Айта жаңғырту
Қайта жаңғырту еріксіз және арнайы қайта жаңғырту деп екіге бөлінеді. Еріксіз қайта жаңғыртуда адам алдына мақсат қоймайды. Мұны іс-әрекеттің барысы туғызып отырады, қайта жаңғыртудың осы түрі көбінесе адамның үнемі айналысатын әрекетіменмазмұндас болады. Мысалы, музыкант мелодияларды қалайболса солай жаңғырта береді.
Арнайы қайта жаңғырту мақсат қоюмен, ерік күшін жұмсаумен, арнаулы әдіс- тәсілдер қолданумен жүзеге асады.
Тану--қайта жаңғыртудың қарапайым түрі. Тану бұрын қабылдаған және қайтадан кезіккенде көрінетін ес үрдістері. Тану адамдардың қабылдау саласындағы ерекшеліктеріне қарай түрлі дәрежеде көрінеді. Мысалы, біреу бір нәрсені қиналмай, тез және толық таниды, екінші біреу мұны мүлде тани алмайды, үшінші біреу шала таниды, ал төртінші біреу қате танитын болады. Объектіні дұрыс тану үшін адамдардың көзі төселіп үйренген, өмір тәріжибиесі мол, бақылағыш болуы шарт. Ес процесінде болатын қателіктердің көпшілігі дәл, жетік тани алмаудан, ал дұрыс тани алмаудың өзі алғашқыда зер салып, жөнді қабылдай алмаудан болады.
Қайта жаңғыртудағы бұл қиындықтар сонымен қатар қазіргі сәттеқажеттіні қайта жаңғыртудың мүмкіншілігінің болмауы ұмытуболып табылады. Сондықтан ұмыту- есте сақтауға кері үрдіс емес, қайта жаңғыртуға кері үрдіс. ¥мыту толық болуымүмкін, ондай жағдайда есте сақталған материалды немесе оның бөлігін көп мезгілге дейін қайта жаңғырта алмаймыз. Көпжағдайда ұмыту уақытша болады. Алғаш есте қалдырғанматериалды неғұрлым толық және дұрыс түрде қайта ескетүсіруді реминисценция (латын сөзі- reminiscetia-қазақшалағанда еске алу, жаңғырту мағынасында қолданылады) деп атайды. Реминисценция терминін 1907 жылы серб ғалымы В.Урбанчич ұсынған.
І
Зейіннің (назар) түрлері мен сипаттамалары,
зейінсіздік (алаңғасарлық)
Адамның кез-келген іс-әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс-әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады.
Назар немесе зейін деп - адам санасының қоршаған ортадағыбелгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтады.Зейін – басқалардыңішінен адамды қоршаған көптеген заттар менқұбылыстарды бөліп көрсету.
Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекшепсихикалық үрдіс емес. Зейін басқа психикалық үрдістерде байқалады. Мысалы, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз. Сондықтан да зейін кез-келген іс-әрекетіорындаудың шарты болып табылады. Мысалы, қарапайымжұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеутехникаларымен жұмыс, ғылыми зерттеу жүмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Адамды қоршаған кептеген заттардың ішінен біреуін бөліп, зейін аударады, ал қалғандарына мән бермейді. Міне, осы қасиетінен зейіннің таңдамалы сипатын аңғарамыз. Басқаша айтқанда, зейін психикалық іс-әрекеттің таңдамалы сипатын білдіреді. Оқушының сабақ үстінде әрекетін байқап көрейік, оқушы мұғалімнің айтқанын зейін салып тыңдайды, түсінеді және оның түсіндіргенін есінде сақтайды. Оқушы есепшығарғанда, шығарма жазғанда осы іс-әрекетті қалай зейінқойып орындайтынын аңғару қиын емес.
Физиологиялық тұрғыдан бұл белгілі бір жүйке орталықтары қозғанда, басқа орталықтары тежеледі де И.П.Павловтың негіздеген жүйке үрдістерінің индукциялық заңы бойынша бас миалабының белгілі бір бөлігінде қозу үрдісі пайда болса бас мидың басқа бөліктерінде тежелу үрдісін шақырады. Бас ми алабында ұйымдасқан қозу орталығы басқаларына үстемдік етеді, оныдоминанта деп атайды, ал мидың қалған бөліктері индукция заңы бойынша тежеледі. Сонымен, доминанта деп бір уақытта адам санасына әсер еткен бірнеше тітіркендіргіштің ішінен біреунің басқаларға үстемдік етуін айтады. Академик А.А.Ухтомскийдің зерттеулері бойынша жүйке жүйесіне әсер еткен көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуінің жеңіп шығып, күшті әсер етуі. Бас ми алабында қозудың бірнеше орталыгы пайда болады. Бұл жағдайда қозудың әрбір орталығы барлық бас мидың алабында жайылу (иррадиация) жағдайында болады. Сондықтан да қозудың жекелеген орталықтарының арасында қайшылық, күрес туындайды. Осы күрестің нәтижесінде осы орталықтардың біреуі жеңіп, үстемдік етеді, академик Ухтомский оны доминанта деп атаған еді.
Зейін түрлеріНегізінен зейін екіге бөлінеді: еріксіз және ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні белсенді зейін деп атайды.
Еріксіз зейіндеп алдымызға мақсат қоймай біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Адам өмірінің барлық кездерінде еріксіз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу - еріксіз зейіннің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мысалы, қызықты кітапты оқуға еріксіз зейін жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу ерікті зейінді керек етеді.
Ерікті зейін деп алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын саналы түрде таңдай отырып, адам
санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
1. Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2. Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
3. Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықылыспен берілген дұрыс.
4.Түрлі қолайсыз жағдайларда да жүмыс істеуге машықтану. Мысалы, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-күрсілдер де) әсеріне берілмей жұмыс істеу керек.
5. Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек.
Зейіннің үйреншіктідеп аталатын түрі де бар. Үйреншікі зейін - адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жүмсамай-ақорындалатын зейін. Мысалы, бала оқуға төселсе, бұл оны тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Үйреншікті зейін ырықты зейін арқылы дамып қалыптасады.