Ерік және тұлғаның ерік сапаларының психологиялық негіздері 4 страница

Келтірілген мысалдардан көруімізше, позитивті, кейде негативті агрессиялы мінез құлық адамда батылдық, шешімділік, табандылық сияқты ерік сапаларының көрінуін талап етеді. Негативті агрессиялы мінез құлық кейде ерік күшінің жоқтығының да белгісі ретінде ұстамдылықтың, өзін өзі басқара алудың жоқтығын көрсетеді.

Батылдық – бұл әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге келтіру қасиеті. Сырттай қарағанда, батылдық ешбір толғаныссыз өтететіндей, батыл адамның мақсат таңдауы жеңіл де оңай болатынсиқты. Әдетте, олай емес. Батыл адамдар өз іс әрекеттерінің мақсатын терең де жан-жақты, жоспарлайды. Ал іске кірісу кезеңі келгенде баяғы толғаныстың бәрін ығыстырып тастап, жедел шешім қабылдауға қабілетті.

Батылдыққа қарама-қарсы қорқақтық. Қорқақтық – батылдыққа қарама-қарсы жаман қасиет. Мұндай адамға тән ерекшелік – ой мен сезім, ерік бірлігінің жоқтығы. Мұндайлар өзінің жан дүниесін басты арнаға бағыттай алмай, уақытының көбін босқа өткізеді. әйтеуір кездейсоқ бір мақсатты таңдай салады да, тіпті оны да орындап жарытпайды. Ол ойланып көрмей, асығыс шешім қабылдай салады. Батылы жоқ адам әр түрлі мақсатқа жетер жолда кездесетін жағымсыз көңіл күйінен тез құтылғысы келіп тұрады.

Қорқақтың жай-күйі оның бет-әлпетінен, қимыл қозғалыстарынан жақсы көрінеді. Қатты қорыққан адамның аузы ашылып, қасы көтеріледі, бірден не істерін білмей, кейде талып қалады. Жүрегі қатты соғады, суық тер шыпшып шығады, шашы үрпиіп көтеріледі, дем алысы нашарлайды, аузы кеуіп, сілекейі шықпай қалады, белсенді әрекет етуден қалады /30, б.99/.

Шешімділік. К.Н.Корнилов (1957) және Ф.Н.Гоноболин (1973) пікірінше, шешімділік түрткілер күресінде еш тәуелсіз және күмәнсіз, керек кезінде, тез шешім қабылдау, оларды батыл түрде іске асыру. Н.Д.Левитов және В.В.Богословскийдің пікірінше, шешімділік тез шешім қабылдау, Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий, Г.Д.Луков, А.Ц.Пуни бойынша - өз уақытылы және ойланған шешім қабылдау, П.А.Рудин шешімділікті берілген жағдайдағы бәрінен дұрыс шешіммен байланыстырады.

К.К.Платонов және Г.Г.Голубевтің ойынша, шешімділік жағдайды тез бағалап және белгілі шешім қабылдау, қабылданған шешімге теңселмей, әрекет жасауға кірісу.

Е.П.Ильин пікірінше, адам үшін маңызды жағдайда шешімділік – шешім қабылдауға аз уақыт жұмсау. Тез шешім қабылдау кейбір жағдайларда тұлғаның тұрақты мінездемесі ретінде қабылданып, (И.П.Пятяйкина 1975) еріктің бұл сапасы нейротизммен және нерв жүйесінің типологиялық ерекшелігімен немесе нышанмен байланысты.

Күрделі адамгершілікті ерік сапалары. Дербестік және басиамашылдық. К.Н.Корниловтың пікірінше, дербестік адамда шешім қабылдаудағы қорқудың жоқтығы, қабылданған шешімді қайткенде де орындау қабілеті, егер көзқарастары әр түрлі болса, бөтендердің ықпалына беріліп кетпеу. Дербестік – бір жағынан өзіндік шешім қабылдау, бастамашылық көрсету және т.б. ал, екінші жағынан - өз сеніміңе деген беріктік, яғни, принципиалдылық көрсету.

Дербестік – қандай жа бір әс әрекетті басқа біреудің көмегінсіз іске асыру /215 б.162/.

Дербестік өз бетінше шешім қабылдауда, қабылдаған шешімді іске асыруда, өзіндік бақылауда, өз ісі мен әрекеті үшін жауап беруде көрінеді. Дербестік жеке адамның ерік ерекшеліктері ретінде мектепке дейінгі балаларда да көрінеді. Олар оны өз мақсаттарына жетуде қолданады.

