Практикалық сабақтар мазмұны

Семинар. Ғылым ретіндегі психология пәні.

Тапсырма

1. Психологияның басқа ғылымдармен өзара байланысы.

2. Психология ғылымының салалары.

3. Психологиялық ғылыми-зерттеу әдістері.

4. Психология психиканың көрінісінің формалары туралы ғылым ретінде.

Әдістемелік ұсыныс: Психологиялық әдебиеттерді оқу барысында психологияның басқа ғылымдармен байланысына көңіл бөліңіз, психология ғылымының салаларының немен айналысатынына назар аударыңыз. Инженерлік психологияның дамуы, қазіргі кезде атқаратын қызметін қарастырыңыз. Психология пәні және зерттеу әдістеріне тоқталыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Психология ғылымы нені зерттейді?

2. Психологияның негізгі бөлімдерін атаңызПсихологиялық зерттеу әдістерін атаңыз.

3. Инженерлік психология нені зерттейді?

Семинар. Психология ғылымының даму тарихы.

Тапсырма

1. Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің дамуы.

2. Орта Азия мен Шығыста психологиялық ілім негіздері.

3. Этнопсихологияның туындау қайнар көздері.

4. Қазіргі заманғы психология ғылымы мен практикасы.

5. Ресей ғалымдарының психология ғылымының дамуына қосқан үлестері (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн и др.)

6. XX ғасыр психологиядағы негізгі бағыттар.

Әдістемелік ұсыныс: теориялық әдебиеттер негізінде психологияның ғылым ретінде туындауы мен дамуына көңіл бөліңіз. Қазақстанда психологияның дамуына назар аударыңыз, қазақстандық бұрынғы және қазіргі ғалымдармен танысыңыз. Шетел психологиясының негізгі бағыттарымен (бихевиоризм, гештальтпсихология, психоталдау) танысыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің даму кезеңдері.

2. XX ғасыр психологиясының негізгі бағыттарын сипаттаңыз.

3. Отандық психологияның қазіргі кезеңде даму деңгейі қандай?

4. Психологияның дербес ғылым болып бөлінуіне не себеп болды?

Семинар. Психика мен сананың дамуы.

Тапсырма.

1. Жануарларда психика мен құлықтың даму кезеңдері мен деңгейлері (Леонтьев-Фабри бойынша)

2. Адамның миы мен психикалық процестері (У.Р.Лурия)

3. Адам санасының табиғаты.

4. Психика көрінуінің психофизиологиялық ерекшеліктері.

5. Ми қызметінің психофизиологиялық ерекшеліктері және оның психикалық процестер мен адамның күйіне әсері.

Әдістемелік ұсыныс: психологиялық әдебиеттен психика, сана, бейсанаұғымдары туралы қарастырыңыз. Адам психикасы қызметінің физиологиялық негіздеріне, психиканың адам миының қызметімен, жүйке жүйесімен байланысына назар аударыңыз. Психиканың рефлекторлық табиғатын талдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Жанды және жансыз табиғаттағы бейнелеудің деңгейі мен формасын атаңыз.

2. Не бүкіл ағзаның әрекет орталығы болып табылады?

3. Перифериялық жүйке жүйесіне не жатады?

4. Сол жақ жарты шар қандай қызмет атқарады?

5. Психика дамуын биогенетикалық тұрғыдан қарастыруды не сипаттайды?

Семинар. Жеке адам психологиялық талдау объектісі ретінде.

Тапсырма.

1. Индивид, даралық, тұлға ұғымдары мазмұнындағы айырмашылықтар.

2. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер етуші факторлар.

3. Жеке тұлға теориялары.

4. Жеке тұлғаның биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы.

Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты меңгеру барысында Индивид, даралық, тұлға ұғымдарын нақты айыра білу керек. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер етуші факторларды қарастырып, қай фактор жетекші екендігін өздігінше анықтау керек. Сонымен қатар классикалық жеке тұлға теорияларын қарастырып, осы теорияларға қатысты өз көзқарасын қалыптастыру қажет. Жеке тұлғаны биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Жеке тұлға ұғымы деп не түсініледі?.

2. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары.

3. Жеке тұлға теорияларының біріне талдау жасаңыз. Сіз келісесіз бе жоқ па№ жауабыңызды негіздеңіз.

4. Жеке тұлға биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі ретінде.

Семинар. Іс-әрекетті психологиялық талдау.

Тапсырма.

1. Іс-әрекет құрылымы.

2. Білім, іскерлік және дағды, оларға сипаттама.

3. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктері.

4. Шығармашылық міндеттерді шешу кезеңдеріне сипаттама.

5. Техникалық шығармашылық.

Әдістемелік ұсыныс: психологиялық тұрғыдан кез-келген іс-әрекеттің қандай элементтерден тұратынын қарастырыңыз. Білім, іскерлік және дағдының айырмашылықтарына және олардың қалыптасуына назар аударыңыз. Инженерлік іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін қарастырыңыз. Техникалық шығармашылық және шығармашылық міндеттерді шешу кезеңдерін меңгеріңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Іс-әрекетке анықтама беріңіз.

2. Іс-әрекет құрылымын құрастырушы элементтерді анықтаңыз.

3. Инженерлік іс-әрекетті зерттеу пәні.

4. Инженерлік шығармашылықтың дамуына қандай әдістер көмектеседі?

5. Инженерлік шығармашылық түрлерін анықтаңыз.

6. Іс-әрекеттің тиімділігін не анықтайды?

Наши рекомендации