Ерік және тұлғаның ерік сапаларының психологиялық негіздері 2 страница
Танымдылық компоненті мәлімдеу функциясын орындап, дұрыс шешім табуға, оның орындалуын және ерікті әрекеттің өзіндік қорытындылауын бақылайды. Адам бұл жерде өзіндік дәлелдерді қолдана алады /56, б.61/.
Орындаушы компонент қабылданған шешімін саналы өзіндік күштеуді реттеуде көрінеді.
Эмоционалды компонент танымдылық және орындаудық процестерін күшейтеді. А.Ц.Пунидің пікірінше, адамгершілік түрткілер әрекеттерінің қатысуымен көрінеді. Сонымен бірге, адалдық, сенімділік, жігерлілік, қайраттылық сезімімен және тағы басқа, сонымен біршге энергия және белсенділікті күшейтіп дұрыс шешім қабылдауға оның орындалуына әсер етеді.
Сана мен ерік арасындағы өзіндік түсінік П.В.Симонов (1980) жұмыстарынан көреміз. Ол әлеуметті детерминизмді сананың әлеуметті адамның ерікті әрекеті механизміндегі үлкен мәнділігін көрсетеді, бірақ ол әрекетке басшылық жасамайды.
«Сана» терминімен ол тек қана басқаға бере алатын, бірлескен, жалпыланған білімді түсінеді. Білімнің екінші түрі, мидың құрылысында энграмм (оқиға, объект іздері) түрінде басылып келген, ол сана сферасынан шығып, санасыздыққа, сана астылықтың біріне жатқызады. Тағы да психикалық оңғарылмайтын құбылыстар түріне санадан тыс, сана үсті жатады. Егер сана асты (шығармашылық) әсерлер және дағдылармен шығармашылық сұрақ шешімін табу кезінде оңғарылмайды. П.В.Симонов шешім табуға сана үстіне жатқызады, өйткені адам есінде әлі табу керек шешім дайын күйінде болмайды.
Н.Н.Лангенің пікірінше, адам саналы түрде ерік импульсінде ерік күшін де басқара алмайды, соңғысын ол тек сезінеді, ол біріншісін сезіне де алмайды.
70-ші жылдардан бастап «өзіндік бақылау» батыс психологтарында «ерік» түсінігін алмастыра бастады.
Совет Одағында әрекетті бақылау сұраған Н.Н.Ланге мен Н.А.Белов (1921) қарастырды. Н.А.Белов өз жұмыстарында кері байланыс биологиялық және техникалық жүйелердің принципі туралы жазды. Бірақ бұл сұрақтар жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары кибернетика ғылымының физиологияға және психологияға енуіне байланысты кері байланыс және басқарудың шығыршығы принципіне байланысты қайта қозғалды. Бұл жылдары тірі организм мен тезника жүйелері арасындағы өзіндік басқарудың ұқсастықтарына салыстырмалы жұмыстар жүргізілді. «Кері байланысқа» көңілдің шоғырландырылуы зерттеушілерді басқару және реттеу жүйелерін бірнеше этаптарға бөлеуге әкелді. Механизмдері, салыстыру, мақсат қою, бағдарлау туралы (елестер) болжам елестері пайда болды К.Крейг (K.Kraik, 1947); T.K.Par, 1960; Н.А.Бернштейн, П.К.Анохин, 1978, Л.В.Чхаидзе, 1965 және т.б./17, б.380/.
Еріктік реттелу ырықты басқарудың жекеше түрі және белгілі бір дәрежеде кедергілерді және қиындықтарды жеңуде ерік күшінің жұмсалуымен мінезделеді, яғни өзіндік жұмылдырудың механизмі болып табылады.
Әдетте, адамда еріктік реттелудің болуы, болмауы оның істеген ісінің қорытындысына қарап жасалады. Бірақ қиындықты барлық күшті жұмсап жеңуге тырысып, оны жеңе алмау да мүмкін. Бұл жағдайда ерік күші жоқ деген М.С.Неймарктың қорытындысы дұрыс айғақ болып табылмайды. Оның ойынша, адамға мотивациялық тенденцияларын басқарып, оны керекті бағыт бойынша реттеу кейде мүмкін болмай қалады да, еріктік әрекеттер әске аспай қалады.
Бірақ адам кедергіні жеңуге тырысты, қосымша ерік күшін жұмсады. Оның әрекеті нег еріксіз болды?
