Каминский бойынша психодиагностикалық үрдістің схемасы
1.Мәселені анықтау.
2.Талдау жасалынатын берілулерді жинау.
3.Эксперименталды зерттеу, бақылау, әңгімелесу, тест.
4.Диагностикалық тұжырым жасау.
5.Қорытынды шығару.
6.Кеңес беру.
3. Психологиялық диагностиканың сандық әдістері.....Психологиялық диагностиканың сандық әдістері 19 ғасырдың екінші жартысынанбастап оған арқау болған В. Вундтың әлемдегі ең алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ашуы.
Психологиялық процестерге, адамның қасиеті және көңіл – күйіне байланысты психологиялық диагностикадағы жаңа әдістердің шыға бастау кезеңі 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басына жатады.
Одан кейінгі уақыттарда сандық психологиялық диагностикадағы психологиялық құбылыстар үшін арнайы тәсілдер шыға бастады, мысалы, факторлық анализ. Ол алғаш пихологиялық диагностикадағы жеке пішін және интеллектуалдық даму деңгейі үшін қолданылады.
Бірінші арнайы психометриялық орынды Англияда ағылшын психологы Гальтон ашты. Ол 1884 жылы антропометриялық лабораторияның негізін салды, ондағы мақсат адамның қабілеттері туралы статистикалық мәлімет алу. Бұл лабораторияға келушілер өздерінің қабілеттерін өлшеуге мүмкіндік ала алды және бұл психометрикалық эксперименттен шамамен 10000 адам өтті.
Гальтон психологияда статистиканы қолданудың негізін салды. Атап айтқанда, Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды.Ол өзімен бірлестікте жұмыс істеуге ғалым – математиктерді шақыра бастады. Мысалы: Пирсон, Фишер және т.б. Фишер дисперсионный анализді ойлап тапты, ал ағылшын ғалымы Спирмен факторлық анализді шығарды.
4. Тесттік тапсырмалар:
1 Психодиагностиканың ғылым ретінде дамуы сәйкес келді:C.ХІХ ғ.Іжартысы
2 Қатаң ережесіз әдіс:A.Бақылау
3 Психодиагностикалық сандық әдістер пайда болды:B. ХХ ғасырдың 50-60жылдары
4 Стандартталған, зерттеу уақыты қысқа, сандық, жекелей психикалық ерекшеліктерді анықтауға арналған әдіс-B.Тест
5 Мазмұнына қарай тесттер:D.Жеке бас
6 Оны кейде «қағаз –қарындаш» тесті деп атайды:A.Бланкілі
7 Психофизиолгиялық әдістеме формасы бойынша:B.Аппараттық
8 Психикалық өлшеудің дәлдігін көрсететін критерии:B.Сенімділігі
9 Интеллекті зерттеуге арналған тест. Артығын тап:Айзенк тесті
10 Ресейде ең алғашқы эксперименттік зертхана ашылған жер:A.Харьков Университеті
11– нұсқа
1 Анықтама беріңіз:
Диагностика дегеніміз – …Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау.
“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды.
2. Кестені толықтырыңыз:
Психодиагностиканың тесттік әдісінің нормалары | |
Абсолюттік тесттік нормалар – тест бойынша алынған шикі бал өлшеу көрсеткіші ретінде қолданады. Мұндай нормалар ипсативті өлшеуге сәйкес келеді. | Критериалды тесттік нормалар - тест бойынша алынған шикі бал қандай да әрекеттің сәттілігін қамтамасыз ететін критерийлермен (көрсеткіштермен) байланыстырылады. Әрекеттің сәттілігін қамтамасыз етеін критерийлерді эксперттер анықтайды. Осындай тесттік нормалар көбінесе адамның қандай да бір әрекетте компетенттілігін анықтау қолданылады. |
3.Л.С.Выготскийдің психодиагностикада «жан мәселесі» жайындағы тұжырымдамасын сипаттаңыз......\Л.С.Выготскийдің (1896-1934) жан мәселелерін баяндайтын мәдени-тарихи теориясы беріліп отыр. Бұл ілімнің түрлі аспектілері 1982-1984 жылдары Мәскеудің “Педагогика” баспасынан шыққан автордың 6 томдығында жарияланған. Мұнда көтерілген негізгі мәселелер: 1.Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы; 2. Жасөспірім педологиясы; 3. Жалпы психологияның проблемалары. Жоғары психикалық функциялардың даму тарихында – оның проблемалары, талдауы, құрылымы, генезисі, сонымен бірге тілдің қалыптасуы (ауызекі тіл және жазбаша тіл), көптілділік мәселелері қарастырылған.
