Карл Густав Юнг: тұлғаның аналитикалық теориясы

Жоспар:

1. Тұлғаның құрылымы.

2.Тұлғаның динамикасы.

Негізгі ұғымдар: тұлғаның құрылымы, тұлғаның динамикасы, зерттеу әдістері.

Карл Юнг (1875-1961) психоаналитикалық бағыттың көрнекті өкілі.Швеция психологы, психиатры. Психоанализдің аналитикалық психология деп атаған бағытының негізін қалаушы. Бұл пәндермен қатар Юнг философия, теология мәселесімен терең айналысты. Юнг өз кәсібі әрекетінің басынан бастап-ақ психикалықтың бейсаналы жемістері олардың субъект үшін мәні туралы сұрақтармен айналысты. Бейсаналы сфераға эндопсихологиялық функциялар арқылы жақындаймыз. Санадан тыс процестерді тікелей бақылау мүмкін емес,ұжымдық бейсаналы деңгейдің мазмұны архетиптер құрайды. Архетиптер Юнг бойынша саналы жанның негізі- эмоциялардың нұсқауларының жүйесі. Архетиптер негізгі мифологиялық мотивтер бар. Адам психологиясындағы ұжымдық бейсаналы сфераға, сондай-ақ тарихи қалдықтар мен естеліктер енеді. Адам өз психологиясының ең терең қабатында жеек индивид болып қалмайды. Олардың психологиялық жаны бүкіл адамзат психологиясымен бірігіеді. Барлық адамның психологиялық фундаменталды құрылымы бірдей. Алдымен ұжымдық одан кейін барып индивидуалды бейсаналы сфера, одан кейін сана сферасы қалыптасады. Архетиптер қандай- да бір образ болып көрінеді. Архетипке тән «персона» «анимус».

«Персона» (маска) – ол белгілі бір әлеуметтік рөл және қоғамда өзін көрсететін жолы. Юнг бойынша персона сондай-ақ конформдылық архетип болып табылады.

«Анимус» (рух)- индивидуалды бейсаналы бөлімнің құрамы. Индивид үшін жағымсыз, санадан тыс деңгейге ығыстырған адамның өзінің ер адаммен әйел адамның ретіндегі түсінігі.Әйел адамда маскулеттік мазмұнға ие. Юнг бойынша әрбір ер адамда өзінің терең бейсаналы сферада әйел ретіндегі ,ал әйел адамда ер адам ретіндегі образ бар. Бұл образ бейсаналы болған,бұл реалды өмірде өзі таңдаған ер адамға проекцияланады.

1. Саналы бөлім.

2. Индивидуалды саналы бөлім.

3. Ұжымдық бейсаналы бөлім.

Фрейд шәкірттерінің бірі - К.Юнг ұстазымен келісімге келе алмай бөлек бағытпен кеткен болатын. Оның себебі: Фрейдтің пансексуализм идеясында. Екеуінің арасындағы күрес материалдық емес, идеалистік позицияларда жүргізілген. Юнг өз жүйесін “аналитикалық психология” деп атаған.

Юнг бойынша адам психикасына 3 деңгей кіреді:сана, жеке бейсаналық және ұжымдық бейсаналық. Адамның тұлға құрылымында анықтаушы роль атқаратын ұжымдық бейсаналық бұрын бүкіл адамзат есте қалдырған іздерден түзіледі. Ұжымдық бейсаналық жалпы сипатта. Ол тұлғаға әсер етіп, туылғанынан бастап өзін өзі қалай ұстауын белгілейді. Ұжымдық бейсаналық та өз кезегінде түрлі деңгейлерден тұрады, ұлттық, нәсілдік және жалпы адамзаттық тағылыммен анықталады. Ең терең деңгей адамның жануар болған ата-тегінің тәжірибесінен қаланған. Сонымен, Юнгтың анықтамасы бойынша ұжымдық бейсаналық - біздің көне ата-тегіміздің ақыл-парасаты, олардың өмір мен әлемді, құдай мен адамды тану жолдары.

Ұжымдық бейсаналық жеке адамдарда архетиптер түрінде көрініс береді. Ондай архетиптер тек түстерде емес, шынайы шығармашылықтан да табылады. Архетиптер жеке адамдарға тән болғанымен оларда ұжымдық бейсаналық бейнеленеді. Архетип болып табылатын ойдағы елестетулердің жалпы формаларына эмоционалдылықтың елеулі элементі, тіпті перцептивті бейнелер де кіреді. Мысалы, ананың архетипі- өз анасына ұқсатылған сезімтал және бейнелі мазмұны бар ана идеясы. Бұл архетипті бала ата-тегінен дайын күйінде алып, оның негізінде өз анасының нақты бейнесін құрады.

Юнг бойынша ұжымдық бейсаналықтан басқа жеке бейсаналық та бар, бірақ ол санадан бөлектенбеген. Бұрын ақыл сарапынан өткен, түсінікті болғанымен кейін ұмытылған немесе естен шығарылған күйзелістер жеке бас ақыл-ессіздігін құрайды. Белгілі жағдайда олар түсінікті болуы мүмкін.

