Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі

ДӘРІСТЕР кешені.

Дәріс

Тақырыбы: Кәсіби психология пәні және негізгі мәселелері

Сұрақтары:

Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі

Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары

Кәсіби психологияның басқа пәндермен байланысы

Азіргі ғылым немесе ғылыми революция құрылымы

Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі

Кәсіби психология – адамның іс-әрекет түрлерінің психологиясын, еңбекті ғылыми негізге сүйене отырып, ұйымдастыру мәселелерін қарастырады. Еңбек психологиясында адам белсенділігінің мәдени және әлеуметтік негізі ғылыми пәндер кешенінде қарастырылады. Еңбек психологиясы еңбек субьектісі-адамның дербес қасиеттері мен жеке тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына қажетті кәсіптік іскерлігі мен дағдыларын дамытып, жетілдіруді теоретикалық-методологиялық, психофизиологиялық және психологиялық тұрғыда зерттейтін кешенді пән. Еңбек психологиясының басты міндеті – маңызды еңбекті болдыру мен адамға тиімді мотивацияны қалыптастыруға көмектесу мен зерттеу. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.

Кәсіби психологияның мақсаты - әртүрлі еңбектегі мамандық ерекшеліктерін, еңбек дағдыларының қалыптасуын, өндірістік – кәсіптік жағдайдың адамға тигізетін әсерін, құрал – аспаптардың құрылысы мен орналасуын, хабар жүйелерінің қажетті заттарын қарастыру. Еңбек психологиясының субьектісі – белгілі бір обьектіге бағытталған белсенділіктің қайнар күші – индивид немесе әлеуметік топ, обьектісі – нақтылы ұйымдасқан еңбек әрекеті, құралдары, еңбектің мақсаты мен міндеттері, жұмысты орындау ережелері.

Еңбек психологиясының қалыптасып даму деңгейлерін келесі мәселелерден анықтауға болады:

- психология ғылымының жас шағы (1879ж Лейпцигте В.Вундтың ең алғаш эксперименттік психологиялық лабораториясының ашылуымен есептелінеді);

- жалпы белгіленген білімдердің кең аумағының жетіспеушілігінен (П.Я.Гальпериннің «жестокого каркаса» білімі);

- қоғамның динамикалық дамуы және ғылыммен тығыз байланысы, әлеуметтік ұсыныстардың тарихи ерекшеліктері; материя қозғалысының жоғарғы формасы психиканың обьективті қиындығы ретінде.

Теориялық білім жүйесінің эволюциясы негізінде еңбек психологиясы қалыптасты. Зерттеуші ғалымдар еңбек адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі мен ең негізгісі жәнееңбек психологиясы еңбектің ғылыми кешені деп бағалаған.

Е.А.Климовтың пікірі бойынша еңбектің психологиялық білім жүйесі ретінде қалыптасып дамуы, еңбек субьектісіне еңбекқорлық және іс-әрекеттік қасиеттерге итермелейтін күшінде, еңбек психологиясы өз қалыптасуындағы обьективті қиындықтарды жеңіп, ғылыми пән ретінде құрылуы керек және ол қосымша ғылым ретінде қаралмауы керек деген. Сондықтан Е.А.Климов «практикалық міндеттердің қызметтері мен ғылыми әдістердін жолдарын шешетін, еңбек шарттарын зерттейтін адамды еңбектің субьектісі әрі қалыптастырушысы» ретінде еңбек психологиясының ғылыми пәніне «ядро» ұсынды. Пәннің обьектісі - адам еңбектің субьектісі. «Субьект» түсінігінде адам сырттан берілген қатынастардың «орындаушысы» ғана емес, материалдық өмірдің, әлеуметтік орта мен қарсыласатын заттар обьектісін, қатынастарды белсенді ұйымдастырушысы ұғымы кіреді.

Е.М. Иванов еңбекті «іс-әрекет» түсінігі ретінде қарастырады. Адамның негізгі іс-әрекет түрі әлеуметтік жоспарланған, ойланып істелінген, мақсатқа бағытталған еңбегі деген пікірді ұсынған. Н.С.Пряжников бойынша: «еңбек психологиясының пәні- еңбек субьектісі, яғни өндірістік іс-әрекет шарттарына дағдылы рефлекстік түрде қолынан келетін қабілетті жұмысшы».

