Семинар. Адамның психикалық қасиеттері

Тапсырма.

1. Темперамент және адамның іс-әрекетінің ерекшеліктері.

2. Балалық шақтағы мінездің қалыптасу ерекшеліктері.

3. Қабілеттің жыныстық ерекшеліктері, оларды ғылыми тұрғыдан түсіндіру.

4. С.Л.Рубинштейн бойынша қабілет құрылымы. Оның қалыптасу кезеңдері.

5. «Шығармашылық қабілет» ұғымының мәні. Гилфорд теориясы.

Әдістемелік ұсыныс:тақырыпты қарастыру барысында темпераменттің мәнін, яғни оның жоғары жүйке жүйесі типіне негізделуін қарастыру кажет. Адамның мінезі деген не және ол қалай қалыптасатынын түсіну керек. Қабілет, оны дамыту жолдарын талдаңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Темперамент типтерін психологиялық тұрғыдан зерттеуді сипаттаңыз (Э.Кречмер, Гиппократ, И.П.Павлов және т.б.)

2. Темперамент кәсіби қызметке қалай әсер етеді?

3. Жеке тұлғаның дара-психологиялық ерекшеліктерінің кәсіби қызмет аясына әсері.

4. Темперамент пен мінездің айырмашылығы.

5. Адамның темпераментін өзгертуге бола ма?

Семинар. Даму психологиясы пәні, мәселелері және зерттеу әдістері.

Тапсырма.

1. Даму психологиясының міндеттері.

2. Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

3. Даму психологиясының әдістері.

4. Даму психологиясының негізгі категориялары: өсу, жетілу, дифференциация, үйрету, әлеуметтену.

Әдістемелік ұсыныс:тақырыпқа дайындық барысында ғылымның бұл саласы дамуды сипаттауға, оны түсіндіруге, дамуды болжауға, түзетуге бағытталғандығына назар аударыңыз. Даму психологиясы фундаментальды теориялық пән болып есептеледі, алайда ол білімдер қолданбалы аяда пайдаланылатынын қарастырыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Даму психологиясы қандай қызмет атқарады?

2. Даму психологиясында қандай негізгі әдістер қолданылады

3. Даму психологиясы пәніне сипаттама беріңіз.

Семинар. Психикалық дамудың жастық кезеңдері

Тапсырма.

1. Психологияда даму ұғымы.

2. Дамудың жастық кезеңдеріне сипаттама (Д.Б.Эльконин бойынша студенттік жас).

3. Әртүрлі кезеңдерге бөлуді тарихи талдау.

4. Л.С.Выгодскийдің жас кезеңдерін жіктеуі.

Әдістемелік ұсыныс: Психологияда даму және қалыптасу ұғымдарына тоқталыңыз, дамудың жастық кезеңдеріне талдау жасаңыз, оның ішінде студенттік жастың психологиялық ерекшеліктеріне назар аударыңыз. Жас аралығын қандай өлшемдер негізінде бөліп қарастырылатынына тоқталыңыз, сіздің ойыңызша олар қаншалықты объективті.

Бақылау сұрақтары:

1. Жас аралық кезеңдері деген не?

2. Жас аралық кезеңдер негізіне қандай өлшемдер енгізілген?

3. Даму деген не?

4. Д.Б.Эльконин қандай жас аралықтарын зерттеді?

Семинар. Бастауыш мектеп және жеткіншектік кезеңде психикалық дамудың ерекшеліктері.

Тапсырма.

1. Кіші мектеп жасында даму жағдайлары.

2. Оқу іс-әрекетін қалыптастыру.

3. Бастауыш мектеп оқушысы тұлғасының дамуы.

4. Жеткіншектік дағдарыс сипаттамасы.

5. Жеткіншектің есею түрлері. Өзіндік сананың туындауы.

Әдістемелік ұсыныс: тақырыпты меңгеру барысында аталған жас аралығының шегін анықтау және әр жас аралығының мәнін, сол кезеңде қандай негізгі өзгерістер болатынын түсіну керек. Әр жас кезеңінде не басты және маңызды екеніне назар аударыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Сіз бастауыш мектеп оқушысының ата-анасына осы жаста не нәрсеге көңіл бөлу керектігіне кеңес берер едіңіз?

Жеткіншектің ата-анасына не айтар едіңіз? Жеткіншекпен арақатынасты қалай жақсартуға болады?

15 семинар.Жасөспірімдік кезеңде психикалық даму ерекшеліктеріТапсырма.

1. Жасөспірімдік кезеңдедүниетанымның қалыптасуы.

2. Жасөспірімдік кезеңдегі өзіндік сана және «Мен» бейненің ерекшеліктері.

3. Жасөспірімдік кезеңде зияткерлік аясының кеңеюі.

4. Жасөспірімдік кезең дағдарысының сипаттамасы.

Әдістемелік ұсыныс: Жасөспірімдік кезеңге адамның өмір жолы контекстінде назар аударыңыз, аталған кезең адам өмірінде қандай рөл орындайтынына мән беріңіз. Жастық шекараларын түсіну маңызды.

Бақылау сұрақтары:

1. Жасөспірімдік кезеңдегі орталық жаңа түзілімдер.

2. Жасөспірімдік кезеңнің әлеуметтік аясына сипаттама.

3. Жасөспірімдік кезеңдегі әлеуметтік рөлдер.

Психология және адам дамуы» пәнінен оқытушының басшылығымен студенттердің өз беттерінше атқаратын жұмыстарының мазмұны СОӨЖ және орындалуға арналған әдістемелік нұсқау

Оқытушылардың студенттермен жүргізетін өздік жұмыстарының мақсаты – онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын өздік жұмыстары олардың шығармашылық қабілеттерінің шыңдалуына, психологиялық әдіс - тәсілдерді терең меңгеруге мүмкіндік туғызады.

Студенттердің оқытушымен бірлесіп орындайтын өздік жұмыстарының тақырыптары көрсетілген. Сонымен қатар орындалу формалары да берілген және әр тақырып бойынша әдістемелік нұсқау көрсетілген.

Наши рекомендации