Тест тапсырмалары

1:Аударма процесінің кезеңдерін көрсетіңіз.

a.1) талдау; 2) аудару кезеңі; 3) жинақтау (синтез) кезеңі;

b. 1) талдау; 2) аудару кезеңі;

c.1) аудару; 2) жинақтау (синтез) кезеңі;

d. 1) оқу; 2) аудару кезеңі; 3) талдау кезеңі;

2:Аударма процесінде қолданылатын техникалық әдістерді көрсетіңіз:

a.1) орын тәртібі; 2) ауыстыру; 3) қосу; 4) түсіру;

b.1) орын тәртібі; 2) қосу;

c.1) ауыстыру; 3) түсіру;

d.1) орын тәртібі; 2) ауыстыру; 3) беру; 4) алу;

3: Орын алмастыру әдісінің анықтамасы.

a.аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде өзгертіп жіберу.

b.түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен беру.

c. аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде түсіріп тастау.

d. сөйлемдердің орнын алмастыру.

5.Шендестіре аудару (Антонимический перевод) әдісінің анықтамасы.

a.түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен я, керісінше, болымсыз мағынаны болымды түрмен жеткізу.

b. түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен беру.

c. түпнұсқадағы болымсыз мағынаны болымсыз түрмен беру.

d. сөздерді қарсы қою.

6:Компенсация (өтеу, орнын толтыру) тәсілдің сипаттамасы.

a.түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты басқаша тәсілдермен беру.

b. түпнұсқадағы болымды мағынаны болымсыз түрмен беру.

c. аудару үстінде түпнұсқа тілдегі элементтердің орналасу тәртібін аударма мәтінде түсіріп тастау.

d.түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөз айтылмай тұрса сол элементті көрсету.

7:Қосу әдісінің сипаттамасы.

a. түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөз айтылмай тұрса сол элементті көрсету.

b. түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөз айтылса сол элементті айту.

c. түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты басқаша тәсілдермен беру.

d. нұқсан келмейтін сөздердің түсіріліп тасталуы.

8:Түсіріп тастау әдісінің сипаттамасы.

a. түпнұсқадағы мағыналық тұрғыдан басы артық сөздерді алып тастаса да, мағына-мазмұны өзгеріске ұшырамайтын, нұқсан келмейтін сөздердің түсіріліп тасталуы.

b. түпнұсқа тілдегі құрылымда белгілі бір сөз айтылмай тұрса сол элементті көрсету.

c. түпнұсқа тілдегі белгілі бір элементтердің аударма тілде дәлме-дәл баламасы болмауына байланысты басқаша тәсілдермен беру.

d. нұқсан келетін сөздердің түсіріліп тасталуы.

9: «каждая минута времени», «в апреле месяце», «промышленная индустрия» сөздерін аударғанда қандай тәсілдерді қолданамыз?

a.түсіріп тастау;

b. орын тәртібі;

c. ауыстыру;

d. қосу

10: Тұлғаның әлеуметтік мінездемесі, оның ішкі тұлғалық қасиеттері, филиологиялық білімі, түпнұсқа авторы мен аудармашы тұлғаларының үйлесуі (жақындығы немесе ұқсамайтындығы) сияқты қасиеттер қандай тілдік тұлғаны қалыптастырады?

a.Аудармашының тілдік тұлғасын

b. Аудармашының адами тұлғасын

c. Аудармашының шығармашылық тұлғасын

d. Аудармашының өзіндік тұлғасын

11:Ауызша аударманың түрлері көрсетіңіз.

a. ілеспе (синхронный) аударма; жалғас (последовательный) аударма.

b. ресми және көркем аудармалар.

c. ғылыми және ауызекі аудармалар.

d. ауызекі аударма

12:Ілеспе аударма дегеніміз не?

a.Бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, бір мезгілде аудару.

b. Түпнұсқада сөйлеушінің ақпаратын тыңдап алғаннан кейін жүргізілетін амал.

c. аударманы екі күннен кейін аудару.

d. ауызша содан соң оны жазбаша аудару.

13:Аударманы ауызша жасау кезінде не тапшы?

a.уақыт

b. ақша

c. қағаз

d. сөз

14:Аударманың қай түрінде түпнұсқа мәтін бір-ақ рет айтылады немесе оқылады, сөйлеушінің өзіне тән дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, екпіні болады?

a.Ауызша аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

14:Ауызша аударманың күрделі тұсы неде?

a.Аудармашының санасы бір тілден екінші тілге шапшаң ауысып тұрады, тұпнұсқадағы бір сөйлемді аударып жатқан кезде түпнұсқаның екінші сөйлемі басталып жатады.

b. ой ауысып отырады.

c. сөз ауысып отырады.

d. адам ауысып отырады.

