Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері.
Конфликтология ғылымы туралы түсінік
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынастық кедергілер қарым-қатынастың нәтижелігі біздің қоршаған ортаны және адамдарды қабылдауымызға байланысты. Олар психикалық кедергілер қарым-қатынастағы кедергілер адамның өзара үйлесімді ара қатынас жасауына түрлі сатыдағы кедергілер.
Адамдар жан-жақты дамыған қалпында жаралмаған, сондықтан реніштерді көңілге алып қалып, есесін түгелдей қайтару үшін ызамен жауап береді. Әрине, ренішті кешіре білу – бұл жоғары жетістік және этикамен қоса барлық діндер мұны құптайды. Бірақ осындай жетістікке барлық адам жете қоймаған өз ар-намысын, өз жан тыныштығын сақтау адамзат қажеттіліктерінң бірі болып табылады. Даулы мәселені шешуде адамның бойындағы барлық игі қаиеттерді қалыптастыру үшін адамдармен бірлесіп әр түрлі жаттығулар жасауы, өмірлік жағдаяттарға байланысты пікір алмасуы, оның дұрыс-бұрыстығын талқылауы жүйке жұмысының қызметін нығайтып, түрлі ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік береді. Қарым-қатынас – тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, рухани байлыққа, әлеуметтік ортаға қатынасын білдіретін экзопсихикалық ұғым. А.Н.Леонтьев, И.Ф.Харламов қарым-қатынас ұғымына мотив ұғымының мазмұнын, В.Н.Мясищев оны қажеттілік ұғымының мазмұнымен теңестірген. Кейбіреулері қарым-қатынастың бағыттылықпен (Н.Д.Левитов), позициямен (Б.Г.Ананьев, А.К.Маркова), сезіммен (С.Л.Рубинштейн), мінез-құлықпен (Б.Н.Теплов), қызығушылықпен (П.И.Иванов, А.П.Архипов), әлеуметтік белсенділікпен (Б.Ы.Мұқанова) байланыстылығы туралы пікірлерін айтқан. Қарым-қатынасты қызметтік тәсіл позициясы тұрғысынан зерттеушілер И.А.Зимняя, А.Н.Леонтьев және Г.М.Андреевалардың пікірінше, қарым-қатынас – бұл адамдар арасындағы байланысты орнату мен дамытудың, олардың арасындағы бірлескен қызметтік қажеттіліктерден туындайтын, сонымен қатар өзара ақпарат алмасу, өзара байланыстың біркелкі стратегиясын қалыптастыру, басқа адамдарды қабылдау мен түсінуді қамтитын күрделі көп салалы үдеріс. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің басты міндеті ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде алынған білімді нақты жағдайда пайдалану икемділігін меңгерген, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Психология ғылымында психологиялық ұжымдағы болып жатқан түрлі жағдайларды шешу, қызметкерлердің қарым-қатынас жағдайларда болып жатқан шиеленісті жағдайлардан сауатты, дұрыыс шығу, бұл жағдайларды басқару мәселесін шешуде қолданылатын психологиялық білімдерді практикада қолдану – пссихологияның өзекті мәселелердің бірі.
Адами өркениет тарихы шиеленістердің көптүрлерімен бірге даму процесінде қалыптасқан. Ежелгі заманнан-ақ адам қоғамы пайда болған шиеленістерді тиімді жолмен шешу әдіс-тәсілдерді іздестіріп, шиеленіссіз қоғамда өмір сіруді армандайды. Ежелгі құлпы тастарда, Қорқыт ата еңбектерінде адамаралық қатынастарда шиеленістерге жол жоқ деген пікірлерін білдіріледі. Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби адамар арасында қарым-қатынас болмаса ол өзімен өзі және басқалармен шиеленіске түседі деген ой білдіреді. Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” еңбегінде, Махмұд Қащқари де адамдардың арасындаға жақсы қасиеттерге көңіл бөлген. Шиеленістану ғылымы – бұл басқа ғылымдарға қарағанда жаңа ғылыми пән. Бұл ғылым шиеленістің табиғаты мен оның шешу әдістерін қарастыра отырып, бірнеше ғылымның зерттеу объектісі болып табылады. Олар: социология, психология, әлеуметтік психология, саяси экономика, политология, криминалистика, педагогика және бірнеше математикалық ғылымдар. Оның бағасын анықтау өте қиын. Шиеленіс – бұл қоғамдық ортаны анықтаудың басты элементі, қоғамның әлеуметтік динамикасы мен дамуын қарастырушы. Шиеленіс проблемасы адамзат ойының басты элементі болып табылады. Кейде бұл адамзат ойына үстемдік етеді.
