Ерте жыныстық қатынасқа түсу
Жасөспірім қыздар ең алғаш рет қандай жағдайда жыныстық қатынасқа түседі, оған не себеп болады, деген сауалға дәрігерлер мен психологтар, құқық қорғаушылар мынандай да жауап қайтарады: «Жасөспірімдердің алғашқы жыныстық қатынасқа түсуіне олардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері де, отбасындағы, мектептегі тәрбиесінің нашарлығы да, өмір сүретін өңірі, ортасындағы жағдай да, өзінің жыныстық қатынасқа ерте құмартқан белсенділігі де, тледидар, кинотеатрлардан порнографиялық фильмдерді жиі көруі де себеп болады. Педофильдердің зорлауына, алдап-арбауына түсіп қалуы да жасөспірім қыздарды бқзып жібереді».
Тұрмыс жағдайының нашарлығынан кейбір жасөспірім қыздардың әлдекімдердің еліктіріп, желіктіруінен тәнін ақшаға сатып, «түнгі көбелектерге» айналатындары да аз емес. мұндай жағдай Еуропада, Азияда, Африка елдерінде кең өрістеген, әсіресе АҚШ-та көпшіліктің өмірлік салтына айналған. Нақты деректер бойынша, Ресейде жасөспірім қыздар бірінші рет жыныстық қатынасқа орташа алғанда 16,1 жаста түссе, Америкада және Еуропада дасөспірім қыздардың жыныстық қатынасты 12–13 жастан бастайтыны анықталып отыр. Ең өкініштісі, қай елде де жасөспірім қыздардың алғашқы жыныстық қатынасқа түсуі жүктіліктен сақтанусыз өтеді екен. Сол себепті, жүктілік жасөспірім қыздар арасында жүкті әйелдердің жалпы санының 1,5 пайызын құрайтын болып шықты.
Т. Төлендиев пен Қ. Иманбаевтың «Қызым, саған айтам...» атты кітабында (Алматы, «Қазақстан», 1991) ерте жыныстық қатынасқа түсудің зияны жөнінде былай деп жазылыпты: «Кәмелетке жетпей жатып еркекке жақындау қауіпті, опық жегізеді. Пісіп-жетілмей тұрған кезде, өздерің әлі балалық жақтан өтпей тұрғанда жүкті болып, бала тауып қалуларың мүмкін. Оның үстіне сендердің әлі мамандықтарың да, тәжрибелерің де жоқ қой. Оқуларың, өсіп-жетілулерің керек.
Еркекпен ерте жақындасудың зардабы да, салдары да көп. Ойда жоқта жүкті болып қалу – жас қыздардың денсаулықтарын құртады, көптеген жағдайларда өмірлеріне қатты нұқсан келтіреді. Қазір бедеуліктің 16 пайызына тұңғыш біткен баланы алдырып тастау себепкер. Бір-екі кездесе салып жас қызбен жыныстық қатынасқа түсуді талап ете бастайтын жігітің ойы арам, бұл оның қызды сүймейтіндігінің белгісі, ойлағаны – қызбен жатып құштарлығын қандыру ғана».
Педофил» деген кім?