Еңбек феноменінің обьектісі мен пәнінің негізі ретінде XIXғ. ортасы мен - XX ғасырдағы еңбектің философиялық, экономикалық, мәдени және психологиялық анықтамасын қарастырамыз. Еңбек тұтастай алғанда психологиялық емес, әлеуметтік категория. Өзінің жалпы заңдылықтары бойынша психологиялық емес, жалпы ғылыми пән. Сондықтан еңбек әрекеті тек қана психологияның пәні бола алмайды, еңбек әрекетін тек психологиялық құрылым жағынан ғана ала алмаймыз. К.Маркс еңбекті классикалық сипаттама жағынан оның маңызды психологиялық ерекшеліктерін: «Еңбек табиғат пен адам арасындағы процесс, зат алмасуды бақылайтын, қорландыруды реттейтін, өз іс-әрекетін басқаратын процесс» деп бөліп көрсетеді. Еңбектің соңында нәтижесі болады. Адам тек табиғат берген нәрсенің формасын ғана өзгертіп қоймай, еңбек әрекетіпің сипаты мен тәсілдерін анықтайтын заң іспеттес және өз еркін соған бағындыратын саналы мақсатын іске асырады.

Еңбек психологиясының обьектісіне еңбек іс-әрекетінің субьектісі - адамның әлеуметтік белсенділігінің сапасы мен еңбектің тарихи жалпыланған формасы кіреді. Еңбек психологиясының пәні адамның еңбек іс -әрекетінде туатын психологиялық фактілер (процесстер, жағдайлар, қасиеттер) мен заңдылықтарды да қарастырады. Адам өмірінің көп уақытында еңбек іс-әрекеті доминантты бөлігін алады. Еңбектің адамның тұлғалық дамуы мен қалыптасуы, білім алуы мен негізгі еңбекке дайындығы, бейімделу кезеңдері, кәсіптік жетілуі мен кәсіптік карьерасының аяқталуы сияқты мәселелер де еңбек психологиясында қарастырылады. Заманауи шарттарда еңбек субьектісі жеке жұмыс күшін тасушы жұмысшы индивид, субьект және дербес тұлға ретінде адамның дамып қалыптасуы қарастырылады.

Психологиядағы «іс-әрекет» пен «еңбек» категориялары. Іс-әрекетті базалық категория ретінде анықтап, кеңес психологиясы адам еңбегін негізгі іс-әрекет түрлерінің ойын мен оқытуды іс- әрекет амалдары, еңбек, ойын, оқу, оқыту- іс-әрекет субьектісі деп қарастырады. Іс-әрекет әрқашан қоғамдық қатынастар жүйесінде енгізілген. Оның мәні материалдық құралдар мен жандық қатынастар формасымен анықталады.

Еңбек әрекеті – қоғамдық дамудың алға шарты және нәтижесі. Еңбек әрекеті адамдар арсындағы қоғамдық қатынастар мен жағдайының күрт өзгеруіне, адам тегінің өсіп жетілуіне қолайлы ықпал етеді. Ортаның күрт өзгеруі адамның тіршілік етуін қиындатып, қажеттіліктерін қанағаттандыруы шиеленісе түсті. Адам қиындықты жеңбесе, тегінің құрып кету қаупі туды. Сондықтан олар қауымдасып, топтасып тіршілік етуге біріне – бірі бірлесіп көмектесуге мәжбүр болды. Адамдардың топтасқан мүшелерінің қарым-қатынасы біртіндеп өндірістік қатынасқа ауысты. Адамның нағыз адамға айналуындағы негізгі шарттарының бірі – еңбек. Еңбек әрекетінің арқасында адамның санасы дамыды.

Іс-әрекет сілтемелері бірден антропогенездің, онтогенездің, субьектогенездің шарттары бірі болып қатысады. Ол жеке адамның онтогенез процессі кезіндегі адамдардың психикасының қалыптасуы мен көрінуімен анықталады. А.Н.Леонтьевтің жалпы анықталған іс-әрекет концепциясы «іс-әрекет теориясы», ал кейіннен «іс-әрекет амалдары » болып табылады. Еңбек психологиясында іс-әрекет амалдары көп жағдайда көп сұрақтардың өңделіуінің методологиялық негізі болып қатысады. А.Н.Леонтьев бойынша іс-әрекет жүйе ретінде қаралады (реакциялар жиынтығы емес), қоғамдық қатынастарды қосатын, процесс ретінде ондағы субьект-обьект қосындыларының алмасуы болады. Адамның өміріндегі қоғамдық шарттары оның іс-әрекетіндегі мотивтер мен мақсаттары, оның құралдары мен амалдары: жалпылай индивидтің іс-әрекетінде көрініс табады. Психологияда іс-әрекет өзінің ерекше қызметімен – «субьектінің заттық іс-әрекеті және оның субьектілік формасы айналуына қызметі» ретінде қаралады.

