Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі

Сонымен дамытушы эксперимент нәтижесін тарқата қарастырайық. «Ерік күшін бағалау» тесті бойынша 2 курстың 30 студентінің нәтижелерін қарастырайық.

«Ерік күшін бағалау» тесті бойынша 2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 21 ұпайға тең. Яғни, тестің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлық көрсеткіштер 16 ұпайдан 29 ұпай аралығында.

Сараптамаға қатысқан 30 (100%) студенттердің пайыздық қатынасы бойынша 9 студент жоғары көрсеткіш көрсетіп 30 %-ды құрады, ал 21 студент орташа көрсеткіш көрсетіп 70% пайызды құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 8 Ерік күшін бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1 – жоғары көрсеткіш;

2 – орташа көрсеткіш.

Сонымен, дамытушы эксперимент нәтижесінде жоғары көрсеткіш 7%-ке жоғыралып, орташа көрсеткіш 7%-ке төмендеді.

Шыдамдылықты бағалау сұрақтамасы бойынша 2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық шамасы 10,1-ге тең. Ол сұрақтама көрсеткіші бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлық көрсеткіштер 8 ұпайдан 13 ұпай аралығында.

Сараптамаға қатысқан 2 курс 30 (100%) студенттің 8-і жоғары көрсеткішпен 26%, ал 22-і орташа көрсеткішпен 74% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 9 Шыдамдылығын бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1 – жоғары көрсеткіш;

2 – орташа көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде жоғары көрсеткіш 11%-ке жоғарылап, орташа көрсеткіш - 11%-ке төмендеді.

«Табандылықты» анықтауға арналған сұрақтама бойынша 2 курстардың 30 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 9,8 ұпай. Сұрақтама қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлық көрсеткіштер 6 ұпайдан 13 ұпай аралығында.

Төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, 30 (100%) студенттің 8-і жоғары көрсеткішпен 26,4%-дық қатынаста, ал 21 студент орташа көрсеткішпен 70,1%-дық қатынаста, 1 студент төменгі көрсеткішпен 3,5%-дық қатынасын құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 10 Табандылықты бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1 – төменгі көрсеткіш;

2 – орташа көрсеткіш;

3 – жоғарғы көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде төменгі көрсеткіш 11,5%-ке төмендеп, орташа көрсеткіш 8,1%-ке жоғарылады, ал жоғары көрсеткіш 3,4%-ке жоғарылады.

Қайсарлықты анықтауға арналған сұрақтама бойынша 2 курстың 30 студентінің нәтижелерін қарастырайық.

«Қайсарлықты бағалау» тесті бойынша 2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 14 ұпайға тең.

Яғни, тестің қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлық көрсеткіштер 10 ұпайдан 17 ұпай аралығында.

2 курс 30 (100%) студентінің 20 студенті жоғары көрсеткішкен 65,5% қатынаста, ал 10 студент орташа көрсеткішпен 34,5%- қатынасты құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 11 Қайсарлықты бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғарғы көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде орташа көрсеткіш 3,5 %-ке төмендеп, ал жоғары көрсеткіш 3,5%-ке жоғарылады.

«Тәуекелділікке дайындық» әдістемесі бойынша 2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық шамасы 8,5 ұпайды құрады. Яғни, әдістеме қорытындысы бойынша қауіптенудің орташа көрсеткіші.

2 курс 30 (100%) студенттің 4-і төмен ұпай, яғни өте үлкен қауіптілік, 13,2% көрсеткіш, ал 26 студент орташа көрсеткішпен 86,8% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 12 2 курс студенттерінің тәуелділікке дайындықтарын бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1- төмен көрсеткіш;

2- орташа көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде төменгі көрсеткіш 3,5%-ке төмендесе, орташа – сондай шамаға жоғарылады

«Әлеуметтік батылдық» сұрақтамасы бойынша 2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық шамасы 14,2 ұпай. Ұпайлық көрсеткіштер 9 ұпайдан 20 ұпай аралығында.

2 курс 30 (100%) студенттің 4-уі жоғары көрсеткішпен 13,2%-дық қатынаста болса, 26 студент орташа көрсеткішпен 86,8% қатынасты көрсетті.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 13 2 курс студенттерінің Әлеуметтік батылдық бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғарғы көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде орташа көрсеткіш 5,6%-ке төмендесе, жоғары көрсеткіш – 5,6%-ке жоғарылады.

Өзіндік бағалау әдістемесінің дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курс 30 студенттерінің 13 студенті жоғары көрсеткішпен 42,9% қатынаста болса, 17 студент орташа көрсеткіш пен 57,1% қатынаста.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 14 2 курс студенттерінің өзіндік бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1 – орташа көрсеткіш;

2- жоғарғы көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде орташа көрсеткіштің 4,9 %-ке төмендеп, ал жоғарғы көрсеткіштің сондай қатынасқа жоғарылағанын байқаймыз.

«Агрессиялық мінез құлық» әдістемесі бойынша 2 курстың 30 студентінің дамытушы эксперимент нәтижесінде орташа арифметикалық шамасы 13,8 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа ұстамдылықты көрсетеді.

Дамытушы эксперимент нәтижесі бойынша 2 курс 30 студенттің 5 төменгі ұпайлық көрсеткішпен 16,5 % қатынаста, 25 студент орташа көрсеткішпен 83,5% қатынаста

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 15 2 курс студенттерінің агрессиялық мінез-құлықты бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1- төменгі деңгей;

2- орташа деңгей;

3- жоғарғы деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде студенттердің агрессиялық мінез-құлықты көрсету деңгейі төмендеді.

«Жасқаншақтық, ұялшықты» анықтауға арналған әдістеме бойынша дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық шамасы 7,8 ұпайға тең. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлық көрсеткіш 1-ден 13 ұпай аралығы.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курс 30 (100%) студенттің 4-уі жоғары ұпайлық көрсеткішпен 13,2% қатынаста, 25-і орташа ұпайлық көрсеткішпен 83,3% қатынаста, ал 1 студент төменгі ұпайлық көрсеткішпен 3,3% қатынаста.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 16 2 курс студенттерінің жасқаншақтығын және ұялшақтығын бағалаудың анықтаушы және дамытушы зерттеу қорытындыларының салыстырмалы көрсеткіштері

1- төменгі деңгей;

2- орташа деңгей;

3- жоғарғы деңгей

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курс студенттерінің жасқаншақтық, ұялшақтық деңгейінің төмендегенін байқаймыз.