Жеке бейсаналық құрылымдық бірліктері – сезімдер, ойлар және естеліктер констелляциясы. Юнг бұларды кешендер деп атаған (мысалы, үлкен билікті иемденуге ұмтылу -билік кешені болады).

Юнг мұнымен қоса “Мен” ұғымын енгізген. Ол адамның біртұтастыққа және ауыз бірлікке ұмтылуын білдіреді. Оның арқасында саналы мен бейсаналықтың арасында тепе-теңдік орнайды. “Мен” әртүрлі болып көрініс беруі мүмкін. Ол көрініске тәуелді адамдарды белгілі типтерге ажыратуға болады.

Тұлға типтерін жіктеу негізіне Юнг адамның өзіне және объектіге бағытталуын қояды. Осыған орай барлық адамдар экстраверттер және интроверттер болып бөлінеді. Бұлардан басқа қосымша типтер: интуитивті, ойшыл, эмоционалды. Тұлға типін анықтайтын түрлі арақатынастағы функциялардың көбісі туа біткен. Сондықтан Юнг бойынша тұлға типтері дегеніміз бұл қоғам өмірінің жағдайларымен байланысы жоқ туа біткен типтер.

Өз заманында Фрейдпен келіспей бөлек жолмен кеткен шәкіртінің бірі – А.Адлер, жеке бас психологиясының негізін қалаушы. Ол Фрейдтің биологиялық теориясына қарсы шыққан. Адлер адамның бойындағы табиғи инстинкттерді емес, қоғамдық сезімді бағалап, оны “қоғамдық сезім” деп атайды. Ол сезім туа біткенімен оны әлеуметтік дамыту керек. Фрейдтің адамды туғанынан агрессивті, оның дамуы биологиялық қажеттіліктермен детерминденеді дегенімен Адлер тіпті келіспейді.

Сонымен қатар, Адлер Фрейд айтып кеткен тұлғаны 3 инстанцияға бөлу идеясына да қарсы шығады. Адлердің түсінігі бойынша тұлға құрылымы біртұтас, ал тұлға дамуындағы детерминантылығы – адамның басымдылыққа ұмтылуы. Алайда адамның бәрі оған ұмтылмайды. Дене мүшелері дамуында ақаулар болуы себебінен немесе кейде кішкентай кезінде қолайсыз әлеуметтік жағдайда сәтсіздігіне адам өзінің кемтарлығын сезіне бастайды. Осы тәріздес сезімдерді жою мақсатымен сан алуан компенсация түрлеріне жүгінеді.

Тұлғаның құрылымы. Тұлға немесе жан өзара байланысқан дифференциалданған жүйелерден тұрады, маңыздылары: эго, жеке бастық бейсаналықтар мен оның комплекстері, коллективті бейсаналық оның архетиптері, персоналар, анима мен анимус, көлеңке. Олардан басқа ішкі ыңғайланулар болады: интроверсия мен экстроверсия және олардың функциялары: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция, тұлғаның барлық орталығы өзіндік болып табылады.

Эго бұл саналы ақыл, саналы перцепциялардан, еске түсірулерден, ойлардан, сезімдерден тұрады. Эго идентификациялану сезімі мен үздіксіздік сезіміне жауап береді, индивидуалды адамның көзқарасы сананың орталығы болып саналады. Жеке бастық бейсаналық. Бұл эгоға жанасқан аймақ, санада болған бірақ ығыстырылған, жаншылған, ұмытылған, мойындалмаған бастан кешкендер, егерде көріне бастаса сана деңгейінде әсер беру үшін өте әлсіз болады. Жеке бастық бейсаналықтың мазмұны Фрейд айтқан сана алды күйіне ұқсайды, сана оған жете алады, жеке бастық бейсаналық пен эгоның арасында күшті «екі жақты қозғалыс» жүреді.

Комплекстер. Комплекстер ол ұйымдасқан топ немесе жеке бастық бейсаналықта болатын сезімдердің, ойлардың, перцепцияның, еске түсірулердің констелляциясы, оның ядросы болады, магнит сияқты барлық әртүрлі констенцияланған бастан кешкендерді өзіне тартады.

Мысалы аналық комплекс болады, ядросы анасымен байланысты нәсілдік бастан кешіру негізінде пайда болады, атап айтқанда балалық бастан кешкендер. Анасына қатысты ойлар, сезімдер, еске түсірулер ядроға тартылып комплекстер құрайды. Ядро және көптеген ассоциацияланған элементтер кез келген уақытта олар бейсаналы болады, алайда кез келген ассоцация жекелеп саналы ассоциация бола алады.