Іс-әрекет түсінігі «іс-әрекет пәні оның әрекет етуші мотивтері» деген мотив түсінігімен байланысты. Іс-әрекет дамуы әдетте іс-әрекет нақтылығымен анықталады, саналы түрде мақсатқа итермелеуші күш-мотив арқылы орындалады. Жалпы, психологиялық талдау жеке іс-әрекет критерилерін қозғаушы күштері бойынша белгілейді. Кейіннен саналы мақсатқа бағынатын әрекет – процесстер белгіленеді. Соңында, тікелей мақсатқа жету шарттарына байланысты операциялар. А.Н.Леонтьевтің ойынша іс-әрекеттің ішкі қатынасын, оның білімділігін, дамуын сипаттаушы берілген макроқұрылым анықталады.

С.Л.Рубинштейн концепциясы қиын байланыс схемаларның компоненттерінен тұрады: «қозғалыс- әрекет-операция-амал», субьектінің мақсаттары, мотивтері мен іс-әрекет шарттарынан құралады. Адамның арнайы әрекеті еңбек іс-әрекетінің актісі ретінде еңбекте қалыптасты. Белгілі бір қоғамдық функцияларды атқаратын әрекеттер жиынтығы белгілі бір еңбек іс-әрекетінің түрін құрайды. Еңбек іс-әрекеті нақты өнімді шығаруға бағытталған іс-әрекет болғандықтан, адамның әрекеті ылғи нақты нәтижеге бағытталған. Бірақ сол немесе басқа да әрекет көптеген әр түрлі нәтижелер бере алады, олардың бірқатары ырықсыз және әдейі шығарылмаған, бірақ адам іс-әрекеті еңбектік одан саналы іс-әрекет болғандыктан, осы нәтижелердің біреуі әсер ететін субьектінің тікелей саналы түрде ұғынылған мақсатты іс-әрекет саналы болып табылады. Адам әрекетінің саналы, мақсатқа бағытталған сипаты оның спецификалық бейнесі болып табылады. Бірақ мақсат қанша маңызды болса да, оның бір өзі әрекетті анықтауға жеткіліксіз. Мақсат орындалу үшін оны іске асыратын шарттарды есте сақтау қажет. Мақсаттардың шарттарымен арақатынасы міндетті анықтап, ал ол әрекетпен шешілуі тиіс. Мақсатқа бағытталған адамдық әрекет мәні бойынша міндеттерді шешу болып табылады.

Осы шарттарға қатынас мақсат қатынасына сай келіп, әрекеттің ішкі психологиялық мазмұнын құрайды. Ішкі психологиялық процесстер адамда сыртқы әрекетті көрсететіндіктен, тек ішкі емес, сыртқы әрекет туралы да айтуға негіз бар. Еңбектің психологиялық белгілерін Е.А.Климов төменде көрсетеді:

- әлеуметтік маңызды нәтижеге саналы таңқалу. Себебі іс-әрекетті еңбектік деп айтуға болатындай, таңқалушы қайраткерге нәтиже ойша үлкен топ адамдарына маңызды позитивті, яғни әлеуметтік маңызды болу керек;

- әлеуметтік бекітілген мақсатқа саналы міндеттермен жету.Іс-әрекет субьектке міндетті ғана емес, сонымен қатар орынды болған жағдайда ғана ол еңбекке айналады;

- іс-әрекет құралын саналы таңдау, қолдану, жетілдіру немесе құралдарды құрастыру.Бұлар білім шарттарының шектелуі мен мүмкіндіктер кезінде қоғамда енгізілген ережелерге сәйкес қолдану;

- өндірістіке байланысты тұлғааралық қатынастарды сезіну.Адам еңбек субьектісі ретінде қоғамдық өндірістік анықталған өнімдер мен әлеуметтік жағдайлар стадиясында қатысады. Сәйкесінше, оның маңызды еңбек белсенділігі болып әртүрлі этаптағы өндірістік тауарлар немесе жағдайлар оның әлеуметтік қатынастары ретінде көрінеді.