Жеткіншектерде дербестік әрекеттер өздерінің жеке дара тұлға екенін дәлелдеу үшін жасалады.

Жоғары сынып оқушыларында дербестікті көрсету түрткісі болып өзін сынау, өз мүмкіндігін бағалау жатады.

Дербестіктің көрінуінің жеке түрі – бастамашылдық.

Бастамашылдық латын тілінен аударғанда (initiare) – бастау деген мағынаны білдіреді.

Бастамашылдық жеке адам немесе топтардың әрекеттерінде, жаңа бір қозғалыстың басы, іс әрекеттің формасының өзгеруінің немесе өмір салтының өзгеруінің басы болып көрінеді. Адам қасиетіне айналған бастамашылыққа талпыныс оның іс әрекетін анықтаушы және сол бастамашылыққа бағыттаушы болады. Адамгершілік жағынан алғанда ол оның әлеуметтік батылдығын, өзіне жауапкершілік алудан қорықпайтынын көрсетеді.

Бастамашылдық, негізінде мотивациялық сапа, бірақ адамның ерік сапасы ретінде де қарастырылады.

Бастамашылдық адамда қуатты, белсенді, ізденуші, өз жұмысына шығармашылықпен қасиеттерді бойына жияды.

Тәртіптілік және ұйымдасқандық. Тәртіптілік. Тәртіпті мінез-құлық енгізілген тәртіпті сақтау, жинақылық және ұстамдылық. Тәртіптілік адамгершілік мағынаға ие және адамның жалпы қабылданған мінез-құлық нормаларына қатысы.

Адамдардың тәртіпті жүріс тұрысы адамдар мен әлеуметтік ұжымдардың бірлесіп жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Тәртіптілікті үшке бөледі:

а) ішкі тәртіптілік немесе өзіндік тәртіптілік;

б) пайда келтіруге бағытталған тәртіп;

в) күштеп тәртіпке келтіру.

Ішкі тәртіптілік адаммен нормалардың терең қабылдануы, оның бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Бұндай тәртіптілік, солай істеймін және істеу керек деген сенімге негізделген. Адам жүріс тұрыс нормаларын қатаң орындауға қажетсініп тұрады. Егер нормаларды бұзса, ол кінә сезімін, ұятты сезініп, өзін сыйлауды жоғалтады.

Пайда келтіруге бағытталған тәртіп және күштеп тәртіпке келтіру сыртқы санкцияларға тіреледі – оң және теріс. Адам сыйлық алу үшін немесе жазалаудан қашу үшін тәртіпті бұзбайды. Бұл тәртіп – тіл алдыру.

Тәртіпті жүріс-тұрыс жеке тұлғада тәртіптіліктің қалыптасуына әкеледі. Өз жүріс-тұрысын қойылған міндеттерге байланысты талпындыру мен басқару. Тәртіптіліктің психологиялық негізі өз тілектерін басып, жүріс-тұрысыңды басқару. өзінің дамуының ең жоғарғы формасында тәртіптілік әдетке айналады.

Ұйымдасқандық. Көптеген авторлар ұйымдасқандықты ерік сапасының жеке бір түрі ретінде қарастырады (Ф.Н.Гоноболин, Н.Д.Левитов, В.К.Калин).

Н.Д.Левитовтың пікірінше, ұйымдасқан адам өз іс әрекетін белгілі принциптерге бағындырып, өз тілегін тәртіпке шақырады. Ондай адам, оның көзқарасы бойынша ұстамды және өзін бақылауы керек, оны істен алаңдататын, нәрселерге көңілін аудармауы керек. Ұйымдасқандық тәртіптілікпен байланысты, өз іс әрекетін жоспарлау, мақсатқа жетуде қандай құралдар керектігін ойластыру.

В.К.Калин пікірінше, ұйымдасқандық жеке тұлғаның өз іс әрекетін максималды эффективтілікке жету үшін тәртіптілікке келтіре алуы. Осы тәртіптілікке жетуде басқа да ерік сапаларын көрсетеді.