Коллективті бейсаналық. Коллективті бейсаналық немесе трансперсовалды бейсаналық күшті әсері мықты психикалық жүйе, паталогиялық жағдайларда эго мен жеке бастық бейсаналықты қорғайды. Коллективті бейсаналық ата-бабадан берілген жасырын еске түсірулердің қоймасы, тұқым қуалаумен берілген өткен нәрселер тек нәсілдік тарих ғана емес, әрі адамға дейінгі және жануарлардың тәжірибелері.

Коллективті бейсаналық көптеген өткен ұрпақтардың бастан кешкендерінің негізінде пайда болатын адамның эволюциялық дамуын тұқым қуалаудан алғандары. Ол индивид өміріндегі жеке бастық жағдайынан толық ажыратылған сондықтанда универсал болып табылады, Юнгтің ойынша коллективті бейсаналықтың универсал болатыны адамдардың барлығының ми құрылысының бірдей болуын айтады.

Нәсілдік еске түсірулер немесе репрезентациялар тұқыммен берілмейді, біз тек алдыңғы өткен ұрпақтардың тәжірибелерін қайталау мүмкіндігін ғана аламыз. Ол біздің бейімдіктеріміз, әлемге белгілі бір жағдаймен бірдей реакция жасаймыз. Коллективті бейсаналық тұлғалық құрылымның туа берілген нәсілдік негіздемесі, онда эго, жеке бастық бейсаналық және басқада индивидуалды игергендер өседі.

Адам өзім тәжірибем деп санағандардың бәрі коллективті бейсаналық болып табылады, олар мінез-құлыққа әсер етеді. Туа берілген виртуалды бейнелер объективті әлеммен идентификацияланған перцепциялар мен идеяларға айналады. Бейсаналықтың екі аймағы жеке бастық және коллективті адам үшін мәні зор болады. Симптомдар, фобиялар, иллюзиялар және басқада иррационалды құбылыстар алыстатылған бейсаналық процестерден туындайды.

Архетиптер. Коллективті бейсаналықтың құрылымдық компоненттері әртүрлі аталады: архетиптер, доминанттар, алғашқы бейнелер, имаго, мифтік бейнелер, мінез-құлық паттерндері. Архетип мәнді эмоциялық элементі бар универсал ойлау формасы (идеялар).

Осы ойлау формалары әдеттегі сергек өмірдегі саналы ситуациялардың кейбір аспектілеріне сәйкес бейнелер мен көрулерді жасайды. Мысалы ана архетипі ана бейнесімен жасалып, кейін реалды анамен идентификацияланады.

Қысқаша айтсақ бала генетикалық ананың алдыңғы қалыптасқан концепциясын тұқым қуалаудан алады. Архетиптер коллективті бейсаналықта міндетті түрде бір-бірінен бөлінбейді, олар өзара бір біріне өтеді, араласады.

Мысалы батыр архетипі ришалық туғызған «король философ» бейнесін тудырады. Архетиптер комплектердің ядросы бола алады, бастан өткендерге тартылады. Архетип санаға ассоциацияланған бастан өткендер арқылы өте алады. Мифтар, түс көрулер, көрулер, ритуалдар, діни түсініктер, невротикалық және психикалық симптомдар, өнер туындылары көптеген архетиптік материалдарды береді.

Коллективті бейсаналықта көптеген архетиптер болады, олардың көпшілігі туу архетиптеріне, қайта өрлеу, қайтыс болу, билік, сиқырлық, тұтастық, батырлық, бала архетиптеріне идентификацияланған. Архетиптердің тұлға ішіндегі жүйелеріне персона, анима, анимус, көлеңке жатады. Персона. Персона ол маска, адам әлеуметтік шарттардың, дәстүрлердің талаптарына жауап үшін, ішкі архетипті қажеттіліктеріне жауап үшін киеді.

Ол адамға қоғам беретін рөл, қоғамдық күтулерге сәйкес адам оны өмір бойы орындайды. Масканың мақсаты басқаларға белгілі бір әсер қалдыру ол жиі үнемі болмасада адамның шынайы табиғатын жасырады. Персона ол көпшілік тұлғасы, әлеуметтік шарттан тыс тұрған өзінің меншікті тұлғасына қарсы қоғамдық пікір мен өзіне жапсырып қойған жақтары.

Индивид өзінің шынайы меншікті сезімдерін емес ойнайтын рөл сезімдерін ұғынады, сол персонамен идентификацияланады. Ол жеке автономды адам болудың орнына қоғамның бейнесі бола бастайды. Персона дамитын ядро ол архетип, ол да басқа архетиптер сияқты нәсілдік тәжірибеден шығады, тәжірибелер әлеуметтік өзара әрекеттен әлеуметтік рөлдерді қабылдау адамдар үшін пайдасын беретін әлеуметтік жануарлар ретінде қызмет етеді. (Кейбір аспектілерде персона Фрейдтің суперэгосын еске түсіреді).

Анима және анимус. Көп жағдайда адам табиғаты бойынша бисексуалды жануар деп мойындалады. Физиологиялық деңгейде ер адамдар гармондары мен әйелдер гармондары деп бөлінеді. Психологиялық деңгейде екі жыныста да маскулинді әрі феминді сипаттамалар табылады. Ер адамдағы феминдік жақпен әйелдердегі маскулиндік жақтарды Юнг архетиптерге жазады.