Тіл мамандарының түсіндіруінше педофил гректің «сәби» және «махаббат» деген сөзінен алынған көрінеді. Мағынасы «сәбиге деген махаббат» дегенді білдіретіндей. Тек бұл ата-анасының. Үлкен кісілердің жас балаға деген жақсы көру, кіршіксіз таза сезімі емес, оңбағандардың жас қызбен жыныстық жақындыққа баруды құмартатын зұлымдық, аюани сезімі. Соған қарамастан, бірқатар шетелдік дәрігерлер мен психологтар педофильді жыныстық қатынасқа байланысты психикалық ауытқушылық деп қана бағалап, оны қылмысқа жатқызғылары келмейді екен. Не деген сұмдық! Ең сорақысы, психология ғылымының негізін салушылардың бірі, өткен ғасырдағы ірі ғалым Зигмунд Фрейдтің өмірге келген сәбидің жөргегінен қағынып туатынын, анасының төсін сорып жатқанында-ақ «сексуальдық» сезімге бөленетінін жазып, жұртты шатастырып етуі болып отыр. Біздің ше, жас сәбилерді, жасөспірім қыздарды зорлау, оларды алдап жыныстық қатынасқа мәжбірлеу, тарту – ауыр қылмыс ретінде қатаң жазаға тартылуға тиіс. Өйткені, бесіктен белі шықпай жатып зорланған, жыныстық қатынасқа еріксіз түскен қыз бала үлкен психикалық соққы алып, жаны жараланып, дұрыс өмір сүре алмайды. Олай болса, жасөспірім қыздардың болашағына балта шапқан педофильдерге аяушылық жасалмасын. Олардың көбісі жазасын өтеп, түрмеден шыққаннан кейін де өзінің арам ісін қайта жалғастыратындықтан, мұндайларды мүлдем «әтек» етіп тастаса да, бұл педофильдерге лайықты жаза.
Ерте жыныстық қатынасқа түскен көптеген жасөспірім қыздар ерте жүкті болып қалып, өзі
Ерте жыныстық қатынасқа түскен көптеген жасөспірім қыздар ерте жүкті болып қалып, өзін де, ата-анасын да қайғы-мұңға батыруда. Олардың арасында ар-ұяттан айырылып, жезөкшелік жолға түсіп жатқандары да қаншама. Бұл – қазақ үшін ұлттық қасірет. Қазір қоғамымызда жайылып келе жатқан бұл індетпен көп болып күресейік, ағайын!
Бұл семинар білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ведомствааралық жоспар және кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық жасау әрекеттерінің алдын алу бойынша 2015-2017 жылдарға арналған кешенді Жоспар аясында өткізілді.+
«Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз - кәмелет жасқа толмағандарға қатысты жыныстық зорлық әрекеттердің алдын алу және барлық мүдделі қызметтердің әрекеттерін өзара үйлестіру. Білім беру мекемелерінде осындай қылмыстарды және кәмелетке толмаған жасөспірім қыздар арасында жүктіліктің алдын алу бойынша әр түрлі шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
Кәмелет жасқа толмағандардан жеке өмірлеріне байланысты өзгерістерді анықтау оңай емес. Бұған ерекше тәсілдер қажет. Мұндай фактілер орын алған жағдайда, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127- бабына (Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) сәйкес, ата-аналар мен заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - деді осыған орай Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Лейлә Әліпбаева.
Семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.
Соңғы уақытта біздің қоғамда үлкен резонанстар туғызған жантүршігерлік оқиғалар орын алуда. Бұл Тараз, Ақтөбе және Жезқазған қалаларында жаңа туған сәбилерді дәретханалардың шұқыры мен қоқыс үйінділеріне лақтырып тастауға байланысты жағдайлар.
Мемлекетімізде жасөспірімдердің жүктілігін, түсік жасауды, кәмелетке толмаған аналардың өз нәрестелерінен бас тартуын болғызбауға бағытталған бірде-бір тиімді бағдарлама жоқ.
ТМД елдерінде жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің кеңінен таралғандығы соншалықты, тіпті оны кейде індет деп те атайды. Қазақстандағы кәмелетке толмаған аналар арасындағы жүктіліктің пайызы Ресей мен Украинаға қарағанда біршама аздау, дегенмен, бұл мәселе алаңдаушылық туғызып, қалың ойға қалдырады.
Ерте жүктіліктің пайда болу себептерін зерттеу нәтижелері жасөспірімдер арасында жыныстық қатынастардың басталуы контрацептивтік мәдениеттің төмен және жасөспірімдерге арналған арнайы медициналық, консультативтік, психологиялық қызметтер санының аз болуы жағдайында орын алатынын көрсетті.