Күнделікті өмірде «ерікті реттелу» түсінігі «ерік күшімен» ауыстырылады. Соған байланысты адамдарды ерікті және еріксіз деп бөлеміз. Бұндай «ерік күшін» жалпылау оның негізгі көрінісін тарылтады.
Еріктің реттелуінің нақты мазмұны психологтармен әр түрлі қабылданады.
«Ерік күші» түрткі күші сияқты. Адамның ерік белсенділігі түрткі күшімен анықталады, өйткені түрткі күші ерік кұші дәрежесінің көрінуіне әсер етеді.
Егер мен мақсатқа жеткім келсе, қарқынды және ұзақ ерік күшін көрсете аламын. Сондықтан ерік күшін түрткі күшімен ауыстырады: егер қаласам, істеймін.
Ю.Ю.Палайма (1973) пікірінше, «ерік күші» бұл шын мәнінде, түрткі күші және ерік күші адам – бұл ең алдымен күшті мотивациялы әрекеттегі адам. Бірақ бұл формула адам өте қалап тұрып, бірақ істейтін немесе қаламай тұрып, сонда да істейтін әрекет түріне келмейді. Сонымен бірге еріктің тоқтату функциясы пайда болған кезде: қалау қаншалықты үлкен болса, қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталған, түрткіні ұстау үшін, «ерік күшін» көбірек жұмсау керек. Сондықтан адамдағы ерікті реттелу мезанизмінің күшін немесе ерік күшін, өз қалауын іске асырудың азды, көпті мүмкіндіктері анықтайды.
Әдеп бойынша ерік қасиеті соральдық деп есептелінеді. Бұнда өзіндік қисын бар. И.М.Сеченев пікірінше, ерік – бұл әрекеттің саналды жағы және адамгершілік сезім. Яғни, ерік қасиеттерінің көрінуі адмгершілік қасиеттердің көрінуіне байланысты.
Соған байланысты еріктің моральды (адамгершілік) компоненттерін айтқанда, жеке бастық адамгершілік қасиетінің қалыптасуы, оның адамгершілікті әрекеттер жасауына әкеледі «ерік күшінің» және ерік сапасының көрінуін қажет етеді /46, б.112/.
Бірақ адамгершілік сапалары ғана ерік күшінің көрінуіне әсер етпейді, ерік күшінің болуы адамгершілік қасиеттерінің туындауына әсерін тигізеді. В.Я.Иващенко (1970) айтуынша, адамгершілік тәрбиесі еріктің даму дәрежесіне байланысты. Оның ойынша, өзіндік адамгершілік тәрбие үрдісінің керекті шарты болып адамдағы ерік күшінің дамуының анықталған деңгейі. Бірақ «ерік күші» өз өздігінен адам әрекетін адамгершілікті қылмайды.
Егер ерік моральді немесе моральді емес болса, онда оның мінездемесі де адамгершілікті немесе адамгершілікке жат көрінісін алады.
В.И.Селиванов бойынша, психологияда ерік қасиеттеріне талдау динамикалық жағынан жасалды. Соған байланысты мақсатқа ұмтылу, бастамашылық, табандылық, ұстамдылық, батылдық кедергілерді жеңу жолындағы және мақсатқа жету де оң қасиеттер деп бағаланады.
Ерікті бағалауда шет ел психологтері да зерттеулер жүргізді. Р.Ассаджиоли:
1) «күшті» ерік: ерік күшіне белгілі жаттығулар тезникасының көмегімен қол жеткзеді;
2) «епті» ерік – аз шығынмен нәтижеге жету қабілеті;
3) «жақсы» ерік: еріктік әрекет міндетті түрде адамгершілік мотивациясында орындалуы керек; мақсат «жақсы» болуы керек, яғни, жалпы – қабылданған моральға сәйкес болуы керек.
В.И.Селивановтың пікірінше жеке бастық ерік қасиетіне адекватты баға беру үшін, бір уақытта екі өзара байланысты сұраққа жауап беру керек: ерік күшінің әлеуметтік мазмұны қандай және қандай динамикалық формада бұл мазмұнды көрсетеді.
Ерік күшінің әр түрлі спецификалық жағдайда көрінуі жеке бастық ерік күші туралы айтқызады. Ал «ерік сапасы» түсінігі, бұл сапаның жиынтығы толық анықталмағандықтан, кейбір зерттелінушілерді бұл сапалардың болуына күмәндандырады.
