Жасөспірімдердің өтпелі кезеңдегі ата-аналар арасында туындайтын жанжал

Бүгінгі таңда отбасылық дағдарыстардың шиеленісуі, оның ішінде әке мен баланың, анасы мен қызының тіл табыса алмау мәселелері, нәтижелерінде қақтығыстардың, үйден кету жағдайлардың мысалдарына жиі кезігіп жүрміз. Оның зардаптары, жалпы жас қоғамымыз үшін, айқын көрінуде. Оған себеп, отбасылық жылулыққа, татулыққа деген саналы көзқарастың жетіспеушілігі, мәдениеттің төмендігі. Мұның өзі уақыт талабына сай ізгіліктік негізінде отбасылық жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру қажеттілігі мен психология практикасында бұл мәселенің жеткілікті зерттелмеуі арасында қарама-қайшылықты тудырады.

Осы айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының көкейкестілігін көрсетеді.

Жасөспірім өзге жастағыларға қарағанда педагогтар мен тиісті әдебиеттерде көп әңгімелес болып, жие көтеріледі. Себебі, бұл кезеңде оның психикалық даму ерекшеліктері жас бала мен ересектерге қарағанда әлде қайда өзгеше болады .Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік жеткіншек барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен ақыл – кеңесінен құтылғысы келеді. Жасөспірімнің ересектен айырмашылығы тек үлкен адамдар мен қарым-қатынасының өзгеше келетінінде емес, сонымен қатар биологиялық дамуы (жыныс,т.б. жетілуі) жағынан кеңінен өріс алатындығында.

Ал, жалпы алғанда жасөспірім тым өзгеше сипатта болады. Мысалы, жасөспірім төменгі сыныптарда оқып жүргенде үйге берген тапсырманы тек жаттап алатын болса, жасөспірім жасында үй тапсырмасын өз сөзімен түсінікті етіп айтуға талпынады. Кейбір жасөспірім жастағылар осы кезеңде бұрынғы қалпынан үлкен адамдармен қарым-қатынаста болғанда мейірімді, сыпайы келсе, енді өрескел түрде, яғни тәртіп бұзуға икем келеді.

Жасөспірім «бәрін өзім істей аламын», «сендер мені әлі бала деп ойлайсыңдар» деп наразылық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Ересектер құсап іске ұмтылғанымен, сол істі орындаудағы мүмкіншілігі кіші мектеп жасындағылардай. Жасөспірімдердің осы сияқты қасиеті қазірде де және өткен дәуірлердің жасөспірімдеріне де бірдей тән. Мұнымен қатар бүгінгі заман жасөспірімдері үлкен адамдардың талабына оңайлықпен көне кетпейді.

Себебі, біріншіден, қазіргі кезде оқушылардың көпшілігінің соның ішінде жасөспірім жасындағының көбінесе оқудан басқа айналысатын тапсырмасы жоқ. Ата-аналар жасөспірім оқу тапсырмасын орындай алмайды деп, үй шаруасынан босатады. Екіншіден, радио арқылы ересектерге арналған хабарларды естіп, не фильмдерді көріп, соларға еліктейді. Үшіншіден, әсіресе қаланың жерде жасөспірім өзімен қатар, не үлкен балалармен танысып, солардың жарамсыз әдеттеріне еліктейді.

Ал жасөспірімнің бала кезеңінен ересек кезеңіне ауысуы психологиялық тұрғыдан жаңа сапа, бірақ осыған ауысудың себебі, сол болып келген психикалық дамудың салдарынан: егер үлкендер жеткіншекті бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бұл екі арадағы дәл келмеушілік қайткенде де жеткіншектің дамуына әсер ете алады.

Әдетте, жасөспірімдерді тәрбиеге көнбейтін «қиын» жас деп сипаттайды. Сонымен қатар оларды бөліп көрсетуге болады.Олар:

Біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатындығынан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін (бірақ өзгеріске ұшырау жасөспірімдерде бір уақытта кездеспейді).

Екіншіден, осындай психиканың жаңа сапасының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді. Мұндай үлкен өзгерістерді психологтар түрліше дәлелдейді.

Осы ғасырдың басында психолог З.Фрейд жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтінін «өзім бәрін орындаймын» дейтінін таныс қасиетінің салдарынан болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндіреді. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі түпкілікті емес, уақытша кездесетін қасиеттің бірі. Қоғамдық ортаның жасөспірімді тәрбиелеуге ықпалы зор .

