Жеке адамның бағыт-бағдары және оның түрлері мен психологиялық ерекшеліктері

Адамды танып білу үшін оның қоғам мүшесі ретінде қандай істерді тындыра алатындығымен танысу керек. Келешектегі мақсатына жету үшін ықыласты, ынталыболу, оған үмтылу жеке адамның бағыт-бағдарын 6ілдіреді. Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды?» деген мәсёлені ғана қою жеткіліксіз. Ѳйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі ѳзгеріп, дамып, күрделеніп отырады. Жалпы, адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады: 1) Ба ғыт деңгейі адамның әлеуметтік ѳмір талабына сәйкестенеді. 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі — оның бағытының ѳресіздігі, тарлығы. Бағыт- бағдар кеңдігі адамның әралуан қызығуы мен ынтасы'ка, оның эр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы — ұнамсыз қасиет. Осы орайда, «Екі кеменің басын үстаған суға кетеді» деген мақалдың тә- лімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғнн оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты пгеруі — саналы азамат болудың шарты. 4) Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқындығын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гѳрі ерікті тілекке ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. 5) Бағыт-бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін ѳкінеді. Бұл — бағыттың түрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқып, белгілі математик не филолог маман болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бѳленген әйгілі азамат, бақытты отбасы, қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт тұрақтылығы адамды игі мақсатқа жеткізеді. 6) Оқушының әрекетшілігі — оның бағыт-бағдарындағы шешуші қезең. Жас қыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады? Оған бұл мамандықтың несі ұнады? Таңдаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс-әрекетке байланысты. Кәсіптік-техникалық училищеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер, шаруашылық орындарында маман, кеңшарда малшы, сауыншы болып істеу — мұның бәрі іс-әрекет арқылы жүзеге асып, адамды арманына жеткізбек.

Жеке адамның бағыт-бағдар түрлерін қарастырғанда ѳзекті мәселе ретінде қамтылатын ерекшеліктер — адамның қажеттіліктері мен мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі. Сондай қажеттіліктердің бастылары — биологиялық (тамақты, ауа мен суды,жылылықты) қажетсіну тарихи дамуда қалыптасатын заттық (киім- кешек, тұрғын үй т. б.) қажеттіліктері; рухани (ақыл- ойын дамыту, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық-кѳркемдік пен әдептілік) қажеттердің бәрі де еңбек процесімен, әр алуан іс-әрекет түрлерімен ѳтеліп отыратыны мәлім.

Қажеттіліктерді қанағаттандыруда адамның кѳңіл-күйінің ерекшеліктері айқын байқалады. Мәселен, адам­ның құштарлығынан оның іс-әрекетінің әлсіздігі мен дәрменсіздігі байқалса, ал ықылас-ынта қоюдан белгілі іске қол жеткізу керектігін түсінгендігі аңғарылады. Қѳңіл-күйдің шарықтап ѳсуі адамның белгілі бір бей- неге еліктеп, сондай болсам екен деген ниет-тілектерін білдіреді. Бұл — адамның іс-әрекет бағытындағы мұрат деп аталатын қасиет. Сондай-ақ, адамның іс-әрекет бағдарында оның дүниетанымдық кѳзқарасы мен адамгер­шілік қасиеттерінің де қалыптасып отыратыны айқын нәрсе. Жеке адамның адамгершілік қасиеттері қоғам ѳмірінің талаптарымен ұштасып, оның бойында ар-ұят, ождан сияқты қасиеттердің дамып, қалыптасуына ық­пал етеді. Ождан — адамның ѳз басындағы ар-үяты мен намысын қастерлей білуі. Ар-ұяттың бір кѳрінісі—ұялу— ядамның ѳзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жағымсыз қылықтарына байланысты кѳңіл-күйін, білдіруі. Ар-ұятқа қатысты түсініктер — мадақтау, кѳтер- мелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойындағы адамгершілікке тән мұндай қасиет-ерекшеліктер оның әрқилы іс-әрекеттері мен ѳзге адамдармен қарым-қатынасынан айқын кѳрініп тұрады.

Жеке адамның қатынастары ең алдымен оның қоғам­дық ѳмірі мен ѳндірістік қатынасының негізінде дамиды. Осы бағытта адамдар арасындағы қатынастарды олар­дың психикасы мен санасының қасиеттері ретінде есептей отырып, мынадай топтарға бѳліп қарастырамыз. 1.Адамның ѳзге адамдарға қатыңасы; 2. ѳзіне деген қатынасы; 3. еңбекке қатынасы. 1-топка тән ерекшеліктер — мәселен, оқушының ѳз құрбыларымен ортақ тіл тауып, тез араласып кетуі не керісінше, яғни тұйықтығына байланысты қарым-қатынас жасайтын достарының некен-саяқ болуы. Мұндай қатынаста мінездің ашық-жарқындығы не тұйықтығы байқалып, ѳзгелерге салқын қарауы, ұялшақтығы мен тартыншақтығы сияқты сипаттары кѳзге түседі. 2-топтың ерекшеліктері — күмәнданып, кейде арсыздыққа салыну, мақтаншақтық пен даңкқұмарлық, ѳкпелегіштік пен ұялшақтық — адам бойындағы ұнамсыз мінездің белгілері. Соған орай мұндай кѳрініс психологияда эгоцентризм (ѳзін-ѳзі кѳтермелеу) деп аталады.

3-топқа тән ерекшеліктер ѳзгелермен қарым-қатынас жасағанда адамның бастамашыл болып, табандылық таныту, еңбексүйгіштік, қиыншылықты жеңуге даяр тү­ру сияқты қасиеттері арқылы сипатталады. Ал мұндай қасиеттерге керісінше ұнамсыз сипаттар — жалқаулық, жігерсіздік пен енжарлық. Адам бойындағы ұнамды қа­сиеттер тәлім-тәрбие ықпалымен қалыптасады.Сонымен, 1-топтағы ерекшелік — белсенділік пен мақсатқа ұмтылу: 2-топтағы сипат жігерсіздікпен және сезіп қана қою- мен шектеледі. Мұндай адамның әрекетсіздігі кейде оның ішкі жан дүниесінің қайшылықтарына, әсіресе ѳмірдегі ѳз орнын таба алмай ауытқу себебіне байланысты.

Жеке адам психикасындағы қатынастардың сыры адам мінезіндегі мақсатты ниет-тілектерді жете түсініп, қажеттіліктерге қол жеткізу үшін дұрыс бағдар беріп отыруды қажет етеді.

ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ-ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ

Наши рекомендации