Ерте жүктілік жас қыздардың денсаулығына орасан зиян келтіруге әкеп соғады, бұл өз кезегінде, қайғылы жағдайларға алып келеді. 15-18 жас аралығындағы қыздар жүкті болған және жүктілік кезінде туындайтын қиындықтар, көбінесе, өлім көрсеткішінің ұлғаюына алып келеді, мәселен, дамыған мемлекеттердің өзінде ғана жыл сайын 70 мыңға жуық жасөспірім қыздар көз жұмады. Сондықтан, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің өсуі, жасөспірімдер арасындағы некелер мен аналар, ерте жаста түсік жасау, кәмелетке толмаған аналардың жаңа туған нәрестелерінен бас тарту жағдайлар санының артуы, жаңа туған нәрестелер мен аналар арасындағы өлімінің жоғары болуы, кәмелетке толмаған қыздардың дамуында патологиялар бар нәрестелерді дүниеге әкелуі, қыздар арасындағы суицидтердің көбеюі – осының бәрі еліміздегі демографиялық жағдайға кері әсерін тигізеді. Бұл ұлттық деңгейдегі мәселе.
Ерте жүктілік, көбінесе, жағдайы төмен отбасыларда орын алады деген түсінік қалыптасқан. Алайда, қазіргі таңда жағдай өзгеше. Бұрын мұндай үрдіс әлеуметтік отбасылардан шыққан балаларға ешкім бас-көз болмай жүргендіктен байқалатын. Бірақ бүгінгі күні белгілі бір әлеуметтік теңгерімсіздік байқалады және материалдық жетістік балалардың анағұрлым қорғалуын қамтамасыз етпейді. Тіпті керісінше, әсіресе, оларға ата-аналарының тарапынан тиісті назар аударырылмаған жағдайда, материалдық мүмкіндіктердің болуы салдарынан балалардың саналық деңгейі төмендейді.
Ерте жүктіліктің туындау жауапкершілігін тек жас қыздарға ғана жүктеп қоюға болмайды, алайда, қоғамның басым бөлігі дәл солай істеп жатады. Келешек әкелер, ата-аналар, мұғалімдер және тағы да басқалар орын алып жатқан жағдайды толыққанды түсініп, сезінуге тиіс.
Көптеген ата-аналар өз балаларын жыныстық тәрбиелеумен айналыспағанды жөн санайды. Олар бұл жауапкершілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен интернетке жүктейді. Балаларға кітаптар мен контрацепция құралдарын әперу жүктіліктің тәуекелін азайтпайды. Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, көбінесе, дұрыс жыныстық тәрбие бермеудің салдары болып табылады.
Мектептер мен медициналық мекемелерде имандылық және жыныстық тәрбие берудің де осал тұстары көп, ал осыған ұқсас мәселелер бойынша көмек көрсетуге тиісті қызметтер (психологиялық, отбасы мен балаларды қолдау орталықтары) іс жүзінде жұмыс атқармайды.
Осындай қиын жағдайға тап болған жас қыздар әлеуметтік қолдауды қажет етеді. Қазақстанда кәмелетке толмаған жүкті немесе 18 айға толмаған балалары бар әйелдерге көмек көрсету үшін кәсіпкерлердің қолдауымен 2013 жылдан бері өңірлерде «Аналар үйі» дағдарыс орталықтарының желісін құру жөніндегі әлеуметтік жоба іске асырылуда. Алайда, олардың толыққанды жұмыс етуі үшін құқықтық ая көзделмеген.
Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Кәрім Қажымқанұлы, осы мәселені қарауыңызды және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектордың оқушылар мен жастар арасында имандылық және жыныстық тәрбиелеудің профилактикалық шараларын жүргізуі бойынша, сондай-ақ
ата-аналармен жұмыс жүргізу бойынша нақты шаралар қабылдауыңызды сұраймыз.
Қабылданған шаралар туралы заңмен қарастырылған уақытында ақпараттандырыңыз.