Ұйымдасқандықты анықтауға арналған тестің дамытушы эксперимент қорытындысы бойынша

2 курстың 30 (100%) студентінің 5 студенті жоғары ұпайлық көрсеткішпен 16,5% ал 25 студент орташа ұпайлық көрсеткішпен 83,5% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 17 2 курс студенттерінің ұйымдасқандықтың көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесіндегі проценттік көрсеткіші.

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғары көрсеткіш.

2 курстың 30 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 18 ұпайға тең. Ұпайлық көрсеткіштер 14 тен 20 ұпай аралығында, яғни дамытушы эксперимент нәтижесі студенттердің ұйымдасқандық деңгейінің жоғарлағанын көрсетеді.

«Өз денсаулығыңызға қалай қарайсыз?» анкетасының дамытушы эксперимент қорытындысы бойынша 2 курс 30 студентінің

жоғары 19-28 ұпай аралығында 7-уі – 23,1%;

орташа 9-18 ұпай аралығында 21 студент - 73%;

төменгі 0-8 ұпай аралығын 1 студент - 4% көрсетті.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 18 2 курс студенттерінің денсаулық жағдайының анкета анықтаушы және дамытушы эксперимент бойынша проценттік көрсеткіші

1. төменгі деңгей;

2. орташа деңгей;

3. жоғарғы деңгей

2 курс туденттерінің дамытушы эксперимент нәтижесінде орташа арифметикалық шамасы 16,1-ге тең, яғни дамытушы эксперимент қорытындысында көрсеткіштің жоғарлағанын байқаймыз.

Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі бойынша дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курс студенттерінің реактивті мазасыздық деңгейін зерттеу барысында орташа арифметикалық шама – 42 – ге тең болды.

2 курс студенттерінің 1 -уі төмен деңгейдегі реактивті мазасыздықты көрсетіп 3,3% құрады, ал, 26-і орташа деңгеймен 87% - і, ал қалған 3-уі жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 9,7% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 19 2 курс студенттерінің реактивті мазасыздық деңгейінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесіндегі проценттік көрсеткіштері

1. төменгі деңгей;

2. орташа деңгей;

3. жоғарғы деңгей

Студенттердің реактивті мазасыздық деңгейінің орташа арифметикалық шамасы 42-ге тең, олай болса, анықтаушы экспериментке қарағанда студенттердің реактивті мазасыздықтары сәл төмендеді.

Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі бойынша дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курс студенттерінің тұлғалық мазасыздық деңгейін зерттеу барысында орташа арифметикалық шама – 40 – қа тең болды.

Студенттердің 1-і төмен деңгейдегі тұлғалық мазасыздықты көрсетіп 3,3% құрады, ал, 27-і орташа деңгеймен 90,1% - і, ал қалған 2-уі жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 6,6% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 20 2 курс студенттерінің тұлғалық мазасыздық деңгейінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесінің проценттік көрсеткіштері

1. төменгі деңгей;

2. орташа деңгей;

3. жоғарғы деңгей

Дамытушы эксперимент нәтижесі бойынша студенттердің тұлғалық мазасыздықтарының 2 ұпайға төмендегінін көреміз.

К.Роджерс және Р. Даймондтың «Әлеуметтік психологиялық бейімделу шкаласы» әдістемесінің қорытындысы дамытушы эксперимент нәтижесі бойынша 2 курс студенттерінің әлеуметтік психологиялық бейімделу коэфицентінің орташа арифметикалық шамасы 62 ұпайды көрсетті.

Топтың көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша келесідей проценттік қатынастарды көрсетті. Әлеуметтік психологиялық бейімделушілік орташа деңгейін 2 курс студенттерінің 15-і көрсетіп 50% құрады, ал студенттердің 15-і әлеуметтік психологиялық бейімделушіліктің жоғары деңгейін көрсетіп 50% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 21 2 курс студенттерінің әлеуметтік психологиялық бейімделушілігінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесіндегі проценттік қатынасы

1 – орташа деңгей

2 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 2 курс студенттерінің әлеументтік психологиялық бейімделушілігінің орташа көрсеткіші төмендеп, жоғары көрсеткішінің өскенін көре аламыз.

К.Роджерстің өзін-өзі қабылдау межесі әдістемесінің дамытушы эксперимент қорытындысы бойынша 2 курс студенттерінің 2-уі 36-110 дейінгі ұпай көрсетіп 6,6% - төменгі деңгейді көрсетке, ал 21 студент 111-150 орташа ұпай аралығын көрсетіп – 70,4%, ал 7 студент 151-180 жоғары ұпай аралығын көрсетіп – 23% көрсетті. Орташа арифметикалық шама – 118 – ге тең болды бұл әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 22 2 курс студенттерінің өзін-өзі қабылдау межесінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерінің проценттік көрсеткіштері

1 – төменгі көрсеткіш;

2 – орташа көрсеткіш;

3 – жоғары көрсеткіш.

Сонымен, дамытушы эксперимент нәтижесінде студенттердің өзін-өзі қабылдау межесінің анықтаушы эксперимент нәтижесінен жағымды жаққа қарай өзгергенін байқаймыз.

Енді 4 курс студенттерінің дамытушы эксперимент нәтижесін талдайық. «Ерік күшін бағалау» тесті бойынша 4 курстың 23 студенттің орташа арифметикалық көрсеткіші 21 ұпайға тең.

Ұпайлық көрсеткіш 15-тен 25 ұпай аралығында.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 23 4 курс студенттерінің ерік күшінің көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерінің проценттік көрсеткіші

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғары көрсеткіш.

4 курс студенттерінің 23 (100%) студенттің 15 жоғарғы көрсеткішпен 65%-дық қатынасты, ал 8 студент орташа көрсеткішпен 35%-ды құрады. Ол анықтаушы экспериментке қарағанда жоғары көрсеткіштік деңгейінің жоғарлағанын көрсетеді.

«Шыдамдылықты бағалау» әдістемесінің дамытушы эксперимент қорытындысы бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық шамасы 10,5 – ке тең.

Ол әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Жоғары ұпайлық көрсеткіш 13, ал төменгі көрсеткіш 7 ұпай.

