Курстың мақсаты мен міндеті

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«Бекітемін»

Оқу жұмыс бағдарламалары

Комитетінің төрайымы

______________________

Ж.

Арнайы психология» пәнінен білімгердің оқу жұмыс бағдарламасы

Кафедра: Арнайы педагогика

Оқу жылы: 2015-2016

Кредит саны: 3 кредит

Мамандық: 0510500 «Дефектология»

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 2, 3 жеделдетілген курс

Семестр: 3

Барлығы: 135 сағат

Оның ішінде:

Лекция: 15 сағат

Тәжірибелік: 30 сағат

СӨЖО: 45 сағат

СӨЖ: 45 сағат

Емтихан: 3, 5 семестр

Тараз 2015 жыл

Жұмыс оқу бағдарламаны «Дефектология және психология»кафедрасының аға оқытушысы Л.И.Бекембетова білім берудің жалпыға міндетті Мемлекеттік стандарты мен «Арнайы психология» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Жұмыс оқу бағдарламасы «Арнайы педагогика» кафедрасының мәжілісінде талқыланды.

Хаттама №_______ «______» _________________ 2015 жыл

Кафедра менгерушісі ________________________ А.М.Калматаева

п.ғ.к., доцент

Жұмыс оқу бағдарламасы факультеттің әдістемелік бюросында мақұлданды.

Хаттама № _______ «_____ »_________________ 2015 жыл

Комитет төрайымы: ________________________

Оқытушы туралы мағлұмат

Бекембетова Люция Игіліковна «Арнайы педагогика»кафедрасының аға оқытушы. Оқитын пәндері: жалпы психология, өзін-өзі тану, психологиялық-педагогикалық практикум, ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістемесі, арнайы педагогиканың тарихы.

Қажетті мағлумат: 4-305 ауд.

Кафедрада болатын уақыты: оқу кестесіне сай.

Оқу кестесі: кунделікті 50 минуттан 1, 2, 3, 4 сабақ.

Консультация: консультация кестесіне сай.

Кіріспе

Курсты оқытудың маңыздылығы және қажеттілігі. Оқу жоспарына сәйкес «Арнайы психология» курсы «Дефектология» мамандығында оқитын 2 курс білімгерлеріне арналып жасалған. Мұнда дамуында ауытқушылықтары бар балалардың психикасының пайда болуы және оның негізгі заңдылықтары оқып-үйретіледі. Курсты оқыту мүмкіншілігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен тәжірибесі бойынша білімде меңгеруде қажетті болып табылады.

Курстың мақсаты мен міндеті

Курстың мақсаты білімгерлерді арнайы психологияның негізгі түсініктерімен, әдістемелік зерттеулермен және оның дамуының басты бағыттарымен таныстыру. Оны зерттеу үрдісінде білімгерлерде есту қабілеті, көру қабілеті, зияты және сөйлеу тілі зақымдалған балалардағы кемістіктің мәні туралы, олардың психикалық даму ерекшеліктері туралы дұрыс түсініктер қалыптасуы керек.

Курстың міндеттері:

- әр түрлі бұзылыстары бар балалардың психикалық дамуының жалпы және арнайы заңдылықтарын анықтау;

- танымдық сферасының дамуының ерекшеліктерін зерттеу;

- мүмкіншілігі шектеулі балалардың жеке тұлғасының дамуындағы заңдылықтарды қалыпты дамыған балалармен салыстыра отырып зерттеу;

- түрлі бұзылыстары бар балалардың психологиялық дамуына педагогикалық әсер етудің неғұрлм тиімді жолдары мен тәсілдерін психологиялық дәлелдеу.

Наши рекомендации