Ер адамдағы феминді архетип анима деп аталады, әйелдердегі маскулиндік архетип анимус деп аталады. Бұл архетиптер хромосомалармен, жыныстық бездермен шарттана алады, олар әйелдермен байланысты ер адамдық нәсілдік бастан кешірулердің өнімі болып табылады және керісінше әйелдерде болады.

Басқаша айтсақ ер адам әйелмен өмір бойы тұрып феминді ал әйелдер маскулинді бола бастайды. Бұл архетиптер әрбір жыныста тек қарама-қарсы қырларды ғана емес олар әрі коллективті бейнелер болып табылады, соның арқасында әрбір жыныстағылар басқаларды түсінеді.

Ер адам әйел табиғатын өзінің анимасы арқылы, ал әйелдер ер адамды өзінің анимусы арқылы сезінеді. Алайда анима мен анимустар бір бірін түсінбеуге де әкеледі. Коллективті бейсаналық талаптары мен сыртқы әлемнің реалдылығы арасында компромис болуы керек, әйтпесе адам жеткілікті түрде адаптация жасай алмайды.

Көлеңке. Көлеңке архетиптері эволюция барысында адамдардың өмір сүрудің төменгі формалардан тұқым қуалаумен алған жануар инстинктері. Адам табиғатын, жануарлық жағын жандандырады. Көлеңке архетиптері санадағы мінез-құлық пен мінез-құлықтағы жағымсыз әлеуметтік қолданбаған ойлар, сезімдер, әрекеттер үшін жауапты болады.

Өзіндік (самость). Бұл архетип әртүрлі символдарда көрінеді, оның ең маңыздысы мандала немесе сиқыр шеңбер. Өзіндік ол тұлғаның орталығы оның төңірігіне басқа жүйелер топтанады, сол жүйелерді бірге ұстап тұлғаның бірлігін, теңдігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзіндік ол өмір мақсаты адамдар оған үнемі ұмтылады, алайда оған бәрі жете бермейді.

Ішкі бағдарланулар. Юнг екі ішкі бағдарлану немесе тұлға бағдарлануын ұсынады олар экстраверсия және интроверсия ішкі бағдарланулары. Экстравертті ішкі бағдарланулар адамды сыртқы, объективті әлемге бағдарлайды, интровертті ішкі бағдарлану ішкі, субъективті әлемге бағдарлайды. Тұлғада бір біріне қайшылықты екі ішкі бағдарлануда болады, олардың бірі үстемдік етеді, саналы болып табылады. Эго әлемге қатысты экстравертті болса, онда тұлғалық бейсаналық интровертті болады.

Функциялар.Төрт фундаменталды психологиялық функция бар: ойлау, сезімдер, түйсіну мен интуиция. Ойлау идеялы және интеллектуалды болады. Сезімдер бағалаушы функция, субъект үшін позитив не негатив болатын заттардың құндылығын анықтайды. Сезім адамға функция ретіндеқанағаттану, ауру, ашу, қорқыныш, қуаныш, қайғы береді.

Түйсіну, перцептивті және реалды функция. Ол нақты мәліметтер береді. Интуиция бейсаналы процестер мен мазмұндар негізінде болатын қабылдау. Ойлау мен сезімдер рационалды функциялар, түйсіну мен интуиция иррационалды функциялар. Төрт функцияның біреуі үстемдік жасайды оны жоғарғы функция деп атайды. Ең дифференциалданған фуннкция төменгі функция деп аталады ол бейсаналыққа ығыстырылады.

Тұлғаның динамикасы. Психикалық энергия. Биологиялық жүйелер ретіндегі организм энергиясы. Психикалық энергия барлық виталды энергиялар сияқты метаболилік дене процестерінен туындайды. Юнг өмірлік энергия либидоны психикалық энергияның эквиваленті ретінде қолданды. Психикалық энергия гипотетикалық конструкт, нақты субстанция немесе феномен емес, ендеше оны өлшеуге немесе көруге болмайды.

Психикалық энергия потенциалды немесе актуалды күштер ретінде өз көрінісін табады. Тілектер, ерік, сезім, зейін ұмтылулар тұлғаның актуалды күштері, бейімділік, бейім болу, тенденция, ішкі бағдарлар тұлғаның потенциалды күштері болып табылады.

Психикалық құндылықтар. Тұлға элементіне кірген психикалық энергияның мөлшері құндылықтар болып табылады. Құндылықтар зорланудың өлшемдері.

Комплекстердің күші. Бақылау мен тестер саналы құндылықтарды анықтайды, ал бейсаналық құндылықтарды анықтай алмайды. Юнг комплектердің күшін анықтаудың үш әдісін көрсетті: бақылау және аналитикалық дедукция; комплекстердің индикаторларын табу; эмоциялық көрінудің интенсивтілігін өлшеу.

