Темпераменттің қасиеттері

Темпераменттің қасиеттері ең алдымен адамның психикалық өмірінің динамикасын анықтайды. Темперамент жайында оның бірнеше негізі күйлері арқылы сөз етуге болады.

Сензитивность (сезімталдық) – адамда қайсібір психикалық реакция туындауы үшін, сыртқы ықпалдың ең аз дегенде қандай қуаты қажет, ол реакцияның қандай жылдамдықпен пайда болатындығы екендігімен анықталады. Реактивтілік бұл – адамның қайсібір ықпалға қандай күшпен және қуатпен жауап беретіндігімен анықталады. Белсенділік – адамның қоршаған әлемге өзінің тарапынан қалай ықпал етендігі арқылы, оның табандылығы мен тұрақтылығы арқылы анықталады.

Икемділік және қарама-қарсы қасиет ригидтілік адамның сыртқы ықпалдарға қаншалықты тез әрі жеңіл икемделетіндігімен анықталады. Икемді адам жағдай күрт өзгергенде мінез-құлқын бірден қайта құрайды. Ригидті адам әдеттері мен көзқарастарын қиыншылықпен өзгертеді.

Темпераменттің қасиеттеріне психикалық реакциялардың ырғағын, эмоциялы қозғыштықты, реактивтілік пен белсенділіктіктің сәйкестігін жатқызуға болады. Темперамент типтерінің жүйке жүйесінің күші, қозғалмалылығы және тепе-теңдігі сияқты күйлерінің үйлесіміне қарай оның алты түрі жиі кездеседі:

- күшті сангивиник (тепе-теңдік, күш, қозғалмалылық);

- қозғалмалы холерик (күш, қозғалмалылық, теңсіздік);

- тұрақсыз холерик (қозғалмалылық, тұрақсыздық, әлсіздік);

- әлсіз меланхолик (тұрақсыздық, әлсіздік, инерттілік);

- инертті меланхолик (әлсіздік, инерттілік, тепе-теңділік);

- тепе-тең флегматик (инерттілік, тұрақтылық, күш).

Қызметтегі іс-әрекетті талдау үшін темперамет типтерінің жалпылама сипаттамасы үлкен қызығушылық тудырады. Темперамент жалпы немесе арнайы (кәсіби) қабілеттерді анықтамайды. Бір темпераментті адамдар жоғары немесе төмен қабілетті болса, әр типтегі адамдар бір салада сәтті қызмет етуі мүмкін. Алайда темпераменттің қайсібір күйлері кәсіби іс-әрекеттің бір жағдайларында жетістікке жетуге ықпал етсе, дәл сол іс-әрекетті атқарған басқа жағдайларда адамға кедергі келтуі мүмкін.

Темпераменттің нақты түрлеріне: шыдамдылық, ұстамдылық, реакциялардың тездігі сияқты өте жоғары талаптарды ұсынатын мамандықтар болады. Ондай жағдайда аталмыш мамандыққа темперамент типі бойынша сәйкес келетін мамандардың іріктелгені қажет. Психологтар темперамент типтерінің адамдардың міне-құлықтарында, еңбек іс-әрекетіне, басқа адамдарға және өзіне қатынастарында қалай көрініс беретіндігін талдаған.

Сангвиник.

Сангвиниктіңэмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі дё оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, кеңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мүңайып жүрмейді. Бастан кеш-кен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшар, да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады, қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жүмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды.

Бір сарынды, бер текті және баяудан басқа кез келген қызметте сенімді. Ол тапқырлықты талап ететін қозғалмалы жұмысты ұнатады. Сангвиникжоғары психикалық белсенділігімен, қуаттылығымен, еңбекке қабілеттілігімен, қоғалыстардың тездігі мен жылдамдығыменым ишарасының әртектілігімен, сөйлеу тілінің жылдам ырғағымен сипатталады. Мақсатқа бағдарланғандықтан оған табандылықпен және шыдамдылықпен жетуге тырысады. Жұмысқа тез кірісіп, ырғағпен қызмет етеді. Сәтсіздіктер мен қателер оның көңілін бұзбайды. Дербестілік пен әрекеттердің еркіндігін қалайды. Сангвиникпен істес болғанда ұзақ кеңес беріп, міндеттерді егжей-тегжейлі түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Оған деген қалыпты, орынды қатынас ең тиімдісі.

Тәрбиесі жеткіліксіз сангвиник – менеджерде қызметке қызығушылығы жоғалғанда міндеттеріне ресми қатынас, сынға жауап ретінде қырсықтық пен ызақорлық, достықта сенімсіздік сияқты теріс қасетттер байқалуы мүмкін.

Холерик.

Холериктіңэмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп; күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылық-тарына карамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әре-кет атқаруға бейімді келеді. Жүмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұрады

Холерик-менеджерге реакциялардың тездігі, қызметтегі іс-әрекетте қозғалмалы, қуатты, барлығының алдында болу ұмтылысы тән, қоластындағыларын жақсы басқара алады. Күрделі жағдайларда батылдық таныта алады, тәуекелге бел буып, қауіп-қатерлерді жеңе алады. Қоғамдық жұмыста үлкен белсенділік, сыншылдық, бастамашылдық, дербестіік танытады. Холерик өте көпшіл, эмоциялы байланыстарды тез қалыптастырады, жетекшілікке табанды ұмтылады, қоғамдық көзқарас пен қоластындағылардың бағаларына аса сезімтал келеді.

