Тілдік дәнекерлік жасаудың түрлері. Аудармаға қойылатын талаптар
Тілдің коммуникативтік ықпалын күшейту мақсатында қазір филология ғылымында “языковое посредничество” деген ұғым пайдаланылып жүр. Біз оны қазақша “тілдік дәнекерлік” деп алдық. Аударма халықтың мәдени өмірінің бір саласы, халықтар арасындағы үзілмейтін үрдістің бірі. Тілдік дәнекерлік дегеніміз-әр тілді коммуниканттардың екі тілді білетін тілдік дәнекердің көмегімен қарым-қатынас жасауы.
Тіларалық коммуникация құралы ретіндегі аударма.
Л. К. Латышевтің пікірінше аударылатын мәтін коммуникация, қатынас құралы болып табылады . Коммуникацияның екі түрі болады: бірінші, бастапқы (кәдімгі), және екінші, соңғы (әдеби). Біріншісі, сөйлеп және тыңдап жатқан адамдардың арасында туған коммуникативті жағдай. Екіншісі, толық емес коммуникативті жағдай болып саналады. Ол әңгімелейтін адам (әңгіме авторының өкілі) мен оқырман арасындағы коммуникация.
Аударманың негізгі түрлері.
Аударманың бірнеше түрі бар :
1. Ауызша аудару. Әр түрлі сөйленген сөздер, баяндамалар ізбе-із ауызша аударылады, шетелдерден келген ресми өкілдермен, қонақтардың пікір алмасуына аудармашылар көмектеседі.
2. Жазбаша аударма.
3. Компьютерлік (машинамен) аудару.
Аудармадағы трансформациялық үдерістер.Аудармадағы ауыстыру мәселесі.Қосу трансформациясы.
Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады: Орын алмастыру; сөз қосу; ауыстыру; түсіріп тастау . Орын алмастыру.Ауыстыру тәсіліне аударма барысында сөз таптарын, сөйлем мүшелерін, синтаксистік байланыс түрлерін, сондай-ақ лексикалық ауыстыруларды жатқызуға болады. Сөз қосу дегенді түпнұсқада жоқ, бірақ аударма барысында қажет болған қосымша сөздерді қолдану дегенді білдіреді. Сөз түсіру бір компонентін түсіру деп аударма барысында мазмұнға нұқсан келтірмеу шартымен белігілі бір сөздерді түсіруді айтамыз.
Аударма-технологиялық әрекет.
Графика ауызекі сөйлеу тілінің дыбыстық жағын, оның ерекшеліктерінің барлығын түгелдей қамтып бере алмайды. Мұндай қызметті транскрипция ғана атқара алады. Транскрипция – латынның «transcriptio»-«қайта жазу» деген сөзінен жасалған термин. Транскрипцияның әдеттегі жазудан мынадай айырмашылықтары бар: әдетте жазу жүйесінде сөздердің дыбыстық жағымен бірге олардың әр түрлі байланыстары, атап айтқанда, этимологиялық және морфологиялық байланыстары да қарастырылып, есепке алынады. Ал транскрипцияда сөздің дыбыстық жағына ғана назар аударылады. Транскрипция үшін сөздің этимологиялық, морфологиялық байланыстарының ешбір мәні жоқ.