4 курс студенттерінің 10-ы жоғары көрсеткішпен 43% қатынасын құрады, ал 13-і орташа көрсеткішпен 57% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 24 4 курс студенттерінің шыдамдылықтарын бағалаудың анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесіндегі проценттік көрсеткіштері

1 – орташа деңгей;

2 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 4 курс студенттерінің шыдамдылықтарын бағалауда жоғары көрсеткіштің өсу тенденциясын көрсеткенін байқаймыз.

«Табандылықты бағалауға арналған» әдістеменің дамытушы эксперимент қорытындысы бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 11,4 ұпайға тең. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш.

Яғни, пайыздық қатынас 17 студент жоғары көрсеткішпен 76,1% құраса, 6 студент орташа ұпайлық көрсеткішпен 28,4% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 25 4 курс студенттерінің табандылығын бағалаудың анықтаушы және дамытушы эксперимен нәтижесінің проценттік көрсеткіштері

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғары көрсеткіш

4 курс студенттерінің табандылықтарын зерттеу нәтижесінде көрсеткіштерінің өзгеріссіз қалғанын аңғаруға болады.

«Қайсарлықты анықтауға арналған» әдістеменің дамытушы эксперимент қорытындысы бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 12,8 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа деңгей. Ұпайлық көрсеткіштер 8-ден 15 ұпай аралығында.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 26 4 курс студенттерінің қайсарлығының көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы пайыздық көрсеткіші.

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғары көрсеткі

4 курс студенттерінде төмен көрсеткіш көрсеткен студент жоқ, орташа көрсеткіш 11 студент көрсетіп 47%, ал 12 студент жоғары көрсеткішпен 53% құрады, яғни дамытушы эксперимент нәтижесінде көрсеткіштің жоғарлағанын көреміз.

«Тәуекелділікке дайындық» әдістеменің қорытындысы бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 10 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа деңгей.

Ұпайлық көрсеткіштер (-)33тен 32 ұпай аралығында.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 27 4 курс студенттерінің тәуекелге дайындығының көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесіндегі проценттік көрсеткіші

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғары көрсеткіш.

4 курс студенттерінің орташа көрсеткіш 13 студенті көрсетіп, 57%, ал 10 студент жоғары көрсеткішпен 43% құрады.

Анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесінде көрсеткіштер өзгеріссіз қалды.

«Әлеуметтік батылдық» әдістемесі бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 15,3 ұпай. әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлар 10-нан 20 ұпай аралығында.

Студенттердің 9-ы жоғары ұпайлық көрсеткішпен 39%, ал 14 студент орташа ұпайлық көрсеткішпен 61% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 28 4 курс студенттерінің әлеуметтік батылдығының көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші.

1 – орташа деңгей;

2 – жоғары деңгей.

Сонымен, дамытушы эксперимент нәтижесінде студенттердің әлеуметтік батылдылық деңгейі сәл жоғарлады.

«Өзіндік бақылау» әдістемесі бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 40 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлар 35-дан 48 ұпай аралығында. Студенттердің 6-уы – жоғары көрсеткішпен - 26%, ал 17-сі – орташа көрсеткішпен - 74% көрсетті.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 29 4 курс студенттерінің өзіндік бақылаудың көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерінің салыстырамыл пайыздық көрсеткіші.

1 – орташа көрсеткіш;

2 – жоғары көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде студенттердің өзіндік бақылауының жоғары деңгейлік көрсеткіштерінің пайда болғанын көреміз.

«Агрессиялық мінез құлық» әдістемесі бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 17 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлар 15-дан 26 ұпай аралығында. Студенттердің 18-і орташа көрсеткішпен 78,5%, ал 5 студент – төмен деңгеймен – 21,5% көрсетті.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 30 4 курс студенттерінің агрессиялық мінез құлықтың көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесіндегі салыстырмалы проценттік көрсеткіші

1 – төменгі деңгей;

2 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 4-ші курс студенттерінің агрессиялқ мінез-құлық көрінуі төмендеді.

«Ұялшақтықты анықтауға арналған» әдістеме қорытындысы бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 7 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде студенттерің ұялшақтық деңгейі орташа көрсеткішпен 100% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 31 4 курс студенттерінің ұялшақтықты көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесінің салыстырмалы проценттік көрсеткіші.

1- төменгі деңгей;

2- орташа деңгей;

3- жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 4 курс студенттерінің орташа деңгейді көрсеткенін байқаймыз.

«Ұйымдасқандықты анықтауға арналған» әдістемесінің қорытындысы бойынша 4 курстың 23 студентінің орташа арифметикалық көрсеткіші 18 ұпай. Әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш. Ұпайлар 13-тен 28 ұпай аралығында.

23 студенттің 7 студенті жоғары ұпайлық көрсеткішпен 30% ал, 15 студент 65,5% орташа деңгейді құраса, ал студенттерің 1-уі төменгі деңгеймен 4,5% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 32 4 курс студенттерінің ұйымдасқандықтың көрінуінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы проценттік көрсеткіші.

1 – төменгі деңгей;

2 – орташа деңгей;

3 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесі 4 курс студенттерінің ұйымдасқандық деңгейінің сәл жоғарлағанын көрсетеді.

«Өз денсаулығыңызға қалай қарайсыз?» анкетасының қорытындысы бойынша 4 курс 23 студентінің

жоғары 19-28 ұпай аралығында 8-і – 35 %;

орташа 9-18 ұпай аралығында 14 студент – 60,5 %;

төменгі 0-8 ұпай аралығын 1 студент - 4,5 % көрсетті.

Орташа арифметикалық шама – 19-ға тең

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 33 4 курс студенттерінің денсаулық жағдайының анкета бойынша анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесінің салыстырмалы проценттік көрсеткіші

1 – төменгі деңгей;

2 – орташа деңгей;

3 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент барысында студенттердің денсаулық жағдайының жоғарлағанын байқаймыз.

Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі бойынша дамытушы эксперимент нәтижесінде 4 курс студенттерінің реактивті мазасыздық деңгейін зерттеу барысында орташа арифметикалық шама – 46 – ке тең болды.

4 курс студенттерінің 1 -уі төмен деңгейдегі реактивті мазасыздықты көрсетіп 4,5% құрады, ал, 16-і орташа деңгеймен 70% - і, ал қалған 6-уы жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 25,5% құрады.