Сол себепті еңбек әрқашан іс-әрекет болып табылады, бірақ барлық іс-әрекет еңбек болып табылмайды. Еңбек ешқашан іс-әрекеттің кәсіптік сапасы болып көрінбейді (мысалға, қоғамға пайдалы еңбек, балаға, ауруға қарау еңбегі ), ал кәсіптік іс-әрекет әрқашан еңбек болып табылмайды (нолдік нәтижелі әлеуметтік іс-әрекет).

Еңбек психологиясының басқа пәндермен байланысы. Е.А.Климов еңбек психологиясының аралас пәндермен байланысын сипаттай келе, психологиямен тығыз байланысты үш ғылыми категорияны көрсетеді:

1) еңбек экономикасы, әлеуметтік еңбек, еңбек физиологиясы, еңбек гигиенасы, медицина саласына байланысты кәсіби аурулар мен еңбек қабілеттілігінің экспертизасын зерттеу, кәсіби педагогика;

2) техникалық пәндер, теория пәндері болып табылатын, машиналар мен приборларды санау мен құрастыру, бір сөзбен- еңбек процесссін жабдықтыратын құралдар.

3) еңбек іс-әрекетінің обьектісі болып табылатын аймағы - биологиялық, техникалық, белгілік, әлеуметтік жүйелер, өнер.

Е.А.Климов ғылыми түсінік жүйесіне «психологиялық емес шындық» көрініс табатын бірнеше мысалдар келтіреді.

Философиялық және саяси экономия: еңбек субьектісі, еңбек обьектісі, еңбек құралдары, еңбек процессі, қажетті еңбек және т.б,

Әлеуметтік еңбек: еңбек адамды және қоғамды қалыптастырушы процесс ретінде, қоғамдық еңбек функциялары, кәсіп таңдаудағы әлеуметтік факторлар, еңбек техникалық прогресс шарттарында, еңбекке қатынас.

Еңбек экономикасы: еңбек ресурстары, өздірістік, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті қалыптандыру, еңбек ақысы, еңбекті жоспарлау.

Еңбек заңдылықтары: еңбек келісімі, жұмыс уақытының жалғасуы, отпуск, міндеттер, ережелер, әр категориядағы жұмысшылардың льготасы, жұмысшылар мен қызметшілердің міндеттері, кәмелетке толмағандардың құқықтары, еңбек дауларының процедуралары.

Физиология, еңбек гигиенасы, өндірістік санитария: еңбек демалысы мен режимі, жұмысқа қабілеттілік, жұмысқа қабілеттілік динамикасы, еңбекке күш салу, шаршау.

Кәсіби педагогика мен еңбекті оқыту педагогикасы: еңбекке тәрбиелеу, еңбектік оқыту, өндірістік оқыту, қатысушылардың еңбекке дайындығы.

Адам іс-әрекеттің белсенді субьектісі ретінде, нақты өзін еңбек субькетісі ретінде әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық, анатомиялық ерекшеліктерімен тек еңбек психологиясында көрсетіледі.

Адамды іс-әрекет субькетісі ретінде қарайтын психологиядағы ғылым жүйесінің орны. Б.М.Кедров пен Ж.Пиаже өздерінің классификацияларында (гуманитарлық, нақты, табиғи) «үшбұрыш ғылымдар» шеңберінде психологияны араластырады. Б.Г.Ананьев, М.Бунге, Б.Ф.Ломов, Ж.Пиаже өздерінің жүйелеулерінде психология қызметі мен статусын жүйелік ғылымда жағдайды анализдейді. Мысалға, Б.Ф.Ломов бойынша психологияның дифференцациясы басқа ғылымдармен байланысын анықтайды:

1) қоғамдық (әлеуметтік психология арқылы және онымен байланысты салалармен); 2) табиғи (салыстырмалы психология мен психофизиология, психофизика арқылы); 3) медициналық (патопсихология, медициналық психология, нейропсихология және психофармокология арқылы);

4) педагогикалық (даму психологиясы, педагогикалық психология, арнаулы психология арқылы);

5)техникалық (инженерлік психология арқылы). Жалпы психология, философия мен математикамен тығыз байланысты.

Кәсіби психологияның психологияның басқа салаларымен байланысын, көп жағдайда әлеуметтік тәжірибедегі себепті сұраныстарды хронологиялық схема түрінде, оның қалыптасу процессі кезіндегі мазмұнын көрсететін пәндерді келтіруге болады.

Ғылыми пән Пайдаланушы психологиясы

интеграциясының Әсер ету психологиясы

кеңістігіАкмеология. Мамандық психологиясы

Наши рекомендации