Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесі аурулары» блогі
ОҚКЕ бағалау критерийлері
Тыныс алу мүшелерінің аурулары» блогі
«Өкпе перкуссиясы» дағдысы
№ | Компетенция | Бағалау критерийлері | Балл бойынша бағасы* | |||
I | Білім | Білімі бар: · балаларда өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасау көрсеткіштері туралы · балаларда салыстырмалы перкуссия техникасы туралы | ||||
Тұйық дыбыстың патологиялық жағдайда пайда болу себептерін дұрыс атады: · плевра қуысына сұйықтық жиналуы, өкпе тінінің тығыздануы (пневмония, ателектаз, ісік); · дыбыстың тұйықталуы немесе қысқаруын өкпе тінінде ауаланудың азаюымен байланыстырды (ошақты инфильтрация); · тұйықталған-тимпаникалық дыбыс, емтихан тапсырушының ойынша өкпе тінінің эластикалылығы мен ауалануының бір мезгілде төмендеуі жағдайында туындайды (майда ошақты инфильтрация, пневмонияның бастапқы сатысы, жекеленген өкпе ателектазы); · ауаланудың жоғарылауымен тимпаникалық дыбыстың қатаюы (каверна, абсцесс, бронхоэктаздар, пневмоторакс, өкпе эмфиземасы). | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
II | Практикалық дағды | Перкуссияны өткізу үшін баланың қасында дұрыс қалыпты қабылдады. Студент барлық ережені сақтай отырып, ретімен өкпенің салыстырмалы перкуссиясын көрсетті: плессиметр–саусақ жауырын арасында тігінен қойылады, ал қалған жағдайларда - көлденең қойылады. | ||||
· алдыңғы жағынан өкпе ұшы, бұғана ортаңғы сызық бойынша оң және сол жағынан IV қабырғаға дейін дыбысты салыстырды | ||||||
· қолтықасты сызықтары бойынша перкуссия қабырғааралықтарымен жүргізілді | ||||||
· артынан перкуссия жауырын үстінде оң және сол жағынан, сосын жауырынаралықта жүргізілді | ||||||
· оң жақта бауырдың болуына байланысты перкуторлық дыбыс қысқаруының физиологиялық ерекшеліктерін дұрыс көрсетті | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
III | Коммуникативті дағдылары | Өзара сәлемдесіп, танысқаннан кейін науқастың оң жағына отырды | ||||
Науқаспен және оның ата-анасымен қатынас орнатты, олардан аты-жөнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады | ||||||
Науқас және оның ата-анасымен қарым-қатынас психологиялық сенімділік аясында өткізілді | ||||||
Науқас және оның ата-анасымен тиімді қарым-қатынас үшін вербальды (сөзбен), сонымен қатар вербальды емес коммуникацияларды қолданды (мимика, ымдау, дауыс интонациясы) | ||||||
Коммуникативті дағдыларды толық меңгерді | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
IV | Денсаулық адвокаты | · Медициналық шараларды, операциялық оталарды жасауда ақпаратты келісімдері туралы түсінігі бар | ||||
· Берілген манипуляцияны орындау үшін науқастан немесе оның ата-анасынан келісім сұрады | ||||||
· Науқасты немесе оның ата-анасын осы зерттеуді жүргізудің себептері туралы ақпараттандырды | ||||||
· Науқас ыңғайлы қалыпты қабылдағандығын (жатыр ма немесе тұр ма) тексерді | ||||||
· Науқас үшін максимальды ыңғайлы (психикалық және дене) атмосферада объективті қарауды өткізді | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
V | Өзбетінше даму | · Обьективті қарауды түсіндіру кезінде студент кәсіби сөйлеуді меңгеретіндігін көрсетті | ||||
· Перкуссия сатыларының реттілігін көрсетті | ||||||
· Клиникалық ойлау логикалылығын танытты | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
Барлығы балл |
Балалардағы жүрек-қантамыр жүйесі аурулары» блогі
«Балалардағы жүректің салыстырмалы тұйықтығын» дағдысы
ОҚКЕ бағалау критерийлері
№ | Компетенция | Бағалау критерийлері | Балл бойынша бағасы* | |||