Комплекстер ылғи сырттай көріне бермейді, ол түс көргенде, түсініксіз құбылыстарда да көрінеді. Комплекстердің индикаторы ол мінез-құлықтың кез келген бұзылуы, мысалы жаңылысу «әйелім» деудің орнына «шешем» деп айтады. Ситуацияға эмоциялық реакцияның интенсивтілігі комплекстердің күштерінің басқа көрсеткіштері.

Эквиваленттілік принципі. Юнг психодинамиканы скі принциппен түсіндірді экиваленттілік және энтропия принциптері. Экиваленттілік принципі физикадағы термодинамиканың I-заңына сәйкес келеді. Қандайда бір құндылық жоғалып кетсе немесе әлсіресе психикалық энергия жоғалмайды ол жаңа құндылықтарда қайтадан жанданады. Энергия үздіксіз тұлғаның бір жүйесінен басқасына өтеді ол түлғаның динамикасын құрайды.

Энтропия принципі. Термодинамиканың II заңы сияқты энтропия принципі бойынша психикадан энергияның бөлінуі бір балансқа, тепе-теңдікке ұмтылады. Соның идеалды көрінісі ол өзіндік күй.

Энергиялардың қолданылуы. Тұлғаның энергиялары екі мақсатқа қолданылады: бір бөлігі өмірді жалғастыру үшін қолданылады оған туа берілген инстинкті функциялар жатады (тамақтану немесе жыныстық). Артып қалған энергиялар мәдени немесе рухани іс-әрекетте қолданылады. Тұлғаның дамуы. Каузалдылық және телеология. Тұлға янус сияқты бір жағы өткенге бір жағы болашаққа қарайды, сол арқылы тұлғаны толық тани аламыз. Каузалдылық пен телеология Юнгтің ойынша ойлаудың таңдамалы тәсілдері ғана, ғалымдар оларды табиғи феномендерді реттеу үшін қолданады. Каузалдылық пен телеология табиғатта табылмайды. Адамдарда жағдайдан еш шыға алмайтын сезімдер берсе ал кейбір адамдар өз өткен кезеңдерінің тұтқындары болады, жасалғанды өзгертуге болмайды, финалды ішкі бағдарлар адамдарға үміт береді, сол үшін өмір сүру керек деген ойға әкеледі.

Синхрония. Юнг каузалдылықпен, телеологиямен байланысы жоқ синхрония принципі туралы айтты. Бір адам туралы ойласаң, айта бастасаң сол адам жетіп келеді («кімді айтсаң сол келеді»). Юнг оны телепатиямен паранормалды феномендерге сүйенеді. Юнг әлемде себептілік принципі бар дейді. Синхрония феномендеріне архетиптер табиғаты жазылады. Сипаты бойынша психоидты яғни әрі психологиялық эрі физикалық болады. Тұқымқуалаушылық. Тұқымқуалаушылық биологиялық инстинктерге жауап береді, өзін сақтау мен өндіруге жауапты. Инстинктер адамның жануар жақтарын құрайды. Ата-бабаның бастан кешкендерін қайталау туа берілетін архетиптер болып табылады.

Даму сатылары.Фрейдтен айырмашылығы сол Юнг даму сатыларын туғанына бастап есейгенге дейінгі кезеңдерді жазбайды. Ерте жаста либидо белсенділік тірі қалу үшін соған инвестицияланады. Бес жасқа дейін сексуалды құндылықтар көрініп жеткіншек жасында өз шыңына жетеді. Жасөспірім мен жас кезде негізгі өмірлік инстинктер мен виталды процестер үстемдік етеді.

Жас адам энергиялы, импульсивті, ынтыққыш әлі де болса басқалардан тәуелді болады. Отыз жасқа таман қырық жасқа таяу кезде құндылықтар жүйесі ауысады. Жасөспірімдік қызығулар мен ұмтылулар көбірек мәдени бола бастайды, биологиялық жағы азаяды. Орта жастағы адам интровертті бола бастайды, импульсивтілігі азаяды. Даналық пен өткірлік физикалықтың орнына ақыл-ой энергиясына әкеледі. Тұлғаның құндылықтары әлеуметтік, діни, азаматтық, философиялық символдарға сублимацияланады, адам рухани болады.

Прогрессия және регрессия. Даму не прогрессивті не регрессивті болады. Регрессияда тұлғаның саналы эгосы сыртқы ортаның талаптарына қанағаттандырумен және бейсаналықтың қажеттіліктерімен келіседі, Эгоның объективті құндылықтары субъективтілікке трансформацияланады. Регрессия прогрессияның антитезі.

Индивидуация процесі. Адам тұрақты бірлікте даму тенденциясына ие деп көрсетті Юнг. Дамудың негізгі мақсаты өзіндік таратылу. Кедергілер көп болса тұлғаның жүйкесі жұқара береді. Тұлға дені сау және интеграциялануы үшін әрбір даму жүйесі дифференциалдану мүмкіндігіне ие, соған жету процесі индивидуация процесі деп аталады.