Жасөспірімдер үлкендердің өзінің есейгенімен, өзбеттілігімен санасуын әр сала бойынша талап етеді. Қыздар киім киюде, не өзін күтуде, ұл бала тиісті міндеттерді өз еркімен орындағысы келеді. Осыған әуелгі кезде туған туысқандары қарсы шығады. Бұлардың қарсы шығатын себебі, баласына сенім білдіргісі келмегенінен емес: оны «бала» деп бәлендей істі не тапсырманы бүлдіріп алады ғой деуінен, бірақ жеткіншек осыған түсінбей «мені бала деп сенбей отыр» дейді. Егер де осындай қатынас көпке созылса, жеткіншекпен үлкен адамдар арасында түсінбеушілік туып, бала ызаланып, ерегесуге, не негативті жолда болып, үлкендер не айтса да, соны орындамауға тырысады. Екі арадағы қайшылықты кім жеңеді дегенде, жеткіншек жеңеді деуге болады. Үлкендер әуелі жасөспірімдерді тәртіпке шақыруға тырысады, тіпті жазаламауы да ықтимал. Бірақ осыған жасөспірімнің кейбіреулері көнбей, түбінде үлкендер шаршап «енді сенің айтқаның бола қойсын» деуі мүмкін деген ойда болады. Осындай екі арадағы түсінбеушілікті неміс психологы К.Левин «айлық бөгет» деп атаған. Мұны солай деудің өзі жеткіншектік пен үлкендер арасында түсінбеушілік болып, бөгет салынған соң, енді үлкендердің сөзіне құлақ аспайды. Сондықтан жеткіншекке тіл алдыру үшін алдымен сол бөгетті жою керек, ал бөгетті жою оңай емес. Жасөспірімдердің үлкендерді түсінбеуі, кейін оны жан-жалға, не сергелдеңге апарып соғады [52.67]. Ондай оқиғалар, әсіресе қалалық жерлерде отбасыларда жиі кездеседі.

Жалпы алғанда жасөспірімдердің үлкендерге қоятын талабы түгел қате деуге болмайды.

Біріншіден; үлкендер өзінің өмірбаянын мысал ретінде келтіріп, «біз жас кезімізде мынадай болып едік...» деп, өзі сол кезде қандай болса, баласыда сондай болуы тиіс десе, қателескен болар еді. Себебі, үлкендердің жас кезімен жасөспірімдердің қазіргі жас кезіндегі жағдайлар мен талаптар бір емес;

Екіншіден; бір кісінің үйренген, не қиыншылықты жеңуге қолданған тәсілдері өзгелердің игілігіне барлық жағдайда сіңе бермейді. Егер біреулер өзгелердің қолданған амал –тәсілдерін бұлжытпай көшіріп алып, соны бірден игілігіне айналдыра алса, өмір тым жеңіл келген болар еді.

Жасөспірімдік шаққа аяқ басқан баланың жеке басының қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана-сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және өзіне тән жаңа құрылым оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің пайда болуы болады, ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады .Ересектік сезімі деп аталған бұл ерекшеліктің өзіне тән белгісі жасөспірімнің өзін балалар қатарынан шықтым деп санайды, бірақ төңірегіндегілер менің ересек болғанымды таныса, деген қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектігі сезіну әлі болмайды.

Отбасы мынадай міндеттер атқаратыны баршамызға білгілі:

- әсер ету әдістерін, салт-дәстүрлерді анықтайтын конструктивтік міндет;

- балалардың сабақтарын, еңбек іс-әрекеттерін және демалыс тәртіптерін ұйымдастыратын ұйымдастырушылық міндеті;

- ата-аналар арасындағы, ата-аналар мен балалар, балалар арасындағы, жақын туысқандар арасындағы тағы сондай ара-қатынастар нормаларын құрастыратын коммуникативтік міндеті.

Қарым-қатынас мәдениеті дағдыларын қалыптастыру үрдісі адамгершілік және гуманизм қағидаларына негізделген. Отбасының педагогикалық үрдісінде дұрыс ұйымдастырылған ара-қатынастар балалардың көзқарастарының дамуына, мінез-құлықтарына, балалардың басқа адамдармен араласуына әсері зор .

Көптеген ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілігін қазіргі әлеуметтік - экономикалық, нарықты жағдайларға байланыстырып, өз балалардың адамгершілік мінез-құлықтары үшін жауапкершілікті мектепке ғана жүктегенді қалайды. Кейбір ата-аналар бала тәрбиесіне уақыттарының жетіспеушілікті мектепке ғана жүктегенді қалайды. Кейбір ата - аналар бала тәрбиесіне уақыт жеткіліксіз деп жұмыстың қиындап кетулерінен шаршағандарын себеп етіп тұрса да, адамзат тарихында олардан да көбірек қоғам үшін қызмет ете отырып, өз балаларының тәрбиесіне аса көп көңіл бөле алған белгілі қайраткерлер мысалдары қаншама .

Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастар барысында мынадай ерекшеліктер айқындалады.

- ата-аналардың коммуникативтік мүмкіншіліктері;

- ата-ана мен бала арасындағы қалыптасқан қарым-қатынас сипаты.

- ата-аналардың қарым-қатынасты шығармашылықпен ұйымдастыра білу қабілеттері;

- баланың дербес ерекшеліктері.

Ата-аналар үшін қарым - қатынас өнерін меңгерулері балаларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын,құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата-аналардың өз балаларының ерекшеліктерін дұрыс білуге, оған артқан сеніміне негізделеді Егер де ата-аналар өз сөздеріне тұрмаса, берген уәделерін орындамаса бала жүрегінде сенімсіздік пайда болады, бала сырын көп ашыла айта беретін болмайды, ал ата-аналар өз абыройларын төмендетеді.

Тараушаны қорытындылай келе, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады деп айта аламыз

Наши рекомендации