15:Жалғас аударма дегеніміз не?

a.Түпнұсқада сөйлеушінің ақпаратын тыңдап алғаннан кейін жүргізілетін амал.

b. Бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, бір мезгілде аудару.

c. аударманы екі күннен кейін аудару.

d. ауызша содан соң оны жазбаша аудару.

16:Калька тәсілі дегеніміз не?

a.Сөзді немесе сөз тіркесін сөзбе-сөз аудару

b. Сөзді немесе сөз тіркесін мағыналық аудару

c. Сөзді немесе сөз тіркесін еркін аудару

d. ауызша содан соң оны жазбаша аудару.

17:House of Culture – Дом культуры – Мәдениет үйі дегендер қандай тәсілмен аударылған?

a.Калька

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

18: «На улице идет снег» деген сөйлемнің «» аудармасының қайсысы түпнұсқаға толық сәйкес келеді?

a.Далада қар жауып тұр

b. Көшеде қар келе жатыр

c. Көшеде қар жауып жатыр

d. бәріде дұрыс

19:Еркін аударма дегеніміз не?

a.субъективті құбылыс, яғни бір мәтінді әр аудармашы өз бетінше еркін түрде жасап, туындының мазмұны сақталғанымен, құрылымы жағынан әр бөлек болады.

b. Түпнұсқада сөйлеушінің ақпаратын тыңдап алғаннан кейін жүргізілетін амал.

c. Бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, бір мезгілде аудару.

d. объективті құбылыс

20:Еркін аударма көбінесе қай салада қолданылады?

a.көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда

b. ғылыми әдебиетте

c. ауызекі мәтінде

d. ресми мәтінде

21:Аударманың жанрлық-стилистикалық түрлерін көрсетіңіз.

a.1) көркем аударма; 2) ақпараттық аударма; 3) ғылыми аударма; 4) ресми аударма; 5) публицистикалық аударма; жарнамалық аударма

b. 1) ілеспе аударма; 2) жалғас аударма;

c. 1) реферативті аударма; 2) аннотациялық аударма;

d. 1) ақпараттық аударма; 2) ғылыми аударма;

22:Реферативті аудармаға тән сипат.

a.тек қана маңызды мәліметтерді аударуға арналған

b. тек қана маңызсыз мәліметтерді аударуға арналған

c. тек қана құбылыстарды аударуға арналған

d. тек қана субъективті себептерді аударуға арналған

23:Ағылшынша жазбаша аударатын аудармашыны қалай айтады?

a.«translator»

b. «interpreter»

c. «переводчик»

d. «тәржімашы»

24:Ағылшынша ауызша аударатын тәржімешіні қалай айтады?

a.«interpreter»

b. «translator»

c. «переводчик»

d. «тәржімашы»

25:Жазбаша аудармаға тән сипат?

a.Мәтін түпнұсқасы аяқталған шығарма ретінде ешбір өзгеріске ұшырамайды.

b. Мәтін түпнұсқасы аяқталған шығарма ретінде өзгеріске ұшырайды.

c. мәтіннің қалай аяқталары белгісіз.

d. мәтіннің қалай аяқталары белгілі.

26:Аудармашы түпнұсқаны бірнеше рет қарай алады, бұл жағдайда есте сақтау қабілетінің қажеті шамалы. Бұл қай аударма түріне тән?

a. жазбаша аударма.

b. ауызша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

27:Ауызша аудармаға тән сипат?

a.Аударылатын мәтін тыңдау сәтінде пайда болатындықтан, айтылатын ой үнемі дамып жетіліп отыратындықтан, оның жалғасын болжау көп жағдайда мүмкін емес.

b. Аударылатын мәтін тыңдау сәтінде пайда болатындықтан, айтылатын ой үнемі дамып жетіліп отыратындықтан, оның жалғасын болжау көп жағдайда мүмкін.

c. Аударманы бірнеше рет өңдеуге, түзетулерді енгізуге болады.

d. Сөздіктерді, анықтағыштарды қолдана аласың.