Трансцендентті функция. Индивидуация процесінің арқасында ішкі түрлену жүзеге асады, дифференциалданған жүйелер трансцендентті функциялар арқылы интеграцияланады. Трансцендентті функцияның мақсаты адамның мәнін ашу, тұлғаны оның «барлық аспектісінде» тарату.

Тұлғаның басқа күштері әсіресе ығыстырулар трансцендентті функцияларға қарсыласады, бейсаналық сферада қозғалыс жасайды. Бейсаналық қозғалыстар түс көруден, мифтерден тағы басқалардан көреміз, солардың бірі мандала символы. Мандала санскриттен алынған сөз шеңбер дегенді білдіреді. Мандала батыс дінінен де шығыс дінінен табылған.

Сублимация жэне ығыстыру. Психикалық энергиялар ауыса алады. Бір процестің жүйесінен басқасына өте алады. Ауысу эквивалент жэне энтропия сияқты базалық динамикалық принциптердің арқасында боллады. Осы ауысу процесін индивидуация мен трансцендетті функциялар атқарады, оны сублимация деп атайды. Сублимация жабайы, дифференциалданбаған, инстинкті процестердің энергиясын жоғарғы мәдени, рухани дифференциалданған процестер энергиясына ауыстырады.

Энергиялардың таралуы инстинкті немесе сублимациялы каналдармен жабылса онда олар ығыстырылады. Ығыстырылған энергия сақталу принципі бойынша мүлдем жоқ болып кетпейді ол әрірек ығыстырылады. Яғни бейсаналықта орын табады, қосымша энергия алған бейсаналық саналы эгоға қарағанда үлкен зарядка ие болады. Бұл энергия энтропия принципіне сәйкес эгоға қарсы шығып рационалды процестерді бұзады.

Жоғары энергияланған бейсаналық процестер ығыстыру арқылы шығуға тырысады, егерде ол шықса адам өзін иррационалды жэне импульсивті жағдайға әкеледі. Сублимация мен ығыстыру сипаттары бойынша бір біріне қарама-қарсы болады. Сублимация прогрессивті, ығыстыру регрессивті болады. Сублимация психиканы алдыға жылжытады, ығыстыру артқа жылжытады. Сублимация рационалды, ығыстыру иррационалды, сублимация интегративті, ығыстыру дезинтегративті болады.

Символизация. Символдарға юнгтік психология екі функция береді: бір жағынан фрустрацияланған инстинкті импульстардың талпынысын береді, басқа жағынан архетипті материалдарды жандандырады. Символдардың рөлдерінің бірі импулстерге қарсыласу. Символдар психиканың репрезентациясы. Символдардың екі аспектісі бірі ретроспективті инстинктерді жетекшілікке алады, басқасы просективті, адамның соңғы мақсатымен байланысты екеуі де бір ғана тізбектің екі звеносы болып табылады.

Зерттеу әдістері.Комплекстерді эксперименттік зерттеу. Юнг сөздік ассоцациялар әдісі мен эмоцияларды физиологиялық өлшеуді үйлестіруге ұмтылды. Бұл әдістер пациенттердің комплекстерін табуға арналды. Стимулды сөзге жауап берудің созылуы тыныс алу мен тері кедергісінің өзгерістері бойынша сөз комплекстерді қозғады деп санады.

Оқиғалар. Юнг салыстырмалы әдісті пайдалана отырып тарих, мифология, дін оқиғаларын салыстырып олардан фантазиялар мен түс көрудің архетиптерін іздеді («Психология жэне алхимия т.б.).

Мифологияларды, дінді салыстырып зерттеу. Юнг мифологияға, дінге, алхимияға, астрологияға көп көңіл бөлді. «Психология және алхимия» деген еңбегінде Юнг пациенттің көптеген көрген түстерінің үлкен сериясын алды. Түстерді интерпретациялап, Юнг символдардың арасында паралелльдер болады, орта ғасырдағы алхимиктердің қозғаушы күштері сол пациенттің қозғаушы күштерімен бірдей болады деп қорытындылайды.

Түс көру. Фрейд сияқты Юнгта түс көруге көп кеңіл белді. Олардыпроспективті және ретроспективті мазмұндары бойынша көрді, «үлкен түстер» дегенді бөліп көрсетті, онда көптеген архетипті бейнелер болады деп санады.

Амплификация әдісі. Түс көрудің белгілі бір аспектілерін зерттеу үшінЮнг бұл әдісті жасады, еркін ассоцациялар әдісіне мүлдем ұқсамайды, түс көруші адам элементтерге көптеген ассоцациялар береді. Юнг сонымен қатар түс көрулер сериясын талдау әдісі мен белсенді қиял әдісін де қолданды.

