Айтыс және оның түрлері, қазіргі ақындар айтысы
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа халықта арабтың бәдәуилер тайпасында және түркі тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Айтыс – айту. Айтысу деген сөзінен туған. С.Мұқанов «Айтыс» жинағында 1964ж І том бұл сөзді « Талас » мағынасында қолданған. Әдебиеттік жағынан алғанда, айтыс өлеңдерін мазмұнына, тақырыбына қарай 2 түрге бөлуге болады.1.Халықтың тұрмыс – тіршілігіне, әдет – ғұрып, салтына байланысты туған айтыс.2.Шын мәндегі айтыс.Қазақ ауыз әдебиетінің 1. бәдік, 2. жұмбақ айтысы, 3. дін айтысы – халықтың тұрмыс – тіршілігіне байланысты туған айтыс түрлері. Ал қыз бен жігіт және ақындар айтысы – салт айтысқа жатады.Бәдік айтысы: Ерте кезде айналшық ауруыме ауырғанмалды «бәдік болды» деп, ауруды үркіту мақсатымен« бәдік» айтатын болған. Ол үшін кешқұрым ауыл жастары жиналып, кеш өткізеді. Айтыстың тақырыбы – бәдік.Жұмбақ айтыс. Оған кез келген ақын бел байлап айтысуға шыға алмайды. Бұл айтысқа түсу үшін, өз жанынан өлең шығара білу жеткіліксіз. Сонымен қатар, ақын өмірдің барлық саласынан хабары бар, білімді адам болуы керек. Жұмбақ айтыста жұмбақ берушінің не нәрсені жұмбақ етемін десе де рекі бар. Оны шешу үшін,айтушының не нәрсені жұмбақ етіп отырғанын болжай білуі керек. Жұмбақпен айтысушылар сирек кездеседі. Оған қубала мен. Шөкей қыздың айтысые жатқызуға болады.Дін айтысы: Тарихшылардың айтуына қарағандаXVI-XVII ғ дейіе қазақ халқы тұтасынан бір дінде болмаған, тек XVII ғ бері қарай ислам дінін толық қабылдап алған. Дін иелері, қожа молдалар қазақ арсына ислам дінін үгіттеп жою үшін поэзияны, соның ішінде айтыс өлеңдерін пайдаланған. Олар халыққа түсініксіз дін сөздерін, діни шарттарды кейбір жалдамалы ақындар арқылы ұғындырмақ болған, көпшілікке түсінікті ақындық тілмен діни әңгіме – үгіттерді таратқан.Дін айтысы 2 ақынның не туралы және қалай айтуды алдын ала ескертіп те қойған. Ол сұрақ – жаупа ретінде айтылған. Негізгі тақырыбы дін әңгімелер, дін үгіті болды, соған халықты иландыру, нандыру, сендіру жағы қарастырылды.І.Қыз бен жігіт айтысы.Салт айтысының жоғарғы сатысы деп есептелетін ақындар айтысының даярлығы,соның бастамасы. Қангдай ірі ақын болмасын, ер жетіп, алдымен ауыл арасындағы той – томалақтарда айтысу тәжірибесінен өтеді. Қыз бен жігіт айтысында ақындар айтысындағыдай күрделі мәселелер қарастырылады. Мұнда ойын – сауыққа лайықты жеңіл – желпі күлдіргі жайлар сөз болады.ІІ. Ақындар айтысы. Айтыс өлеңдерінің ішінде ең көлемдісі, тақырыбы мен мазмұны жағынан күрделісі, көркемдік жағынан әдемілері – ақындар айтысы. Әдебиетші ғалымдардың айтуына қарағанда ақындар айтысы ХІХ ғ туған. Ақындар айтысының негізгі тартыстары ру мәселелерінің айналасында болады. Әр рудың ақыны өз батырларын мақтап, ерлігі мен жасаған істерін айтып, шонжарларының жауыздық – зұлымдықтарын беттеріне басып, әшкерлеген. Ақындар айтысына. Құлмамбет пен Тезек, Сүйінбай мен Тезек, Жамбыл мен Құлмамбет, Біржан мен Сара, Шөже мен Балта, Макөт пен Құлмамбет айтыстарын жатқызуға болады.Зерттелуі: Шоқан Уалиханов ақындарды әлеуметтік көзқарасына қарай 2 бөледі: а) Халықтың мұң мүддесін қорғайтын, ел арсында үлкен құрметке ие болған, тек шындықты айтатын, ешкімге тәуелді емес, өр мінезді дербес ақындар. ә) бай – манаптарды мақтап , оларды ай – жұлдызға, арыстан – жолбарысқа теңеуші , жалған жасанды жалтақ, ақындық өнерді арзан құлыққа айырбастайтын беделсіз ақындар.Мәселен: « Ұлы жүзде шыншыл екі ақынды көрдім »,- дейді Шоқан. Олар Сүйінбай мен Бақтыбай.С.Сейфуллин «Қазақ әдебиетінің тарихы» 1 кітап 107б 1932ж. М.Әуезов « Жамбылдың айтыстағы өнері»,Е. Ысмайылов «Ақындар» 23-24 б 1941ж. С.Мұқанов « Айтыс және ақын »1941ж. «Қазақтың XVIII-XIXғ әдебиеті тарихының очерктері»1942ж