В.А.Иванников (1985) өз жұмыстарында жазуынша, барлық ерік сапаларының әртүрлі негізі болу мүмкін және феноменалды ғана бір бүтінге бірігеді – ерікке. Анализдің көрсетуінше, бұл сапалардың барлығы басқа көздерден шығады және ерікпен ғана байланысты емес, яғни еріктің ерекше белгілері ретінде ғана көрінбейді. Сонымен қатар адам кейбір жағдайда жоқ.
Бірақ бірнеше жылдан кейін В.А.Иванников өз ұстанымын өзгертеді. В.А.Иванников және Е.В.Эйдманның (1990) жұмыстарында көрсетілгендей, ерік сапалары жағдайға байланысты жеке ерік әрекеттерінің мінездемесі және ерік сапалары тұрақты ерік әрекеттерінің мінездемесі, яғни жеке адам қасиеттері. Егер адамда өзінің істеген барлық ісінде және пікірінде, тұрақтылық кез келген жағдайды шеше алатын қасиеті, кез келген істі орындай алса, яғни өз мүмкіншілігін және тұрақты шоғыры өзіндік бақылай алу, мұндай адам кез келген жағдайда өзінің еріктілігін көрсете алады. Егер бұл қасиет адам бойында нақты мүмкіндіктермен бекітілген болса, онда тек ерік сапасы туралы ғана емес, сонымен қатар жеке адам қасиеті туралы да айта аламыз /34, б.145/.
Бұл пікір В.И.Селиванов (1982) пікіріне жақын. Ол батылдылық туралы айтқанда, жеке адам батылдық сапасын иеленбесе де өз батылдылығын психикалық жағдай дәрежесінде көрсетеді, батылдық басқа да ерік сапалары сияқты, егер нақты жағдайға байланысты болмаса және барлық жағдайдағы жеке адам әрекетінің табысқа жетудегі жалпыланған қасиеті болып табылады.
Жағдайда байланысты ерік күшінің көрінуі ерік сапаларын диагностауда белгілі қиындықтар тудырады. Ерік сапаларының көрінуін, адамның кедергілерді қалай жеңетініне байланысты айтамыз. Берілген жағдайдың адам үшін маңызыда басты мәселелердің бірі. өйткені кейбір жағдайда ол шаршағанына қарамастан ерік күшін көрсетеді, ол кейбірінде, егер бұл жағдай ол үшін маңызды емес болса, ерік күшін көрсетпеуі де мүмкін.
А.И.Высотский табандылықтың көрінуін зерттей келе зерттелінушінің экспериментте қойылған мәселені шешуді жалғастыруға түрткі болатын: қызығушылықтың болуы, басқалардан төмен болмау, өзіне осы берілген тапсырманы орындай алатынын дәлелдеу, берілген тапсырмаға мағыналы шешім қабылдау сияқты ішкі себептерді анықтады. Әр зерттелушіде ол себептер әр түрлі болды. Ерік күшін көрсететін бұл себептерді тудыратын күш бірдей ме, бұл себептер үнемі күрделі тапсырмалардың шешімін табуда. Көріне ме, жеке адам мінездемесі ретінде табысқа жету түрткісі және жағдаятты фактор – басқа зерттелушілерден қалыспау. Бұны анықтау үшін, барлық жағдайлық факторларды теңестіріп әр зерттелінушінің табандылықты көрсетуін бірнеше рет және әр түрлі жағдайларда анықтады. Сонымен еріктің әр түрлі жағдайларға байланысты көрінуі жеке адам қасиетінің көрінуі.
Психологтер арасында ерік сапасының мәні, мазмұны, мөлшері және топтастырылуы туралы келіспеушіліктер бар.
Кейбір авторлар жеке адамның ерік сапалары туралы айтқанда «еріксапаларын» айтады да ерікті тұлғамен бір қояды. Бір қарағанда ешқандай өзгеріс жоқ болғанымен, теориялық тұрғыдан қиындықтар тудырады.
В.А.Иванников (1991) пікірінше, еріктің әр сапасының қалыптасуы бір бірінен жекеше. Бұл фактілер еріктің барлық ерік сапалары үшін интегралды екеніне күмәндандырады.