Конфликтология ғылымы. Даму тарихы мен зерттеу объекті. Зерттеу әдістері.
Конфликттердің мәселесі - әлеуметтік психологиялық мәселе. Адам мен қоғам конфликтінің байланысы ежелгі әлеуметтік философиядан бастау алады. Сонымен, Конфуций - ежелгі Қытайдың әйгілі данасы - б.з.д. VI ғасырда былай деген: «Трудно бедняку злобы не пишь и легко богашому не быть заносчивым»
Конфуциймен бірге конфликт табиғатын ежелгі философ-диалектик Гераклитп ойластырған. Гераклит бойынша, элемнің ішіндегінің бәрі өшпенділіктен туындайды. Оның ойынша, конфликттер - бұл қоғам өмірінің маңызды шарты деп түсінеді
Гераклиттің конфликт жэне күресу бойынша ойларын, негіз ретінде басқа да ежелгі философ-материалистері қарастырған.
Мұнымен қоса, конфликтке Платон мен Аристотель б.э.д. У-ІУ ғасырда көңіл бөлген. Олардьщ ойынша, адам табиғаты бойынша, қоғамдық ағза; бөлек адам тек барлық қоғамның - бір бөлігі ғана; адамда негізделген қоғамдық бастау оған басқа адамдармен өзара түсіністік пен ынтымақтастық қасиеттерін береді.
Аристотель өз «Политика» трактатында конфликттің қайнар көздеріне көңіл бөлген. Яғни, адамдардың мүлікті игерудегі, қорқыныштағы мінездердің келісуіндегі теңсіздік жөнінде қарастырған.
Конфликттің ғылым ретінде ену бойынша қарастырсақ, оның негізгі фундаментін қалаған: Огюст Конт, Гербарт Спенсер, Карл Марксты жатқызады. Олардың еңбектері конфликтологияның жалпы теориялық база ретінде қаланады. Ал екінші жағынан, әлеуметтік конфликттегі анализінің, бағасының методологиялық өндірілудегі тәжірибесі.
О.Конт мынадай заңдылықтарды бөліп қарастырған: Әлеуметтік жэне профессионалдық топтардың білімі; Көпшілік адамдардың қолындағы байлық концентрациясы;
жайлы айтқан неміс әлеуметтенушісі Г.Зиммель, австралиялық Л.Гумпловичі жэне американдық Л.Смолл мен У.Самнерді жатқызуға болады. Осылардың ішінде ең атақтысы Георг Зиммель (1858-1918) болған.
«Әлеуметтік конфликтология» терминін неміс философы, социологы Георг Зиммел еңгізген (1858-1918) . Оның айтуы бойынша, әлеуметтік құбылыстар әр түрлі. Мысалыға: бәсекелестік, конфликт, келісім шарт тағы сол сияқты. Ілімнің негізі ретінде конфликт, «әлеуметтенудің» формасы тұрғысынан, алынды. Осы фактордың нәтижесінде адамдар бір-біріне жақындайды әрі бірігеді. „Конфликттің өзі цайшылыцтардың арасындагы цысымды жою, шешу амалы "9 - деп жазады. Аяғында адамдарда өздерінің ерекше көзқарастарының идентификациясы мен қайшы көзқарасты сезіну процессі өтеді.
Австриялық ғалым Людвиг Гумплович (1838-1910) туыстық пен қанның түрлі болуы, психикада нақты бір көрінісі бар екендігін табады. Жағымды сезімдер мен эмоциялар топтық бірлікке, ал жағымсыз топаралық антогонизм тудырып, конфликтке әкеледі деген.
Бұл зерттеушілер өз еңбектерімен конфликт мәселесіне назар аударған. Оның кейбір формаларын бейнеледі. Көбісі нәсілдік және ұлтаралық конфликттерге баса назар аударып, басқаларын соларға жалғады. Осыған орай «қақтығыс» деген түсініктің өзін анықтауға жағдай туып тұр. Оның адамдар арасындағы түрлерін белгілеп, конфликтке әкеліп соғатын қақтығыстарды ерекшелеп алу шарт. Мақсаттардың,бағдарлардың,көзқарастардың,қажеттіліктердің,қызығушылықтардың әрі құндылықтардың бір-бірне қайщы бола алатындығы рас. Мысалыға, атақты Я.Щепанский деген элеуметтенуші былай деп жазған: "Конфликт - бұл бағыт-бағдардың, мақсаттың және нақты бір затқа немесе жағдайға қаттысты әрекеттердің бір-біріне қарама-қайшы болуы, қақтығысуы" А.А.Ершов бойынша "тұлғааралық конфликт тұлғалардың қажеттіліктері, мотивтері, мақсаттары, көзқарастары, мінез-құлықтары қарым-қатынас барысында бір-біріне қайшы болып, Қақтығыс туғызуы"
Конфликтінің түрлері.