Аналитикалық психологияны талдау. Юнгианды психологияны жақтаушылар өте көп, әсіресе практикада жүрген психоаналитиктер, олар оның психотерапевтік әдістерін көп қолданады. Юнг Фрейд пен оның мектебінің психоаналитиктерінен көптеген қарсыласуды көрді. Олардың ойынша архетиптер тәжірибе терминдерінде суреттелді, ал оны туа берілетін тұқымқуалаушылықпен байланыстыру абсурд деп санады.

Аналитикалық психология психологтар жағынан фрейд мектебі сияқты көп сынға ұшыраған жоқ. Психология аналитикалық теорияны неге көзге ілмеді, оны көптеген әлем психологтары оларға құрмет көрсетседе, ең басты бір оның себебі, аналитикалық психология клиникалық, тарихи, мифологиялық, алхимиялық, діни, медитация, мистицизм, окультизм материалдарында негізделеді, эксперимент арқылы бекімеді. Осыған қарамастан Юнгтің аналитикалық теориясы қазіргі заман ойшылдарының бір ең тамаша жетістіктері болып табылады. Фрейдтен кейін «жан» туралы ашық батыл айтқан Юнг болды.

Сондай-ақ швейцар ғалымы, З.Фрейдтің бұрынғы шәкірті Карл Густав Юнгтің теориясы да өте атақты, өзі кейін меншікті адам психикасы жалы идеялар жүйесін жасады. Адам үшін барлық қоршағандар оның тәжірибесінде беріледі. Сондықтанда К.Юнгтің ойынша ең адал идеялар субъективті болып табылады.

Юнг фрейдизмнен кетті, бейсаналық биологиялыққа апарылмайды деп санады. Оның пікірінше, бейсаналық алдыңғы ұрпақтың психикалық тәжірибесінде беріледі, мінез-құлық типтер, эмоциялық реакциялар, спонтанды фантазия бейнелері, түс көрулердің қосындылары деп анықталды.

Юнгтің екінші бір басты идеясы ол бүтіндік идеясы. Ол интуиция бүтіндігі болды, Жан автономды фактор, онда бейсаналық санамен қатар амалсыз өмір сүреді деп санады. Жан өзінің заңдылықтарына ие, психикалық бүтіндік ол бейсаналық пен сана. Бейсаналық табиғи, автоматты мақсатқа сәйкес процесс, ол жанның бүтіндігі үшін қолданылады.

Бейсаналық ол энергия символдарда көрінеді. Бейсаналық реттелмеген құбылыс, санамен бағытталады, одан тыс өмір сүреді, оның тілегі бейсаналықтың мазмұнын қалай бар солай көру. Бейсаналықтың реттелген әрекеті архетиптердің болуымен анықталады, олар өткен бейнелер, мәдениетіне, даму деңгейіне қарамастан барлық адамға тән болады.

Осы мифологиялық сюжеттердің, мотивтердің қайталануы Юнгты коллективті бейсаналықта болатын кейбір бейсаналық өткен бейнелер болады деген ойға итермеледі. Архетиптер өмірге мифологиялық мотивтер түрінде болатын түсініктер комплексін шақырады. Архетиптер бейсаналықта болатын белгілі бір принциптердің бір жағдайларда белсендірілгендердің жинағы ретінде өмір сүреді және санаға энергетикалық ағындар ретінде шығуға ұмтылады.

Юнгтің түсінуі бойынша архетиптер өзбеттілі болудың белгілі бір дәрежесі, ал сана творчестволық еркіндік ретінде болады. Архетип символикалық формаларды қабылдай алады, стереотипті реакциялар мен әрекет қабілетінде көріне алады. Юнг бойынша тұлғаның қалыптасуы индивидуация болып табылады, яғни коллективті негізден өзіңнің меншікті психикаңды бөліп алу.

Адамның рухани тууы, психикалық өзбеттіліктің пайда болуы, адамның дамуға қабілетті болуы осының бәрі индивидуацияның мәнін береді. Өкінішке орай жаңа адамның санасының дамыған, Юнгтің ойынша, индивидуация, даму үшін қолданылмайды. Индивидуация санада өтеді, оның нәтижесі сана деңгейінің өскені болып табылады.

Сананың жоғарғы жағына жарып шыққан мазмұнды ұғыну, оларды саналы жасау санаға күш беретін негіз ретінде қарауға болады. Бейсаналықтың болатынын мойындамау, бейсаналықтан келетін энергияны қабылдамау сананың диссоциациясын шақырады. Бұл коллективті бейсаналық стихиясында еріп кету болып табылады.

Психикалық ауру ол бейсаналықтың автономды мазмұнын реалды объект ретінде қабылдау болып табылады. «Тұлға» туралы айтқанда онда «индивидуалдылық» дегенді түсінеміз, алайда бұл контекстте Юнг әлеуметтік масканы ұйғарады, яғни әлеуметтік әрекетте табылатындарды айтып отыр, ал оның артында коллективті бейсаналық тығылып тұр дейді.