Егер ерікті ерік сапаларының көрінуі ретінде ғана қарастырсақ, онда «ерік» сөзі «ерік сапалары» дегенді ғана білдіреді. Бірақ бұл сапалар неге ерікті деген сұрақ туады? Өйткені, ерік күшінің пайда болуы адамда ырықты болғандықтан, ерік сапаларының көрінуі бір жалпылыққа бірігіп – «ерік күшін» көрсетеді.
Бірақ ерікті ырықты басқару деп қана түсіну оны ерік сапаларын ырықты әрекет ерекшеліктері қатарына жатқызып, оны ерікті реттеуші деп түсінбеуі мүмкін. Бұл ерік сапаларын топтастырғанда қиындықтар туғызады.
В.А.Крутецкий (1957) пікірінше, мінездің ерік белгілері алға қойған мақсатқа жетуге дайындықта, істей алуда және өз әдетіңді саналы түрде кедергілерді анықталған принциптер бойынша бағыттау.
Бұл анықтаманы ерік ерекшеліктерін еріктің кең мағынасына (ырықтылық) және де тар мағынасына (ерікті реттеу, «ерік күші») жатқызуға болады. Ерік сапаларының спецификасы бұл анықтамада бейнеленбейді.
Б.Н.Смирнов (1984) пікірінше, тұлғаның ерік сапалары деп қиындықтарды меңгере алуда көрінетін еріктің нақты көрінуі.
Е.П.Ильин бойынша: Ерік сапалары – кедергілерді нақты спецификалық жағдайларда көрінетін жеңуге бағытталған еріктік реттелудің ерекшелігі. Ильин пікірінше, ерік сапалары адамның бойындағы фенотипті туа біткен және жүре игерген мүмкіндіктер /15, б.104/.
Туа біткен компонент қатарына, нышанмен шартталған қабілет, ол жүре игерген онтогенезді компонент – адамның шеберлігі: оның білімі, іскерлігі.
Ерік сапаларының әр қайсысының көрінуі компоненттерге байланысты, яғни ерік күшін ояту қабілеті және оны көрсету.
Ильин бойынша ерік сапаларының құрамына олардың саны, түрі және араларындағы байланысын жатқызады. Ерік сапалары қатарына мақсатқа талпынушылық, шешімділік, табандылық, ұстамдылық, дербестік, батылдылық, өзіндік бақылау, бастамашылдықты жатқызады.
Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі / 20, б.203/.
А.Ц.Пунидің пікірінше, ерік сапаларының жиынтығы белгілі бір іс-әрекет кезінде тұрақты, объективті шарттармен анықталады. Берілген іс-әрекетке тән, өркендеуі кедергілерді жеңуге табысқа жеткізетін, қосымша ерік сапалары, ең басты ерік сапаларын сүйемелдеп, оның анықталуына себін тигызеді.
Көптеген ерік сапаларының көрінуі ең алдымен нерв жүйесі қасиетінің типологиялық ерекшеліктеріне байланысты, яғни, генетикалық негізі бар.
Тұлғаның ерік сапалары жайлы теориялардың қарастырылуын бірнеше кезеңдерден тұратынын білдік. Олар – еріктің іс-әрекет механизмі ретінде қарастырылуы, - философиядағы идеалисттік бағыт волюнтаризмен байланыстырылып қарастырылуы; - таңдау мен түрткілер арасындағы қайшылықтар мәселесімен байланыстырылып қаралуы; - қиындықтар мен кедергілерді жеңу механизмі ретінде қарастырылуы болып табылады.
П.А.Рудик (1967) пікірінше, тұлғаның ерік сапаларының құрылымының ерекшеліктерін зерттеп білу ғылыми психологиялық негізделген құралдар мен әдістемелер арқылы бұл сапаларды тәрбиелеуі болып табылады. Бұндай психологиялық әдістемелер арқылы тәрбиеленбесе, эмперикалық сипат алып, тәрбиешінің алдына қойған мақсаттарына қарама қарсы қорытынды шығуы мүмкін. Соған қарамастан бұл мәселе психологтар тарапынан жүйелі қарастырыла қойған жоқ /53, б.148/.
Тұлғаның кез келген сапалары сияқты, ерік сапалларының горизонталды құрылымы бар.
Горизонталды құрылымды жүйке жүйесінің типологиялық ерекшелік қасиеті немесе нышан түзеді. Психологтардың ойнша жақсы және жаман типологиялық ерекшеліктер бар. Жақсыға күшті нерв жүйесі, қозғалмалы және салмақты нервтік процес, ол жаманға – қарама қарсы типологиялық ерекшеліктер жатады.