6 студент жоғары ұпайлық көрсеткішпен 25,5% ал 16 студент орташа көрсеткішпен 70%, 1 студент төменгі көрсеткішпен 4,5% құрады

Ч.Д. Спилберг және Ю.Л. Ханиннің «Реактивті және тұлға мазасыздық деңгейін анықтау» әдістемесі бойынша дамытушы эксперимент нәтижесінде 4 курс студенттерінің тұлғалық мазасыздық деңгейін зерттеу барысында орташа арифметикалық шама – 45 – ке тең болды.

4 курс студенттерінің 1 -уі төмен деңгейдегі тұлғалық мазасыздықты көрсетіп 4,5% құрады, ал, 16-і орташа деңгеймен 70% - і, ал қалған 6-уы жоғарғы мазасыздық деңгейін көрсетіп 25,5% құрады.

Кестеден көріп отырғанымыздай 6 студент жоғары ұпайлық көрсеткішпен 25,5% ал 16 студент орташа көрсеткішпен 70%, 1 студент төменгі көрсеткішпен 4,5% құрады.

Сонымен, дамытушы эксперимент нәтижесінде 4 курс студенттерінің тұлғалық және реактвитік мазасыздықтары бірдей деңгейді көрсетіп, анықтаушы эксперимент нәтижесінің көрсеткіштері өзгеріссіз қалды.

К.Роджерс және Р. Даймондтың «Әлеуметтік психологиялық бейімделу шкаласы» әдістемесінің қорытындысы бойынша 4 курс студенттерінің әлеуметтік психологиялық бейімделу коэфицентінің орташа арифметикалық шамасы 64 ұпайды көрсетті.

Топтың көрсеткіштерінің қорытындысы бойынша келесідей проценттік қатынастарды көрсетті. Әлеуметтік психологиялық бейімделушілік орташа деңгейін 4 курс студенттерінің 7-і көрсетіп 30% құрады, ал студенттердің 17-і әлеуметтік психологиялық бейімделушіліктің жоғары деңгейін көрсетіп 70% құрады.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 34 4 курс студенттерінің әлеуметтік психологиялық бейімделушілігінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижесі бойынша салыстырмалы проценттік қатынасы

1 –орташа деңгей;

2 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде 4 курс студенттерінің әлеуметтік психологиялық бейімделушілігінің жоғарлағанын көреміз.

К.Роджерстің өзін-өзі қабылдау межесі әдістемесінің дамытушы эксперимент нәтижелерінің қорытындысы бойынша 4 курс студенттерінің

1-уі 36-110 дейінгі ұпай көрсетіп 4,5% - төменгі деңгейді көрсетсе,

8 студент 111-150 орташа ұпай аралығын көрсетіп – 35%,

14 студент 151-180 жоғары ұпай аралығын көрсетіп – 60,5% көрсетті. Орташа арифметикалық шама – 141 – ге тең болды. Бұл әдістеме қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш.

Жантанушы студенттердің ерік сапаларының денсаулық жағдайларымен қатысын дамытушы эксперименталды зерттеу нәтижесі - student2.ru

СУРЕТ 35 4 курс студенттерінің өзін-өзі қабылдау межесінің анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелері бойынша салыстырмалы проценттік көрсеткіштері

1 – төменгі деңгей;

2 – орташа деңгей;

3 – жоғары деңгей.

Дамытушы эксперимент нәтижесі 4 курс студенттерінің өзін-өзі қабылдау межесінің деңгейінің жоғарлағанын көрсетеді.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде жантанушы студенттердің ерік-жігерін педагогикалық ахуалды оңтайлы ұйымдастырғанда студенттердің физикалық және психологиялық денсаулық деңгейінің артатынын көрсетті. Олай болса, бітірушілік жұмысының болжамы дәлелденді.

Сыныстар

Студенттердің ерік сапаларының дұрыс ұйымдастырылуы педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің және шаралардың, нақты әдіс-тәсілдерінің көмегімен жүзеге асады.

Ерік сапаларын дамытудың педагогикалық-психологиялық әдіс-тәсілдері ретінде төмендегілерді ұсынуға болады.

Ерікті тәрбиелеудің негізгі педагогикалық-психологиялық тәсілі ретінде библиотерапия немесе кітап терапиясын ұсынамыз.

Библиотерапия – бұл адамда ординарлы емес жағдайларға қарсы тұру қабілеттерін дамытып және дағдыларын қалыптастыруға, ерік күшін нығайтуға, интеллектуалды және білім деңгейлерін «оқу жағдайында синтездеу» негізінде көтеруге бағытталған ғылым..

Кітаптағы оқиға шындыққа ұқсас болған сайын кейіпкермен идентификация жылдамырақ жүреді, оның көмегімен шешімдер жолын іздейді.

Сондықтан, кейіпкері ерік күшін жұмсау арқылы жетістікке жетумен аяқталатын позитивті кітаптар қолдану, ерік жігерді тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық тәсілдері ретінде қарастыруға болады. Ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, студенттерге библиотерапияны ұсынғанда қазақ тіліндегі позитивті аяқталатын көркем шығармаларды, поэзия, жыр, повесть, романдар мен әңгімелерді қолдану тиімді болады.

Ерікті тәрбиелеуде ұжым рөлінің маңызы ерекше ұжымда адамды қоршаған адамдармен және қоғаммен қатынасқа түседі.

Топтағы әртүрлі күшті және әлсіз ерікті адамдармен қарым-қатынасқа түседі осының барлығы адамның еркіне өзіндік бір әсерін тигізеді. Ұжымның жалпы өмірімен, қызығушылықтарымен араласа отырып адам өзінің мінез-құлқын, қызығушылықтарын басқара алу деңгейіне жетеді. Мұның өзі оның ерік жігерінің қалыптасуына әсер етеді.

Сондықтан да, адамның ерік жігерін тәрбиелеудің бір түрі ретінде топта жүргізілетін педагогикалық-психологиялық тренингтерді ұсынуға болады.

Тренинг – жаңа ұғым, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін қолданбалы жалпы оқыту теориясын белгілейді. (Ерментаева А.Р. «Тренинг педагогического общения: этнопсихологический подход». У-Ка 2003, 137 ст. – 27 ст.)