I | Білім | Білімі бар: · Балаларда жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтауға көрсетілімдер жайында · Балаларда жүректің салыстырмалы тұйықтығын анықтау техникасы | ||||
Балаларда әр жастағы жүректің қалыпты салыстырмалы тұйықтығын (шекарасын)дұрыс бағалады: · оң · жоғарғы · сол | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
II | Практикалық дағды | Бала жанында ыңғайлы қалыпты таңдады. Емтихан тапсырушы науқастың жүрегінің салыстырмалы тұйықтығын дұрыс анықтайды; | ||||
· Емтихан тапсырушы кеуде қуысын қарап тексеріп, өзгерістерін анықтады. | ||||||
· Емтихан тапсырушы жүректің оң жақ (тұйықтығын) шекарасын анықтады. Плессиметр-саусақты кеуденің оң жақ ІІ- ІІІ қабырғааралықтарына, қабырғаларға параллельді орналастырып, жоғарыдан төмен қарай, бұғананың ортаңғы сызығымен, бауыр тұйықтығына дейін перкуссиялады. Содан кейін бір қабырғааралыққа жоғарылап, саусақты жүректің оң жақ шекарасына параллельді (қабырғаларға перпендикулярлы) қойып, сырт жақтан ішке қарай, ашық өкпелік дыбыстан тұйықталғанға дейін перкуссиялады; | ||||||
· Емтихан тапсырушы жүректің жоғарғы шекарасын анықтады. Плессиметр-саусақты кеуденің сол жақ І қабырғааралығына, қабырғаларға параллельді орналастырып, жоғарыдан төмен қарай, нәрестелерде бұғананың ортаңғы сызығымен, ересек балаларда парастернальды сызық бойымен дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссиялады; | ||||||
· Емтихан тапсырушы жүректің сол жақ шекарасын анықтады. Алдымен пальпаторлы жүрек ұшы түрткісін тауып аламыз, сосын саусақты қолтықтың алдыңғы сызығына дейін әкеліп, сол қабырғааралықпен сырттан ішке қарай дыбыс тұйықталғанға дейін перкуссиялады. Плессиметр-саусақты іздеп отырған шекараға параллельды және бүйірімен орналастырады. | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
III | Коммуникативті дағды | Өзара сәлемдесіп, танысып болғаннан кейін науқастың оң жағына отырды | ||||
Қатынас орантты, науқастан немесе ата анасынан аты жөнін, жасын, қайда оқитындығын (егер оқушы болса) сұрады | ||||||
Науқаспен және оның ата анасымен қатынас сенімді психологиялық атмосферада жүргізілді | ||||||
Науқас және оның ата анасымен тиімді қатынас үшін барлық вербальды (сөзбен), сонымен қатар вербальды емес коммуникация құралдары (мимикасы, дауыс интонациясы, қимылдары). | ||||||
Коммуникативті дағдыларды толық көлемде меңгерген | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
IV | Денсаулық адвокаты | · Медициналық шараларды, операциялық оталарды жасауда ақпаратты келісімдері туралы түсінігі бар | ||||
· Берілген манипуляцияны орындау үшін науқастан немесе оның ата-анасынан келісім сұрады | ||||||
· Науқасты немесе оның ата-анасын осы зерттеуді жүргізудің себептері туралы ақпараттандырды | ||||||
· Науқас ыңғайлы қалыпты қабылдағандығын (жатыр ма немесе тұр ма) тексерді | ||||||
· Науқас үшін максимальды ыңғайлы (психикалық және дене) атмосферада объективті қарауды өткізді | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
V | Өзбетінше даму | · Объективті қарауды түсіндіруде студент кәсіби сөйлей алатындығын көрсетті | ||||
· Жүрек перкуссиясы сатыларын ретті, дұрыс көрсетті | ||||||
· Клиникалық ойлау логикалылығын көрсетті | ||||||
Дағды бойынша барлық max балы | ||||||
Барлық балл |
Ескерту: Перкуссия қабырғааралықтармен, сырттан ішке қарай, ашық өкпелік дыбыстан тұйық дыбысқа дейін жүргізіледі. Жүректің шекарасын плессиметр-саусақтың сыртқы бүйірінен, ашық дыбыс жағынан белгілейміз.