8. Орхон – Енисей жырларының тарихи мәні, зерттелуіТүркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жар еткен ғажайып дастандар бар. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» жырлары деп аталады. Бұдан 1250 жыл бұрын үлкен құлыптастарға қашап жазылған осы әдеби ескерткіштер күні бүгінге дейін оқырмандарын таңдандырып келеді.Еск-р жанры туралы соңғы кезге дейін әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Біресе прозалық шығарма десе, екінші жолы поэзиялық туынды деп келеді. Ал кейінгі кезде, әсіресе, көрнекті ғалым И. В. Стеблеваның «VI—VIII ғасырлардағы түркі поэзиясы» деген еңбегі басылып шыққаннан кейін руна жазуындағы әдеби мұралар поэзиялық туынды деп танылды. «Күлтегін», «Білге қаған» және «Тоныкөк» еск-ң әрқ-ң табылуы, зер-уі және өзге тілдерге ауд-ы жайына тоқталсақ. XVIII ғ.б.орыс армиясының тұтқыны швед офицері Филипп Иоганн Страленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойынан құпия тастарды табады. Бұл мұралар жайындағы алғ. мәл-тер XVIII ғ.б көріне бастады. XIX ғ. алғ. біраз мағлұматтарды«Сибирский вестник» журн-да Г.Спасский жар-ды. Мақаласы латын тіліне аударылады. Бұл хабарды естіген фин Археологиялық қоғамы 1875ж Минусинскіге 2 рет экс-я жіберіп, 1889ж «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таңбалы, 8 фотосуретті атлас жариялайды. Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарының VIII конгресінде ғалымдарының назарын сол Орхон бойындағы көне мұраларға аударып, бұрын тек Е. еск деп қана аталып келген жазбалар енді О– Е жазулары деген атқа ие болды.1890ж Ядринцевтің ізімен О.өзеніне финдердің А.Гейкель бастаған арх-қ экс. және 1891ж Санкт – Петербургтен біздің елімізге тюркологияның негізін салған ұлы ғалым В.В. Радловтың басқаруымен Ғылым академиясының экс. аттанады. Томсен 1893 ж О. жазуының «кілтін» табады. Ол бұл еск-р түркі хал-ң тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғал-ң ең алдымен оқыған сөздері «Тәңірі» және «Түрік» сөздері екен. Орх.еск-ң бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай аламыз. 1.Қара сөз үлгісіндегі мағыналық аударма. Бұған В.В. Радлов, П.М. Мелиоранский, С.Е. Маловтардың аудармасы жатады.2.И. Стеблева-ң өлең ауд. «Жұлдыз» журналының 1970 №3 ақын Қ. Мырзалиев аударған «Күлтегін» жыр-ң үзіндісін атауға болады. Бұл еск. ежелгі түркі мемл-ң көрнекті қолбасшысы Күлтегін (684-731), оның ағасы Білге қаған (683-734) және Қағанның кеңесшісі, ақылгөй қарт Тоныкөк туралы тасқа қашалып жазылған әдеби жәдігерліктер. «Күлтегін» (кіші жазу) жыры әрқ. өз алдына дербес, әрі сюжеттік жағынан б–б тығыз байл.8 циклдан тұрады.Күлтегін (кіші жазу) жырында 8 цикл, яғни 8хикая бар. Әрбір ц-ң өзі 3элементтен (оқиғаның басталуы, өрістеп ұлғаю, түйіні) тұрады.Енді Күлтегін ескерткішінің үлкен жазуы тексінің композициялық құрылысына талдау жасап көрейік. Үлкен жазудағы Күлтегін жыры көлемі жағынан 428 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытастағы руналық жазу бойынша есептегенде ұзыннан – ұзақ 53 қатар жазу болып шығады. «Тоныкөк» жыры да көлемді. Ол 313 өлең жолынан тұрады. Мұның өзі құлпытаста 62 руналық жазу жолына сыйып тұр. Жырдың жалпы оқиға желісін зерттеушілер 14 циклға, яғни 14 хикаяға бөліп қарастырады.