Темперамент сипаттамалары, тұлға түрлері
Темпераменттің түрлеріне тоқталып, әрқайсысыпсихологиялық сипаттама беретін болсақ:
Сангвиник темпераментініңөкілдері қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвиниктер негізінен көңілді тип.Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тезберіледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп - пісіп қалады. Ашуы тез басылады,кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі,ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынастаболады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.
Сангвиник типіндегі адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Ондай балаларәртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуіді оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.
Холерик темпераментініңөкілдері тез пайда болатын күш және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердіңсезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анықбайқалады. Холериктер куйіп-пісу, тез қозғалады, әруақытта даіс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез,жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі. Бұл типтегі балалар өте белсенді. Холерикалы типтегі қозу тежелуден басым келеді. Олар жігерлі, қызу қанды,кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледы. ¥жымда эмоциялық ұстамсыздық аңғартады және осыныңнегізінде ұжымда кейбір жайсыз ахуал қалыптасады.
Холериктердің жағымды жақтары - белсенділігі, іскерлігі, іс-әрекетке тез енетіндігі. Жағымсыз тұстары – ұстамсыздығы, дөрекілігі, ұшқалақтығы, ашуға тез берілгіштігі. Бұл типтегі балалар белсенді. Олар іске тез кіріседі және оны аяғына дейін жеткізеді. Олардың біреуге ренжіп қалуы да тез. Ашуланған адамына кекті ұзақ сақтайды, көпке дейін ұмытпайды.
Флегматик темпераментіөкілдері жай пайда болатын, қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматик типтегі балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады. Флегматиктердің психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетке баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бұл типтегі балалар сабақты жақсы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық аңғартады.
Адамдармен қарым-қатынаста флегматик әруақытта да орнықты, салмақты, адамдармен ретімен араласады, көңіл-күйі тұрақты. Олар әркез жанжалдан басын ала қашады. Кейбір қолайсыз жағдайларда флегматиктерде сабырлық, енжарлық, жалқаулық сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасуы мүмкін.
Меланхолик темпераментініңөкілдері жай, тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхоликтер тұрақты, ұзақ көңіл-күйге бейім тұрады, бірақ олардың сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Меланхоликалық типтегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Меланхолик іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бұл типтегі балалар жай іс-әрекетке енеді, оларды И.П..Павлов ынжық тип деп атайды. Бұл типтегі балалар тез шаршайды, эмоциялық көңіл-күйі жай пайда болады, бірақ тереңдігімен, ерекше күшімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Меланхоликтердің жаны тез жараланғыш, көңіліне ауыр алғандарын ешуақытта ұмытпайды, кекті ұзақ сақтайды.
Бұл типтегі балалар көбіне тұйық келеді, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес, жаңа адамдармен қарым-қатынас жасауы қиын. Олар қоғамдық жұмыстарға қатыспайды, ондай балалар өзімен-өзі болғанды жақсы көреді. Сондықтан белгілі қолайлы жағдайларда, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысында меланхоликтерге ерекше назар аударған жөн. Оларға мұғалімдердің тарапынан ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалса, олардың бойындағы құнды қасиеттерді дамытуға болады.