Талпынушылық және қуаттылық. Талпынушылық – қандай да бір істі, тапсырманы жақсы және сапалы орындауға талпыныс. Бір жағынан талпынушылықта мотивациялық және адамгершілік кезең бар: адамның жұмысты орындау тілегі, өзін көрсету тілегі, тапсырылған іске адал қарау және тағы басқа. Ал, екінші жағынан талпынушылықта ерік кезеңі де бар: адам жұмысқа алғырланады, ерік күшін жұмсайды, кездескен кедергілерді жеңеді.

Қуаттылық. В.К.Калин ерік сапасының тағы бір жұмылдыру түрі – қуаттылықты көрсетеді және оны ерік күшінің белсенділігін керекті дәрежеге дейін тез көтеріп, ең жоғарыға дейін көтеру ұстау дейді.

Батылдық пен ерлік. Н.Д.Левитовтың пікірінше, ерлік беріктіктің көрінуінің бір түрі, жеке тұлғаның қымбатты қызығушылықтарын іске бағындыру арқылы анықталады.

П.А.Рудикте ерлікті беріктіліктің бір түрі ретінде қарастырады, бірақ оны кедергілерге және қауіпке деген қорқыныштың жоқтығы деп анықтайды.

Орыс психологы Г.Е.Шумковтың (1911) пікірінше, батыр ерліктің кез келген түрін көрсеткен адам, көрсеткен ерлік ұрпаққа үлгі-өнегі болуы керек.

Кешегі Ұлы Отан соғысының даңқты батырлары – Б.Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Т.Тохтаров саналы түрде өлімге бас тігіп, біздің жеңіске жетуімізге жол салған нағыз батыл, қаһарман жандар[30, б.98]

Е.П.Ильин пікірінше, ерлік жалпыланған түсінік, өзінің аумағы бойынша жай әрекеттерден нәтижесі жоғары және көрсеткен ерлік ұрпаққа, басқаларға үлгі-өнеге болатын адамгершілікті ерікті мінез-құлық.

Аянбаушылық. Аянбаушылық – адамгершілік сапа ретінде анықталады. Өзін құрбан ету акті ретінде көрінеді - өз еркімен, өз қызығушылықтарын басқа адам қызығушылықтары үшін құрбан ету.

Принципиалдылық. К.К.Платонов пікірінше, принципиалдылық адамның идеялылығының бейнеленуі. Принципиалды адам қандай да бір принциптерді қатаң және саналы түрде сақтайды, яғни оның іс әрекетінің, жүріс тұрысының нормасын анықтайтын көзқарастар, сенімдер мен идеялар және бұл принциптерді, идеяларды өмірде іске асыру. Бұндай көзқарастар мен сенімдердің базасы болып адамның өзінің дұрыстығына деген сенімділігі, енгізілген тәртіптің адалдығы және адамда әлеуметтік бағдардың, адамгершілік принциптің қатаң қалыптасуы.

Қорытынды. Қарастырылған барлық ерік сапалары ерікті жүріс тұрыстың жалпыланған мінездемесі. Олардың көрінуін ерік сапалары, ерік немесе адамгершілік сапалары екенін бөліп көрсету қиын. Әр түрлі ерік сапаларының көрінуін жалпылап «ерік күшінің» көрінуі деп қарастыру дұрыс емес.

Ерік сапаларын зерттеудің әр түрі іс әрекеттерде үлкен мағынасы бар. Берілген іс әрекеттегі еріктік реттелудің табыстылығы үшін осы іс әрекет ерекшелігіне сәйкес, белгілі ерік сапаларының көрінуін талап ететін болжам құру керек.

«Ерік күші» мәселесінің шешілуі көп жоспарлы зерттеулер мен байланысты: әлеуметтік, психологиялық, психофизиологиялық факторлар ескерілуі керек. Мысалы, табандылық көбінесе әлеуметтік факторлармен, мотивациялық бағдардың тұрақтылығымен анықталынады. Күнделікті өмірде батылдықтың көрінуі психофизиологиялық факторға нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Тек қана комплексті түрде зерттеу жеке тұлғаның ерік күшінің белгілі жағдайларда көрінуін болжауға көмектеседі.

Адамның ерік сапасының жетілуінің болжамы қаншалықты анық болса, соншалықты оның іс әрекетінде сенімділік болады.

Сонымен, қазіргі психологияда ерік сапаларына

- шыдамдылық;

- қайсарлық;

- табандылық;

- өзіндік бақылау;

- жинақылық;

сияқты қасиеттер жатады.

Наши рекомендации