А.П.Рудиктің (1967) пікірінше, оқудағы жақсы үлгерім, спорттағы биік жетістіктер тек қана күшті, қозғалмалы және салмақты нерв жүйесіне тән қасиет.
Н.Д.Скрябин (1972) бойынша төмен батылдық дәредесі белгілі типологиялық ерекшеліктер комплексімен байланысты: әлсіз нерв жүйесі, тежелудің «сыртқы» байланысының болуы, тежелудің қозғалымпаздығы.
Жоғары батылдық дәрежесі қозғалымпаздықтың шапшаңдығына және нерв жүйесінің қозғалымпаздығының «сыртқы» және «ішкі» балансына, ол, қауіпті жағдайда – күшті нерв жүйесіне байланысты. Жоғары шешімділік нейротизмі төмен дәрежелі тұлғаларда кездеседі.
Шыдамдылықтың жоғары дәрежесі қозғалымпаздықтың инертілігімен, тежеудің «сыртқы» балансын иеленуге және қозғалымпаздықтың «ішкі» балансына, күшті нерв жүйесіне байланысты.
Кез келген ерік сапаларының психофизиологиялық құрылымы бар. Олардың әр компоненттері ерік сапаларында ұқсауы да мүмкін, ұқсамауы да мүмкін. Мысалы, кейбір адамдарда жоғары шыдамдылық дәрежесі бар, бірақ шешімділіктің болмауы мүмкін, өйткені төрт типологиялық бөлігінің екі белгісі жоғары шешімділік дәрежесі қарама қарсы. Кейде «ерік күші» ретінде қарастырылатын күшті нерв жүйесі қауіпсіз жағдайларда көрінетін шешімділікпен байланысты емес.
Вертикальды құрылым. Барлық ерік сапаларының ұқсас вертикальды құрылымы бар. әр ерік сапасы үш қабаттан тұрады. Бірінші қабат – табиғи нышан – нейродинамикалық ерекшеліктер, екінші қабат – ерікті күштеу, стимулдары мен инициыторлары, үшінші қабат - әлеуметтік, жеке тұлға факторлары – мотивациялық сфера, адамгершілік принциптер. Адамда қаншалықты қажеттілік күші, тілегі айқындалса, адамгершілік қасиеті қаншалықты дамыса, соған байланысты ерік күшінің дәрежесі байқалады.
Ерік сапаларының әр түрлі психофизиологиялық құрылымына байланысты және олардың дифференциалды көрінуінен «ерік күшінің» көрінуін интегралды анықтау, дұрыстау – ерік дамуының санды көрсеткіші, ерік типтерінің белсенді көрінуі жеке тұлғаның мінездемесі ретінде көрінуі жеткіліксіз.
Мысалы: А.С.Зобовтың (1983) жұмысында ерік белсенділігінің үш типі көрсетілген: «гармониялы дамығандар( яғни, ерік белсенділігін ой әрекеттерінде және физикалық әрекеттерде көрсете алады, «практиктер», ерік белсенділігін физикалық әрекеттерде көрсетеді; «теоретиктер», ерік белсенділігін ой әрекеттерінде көрсетеді және «әлсіз дамыған ерік» ерік белсенділігінің төмен дәрежесі әрекеттің кез келген түрінде көрінеді.
«Практиктер» мен «теоретиктерді» бөлу оқушылардың әр түрлі пәндерге байланысты қызығушылықтарына, интеллектуалды және физикалық белседілікке байланысты, яғни әр түрлі мотивацияларға байланысты.
Ерік белсенділігінің ырықты белсенділік типтерін бөліп көрсеткенде еріктің гармониялы дамуына емес, қызығушылықтың кеңдігі және үйлесімділігі туралы ескерген жөн.
Ерік сапаларына сипаттама бере келе В.И.Симонов оларға ортақ қасиет: кеңдік, кұш және тұрақтылық туралы айтады. Ерік сапаларының кеңдігі мен тарлығы іс-әрекет саны арқылы анықталады.
Ерік сапасының күші кедергілерді жеңудегі ерікті күштеу дәрежесімен анықталады. Ерік сапаларының тұрықтылығының басты белгісі ретінде бір типті жағдайларда ерік күшінің үнемі көрінеді. Бұл қасиеттердің қатынасы әр адамда әр түрлі /15, б.65/.