Мәдениеті төмен холерик-менеджерде тұрақсыздық, ұстамсыздық, оғаштық сияқты теріс қасиеттерді байқауға болады. Ол көбінде ұжымда ерекше орынға ие болғысы келеді, достарын тез ауыстырады, әлсіздердің кемшіліктерін ашық түрде күлкіге айналдырады, кейігіш, өшпенді келеді. Көңіл күйі тұрақсыз, сезімдері тез әрі күрт өзгере береді. Холерик бөлімшелердегі даулар мен қысымның себепшісін болуы мүмкін. Жұмыстан шығарылса, тәртіпті бұзушылардың тобын басқарып, жағымсыз қылықтарды таратуға бейім келеді.

Меланхолик.Флегматикке ұқсас, бірақ оны баяулылығынан тануға болады. Ал оның астарында үлкен эмоциялылық, қозғыштық пен әсершілдік жасырынған. Тыныш, қауіпсіз тез әрі жауапты әрекеттерді талап етпейтін жағдайда жықсы қызмет етеді.

Меланхоликтің өзін өзі төмен бағалауы оның қабілеттерін, дағдыларын, іскерліктерін және мүміндіктерін жеткілікті дәрежеде көрсетуіне мүміндік бермейді, тіптен олардың дамуына кері әсерін тигізеді.

Тұрақсыз меланхолик темпераменттегі менеджер үлкен сезімталдыққа ие әрі психикалық процестердің қозғалмалылығына, аға басшылардың бұйрықтарын тез орындау қабілетіне, қоғамдық жұмыстағы белсенділікке, жақсы идеяны ұсыну мен диспуттарды жүргізу іскерліктеріне ие. Байсалды жағдайда кіші үзбелідегі басшының міндеттерін жақсы орындайды, әрекеттерге деген тұрақты дайындыққа ие. Сонымен бірге онда ашушаңдық, тұрақсыздық, импульсивтілік, ойластырылмаған әрекеттерге бейімділік, дөрекілік те байқалады. Үлкен басшылардың алдында қорқыныш сезінеді, жаңа тапсырысты аларда толқиды, оны үлкен қиындықпен орындайды. Қоластындағы адамдардың арасында көбінде беделсіз, басқа менеджерлермен қақтығысып қалады.

Әлсіз меланхолик темпераментіндегі менеджерлер талап, ынтам ерекшелінеді. Оған жауапкершіліктің жоғары деңгейі, принципшілдік, әділдік, қоластындағыларына деген орынды қатынас, сыншылқдық және өз өзіне деген сыншылдық тән. Кейде оны мейірімді жақсы дос, ұжымның сүйікті мүшесі деп атайды. Осындай қызметкердің іс әрекеті мен қарым қатынасындағы кемшіліктердің ішінде тез шаршауды, тез шешімге келе алмау мен сақтықты, тұйықтықты, бастамашылдықтың төмендігін, өзге ықпалына көнгіштікті, пессимизм мен қырсықтықты атап кетуге болады.

Инертті меланхолик типіндегі менеджерге үйреншікті міндеттерін орындауда ұқыптылық пен ынта, тұрақты көңіл күй, қарапайымдылық, өзіндік сыншылдық пен достықта тұрақтылық тән. Қоластындағылармен ережеге байланысты өзара қатынастарды ұстанады, сирек дауласады, дау дамайларға қатыспайды, қоластындағылардың өтініштері мен ұсыныстарын назарсыз қалдырмайды, мақтауды байсалды қабылдайды, өз іс әрекетін мұқият талдайды. Алайда оның кейбір кемшіліктері де байқалуы мүмкін. Іс әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауысқанда қиналады, күрделі жағдайда сенімсіздік танытады, оқуда енжар да реакциялары тежеліп отырады, қауіпті ситуацияларда шешімділік пен бастамашылдық таныта алмайды, ұжымның ойына селқос қарайды, өз бетінше жүруге, жалқаулыққа үйір.

Флегматик. Флегматикэмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөй-лейді. Қісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап щығады.

Оған шапшаң, әртекті қимылдарды талап етпейтін жұмыс лайық, жұмыс істеу ырғағы орташа. Қуатты жақтары – орнықтылық, ұстамдылық, қысымды ұзақ мерзімге сақтап қалу іскерлігі байқалады. Жұмысқа зейін қойып, мұқият даярланады, салыстырмалы түрде ұзақ кіріседі. Біртекті, бірсарынды жұмысты неғұрлым сәттті орындайды, табанды. Үйреншікті жағдайда флегматикті жайбасарлығына сөкпей, қолпаштап, көмектесе тездеткен жөн. Флегматиктің тарапынан қате кеткенде басшы одан қатаң талап ете алады.

Флегматик темпераментіндегі менеджерге қызмет пен жұмыста сенімділік, жеке басының сенімділігі, табандылық пен қайсарлық, ауыртпашылықтарға деген шыдамдылық, қоластындағылардың арасында бедел, оларға кез келген көмек көресту ниеті, бір немесе бірнеше қызметтестерімен достықта тұрақтылық тән. Қиын жағдайларда мүдірмейді, эмоциялы жүктемелерден қорықпайды, дау дамайларға қатыспайды, көзегенін аяғына дейін орындауғы тырысады.

Наши рекомендации