1. Ашық және жабық конфликт
2. Мотивациялық конфликт
3. Коммуникация (қарым-қатынас) конфликті
4. Мақсатқа жету жолындағы конфликт
5. Статустық конфликт
6. Жеке және топтық конфликтілер
7. Таңдау конфликтісі
8. Аз мөлшердегі қатыгездікті таңдау конфликті
9. Қарама-қарсы қабылдау конфликті
10. Қажеттілік конфликтісі
11. Әлеуметтік норманың және қажеттілік конфликтісі.
Қақтығыстар, айырмашылықтар конфликттің тууына холық негіз бола алмайды. Олар нақты адамдар, топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар мен мемлекеттер, яғни қақтығыстарды иемденген күштер іске қосылғанда ғана жұмыс істей бастайды. Осыған байланысты жантануда конфликттің үш түрі қалыптасқан: әлеуметтік, психологиялық, әлеуметтік-психологиялық.
Ч.Макклинтон көптеген эксперименттерге сүйене отырып, эксперименттік ойындар жағдайлардағы элеуметтік мотивтерді жіктеді (кооперация, индивидуализм, бәсекелестік, альтруизм, агрессия, тепе-теңдік).
Отандық психологтар әлеуметтік-психологиялық конфликтті адамның элеуметтік тәні мен адамдардың әлеуметтік тэні мен адамдардың өзара-әрекеттестік табиғатын түсіну негізінде қарастырады.
Я.Л.Коломинский үшін қатынас заттық-ақпараттық эрекеттестік, оның негізінде тұлғааралық қатынастар қалыптасады, жүзеге асады, көрінісін табады. Бүл қатынастар жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін.
Ресей әлеуметтанушысы А.Т. Здравомысловтың пікірінше қоғамда белгілі бір топтың азық-түлікке, тұрғын үйге, еңбек етуге, әлеуметтік бостандықтары мен қүқықтарға деген қажеттіліктері қанағаттандырылмайды. Әрине, әр адам лайықты өмір сүруге ұмтылады. Бұл аталған қажеттіліктер мүдцеге айналады, мүддесі ортақ адамдар топталып, билікке, байлыққа қол жеткізу үшін басқалармен бәсекеге түседі. Ал, бәсекелесу қақтығысуға ұласады деп түсіндіреді.
Көрнекті әлеуметтанушы П.А. Сорокин кез келген әлеуметтік төнкерістің басты себебі, халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүруге керек басты қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауынан екендігін атап көрсеткен.
Әлеуметтік конфликтер сол сияқты қоғам адамдарының түрлі мәселелерге байланысты пікірлерінің, көзқарастарының немесе ұстаған құндылық бағыттарының көреғарлығынан туындайды. Мәселен, меншік түрлеріне байланысты біздің қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер меншіктің қоғамдық сипатта болуын қаласа, енді біреулер жеке меншікті, басқалар кооперативтік меншікті жақтайды.
Конфликті жағдай еңбекке, жанұяға, өнерге, спортқа, әлеуметтік институттарға байланысты адам ой-пікірлерінің, құңдылықтарының қарама-қарсы болуынан келіп шығады. Құндылықтардың бағытына байланысты туатын даулы, шиеленісті жағдайлар экономика, саяси, әлеуметтік-психологиялық және рухани салаларда орын алады.
Адамдар арасында алауыздық тудырып, әлемдік масштабтағы қақтығысқа көбінесе идеологияның қарама-қарсылығы себеп болады. Мәселен, коммунизм мен антикоммунизм, фашизм мен антифашизм арасындағы күрес шеңберде орын алған идеологиялық күрес, идеологиялық алшақтық мемлекеттер арасында жік туғызып, халықтарды бір-бірімен қақтығысуға итермелейді. Сонымен авторлар конфликттің динамикасын қарастырғанда, субъективті жэне объективті факторлардың арақатынасына көңіл бөледі. Ең бастысы-ол субъективті факторы, яғни конфликтті жағдайды бір жақтың сезінуі. Әлеуметтік құбылыстар мен процестер болжауға, алдын алуға, басқаруға келетін жәйіт. Еріксіз түрде конфликттің мүшесі болған тұлға оған өзінің үлесін қосуы мүмкін. Конфликт - күрделі динамикалық құрылым. Оның өзіндік шегі, мазмұны, кезеңі мен формасы бар.