Бізге күтпеген жерден жүкті боп қалған қыздар жиі хабарлады, мұндай жоспарланбаған яғни кезейсоқ жүктіліктің барлығы түсік жасау жолымен аяқталады. Қыздар асқыну салдары туралы ойламастан түсік жасатуға келеді яғни бұл дегеніңіз – қабыну, бедеулік, қан кету, етеккір айналысының бұзылуы өлімге тап болуы мүмкін. Түсік жасатқан анадан туылған сәби, босанғанға дейін гемотологиялық аурумен туылуы мүмкін – бұл қан тобына сәйкес келмейтін немесе резус-ықпалды болуы ықтимал. Мұндай бала жасынан мүгедек болуы немесе туысымен шетінеп кетуі мүмкін.
Статистка бойынша «бедеулік» диагнозы қойылған 100 әйелдің 75 –сінің бірден бір себебі ол- алғашқы жүктілікте жасатқан түсік болып табылады. Егерде қыз бала жүкті болса, онда 1 түсік жасатқанан кейін жүктіліктің асқынуы жиілеп және кейінгі босануларда, соның ішіде бала көтере алмау, қан кету, уақытынан бұрын босанулары 2 есе артады.
Дүниежүзілік статистика бойынша, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің жиілігі едәуір артты және соңғы жылдары оның артуы жалғасуда. Дүние жүзі бойынша (15-18 жас) жасөспірім арасында жасалаған түсік 4 миллионға дейін болып отыр.
Жыл сайын дүние жүзінде түсік тастаудың асқынуы салдарынан 500000 жуық әйел қайтыс болады. Бұл сан АҚТҚ құрбаны болғандардың санынан едәуір асады.
Әрбір жыныстық қатынасты бастаған қыз балаға орынсыз жүктілік, жыныс органдарының қабыну процессінің дамуына жағдай жасап, Егер Сіз жасөспірім кезінде жыныстық қатынаста болғыңыз келсе, ең алдымен өзіңіздің денсаулығыңызды және Сіздің болашақ балаларыңыздың денсаулығын сақтауды ойлаңыз.
Жыныстық қатынасты бастаған қыздар дәрігерлердің ережелік кеңесіне жүгінбестен, орынсыз жүктілікті қалай-да болдырмау мақсатында, сенімсіз ақпараттық мәліметтерді таныстары мен құрбыларының кездейсоқ әңгімелерінен естіп алады. Сізге тек қана дәрігер дұрыс кеңес беріп, қажетті контрацептив таңдауыңызға көмектесе алады.
Жасөспірім кезінде қандай контрацепция әдістері оңтайлы?
Контрацепция құралын таңдаған кезде жыныстық қатынасқа түскен екі жасөсіпірім де, бір инфекция ауруымен ауру мүмкіндігі туатынын ойламайды, сондықтан жыныстық қатынас жолымен берілетін аурушылық жиілігі артады, соның ішінде АҚТҚ инфекциялары. Соның барлығы өсіп келе жатқан ұрпақтар денсаулығына және бүтіндей қоғамның денсаулығына тигізетін қаупі орасан.
Жасөспірім кезіндегі контарцепция ол- жыныстық қатынас жолымен берілетін аурулар мен түсік жасатуды болдырмау үшін басты екі мақсаты көздейді.
1. Мүшеқап- алғашқы таңдау әдісі.
Ол тек қана жүктіліктен сақтап ғана қоймай, сонымен қатар венерологиялық ауруларымен, ЖҚТБ-дан сақтайды. Оның тиімділігі 98 %.
2. Спермицидтер- олар химиялық препараттар, олардың құрамына кіретін заттар сперматозоидтарды жансыздандырады. Спермицидтер қарқынды түрде қызмет атқарады және ол бар болғаны 2-3 сағат ғана әрекет етеді, сондықтан оны жыныстық қатынас алдында тікелей пайдаланылады.
Спермицидтердің (75 %) аса жоғары емес тиімділігін есепке ала отырып, мүшеқаппен үйлесімді қолдану.