Әлеуметтік психологиялық тренинг ұғымы ғылымға өткен ғасырдың 70-ші жылдары енді. Ал әдебиеттерге жасалған талдаудан біздің еліміздегі психология, педагогика салаларында топтық тренинг тым жаңа техналогия болып табылатыны анықталды. (Шериязданова, Ерментаева «Психология мамандықтары бойынша практикалар 61 б.)

Ю.Н. Емельянов тренингті тұлғаның оқуға қабілетін дамытуда немесе кез келген күрделі іс-әрекетті соның ішінде қарым-қатснасты меңгеру құралы, әдістер жүйесі деп анықтайды.

Тренинг арнайы жаттығулар жүйесі ретінде білім алушылардың күшін біріктіруге, меңгерілген білімдерді қолданудағы байланысты орнатуға, тиімді өзара әрекетті құруға, өзара бақылау және өзара байытылған білімдерге кәсіби маңызды сапалардың қалыптасуына және оларды түзетуге бағытталған (А.А. Вербицкий, Д.Н. Кавтарадзе, Л.А. Петровская және т.б.). Арнайы жаттығуларды педагогикалық шеберлікті, кәсіпкерлікті мұғалімнің кәсіби даярлығындағы интенсификациялаудағы қолдану маңыздылығын И.Д.Багаева, В.С. Грехнев, А.А.Деркач, И.А.Зязюн, В.А.Кан-Калик, Н.В.Кузьмин, Н.Д.Никандров, И.С.Страхов, Х.Т.Шериязданова және т. б. қарастырады.

Тренингтік оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері В.А. Кан-Канкалит, В.А. Ковалев, Л.А. Петровский, Т.С. Яценко және т.б. зерттеулерінде көрсеткен әртүрлі тренингтерді ұйымдастыру және өткізу принципі, мазмұнына Ю.Н. Емельянов, Г.А. Ковалев, С.И. Макшанова, Х.Миккина, Л.А. Петровский, Ю.В. Пахомова, Н.В. Цзен және т.б.; оқу тәрбие процесінде тренингті қолдану әдістемесі Е.В. Кузнецова, Л.И. Новикова, Г.А. Филатова және басқалар; тренингтің құрылымдық элементтері В.И. Бедерханова, А.А. Вербицкий, А.С. Золотнякова, В.В. Кузнецова, Н.Н. Тарасевич және т.б. еңбектерінде қарастырған.

Ал ерікті тәрбиелеудің педагогикалық аспектілерін қарастыруда тренингті еріктің өзін жеке дамыту тәсілі ретінде қарастырамыз.

Тренинг сабақ ұйымдастыру сатысынан басталады. Бұл сатының міндеттері мыналар болып табылады: тренингке қатысушылардың және жүргізушілерінің мақсаттарын анықтап, бір-бірімен сәйкестендіру, қарым-қатынас жасауға қолайлы психологиялық атмосфераның болуын қамтамасыз ету; топта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; топтық жұмыстың барысы мен нәтижесіне жауапкершілікті түсіну.

Осы сатыда әлеуметтік – психологиялық тренингтің принциптері мен топта жұмыс жасау ережелерін таныстыру процедурасы болады. Сонымен қатар мұнда тренингке қатысушылардың әрқайсысының мақсаты айқындалады. Тренинг мақсаты, міндеттері, принциптері, топтық жұмыс ережелері тек мәлімет ретінде баяндалып қана қоймай, қатысушылармен оларды бірлесе талдау қажет. Тек сонда ғана тернингтің әсері тиімді болатындай топтық жұмыс мақсаттары мен нормалары қортылады. Бұл процедураның активиаторы мен инициаторы тренинг жүргізуші – студент –практикант болатыны сөзсіз.

Ұйымдастыру сатысының келесі процедурасы: топ жұмысына қатысушылардың әрқайсысы өздерін айтады, өздері жайлы қысқаша баяндайды. Тренингтік сабақты бір ұжымдағы адамдармен ұйымдастыратын болғандықтан, олар өздерін дәстүрлі түрде есімдері, тегі бойынша таныстырмайды. Олар қалаулары бойынша есімдері, тегі бойынша таныстырмайды. Олар қалаулары бойынша тренинг барысында өздерін қалай атауға болатындығын айтады. Топқа қатысушылар өздерінің әлеуметтік-психологиялық «портретін» береді. Псевдонизм алуға да ерікті болады. Аталмыш процедура тек ақпараттық функция ғана атқармайды. Оның топтық жұмысқа эмоциялық шырай беретіні, қатысушылардың мазасыздығын, ширығуын төмендететіні белгілі болды.

Тренингтің диагностикалық сатысында әрбір тұлғаның оқу әрекетіндегі және қарым-қатынас саласындағы қиыншылықтардың себептері айқындалады. Ол үшін диагностикалық жағы басым жаттығу түрлері таңдалынып алынады. Әрбір жаттығу орындалған соң жеке тұлғалық қиыншылықтардың, мәселелердің пайда болуына, күрделенуіне ортаның және тренингке қатысушының үлесін анықтау мақсатымен талдау жасалады. Мұнда жеке тұлғаның өзінің іс-әрекеттің қандайында болмасын субъект екені айқындалуы керек. Осылайша диагностикалық процедуралар коррекциялық функцияны да атқара бастайды.

Тренингтің келесі сатысы тұлғаның өзін-өзі тауына бағытталады. Мұнда екі бағыттағы топтық жұмыс жүзеге асырылады.

Бірінші – тұлғаның мәселелерінің себебіндегі субъективті сипатты айқындау.

Екіншіден, субъективті қиыншылықтарды топтық жұмыста актуализациялау керек. Осы үшін әр түрлі жұптық, шағын топ негізіндегі тапсырмалар орындалып, топтық формадағы жұмыс ұйымдастырылады. Ол топтық талдаумен қатар жүреді.

Тренингтік сабақтың келесі сатысы өзін-өзі адекватты бағалаудың, өзін-өзі актуализациялаудың, өзін-өзі реттеудің және субъект-субъект негізінде қарым-қатынас жасаудың әртүрлі жасаушыларын аңғаруға бағытталады. Көп жағдайда тақырыпқа байланысты жатығулар, рөлдік сюжеттер, ойындардың психологиялық әсері тиімді болатындығы тағайындалды.

