмоция әлеміне саяхат жасай отырып, оның түрлерімен танысады.
ІІ тарау. Жағымды эмоция түрлері (10сағат)
Балалар жағымды эмоция түрлерімен танысады. Жағымды эмоцияның адам өміріне пайдасы туралы ұғынады.
ІІІ тарау. Жағымсыз эмоция түрлері (20 сағат)
Егер қайсы бір заттар, құбылыстар, деректер біздің қажеттілігімізге немесе қоғам талабына үйлесім таппаса, онда жағымсыз эмоция пайда болатыны туралы балаларға мағлұмат беру. Жағымсыз эмоциялардың адам өміріне тигізетін зияны туралы айту.
Күнтізбелік жоспар
Тақырыбы | Теория | Практика | Әдіс-тәсілдер | Күтілетін нәтиже |
Кіріспе | ||||
Танысу | Тренинг, диагностика | Әрбір балаға өзінің жеке тұлғасы мен ұнамды кескінін тануға мүмкіндік берілді. | ||
Эмоция әлемі | Этюд, жаттығу, сурет салу | Балалар уайыммен эмоцияның өзара байланысын және оның сыртқы көрінісін сезінді. Өз сезімдерін шығара алды. | ||
Менің көңіл-күйім | - | Аутотренинг, ойын | Балалар уайыммен эмоцияның өзара байланысын және оның сыртқы көрінісін сезінді. Өз сезімдерін шығара алды. | |
Ойыншықтар қалашығы | - | Құм терапиясы | Жағымды эмоционалдық атмосфера жасалды, шығармашылық түрде ойлауға дағдыланды. | |
Жағымды эмоция түрлері | ||||
Қуаныш | Психогимнастика, рөлдік ойын, жаттығу | Қуаныш сезімімен танысты. | ||
Қуаныш және көңіл-көтеру сезімдері | Психогимнастика, рөлдік ойын, жаттығу | Эмоцияның жағымды түрлерімен танысты. Қуаныштың адамға пайдасы туралы білді | ||
Қызығушылық | Тренинг, диагностика, түзету-дамыту | Қызығушылық сезімімен танысты | ||
Таң қалу | Тренинг, жаттығу, психогимнастика | Таң қалу сезімімен танысты | ||
Жағымды көңіл-күй | Тренинг, сурет салу, ойын | Эмоцияның жағымды түрлерімен танысты. | ||
Жағымсыз эмоция түрлері | ||||
Қайғы және қуаныш | Қуыршақ театры, «Хоровод» жаттығу, психогимнастика | Қайғы сезімімен танысты | ||
Жек көру | Тренинг, ойын, жаттығу,рөлдік ойын | Жек көру сезімімен танысты. | ||
Жиіркену, кінә | Психогимнастика, рөлдік ойын, жаттығу | Жиіркену, кінә сезімімен танысты | ||
Қорқыныш | Фото -суреттік көрме, талдау, ойын | Қорқыныш сезімімен танысты | ||
Көңілсіздік | Ойын, этюд, сурет салу | Көңілсіздік сезімімен танысты. | ||
Ашу | Интервью, ертегіден үзінді, би терапиясы | Ашу сезімімен танысты, эмоцияны ажырата білуді үйренді | ||
Қарым-қатынас құру жолдары | Ойын, жаттығу, релаксация, психогимнастика, рөлдік ойын | Балалар өзара жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жасауды қалыптастырды. | ||
Біздің эмоциямыз | Релаксация, психогимнастика, рөлдік ойын | Эмоция туралы түсінді, жағымды және жағымсыз эмоция түрлерімен танысты | ||
Сезімтал алақандар | Құм терапиясы | Ой-қиялы, шығармашылық ойлауы, сезімталдық пен қолдардың ұсақ моторикасы дамыды. | ||
Қорытынды | - | Диагностика | ||
Жалпы сағат саны |
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тәрбиешілерге арналған әдебиеттер:
1. Бардиер Г. «Я хочу» - СПб., Дорваль,1993
2. Калинина Р.Р. «В гостях у Золушки» - Псков,1997
3. Минаева В.М. «Развитие эмоций дошкольников» - М., Аркти,1999
4. Выготский Л.С. «Игра и ее роль в психологическом развитии ребенка» - Вопросы психологии № 6, 1996
5. Зинкевич Т.Д. «Теория и практика сказкотерапии» - СПб., Гармония,1996
6. Фоппель К. «Психологические игры и упражнения» - М.,1998
7. Хухлаева О.В. «Лесенка радости» - М., Совершенство,1998
8. Гиппенрейтер Ю.Б. «Общаться с ребенком. Как?» - М.,2001
9. Сатир В. «Как строить себя и свою семью» - М.,1992
10. Родничок. Книга для чтения детям 4-5 лет. – М.,1993
11. Михалков С. Сказки, пьесы, стихи. В 3-х книгах. – СПб.,1994
Ата-аналарға арналған әдебиеттер:
1. Гиппенрейтер Ю.Б. «Общаться с ребенком. Как?» - М.,2001
2. Сатир В. «Как строить себя и свою семью» - М.,1992
3. Родничок. Книга для чтения детям 4-5 лет. – М.,1993
4. Михалков С. Сказки, пьесы, стихи. В 3-х книгах. – СПб.,1994