Бұл индивидуалдылық емес, индивидуацияның нәтижесі емес. К.Г.Юнг, тұлғаның дамуы жайлы айта отырып, бүтіндіктің пайда болуы мен тәрбиелеу шарттарын, адам индивидуалдылығы жайлы қарастырды. «Тұлға» өмір барысында біртіндеп дамитын ол бір туылған тұқым емес. Анықталусыз, бүтіндіксіз тұлғаның жетілуі көрінбейді. Осы үш қасиет балаға тән емес, себебі солар арқылы ол балалықтан айырылмауы керек.

Ешкімде тұлғаны тәрбиелей алмайды, егер ол өзі тұлға болмаса... Тұлға біздің өмір сүруіміздің бүтіндігін толық тарату, ол қол жетпейтін идеал. Алайда қол жетпеушілік идеалға қарсы болатын себеп емес, сондықтанда идеалдар бір басқа нәрсе, жолды көрсетуші, бірақ мақсат емес...».

Юнг бойынша тұлға қандай да бір дамуға ұмтылудан емес, қажеттіліктен байланысты дамиды: «тұлғалық даму акциясы ол бөтенге көзқарас, атағы шықпаған мекеме, тура жолдан ауытқу.... ешкімге ұқсамайтындай болуға тырысу. Өкінішке орай тұлға адамзаттағы атақты геройлар, оларға құрмет, махаббат, таң қалуға шақырады. Нағыз тұлға өзінің қолданылуына ие болады... Тұлғаның масштабы аз болған сайын, ол соғұрлым үлкен дәрежеде анықталмайтын және бейсаналы болады.

Қырық жастағы Карл Густав Юнг толысқан ойшыл, тәжірибелі дәрігер- психотерапевт болды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы сұрақтарға жауапты ол әртүрлі проблемаларды бар пациенттерді бақылаудағы арасан зор тәжірибесінен, өзінің достары мен таныстардын бақылаудан, өзін-өзі бақылаудан іздеді. Бұлардың нәтижесінде «Психологиялық типтер» атты кітапті дүниеге келтірді. Ол кітап 1921 жылы Цюрихте шықты. Бұл кітап талассыз адам туралы ғылымда жаңа бағытты көрсетті. Бірақ өкінішке орай бұл бағытты бірде-бір психолог ұстанбады. Бұл бағытпен Юнгтың өзі де жүрмеді. Ол маңызды, бірақта анық көрсетілмеген болжамдарға тоқталды. Өте қысқартып алынғанда Юнгтың идеясы төмендегідей. Өзінің практикасынан ол адамдар екі қарама-қарсы болатын топтардан турады деп ажыратқан. Бұл айырмашылықтарды интроверсия пен экстраверсия деп атады.

Интроверт –саны шектелген объектілерді қарастыруға қабілетті, үнемі оңашаланып жүретін сыртқы объектілерден аумақ болатын адам.

Экстраверт керісінше көп объектілерді қамтиды, әртүрлі жағдайларға жеңіл ыңғайланатын қоршаған адамдармен ештеңеден қорықпай тез тіл табысатын адам.

Бұл қасиеттерден басқа ғалым қарама-қарсы ой мен сезім деп көрсетті. Кез-келген

Адам интроверт немесе экстраверт, ойланғыш немесе сезімге сүйенгіш, интуитивті немесе нақты білгіш деп болжады.

Ғалым барлық адамдарды үш рет екі топқа бөліп функциялардың үш жұбы бойынша сегіз психологиялық типті сипаттаған.2х2х2=8

Экстраверт----------------------------------------------------------------------Интроверт

Сенсорик-----------------------------------------------------------------------------Интуит

Логиктер----------------------------------------------------------------------------Этиктер

Шизотим--------------------------------------------------------------------------Циклотим


Атақты ағылшын ғалымы Томас Юнгтің серпімділік модулі кез-келген инженерге техниканы меңгерген студенттерге, белгілі материалдың мықтылығын сынауда, құрылыс механикасында бұл параметрсіз ештеңе ештене істеленбейді. Бірақта К.Г.Юнг Томас Юнгтан 100 жыл кейін тұған. Ол аналитикалық психологияда өзінің атындағы тұрақтылық шамасын ойлап тапқан. Салыстырмалы түрде оны адам материалының шыдамдылығын өлшеуде, қоғамның құрылыс материалында, топ-топқа бірігу процесінде қолданылады деуге болады. Осы екінші Юнгтің модулі университтерде жүйелі зерттелмеді, жарты ғасыр бойы оны ешкім түсінбеді, ұмытылып бара жатты. Ал бұл модульдің шын мәнінде бірінші Юнгтың модуліне қарағанда маңызы зор, себебі механикалық көпірді кез-келген адам сала алмайды және адамдар арасындағы қарым-қатынас көпірін кез-келген адам сала алмайды. Техникалық қателіктер салдарынан тұрғын үйлер, күрделі құрылыстар құлайды. Ол қателіктер үшін кінәлілер жазаланады. Ал адамдар арасындағы тұлғааралық қателіктер білінбейді, жазаланбайды, себебі біз психологиялық аварияларға аз көңіл бөлеміз.

Наши рекомендации