Топтық сабақтың келесі сатысын жетілдіру деп атайды. Тұлға оқу және қарым-қатынас қиыншылықтарын, мәселелерін шешу техналогияларын меңгеру басты мақсат болады. Тренингтік сабақтың соңғы сатысы топтық рефлексиға арналады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, халық денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес, сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек қорғаныс және мәдени әлеумет болып табылады.Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар аударуды талап етіп отыр. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік экономикалық жағдай , тіршілік деңгейі және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына әсерін тигізуде.

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі- «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл- ауқаты» тармағында «... азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған орта таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттілігі көрсетілген. Студенттер мен жастар халықтың белсенді еңбекке қабілетті бөлігін құрайды. Олар еліміздің болашақ экономикалық, қорғаныс және мәдени потенциялы. Біз жастарға қандай білім және мәдениет қалыптастырамыз, олардың денсаулығын қалай сақтаймыз,міне ,тәуелсіз Қазақстанның болашағы осыларға байланысты.

Студенттердің денсаулық жағдайын нығайту олардың бойындағы қуаттылығымен, табандылығымен, шыдамдылығы және тағы басқа ерік сапаларымен тығыз байланысты. Студенттердің бойындағы осы ерік сапалары қоғамымыздың алдыға қойған мақсаттары – физикалық және психологиялық сау тұлға болуларын қамтамасыз етеді.

Психология ғылымында ерік өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тұлғаның ерік сапалары жайлы теориялар бірнеше кезеңдерден тұрады. Ғалымдар Августин, И.Д.Скотт, А.Шопенгауер, Э.Гартман ерікті философиядағы идеалисттік бағыт волюнтаризммен байланыстырса, Б.Спиноза, У.Джеймс ерікті таңдау мен түрткілер арасындағы қайшылықтар мәселесі ретінде қарастырады.

Ал, Г.И.Челпанов, Ф.Лерш, В.Е. Франкл ерікті қиындықтар мен кедергілерді жеңу механизмі ретінде қарастырса, Л.С. Выготский ерікті таңдау еркіндігімен байланыстырады. Осы көзқараста В.М.Аллахвердиев, П.В.Симонов болған. Ерікті мотивациялық тұрғыдан Э.Мейман, С.Л.Рубинштейн, К.М.Гуревич, Л.И.Божович, А.Н.Леонтьев, В.А.Иванников қарастырды. Сонымен қатар ерік мәселесі туралы Қ.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов, Сәбет Бап-Баба еңбектерінде жазылған ерік мәселесі жайлы көзқарастар, эксперименттер теория, әрі практика үшін өте маңызды.

Демек, психологиялық, педагогикалық теория мен практикада ерік сапалары жайлы аз зерттелінбеген көрінеді. Алайда, қазіргі кездегі кәсіби білім алушы студенттердің ерік сапаларындағы өзгерісі, дамуы, жетілуі мәселелері шешілмеген. Ал, енді, жоғары оқу курсына байланысты қазақ студенттерінің ерік сапаларындағы денсаулық жағдайымен қатынасы тіптен дағы тың мәселе болып табылады.Жоғарыда айтылған ойларды жүйелеп, жас буынның ерік сапалары арқылы денсаулықты нығайту өзекті екенін көреміз.

Физикалық және психологиялық денсаулыққа берілген анықтамаларды талдай келе, адамның психологиялық және физикалық денсаулығы оның әлеуметтік ортаға бейімделіп, қоғамда белсенді тіршілік жасауының басты шарты және олардың қалыпты деңгейде болуы ерік сапаларына тәуелді болатындығы анықталды.

Ерік теорияларын қарастырып, талқылау барысында ерік күшінің көрінуі ерік сапаларына байланысты екендігі анықталды. Студенттердің ерік сапаларын педагогикалық психологиялық жетілдіру тәсілдерін дұрыс ұйымдастырғанда оңтайлы нәтиде алуға болатындығы көрсетілді.

Зерттеу жұмысында анықтаушы және дамытушы эксперимент нәтижелері салыстырмалы түрде анықталып, дамытушы эксперимент нәтижесі педагогикалық-психологиялық ахаул оңтайлы болғанда студенттердің ерік-жігерінің көрсеткіштерінің жоғарлағанын көрсетті.

Дамытушы эксперимент нәтижесінде жантанушы студенттердің ерік-жігерін педагогикалық ахуалды оңтайлы ұйымдастырғанда студенттердің физикалық және психологиялық денсаулық деңгейінің артатынын көрсетті. Олай болса, бітірушілік жұмысының болжамы дәлелденді.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Яковлева Н.В. Анализ подходов к изучению здоровья в психологии // Психология и практика. Ежегодник Российского психологического общества. Ярославль, 1998, Т.4. Вып.2. с.364-366.

2. Роджерс К. Взгляд на психотерапию. Становление человека. М., 1994.

3. Здоровье, развитие, личность / под ред. Г.Н.Сердюковой, Д.Н. Крылова, У. Кляйнпетер М., 1990, 360 с.

4. Лисицын Ю.П. Образ жизни и здоровье населения. М., 1982, 40 с.

5. Апанасенко Г.А. Охрана здоровья здоровых: некоторые проблемы теории и практики // Валеология: Диагностика, средства и практика обеспечения здоровья. СПб, 1993, с. 49-60.

6. Психология здоровья / Г.С.Никифоров, В.А.Ананьев, И.Н.Гурвич и др, Под ред. Г.С.Никифоров.– СПб.: Изд-во ун-та,2000.504с.

7. Вестник АМН СССР. 1982. Т.45. №1, с.49-58, №4, с.29-33.

8. Брехман И.И. Введение в валеологию - науку о здоровье. Л., 1987. 125 с.

