Тренинг топтарының жүргізушісінің дайындағы

Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін жшоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің қабылдануына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет.Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысының мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді. Тренинг жүргізу тренердің тұлғасына үлкен талаптар қояды. Тренер тұлғасында: - Энергия. Хабардарлық.. Тәжірибе. Билік. Ақылдылық.. Харизматикалық қасиеттер болуы тиіс. Тренер псхология, биология, физиология, менеджмент және практикалық өмірден хабардар болуы тиіс. Хабардарлық кез-келген эксперименттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кең көлемді таным және білгеніңді қызықты етіп әңгімелеп беру – топта кез-келген эмоциональды қиындықты жеңе алуға көмектеседі. Кез-келген жағдай тіпті жағымсыз болсада білетін жағдаймен салыстырылып жаңа білім көрсеткіштері арқылы шешіліп отырылады. Тренердің тренинг қызметінде әртүрлі өмірлік аймақтарда тәжірибесі болған жөн. Өзіндік тәжірибе арқылы адамдарды басқара алуы тиіс. Тренер жан-жақты ғылым салларына білімі терең болуы тиіс. өзі айтатын әңгімесі мен әрекетінің құндылығына сенімді адамның кейпін көрсетуі тиіс. Ол өзінің кез-келген сөзіне 100% сенуі және өзгелерді сендіре алуы қажет. Өзіне сенімді тренер өзгелер мүлтіксіз орындайтындай нұсқау бере алады. Ол үшін сенімділік әзілқойлықпен ұштасып отыруы керек. Ол топқа нақты, ашық, қарапайым сенімді нұсқау беру арқылы қатысушыларға мотивация береді. Билікті өзгеге беру және өзгені тыңдау, өзің шешім қабылдау жауапкершілігінен құтылу мазасыздықтан құтқарады. Сенімді , толыққанды команда адамдарға мотивация беріп, уақытша жауапкершілігінен босатады. Тренердің ақыл-ой процесі жеткілікті түрде қозғалғыш болуы жөн. Тренер кез-келген проблеманы жеңіл шешіп өзгелерге жол көрсетуі тиіс.Кездескен жағдаяттарда қатынасушыларды дұрыс бағытқа сілтеуі жөн. Сонымен қатар ақыл-ойы икемді болып, белгілі бір проблеманы шешкенде, сол жағдайға, сол адамның жас ерекшелігіне сай шеше білуі тиіс. Тренер идеал тұлға ретінде қатынасушылардың қарағысы келе беретін, оның артынан еріп жолын қуғысы келетін адам болуы тиіс. Кез-келген тренерде харизматикалық қабілет болуы қажет.Сырт келбетіңнің жұғымдылығы электірлік лампадай табиғи шырақ, жарық береді. Адамдар арнайы шамымен емес, кездейсоқ табиғи шырақ пен өнімді жарқырап, жүректерді жылтатын адамға сенеді. Тренер қатынасушыларға қаншалықты ұнауға талпынса соншалықты өзіндік табиғи харизмасын жоғарылатады. Өзімен- өзі болудың бір жолы- өзгелердегі табиғи көріністерді өзіне дарытуға талпынбай, өзіңдегі бар табиғи қасиеттерді дамыту. Тренер жарқырап өте айқын көрінуге тырыспай жан дүниесінің ашықтығын көрсете білгені жөн. Қатынасушылар сұрақ қойса шынын айтуға тырысуы керек, ол қатынасушылардың ашылуына жол ашады. Белгілі бір шындықты айту қаншалықты қиын болса, оның қатынасушыларға маңыздылығы да соншалық.. Қарапайымдылық, шынайылық,, харизматикалық қабілеттің ең табиғи көрінісі. Ең алдымен, тренинг жүргізілетін топқа назар аударған жөн. Костюм топтың жасына және қатысушылардың әлеуметтік рөліне қарай жасалады. Егер тренинг жасөспірімдерге арналған болса, спорттық стиль де (джинсы мен футболка) жарап қалады. Ендігі мәселе, егер тренинг жетекші звеноға арналған немесе фирмадағы корпоративті тренинг болса, онда тренердің жұмыс ерекшелігін ескере отырып, іскери стильді ұстанған жөн. Білікті тренердің өзінің сыртқы келбетіне қатысты бірінші ережесі – ситуацияның адекваттылығы. Ары қарай әңгіме қосымша заттар жөнінде болады. Әсіресе әйел адамдар көбіне қосымша заттарды (шарф, моншақ, шпилька, соған уақ заттар) жаны сүйеді. Бұл заттар әдемі көрініп қана қоймай, белгілі бір стильді де аңғартады. Тренинг үшін бұндай заттарды мақсатқа

Наши рекомендации