Жеке тұлғаның тәжірибесін есте қалдыру, есте сақтау және кейін есте қайта жаңғыртуын ес деп атаймыз.
Естің физиологиялық негіздеріне уақытша жүйкелік байланыстар, оның құрылуы, есте сақталуы жатады.
Ес дегеніміз бұрынғы тәжірибені бейнелеу болып табылады.
Адамның өмірінде естің мәні орасан зор. Естің арқасыңда біздің санамызда бүгінгі жағдайлар ғана бейнеленіп қоймайды, сонымен қатар өткендегі біздің қабылданған және бұрын бастан кешкен көңіл-күй жағдайлары да бейнеленеді.
Егер де ес болмаса, онда біз қазіргі қабылданған заттар мен құбылыстарды ғана есте сақтаған болар едік. Бүкіл қабылданғанның бәрі бізге жаңа сияқты көрінер еді. Адам есті болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгереді, білімін байытады, өзінің ой-өрісін кеңейтеді.
Ес іс-әрекет және басқа психикалық үрдістерді дамыту үшін мәні орасан зор. Ес үрдісі біздің қабылдауларымызды байытады.
Неғұрлым адамда елестетулер мен бекітілген білімдер бай болса, солғұрлым қабылдауларымыз мазмұндырақ, толығырақ және дәлірек, қиялдың, ойлаудың, сөйлеудің және ерік-жігердің қызметі жемістірек болады.
Ес адамзат қызметінің барлық түрлерінде маңызды рөл балаларда кейбір білімдердің, ептіліктердің және дағдылардың болуын қажет етеді. Кез-келген еңбек - дене, ақыл-ой еңбегі қажетті білімнің, икемділіктердің және дағдылардың болғанында ғана мүмкін.
Әсіресе, оқыту үрдісінде естің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бірінші және негізгі міндеті оқушыларды білім негіздерімен қаруландыру болып табылады.
Ес адамға қажетті күрделі үрдіс, бір-бірімен байланысты бірнеше жеке үрдістерден тұрады. Ол адамға жеке өмірлік тәжірибені жинақтауға, есте сақтауға және кейін пайдалануға көмектеседі. Барлық бекітілген білімдер мен дағдылар естің жұмысына жатады.
Психология ғылымы өзінің алдына ес үрдісін зерттеу туралы бірнеше күрделі мәселелерді қойып отыр.
Ес психологиясы төмендегі мәселелерге жауап беруді қажет етеді: қаншалықты бұл іздер адам есінде ұзақ сақталады, қысқа және ұзақ мерзімдерге іздерді сақтаудың амалдары қандай, адамның таным үрдістерінің іске асуына қалай әсер етеді?
Ес психологиясы психология ғылымының жан-жақты зерттелген бөлімдерінің бірі ретінде саналады. Бірақ, қазіргі кезде естің заңдылықтарының одан әрі зерттелуі оның психология ғылымының әлі де өзекті проблемасы екендігін дәлелдейді. Ес проблемасын белгілі дәрежеде зерттелуінуі әр түрлі ғылымдардың дамуы, оның тілінде психологиядан қашық делінген ғылым салаларымен (ең алдымен техникамен) байланысты екені белгілі.
Ертедегі гректерде есті ерекше қастерлеген. Естің құдайы әйел адам Мнемозина болған. Ол өнер мен ғылымның жаратушы анасы деп есептелген.
Бұл қарапайым түсініктерде терең ой жатыр: ес барлық жаңаны жасаудың, демек, шығармашылықтың негізгі шарты.
Адам үздіксіз қандай да болсын жаңаны ойлап табады: ол автомобиль немесе станоктар, музыка немесе кинофильм, ғылыми теориялар немесе Жердің жасанды серіктері. Жеке адамдардың жасаған тәжірибесі із-түссіз, сақталмай жоғалып кетуі мүмкін емес. Тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар жалпы кез-келген адамзат қабілеттіліктерінің дамуынсыз, адамның алға қарай қозғалысы мүмкін болмас еді. Адам ешнәрсеге үйренбеген болар еді. Үйрену дегеніміз - белгілі бір тәжірибені меңгеру, оны сақтау, болашақ өмірде қолдану. Ал бұл тәжірибені ес үрдісі сақтайды.
Адамның есін жануарлардың тәжірибе жинақтауға қабілеттілігімен салыстыруға болмайды. Олар әр түрлі, демек, ес ағза дамуының, оның ішінде адам ағзасы дамуының қажетті шарты болып табылады. Демек, ес - кез-келген іс-әрекеттің қажетті шарты.
Ес жұмысының физиологиялық негізі жүйке жүйесінде жүйке қозуларынан қалатын іздерболып табылады. Бұл іздер өзара байланысты, жүйке жүйелерінің аяқталуы іске асады.
Ұлы орыс физиологі И.П.Павлов бұл жүйке байланыстарын ұйымдастыру заңдарын, оның негізінде ағзаның қызметі заңдарын зерттеді.
Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекті өкілі Л.С. Выготскийдің еңбегі орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі түрі екендігін көрсетіп берді.
А.А. Смирновтың және П.И. Зинченконың зерттеулері естің жаңа және күрделі заңдарын ашып көрсетті.