  1. Баевский Р.М., Берсенева А.П. Донозологическая диагностика в оценке состояния здоровья // Валеология: Диагностика, средства и практика обеспечения здоровья. СПб, 1993, с. 33-48.
  2. Апанасенко Г.А. Охрана здоровья здоровых: некоторые проблемы теории и практики // Валеология: Диагностика, средства и практика обеспечения здоровья. СПб, 1993, с. 49-60.
  3. Валеология человека. Здоровье - Любовь - Красота / Под ред. Петленко В.П. СПб, 1997, Т.5.
  4. «Практическая психология образования» /Под.Ред. И.В. Дубровиной; М.:1997г.
  5. Руководство практического психолога : «Психологическое здоровье детей и подростков в контексте психологической службы» / Под.Ред. Дубровиной; М.: 1995г.
  6. Хухлаева О.В. «Основы психологического консультирования и психологической коррекции: / Хухлаева. Учеб. Пособие для студентов высш. Пед. Заведений.-М.Издательский центр «Академия», 2001.-208с.
  7. Ильин Е.П. Волевые качества и эффетивность деятельности / Ильин Е.П – Ярославль 1977. 267с.
  8. Стреляу Я. Роль темперамента в психическом развитии.М.,1982. 231 с.
  9. Анохин П.К. Философские аспекты теории функциональной системы / Анохин П.К. – Москва. 1978. – 426с.
  10. Алдамұратов Ә. «Жалпы психология» Алматы 1996. 292б.
  11. Аристотель. О душе / Аристотель.Соч в 4-х т. Т1 – М,. 1975. 830с.
  12. Бап-Баба Совет. «Жалпы психология» Алматы 2003. 273б.
  13. Басов М.Я. Воля как предмет функциональной психологии / Басов М.Я. пг., 1922. 262с.
  14. Белов Н.А. возрастная изменчивость как следствие закона взаимодействия частей организма / Белов Н.А. – Вопросы изучения и воспитания личности. – Вып. 4. 1921. 463с.
  15. Бернштейн Н.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности / Бернштейн Н.А. – М., 1966. 288с.
  16. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте / Божович Л.И. – М., 1969. 340с.
  17. Брихцин М. Воля и волевые качества / Брихцин М. – М.1989.
  18. Выготский Л.С. Собр. Соч. / Выготский Л.С – М,.1983. 416с
  19. Гурин В.Е. Особенности понимания воли старшеклассниками / Гурин В.Е. – Рязань, 1970б.
  20. Гурин В.Е. Самооценка волевой активности старшеклассниками / Гурин В.Е. – Рязань, 1970б.
  21. Джемс У. Психология / Джемс У. – М. 1991. 368.
  22. Жарықбаев К. «Психология» Алматы 1982. 328б.
  23. Зейгарник Б.В..Холмогорова А.Б., Мазур Е.С. Саморегуляция поведения в норме и патологии / Зейгарник Б.В..Холмогорова А.Б., Мазур Е.С. – Психологический журнал 1989. №2
  24. Иванников В.А. К сущности волевого поведения /. Иванников В.А – Психологический журнал 1985 №3.
  25. Иванников В.А Психологические механизмы волевой регуляции / Иванников В.А – М.1991.
  26. Иванников В.А Психологические механизмы волевой регуляции / Иванников В.А – М.1998.
  27. Иващенко А.В. О завизимости нравственного воспитания старшеклассников от уровня развития воли / Иващенко А.В – Рязань, 1970 208с.
  28. Ильин Е.П Психофизиология физического воспитания / Ильин Е.П – М. 1980 287с
  29. Ильин Е.П Одаренность, способности, качества – синонимы или разные понятия? / Ильин Е.П Теория и практика физической культуры 1981 №9 302с.
  30. Ильин Е.П Методы изучения эмоционально-волевых процессов, состояний и свойств личности / Симферополь, 1986. 358с
  31. Ильина М.Н. Проявление выносливости и ее компонентов при выполнении различных физических упражнений / Ильина М.Н. – Л, 1974
  32. Ильина М.Н. Обусловленность волевого усилия типологическими особенностями проявления свойств нервной системы / Ильина М.Н. – Симферополь, 1986.
  33. Калин В.К. Некоторые вопросы методики изучения волевой сферы личности / Калин В.К. – Рязань, 1970.
  34. Котырко В.К. Развитие волевого поведения у дошкольников / Котырко В.К. – Киев, 1971.
  35. Котырко В.К. К вопросу о генезисе произвольности психических процессов / Котырко В.К. – рязань, 1974
  36. Ланге А.Н. Психический мир / Ланге А.Н – М. Воронеж, 1996.
  37. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики / Леонтьев А.Н – М.1981
  38. Неймарк М.С. Возрастная и педагогическая психология / Неймарк М.С. – М.1973
  39. Палайма Ю.Ю. Опыт исследования относительной силы мотива и формирования соревновательной установки у спортсменов / Палайма Ю.Ю. – М.1973
  40. Петяйкин И.П. Связь проявления решительности с типологическими особенностями нервной системы / Петяйкин И.П. – Л. 1975
  41. Петяйкин И.П. Проявления смелости и решительности спортивными гимнастами / Петяйкин И.П. – Л.1975
  42. Пиаже Ж. Избранные психологические труды / Пиаже Ж. – М.1969.
  43. Пристли Д. Философское учение о необходимости / Пристли Д. – м.1968 560с
  44. Рапохин Н.П. Исследования эмоционально-волевой устойчивости в условиях значимой деятельности. / Рапохин Н.П – Психологический журнал.1981 №5
  45. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. / Рубинштейн С.Л – М. 1946; СПб., 1999. 720с.
  46. Рудик П.А. Психологические основы морально-волевой подготовки спортсмена / Рудик П.А. – М. 1962
  47. Рудик П.А Психология / Рудик П.А – М. 1967
  48. Селиванов В.И. Воля и воспитание / Селиванов В.И – М. 1976
  49. Селиванов В.И волевая регуляция активности личности / Селиванов В.И Психологический журнал 1982. №4
  50. Селиванов В.И Основные подходы к психологическому исследованию волевой активности личности. / Селиванов В.И – Рязань, 1986
  51. Симонов П.В. Мотивированный мозг / Симонов П.В. – М. 1987. 160с.
  52. Смирнов Б.Н. К вопросу о психологических механизмах воли / Смирнов Б.Н. – М.1983
  53. Смирнов Б.Н. воля / Смирнов Б.Н. – М. 1984
  54. Узнадзе Д.Н. Психологические исследования / Узнадзе Д.Н – М. 1966
  55. Фещенко Е.К. Возрастно-половые особенности самооценки волевых качеств / Фещенко Е.К. – СПб.1999
  56. Фракл В. Человек в поисках смысла / Фракл В. – М.1990
  57. Эйдман Е.В. Волевая регуляция деятельности в условиях предельных физических напряжений. / Эйдман Е.В. – М.1986
  58. Ерментаева А.Р. Тренинг педагогического общения: этнопсихологический подход / А.Р. Ерментаева, У-Ка.: 2003, 137 ст.

67. Шериязданова Х.Т.,Ерментаева А.Р. Психология мамандықтары бойынша практикалар / Х.Т.Шериязданова, А.Р. Ерментаева Өскемен – 2004, 120б.