28:Аударманы бірнеше рет өңдеуге, түзетулер енгізуге болады. Сөздіктерді, анықтағыштарды қолдану мүмкіндіктері шектелмеген. Бұл қай аударма түріне тән?

a.жазбаша аударма.

b. ауызша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

29:Мәтінді аудару барысында есте сақтау қабілеті өте қажет аударманың түрі.

a.ауызша аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

30:Айтылған ой сөзді, қол қимылдарын, мимиканы, эмоцияны басқа да әрекеттерді қамтиды. Бұл қай аударма түріне тән?

a.ауызша аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

31:Аудармашы аудару барысында түпнұсқа авторымен де, оқырманмен де кездесе алмайды. Бұл қай аударма түріне тән?

a.жазбаша аударма.

b. ауызша аударма

c. жалғас аударма

d. ғылыми аударма

32:Аудармашы сөйлеушімен тікелей қарым-қатынаста болатындықтан, оның эмоциялық әсерінің ықпалында болады. Бұл қай аударма түріне тән?

a.ауызша аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

33:Аударма жасау кезінде сөздіктерді, анықтағыштарды қолдану мүмкіндіктері шектелген. Бұл қай аударма түріне тән?

a.ауызша аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

34:Айтушы, тыңдаушы және аудармашы үшеуі бір уақытта, бір мекенде тікелей қарым-қатынаста болады. Бұл қай аударма түріне тән?

a.ауызша аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

35:Бастапқы мәтінді қабылдай отырып қатар жүзеге асырылатын және кәсіби аудармалардың бір түрі.

a. ілеспе (синхронды) аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

36:Ілеспе аударманың күрделілігі неде?

a.бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;

b. бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігі;

c. бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық комфорт;

d. бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған қуаныш;

37:Баяндамашы сөзінің қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты болатын психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайды. Бұл қай аударма түріне тән?

a.Ілеспе аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

38:сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық кедергі аударманың қай түрінде орын алады?

a.Ілеспе аударма

b. жазбаша аударма

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

38.:Ізбе-із аударма дегеніміз не?

a.Мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі.

b. Мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын жазбаша аударманың түрі.

c. еркін аударма

d. ғылыми аударма

39:Ізбе-із аударманы шартты түрде қандай түрлерге бөлуге болады?

a.1) парақтан аудару; 2) жазбаша аударма.

b. 1) ауызша аудару; 2) абзацты-фразалы аударма.

c. 1) ауызша аудару; 2) жазбаша аударма.

d. 1) еркін аудару; 2) ілеспе аударма.

40:Ізбе-із аударманың ілеспе аудармадан басты айырмашылығы неде?

a.аударма мәтін тыңдалып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

b. аударма жазылып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

c. аударма мәтін аударылып болғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

d. мәтінмен бір мезгілде қосарыласа жүргізіледі.

41:Көркем аударма дегеніміз не?

a.оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару.

b. ғылыми мәтіндерді аудару.

c. шытырман оқиғаларды аудару.

d. көркемдік-эстетикалық тәрбие беру.

42:Көркем аудармаға тән белгі.

a.ойлаудың образдылық типінің жемісі, демек мұнда индивидуалдық даралық, шығармашылық ізденіс бар

b. ғылыми ізденіс бар.

c. ішкі құлшыныс бар.

d. кейіпкерлердің диалогы бар.

43:Сөйлемнің сипаттамасы.

a.шағын мәтін.

b. шағын бөлік.

c. шексіз мәтін.

d. құрмалас сөйлем.

44:Газет-журналдардағы мәтіндерді белгілеңіз.

a.қысқаша ақпараттық хабар (мақала), репортаж, тақырыптық мақалалар, хабарландырулар, сұхбаттар.

b. баяндама, диссертация, монография.

C. жарнама, монография, әжуа.

d. кино, хабар, телехикая.

45:ғылыми-техникалық мәтіндерге тән негізгі ерекшелік.

a.эмоциональдық бояу жоқ.

b. хабар жоқ.

c. терминдер жоқ.

d. сықақ, әжуа бар.

46:Гректің «sуn» (бірге) + «сhrоnоз» (уақыт) деген сөздерінен аударманың қандай түрі туындады?

a.Синхронды аударма

b. жалғас аударма.

c. ауызша аударма

d. еркін аударма

47:EURO-2008 футбол чемпионатын теледидардан көрсеткен кезде, спорт тілшісі қазақша түсініктемелер беріп отырып, «с этой точки (пробьют штрафной)» деген сөйлемді «осы нүктеден (айып соққысын орындайды)» деп орысшадан қалай аудара салды?

a.сөзбе-сөз

b. еркін аударма

c. ғылыми аударма

d. техникалық аударма

48:«интеллектуал» сөзінің қазақша аудармасы?

a.зияткер

b. ақылды

c. білімді

d. білімді

49:«бекітілсін, алғыс жариялансын, сөгіс жариялансын, қатаң сөгіс жариялансын, жарамсыз деп табылсын, жауапкершілік жүктелсін, шара қолданылсын» сөз тіркестері қай стилде қоданылады?

a.ресми стилде

b. публицистикалық стилде

c. ғылыми стилде

d. ауызекі стилде

50. Ауызша аударманың өзгешілігін зерттеу барысы неше бағытта жүзеге асады?

a.үш бағытта

b. бес бағытта

c. алты бағытта

d. екі бағытта

Наши рекомендации