Тәуелсіз еліміздегі тіл мәселесі, оның ішінде қазақ тілінің даму проблемалары күні бүгінге дейін шешімін таппай отырғаны белгілі. Осы орайда, психология ғылымында қарастырылған тіл мәселелері, көптілділіктің, соның ішінде қостілділіктің балалық шақта қалыптасуы бүгінгі күннің аса өзекті проблемаларының бірі болғандықтан, оқырман қауымға пайдалы болады деп сенеміз. Сонымен қатар Л.С.Выготскийдің “Сөйлеу мен ойлау” проблемаларының түп-тамыры, оның дамуын, қалыптасуын, ара қатынастарын қалыптастыратын еңбектерінің қазақ тіліне аударылуының да өзіндік маңызы бар.
4. Тесттік тапсырмалар:1 Психодиагностиканың ғылым ретінде дамуы сәйкес келді:C.ХІХ ғ.Іжартысы
2 Қатаң ережесіз әдіс:A.Бақылау
3 Психодиагностикалық сандық әдістер пайда болды:B. ХХ ғасырдың 50-60жылдары
4 Стандартталған, зерттеу уақыты қысқа, сандық, жекелей психикалық ерекшеліктерді анықтауға арналған әдіс-B.Тест
5 Мазмұнына қарай тесттер:D.Жеке бас
6 Оны кейде «қағаз –қарындаш» тесті деп атайды:A.Бланкілі
7 Психофизиолгиялық әдістеме формасы бойынша:B.Аппараттық
8 Психикалық өлшеудің дәлдігін көрсететін критерии:B.Сенімділігі
9 Интеллекті зерттеуге арналған тест. Артығын тап:Айзенк тесті
10 Ресейде ең алғашқы эксперименттік зертхана ашылған жер:A.Харьков Университеті
12– нұсқа
1 Анықтама беріңіз:
Стандартизация дегеніміз – …«Стандартизация» анықтамасы
Стандартизация деген тесттің қатаң түрде бекітілген бөліктерін (нусқау, тапсырмалар жиынтығы, тест нәтижелерін есептеу мен интерпретацияла) жасап шығаруды қамтамасыз ететін эксперименталды, әдістемелік, статистикалық шаралардың жиынтығы. Психодиагностикада стандартизацияның 2 түрі бар:
2 стандартизация – нусқауды беру, тестті жүргізу процедурасын және жауап беру бланкілерін, нәтижелерді тіркеу әдістерін бір қалыпқа келтіру
3 стандартизация – алғашқы «шикі» балдарды көрсеткіштің эмпирикалық мәніне емес, оның стандартизация таңдау тобындағы нәтижелер үлестіріміндегі алатын орнына негізделеген стандартты (статистикалық) шкалаға ауыстыру. Стандартты шкала қалыпты үлестірім үлгісіне негізделеді және 2 параметр арқылы сипатталады: орта арифметикалық мән және стандартты ауытқу. Стандартизация адамның индивидуалды көрсеткішін таңдау тобындағы адамдардың көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіншілік береді. Яғни, стандартизация арқылы тесттік нормалар жасалады.
Стандартизация процедурасы:
17 Жасалатын, немесе бейімделетін әдістеме арналған генералды жиынтық анықталады.
18 Генералды жиынтықтан репрезентативті таңдау тобы алынады.
19 Тест құрастырылып, репрезентативті таңдау тобына жүргізіледі
20 Алғашқы «шикі» балдар эмпирикалық үлестірім түрінде келтіріледі
21 Эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірмге сәйкестігі жағынан талданады
22Егер эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірімге сәйкес келсе, онда сызықтық стандартизация процедурасы жүргізіледі, ал егер эмпирикалық үлестірім қалыпты үлестірімнен басқаша болса, онда сызықтық емес стандартизация жүргізіледі. Ол үшін процентильдік нормализация жасалады.
Сызықтық стандартизация -алғашқы «шикі» балдарды Z – бағалаулар деп аталатын стандартты шкалаға формула бойынша ауыстыру. Z=(Хj-X)/SD
Хj – «шикі» балл
X – эмпирикалық үлестірім бойынша орта мән
SD – стандартты ауытқу
Психодиагностикада қолданатын стандартты шкалалар: Z – бағалаулар,
Т-шкала, «Стен» шкаласы, IQ шкаласы.
Сызықтық емес стандартизация.Егер эмпирикалық үлестірім қалыпты болмай шықса жүргізіледі. Ол үшін процентильдік нормализация жасалады: қалыпты үлестірімдегі топтардың процентильдік шекараларына сәйкес келетіндей эмпирикалық үлестірімдегі топтардың процентильдік шекараларын табу арқылы «шикі» балдарды стандартты шкалаға ауыстыру. Процентильдік нормализация қалыпты емес үлестірімді жасанда түрде қалыпты түрге әкеледі.