68. Столеренко Л.Д. Педагогическая психология / Л.Д. Столеренко Ростов на Дону – 2003, 544с.

69. Сосновский Б.А. Лабараторный практикум по общей психологий / Б.А. Сосновский М., 1979 – 157с.

70. Столяренко Л.Д. Основы психологий, / Л.Д. Столяренко 2-ое изд. – Ростов на Дону: Феникс, 1997. 376 с.

71. Хрестоматия по возрастной педагогической психологии / Под. ред. И.П. Ильясова В.Я. Ляудис. М. 1980

72. Энциклопедия психологических тестов. Общение, лидерство, межличностные отношения. М., 1997.

73. Стивен С.С. «Экспериментальная психология». – Москва., 1960

74. Суходольский Г.В. «Основы математической статистики для

психологов». – Ленинград., 197

75. Мейман Э. Интеллегентность и воля. / Мейман Э. – киев, 1917

76. Мясищев В.Н. Об экспериментальной диагностике так называемого усилия / Мясищев В.Н. – Л, 1930

77. Пуни А.Ц. Проблема произвольной регуляции двигательной деятельности в спорте. / Пуни А.Ц. – Теория и практика физической культуры , 1966 №1

78. Челпанов Г.О. О свободе воли / Челпанов Г.О – Мир божий 1897 №11-12

79. Чхаидзе Л.В. Координация произвольных движений человека в условиях космического полета / Чхаидзе Л.В. – М. 1965

80. Чхартишвили Ш.Н. Место потребности и воли в психологии личности. / Чхартишвили Ш.Н. – Вопросы психологии 1958 №2

81. Чхартишвили Ш.Н. Проблема воли в психологии / Вопросы психологии 1967 №4

82. Рогов Е.И. Эмоция и воля/И.Е. Рогов, М.: 2001 – 240с.

ТІРКЕМЕ А

Ерік күшін өзіндік бағалау

1. Сізге қызық болмаса да, уақыт пен жағдай бастаған істі тоқтатып қойып, артынан қайта айналуды көтерсе де оны аяқтауды күйіңіз көтере ме?

2. Жағымсыз бір нәрселерді істеу керек болғанда мысалы демалыста кезекшілік атқару тағы сол сияқты ішкі қарсылықты көп күш жұмсамай ақ жеңе алдыңыз ба?

3. Тұрмыстағы немесе ұжымдағы қақтығыстық жағдайда оған максимальді обьективтілікпен қарай алатындай дәрежеде өзіңізді қолға ұстауға шамаңыз келе ме?

4. Егер сізге диета сақтау керек болса, кулинарлық тәуекелділікті жеңе аласыз ба?

5. Кешкісін жоспарлағандай ертесінде күндегіден ертерек тұра алуға күшіңіз жете ме?

6. Куә ретінде мәлімет беру үшін оқиға болған жерде қалар ма едіңіз?

7. Хаттарға тез жауап бересіз бе?

8. Егер ұшақпен ұшу немесе тіс емдеу кабинетіне бару сізге қорқыныш тудырса, онда ешбір қиналмай-ақ осы сезімді жеңе алып, дәл соңғы сәтте алған бетіңізден қайтпас па едіңіз?

9. Сіз дәрігер ішуге міндеттеген аса жағымсыз дәріні ішесіз бе?

10. Сізге орындауға біраз бейнет әкелсе де, абайламай қызбалықпен берген уәдеңізде тұрасыз ба? Басқаша айтқанда сіз сөздің адамысыз ба?

11. Егер қажет болса көп ойланбай-ақ бейтаныс қалаға сапарға шығасыз ба?

12. Ояну, тамақтану, үй жинау сияқты істер бойынша уақытты мұқият бөліп, оны қатаң ұстайсыз ба?

13. Кітапханаға қарыз болатындарды қоштамайтындар қатарына жатасыз ба?

14. Ең қызық телехабар жедел және маңызды жұмысыңызды кейінге шегеруге ықпалын тигізе ме?

15. Қарсы жақтың сөздері қалай жәбірлесе де дауды үзе қойып, үндемей қоя аласыз ба?

ТІРКЕМЕ Ә

Шыдамдылықты бағалау әдістемесі

1) Егер мен ауыр жұмысты орындауда шаршасам, ол істі доғарамын.

2) Қызықсыз әңгімені оқуға менің шыдамым жетпейді.

3) Мен ұзақ кезекте тұруды ұнатпаймын және аяғын тоспай кетіп қаламын.

4) Мен ауруға ұзақ шыдай аламын, мыс: тісім ауырса.

5) Әдетте мен шөлге ұзақ шыдаймын.

6) Мен ұзақ аштыққа шыдамас едім, мысалы, аурудан жазылу үшін, арықтау керек болса.

7) Мен денешынықтыру сабағында шаршасам, жаттығу жасауды тез тоқтатамын.

8) Мен қызықсыз жұмысты аяғына дейін жеткізбей, сирек тастаймын.

9) Әдетте «істегім кемейді» арқылы жұмыс істету қиын.

10) Шаршағаныма қарамастан, бастаған жұмысты аяғына жеткіземін.

11) Мен өз өзімді қинап істейтін, ауыр күш жұмсайтын жұмыстарды орындағанды ұнатамын.

12) «Мен шыдамдымын» - деп сенімділікпен айта аламын.

13) Шаршағандығыма қарамай, жүгіру кезінде жоғары қарқынды ұстауға талпынамын.

14) Аялдамада тұрып ұзақ уақыт көлік тосу, егер мен асықпаған жағдайда да мені өте тітіркендіреді.

15) Ауруға мен шыдамсызбын.

16) Мен өзімді әлсіз ерікті ретінде санағым келмейді, сондықтан әрқашан бастаған ауыр істі аяғына дейін жеткізеді.

17) Мен мына қағида бойынша әрекет жасаймын «Жұмысты бастадың ба, аяғына дейін жеткіземін».

18) Мен «шыдамдылық пен еңбек бәрін жеңеді» - деп есептеймін, жұмысты қажымай, ақылмен істеу керек.

ТІРКЕМЕ Б

«Қайсарлықты бағалау» әдістемесі

1) Егер керек болған жағдайда, мен қызықсыз, бір бейнелік жұмыстарды аяғына дейін орындаймын.

Наши рекомендации