Олар қынаптық кремдер түрінде, желе, аэрозоль, свечалар және таблетка түрінде шығарылады.
3. Ұрықтануға қарсы таблеткалар- аналық клетканың жетілуін тежейді және жатырдың ішкі қатпарларын өзгертіп ұрықтанбайды. Заманауй препараттар денсаулыққа зиянсыз болып, олардың құрамындағы гормондар- аз болады.
Олар жатырдан тыс жүктілікті, жатыр және сүт бездері обырының туындау мүмкіндігін төмендетеді, етеккір циклын реттейді. Кейбір ұрықтануға қарсы таблеткалар акне (беттегі безеулер мен май бездерін) емдейді. Ұрықтануға қарсы таблеткалар практикада 100% тиімдлікпен жүктіліктен сақтанудың ең сенімді әдісі болып табылады, сондықтан контрацепция әдістері арасында дүниежүзінде жетекші орын алады. Олар біріші, екінші, үшінші кезеңдік таблеткалар түрінде айырықшаланады.
(«Логест» , «Мерсилон», «Новинет», «Линдинет», «Регулон», «Ярина», «Джес», «Белара», « Ригевидон», «Трирегол», «Три-мерси», «Триквилар», «Тризистон» және тағы басқалар).
Қынаптық жүзік (НоваРинг)- ол гормондарды қынапқа енгізу жолымен пайдаланылатын контрацепцияның жаңа әдісі. Таблетка ұстанымы бойынша әрекет етеді, бірақ осыған орай таблетканы ішпей –ақ АІТ және бауыр арқылы гормондар өтпейді.
4. Жатырішілік спираль (ЖІС) - қыз балаларға бұл контарцепция әдісін пайдалану қажет емес, себебі ол қауіптің бір қатар асқынуларын тудыруы мүмкін: қабыну процесстері, бедеулік, етеккір циклінің бұзылуы.
5. Контрацепцияның физиологиялық әдісі тек тұрақты етеккір циклі болғандар ғана қолдана алады. Етеккір циклі анық болған әйелдерге ғана арналған әдіс. Осы себептен жас қыздар мен жасы 40 тан асқан әйелдерге бұл әдіс жарамайды.
Және ең бастысы: сперматазоидтар қынап ішінде 4 тәулікке дейін, ал кейбір зерттеулер бойынша 7 тәулікке дейін өміршеңдікке бейім, сондықтан оларда аналық клетканың жетілуін мүмкіндгі бар және ұрық жасушасын ұрықтандыруы мүмкін.
6. Шұғыл контрацепция (кезек күттірмейтін, апаттық)- орынсыз жүктіліктен сақтанудың жедел әдісі. Қыздар, егерде Сіздер мүшеқапты қолданған кезде оның бүтіндігіне немесе сақтанбаған жыныстық қатынас кезінде оған сенімсіз болсаңыз, сондай-ақ контрацепцияның басқа да әдістері осы немесе басқа жағдайда қолданылмаған болса, бұны сол қалпында қалдырмаңыз, келесі етеккір уақытын күтпеңіздер, себебі етеккір келмеуі мүмкін. Ең дұрысы жүктіліктен сақтанудың осы әдістерін пайдаланыңыз және Сіздің оған 72 сағатыңыз бар - үш тәулік (гормоналдық контрацептивтер қолданған кезде) немесе 5-7 тәулік, егер де Сіз жатыр ішілік құрал қоюға шешім қабылдаған болсаңыз (ол жасөспірім кезінде ұсынылмайды).
Осы мақсатта шұғыл сақтанудан- Эскапель, постинор немесе Юзпе әдісі қолданылады.
Апаттық контарцепцияны – жылына 3 реттен артық қолдануға болмайды, сондықтан бұл әдіс кезек күттірмейтін деп аталады.
Сізге сақтанудың ең тиімді әдісін таңдауға және жүктіліктен сақтану мәселесін дұрыс шешуге тек гинеколог дәрігер көмектесе алады.