Герцбергтің ынталандырушылық гигиенасының теориясы

А. Маслоу бойынша қажеттіліктер пирамидасы.

Ынталандырудың мазмұнды теориялары бірінші кезекте, әсіресе жұмыстың көлемі мен мазмұнын анықтауда адамдардың сұранысын анықтайды. Ынталандырудың қазіргі концепцияларының негіздерін салуда Абрахам Маслоу, Фредерик Герцберг еңбектері үлкен маңызға ие болды.

Басқарушылары адамның қажеттіліктерінің күнделікті және олардың ынталандыруға әсері туралы еңбегінен білген бихевиористердің бірі А.Маслоу болып табылды.

Онымен құрастырылған кең танымал қажеттіліктердің иерархиясы келесі негізгі ойлар мен алғы шарттарды кіргізеді:

  • адамдар үнемі қандай да қажеттіліктерді сезеді;
  • адамдар бөлшек топтарға біріккен күшті белгіленген қажеттіліктер жинағын бастан кешіреді;
  • қажеттіліктер тобы бір-біріне қатысты иерархиялық түрде орналасқан;
  • қажеттіліктер қанағаттандырылмаса, адамды іс-әрекеттерге түрткілейді. Қанағаттандырылған қажеттіліктер адамдарды қайта ынталандырмайды;
  • егер қажеттілік қанағаттандырылса, оның орнын басқа қанағаттанбаған қажеттілік басады;
  • көп жағдайда адам бір-бірімен жинақтылық қатынаста болатын бір уақытта бірнеше әр түрлі қажеттіліктерді сезеді;
  • «Пирамиданың» негізіне жақын тұрған қажеттіліктер ең бірінші ретте қанағаттандыруды талап етеді;
  • жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктер төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттанған соң адамға белсенді түрде әсер етуді бастайды;
  • төменгі деңгейдегі қажеттіліктерге қарағанда жоғарғы деңгейдегі қажеттіліктердің көп санымен қанағаттанулары қажет.

Қажеттіліктер пирамидасы — адамның қажеттіліктерін сипаттайтын иерархиялық модельдің жалпы атауы. Ол америкалық психолог Абрахам Харольд Маслоу1943 ж. "Psychological Review" журналында басылып шыққан "Адамның мотивациясының теориясы" ("A Theory of Human Motivation") мақаласында алғашқы рет қажеттілік иерархиясын бейнелеген.Маслоудың теориясына сәйкес қажеттіліктердің бес тобы бар:

1.Физиологиялық қажеттіліктер. Олар адам организмінің тамаққа, суға, жылуға, ұйқыға деген қажеттіліктері.

2.Өзіне физиологиялық және психологиялық факторларды кіргізетін қауіпсіздіктегі қажеттілік. Адам денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтап қалу үшін жарақаттанудан қашық болуға тырысады. Адам қауіпсіздікте және жинағының сақталуында психологиялық қажеттілікті сезеді. Қажеттіліктің осы түрі адамдарды өрттен сақтану келісімдерін жасауға немесе өзінің ақшасын банкте сақтауға итермелейді.

3. Әлеуметтік топқа жату қажеттілігі. Адам басқалардың жағынан достық қатынасты қажетсінеді және белгілі әлеуметтік топқа жатуға тырысады.

4.Сыйластық қажеттілігі өзіне өзіндік құндылық сезімінде, сыйласу және топтың басқа мүшелерінің жағынан қадірін арту қажеттілігін енгізеді. Көптеген басқарушылардың іс-әрекеттерінің себебі болып дәл осы қажеттілікті қанағаттандыруға тырысу табылады.

5.Өзін таныту қажеттілігі-өзінің мүмкіндіктерін толық көрсету, ол адамның оған деген басқалардың көзқарастарына қарамай өзімен-өзі болуға ұмтылу.

