Арнайы психология ғылым мен тәжірибенің саласы ретінде
Арнайы психология - балалық және жеткіншек шақтарда түрлі факторлардың /органикалық және функционалдық табиғатты/ әсерінен пайда болатын ерекше қалыптар жайлы психологиялық білімдер саласы. Ерекше қалыптар баланың психоәлеуметтік дамуының тежеуілдеуінде немесе ерекше көріністерінде анықталады және оның әлеуметтік-психологиялық адаптациялануына, білім алу процесіне қосылуға, келешекте маман ретінде өз-өзін анықтауға кері әсер береді.
Арнайы психологияның тәжірибесі мен зерттеу нысанасы болып психикалық, соматикалық, сенсорлық, интеллектуалдық, жекетұлғалық-әлеуметтік дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар мен жеткіншектер және денсаулықтарында бұзылыстармен шектелген, білім алуда ерекше қажеттіліктерді қажет ететін үлкен жастағы адамдар табылады.
Білім саласында арнайы психологиялық жетекшілік жасаудың негізгі мақсаттары - психофизикалық кемшіліктері бар баланың білім алу және даму процестері мен оның мүмкіндіктері арасындағы тепе-теңділікке кері әсер ететін ерекшеліктерді анықтау, жою және алдын алу. Арнайы психологияның білімдері арнайы білім беру мекемелері түлектерінің оптималды әлеуметті-психологиялық адаптациядан өтуінің және мамандық өз-өздерін анықтауларының әдіснамалық негіздері бола алады.
Арнайы психология психологиялық ғылым мен тәжірибенің бағыты ретінде жылдам дамуда. Ол гуманитарлық, нақты ғылымдар мен педагогиканың ұштасып дамуымен тығыз байланыста. «Арнайы психология» терминімен қатар «түзету /арнайы/ педагогика» термині де ғылымға енгізілді.
Басқа бағыттардан бұрын арнайы психологияның келесі бағыттары пайда болды: ақыл-ойы кемдер /олигофренопсихология/, кереңдер психологиясы /сурдопсихология/, соқырлар психологиясы /тифлопсихология/.
Қазіргі таңда клиникалық-психологиялық терминдер қайта қарастырылып, оларды психологиялық-педагогикалық терминдермен алмастыру қажеттілігі талқылануда. Мысалы, «ақыл-ойы кемдер психологиясы» және «олигофренопсихология» терминдерінің орнына «интеллектуалдық дамуларында анық ауытқушылықтары бар балалар психологиясы», «танымдық аймақта дамуы кешеуілдеген балалар психологиясы» терминдерін қолдану және т.б. Қазіргі таңдағы арнайы психология психикалық дамуы кешеуілдеген, эмоционалдық аймақтарында және іс-әрекеттерінде, тірек-қимыл аппараттары мен сөйлеулерінде ауытқушылықтары бар, дамуда күрделі кемістіктері бар балалардың психологиясын зерттейді.
Балалардың дамуында бірнеше ауытқушылықтардың бірігуі, аутизацияда, агрессивтілікте, әрекеттер мен іс-әрекеттер ауытқушылықтарында көрініс табатын психогендік бұзылыстары бар балалардың санының артуы және т.с. - мұның бәрі арнайы психологиялық
көмекті мектепке дейін оқыту-тәрбиелеу мен жалпыға білім беру мекемелеріндегі балалар да қажет ететіндігін анықтайды.