Герцбергтің ынталандырушылық гигиенасының теориясы - student2.ru

А. Маслоу пирамидасы

Қажеттіліктерді құру теориясы әрбір қажеттіліктердің табиғаты қандай деген сұраққа жауап бермейді. Бұл теорияның негізгі міндеті адамды ынталандыруға қажеттіліктің әсер етуінің белгілі динамикасын біле отырып адамға әсер ету оған белгілі дәрежеде өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беруін көрсетуге ұмтылу болып табылады. Бұл теория қазіргі басқару теориясы мен тәжірибесінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Бірақ өмір осал жерлері бар екенін де көрсетті.

Біріншіден, қажеттіліктер көптеген жағдайлы факторларға байланысты түрліше көрінуі мүмкін (жұмыстың мазмұны, ұйымдағы жағдай, жас, жыныс және т.б.). Екіншіден, бір топ қажеттіліктің басқа қажеттіліктің артынан Маслоу «пирамидасы» көрсеткендей, жүруі міндетті емес. Үшіншіден, жоғары деңгейдегі қажеттіліктердің қанағаттануы олардың ынталандыруға әсер етуді әлсіздендіруге әкелуі міндетті емес. Осы ережеден басқа оның қанағаттану дәрежесіне қарай ынталандыруға өзінің әсерін әлсіздете және тіпті күшейте алатын өзін көрсету қажеттілігі болып табылады. Өзін таныту және өзін көрсету қажеттілігі осы қажеттілікті қанағаттандыру процесіндегі ынталандыруға күшті әсерін тигізе алатынын тәжірибе көрсетті.

Герцбергтің ынталандырушылық гигиенасының теориясы.

Маслоудың теориясын дамыта отырып, еңбек экономикасы облысындағы американдық психолог және маман Фредерик Герцберг 50-ші жылдардың екінші жартысында қажеттіліктерге негізделген тағы да бір ынталандыру моделін дамытып шығарды. Герцбергтің нәтижелеріне сәйкес, егерде олардың әрекеттері жеткіліксіз болған жағдайда адамды еңбек етуге қуантудан айыратын факторлар бар, бірақ та, олардың әрекеттері адамға бағытталған болса, олар сол қуанышты шақыруға қабілетті. Мысалға, еңбек орны қараңғы, лас және тартымсыз болса, онда еңбекке ұмтылу қысқара бастайды. Егерде ол таза және эргономикалық жағынан таза болса, тек осы есебінен-ақ еңбекке деген ынта пайда бола бастайды. Герцберг бұл факторларды «гигиеналық» топқа жатқызады. Бұлардан басқа нағыз еңбек қызметін белсенді ететін факторлар да бар. Сонымен қатар жетістікке жету және онымен байланысты таным сезімі де ерекше роль ойнайды. Бұл жерде Маслоудың өзін жетілдіру есебімен сәйкестік параллелі байқалады. Еңбек процесінің өзі де маңызды болып табылады: тартымдылық, ынтаны туғызу қабілеттілігі және көрсетуге берілетін мүмкіндігі.

Герцбергтің ойынша, жұмысшының еңбекпен қанағаттануға көмектесетін факторларға келесілер жатқызылуы мүмкін:

1) еңбек жетістіктері;

2) еңбегінің танылуы;

3) еңбек процесінің өзі;

4) жауапкершілік деңгейі;

5) қызметтегі өсу;

6) профессионалды өсу.

Герцбергтің теориясына сәйкес, бұл 6 факторларының біреуінің бар болуы немесе олардың барлығы адамның еңбек пен қанағаттану дәрежесі жоғарылаған соң еңбек мінез-құлқының жағымды себептерін күшейтеді.

Еңбекпен қанағаттануға кедергі жасайтын факторларға Герцберг келесілерді жатқызады:

1.жұмысты сақтап қалу кепілдіктері;

2.әлеуметтік статус;

3.компанияның еңбек саясаты;

4.еңбек жағдайы;

5.тікелей бастықтың қатынасы;

6.жеке өзіндік бейімділіктер;

7.өзара қарым-қатынастар;

8.еңбекақы.

Наши рекомендации