Ерік сапаларының көрінуі константты факторлар мен ғана емес, жағдайға да байланысты. В.А.Иванниковтың пікірінше, табандылық немесе басқа ерік сапаларының көрінуі, белгіленген түрткі әрекеті, ішкі жағдай және өзіндік бағалау дәредесі немесе жеке тұлға сапасы ма оны анықтау қиын және мүмкін емес.
Ерік сапаларының көп компоненті құрылымынан, бақыланатын еріктің көрінуінің таза компонентінің ролі, В.К.Калиннің (1989) пікірінше, нерв жүйесінің және темперамент қасиеті ерікті реттелдің эффективтілігіне үлкен әсер етеді. Сондықтан еріктік реттелудің эффективтілігін білу үшін, ең алдымен нерв жүйесіне типологиялық зерттеулер жүргізу керек. Өйтпегенде ерік сапаларының оң және теріс реттелуінің көрінуін мүлдем басқа қасиеттерді қабылдауымыз мүмкін (мысалы, жақсы шыдамдылықтың орнына төмен эмоционалды қозғыштықты).
Туындаған қорқыныш жағдайын табыспен меңгерген адамды батыл дейміз, ондай жағдайды игере алмағанды қорқақ дейміз. Сондықтан біріншісін күшті ерік иесі, екіншісін әлсіз әлсіз ерік иесі қатарына жатқызамыз. Мүмкін бұл жерде еріктің еш қатысы жоқ шығар? Онда бірдей ерік қысымында біріншісінде бұндай жағдайды игеру екіншісіне қарағанда жеңіл. Қорытындысында әр түрлі эмоционалды реактивтілік бұл екі адамды әр түрлі ерік күші ретінде қабылданады.
Шошу К.Д.Ушинскийдің айтуынша «Қапылыстағы қорқыныш» Ол күтпеген өте қатты тітіркендіргіштің әсерінен пайда болады, мысалы, атылған мылтық дауысы немесе аяқ асты тірек нүктесін жоғалту. И.М.Сеченев – шошуды инстинкт оның әсерінен пайда болатын ырықсыз қорғаныс әрекеті ретінде қарастырды. И.П.Павловта шошуды шарсыз рефлекс, қыртыс асты орталығынан шығатын бас ми қыртысының тежелуі ретінде қарастырды. Қорғаныс реакциялары айқай салу, селк ету ретінде көрінеді. Сол сияқты вегетатив жүйесінде де өзгерістер байқалады: жүрек жиырылуының және соғуының өзгеруі, тері – гольвоникалық реакцияларының көбеюі. Шұғыл өскен активация деңгейінен кейін, бұлшық еттердің әлсіреуіне, сенсомоторлы реакцияның төмендеуіне, әкелетін тежелу реакциясы пайда болатынын, 20 ғасырдың басында В.Вундт пен В.В.Средневский көрсеткен. Сонымен шошыну – инстинкті құбылыс, оның пайда болуында адамның батылдылығы ешқандай ерекше роль атқармайды: қатты тітіркендіргішке шошыну барлық адамда пайда болады. Қатты тітіркендіргішті батыл және қорқақ адамның қандай көлемде қабылдайды /15, б.265/.
Н.Д.Скрябиннің зерттеу жұмыстары, кенеттен атылған қатты мылтық дауысы батылдығы төмен деңгейдегі адамда пульс жылдамдығының көбеюіне, жоғары деңгейдегі адамда жүрек жиырылуының аритмиясына әкелетінін көрсетті.
Әйелдерде пульс реакциясы батылдық деңгеціне қарамастан, еркектерге қарағанда белгілі дәрежеде айқындалған. Батылдығы төмен деңгей иелеріне күтпеген қатты дыбыс әсерінен батылдығы жоғары деңгей иелеріне қарағанда, дірілдеу қаттырақ.
Б.Н.Смирнов, М.А.Брегман және В.И.Кисилевтың (1970) зерттеу жұмыстарында қорқақ ададарда жүрек соғу жылдамдығы, дірілдеу және қауіпті жаттығуларды орындау реакциясының уақыты батылдардікіне қарағанда жоғары болған. Жаттығуларды қайталау барысында батыл адамдарда стеникалық типтегі жағдай пайда болған. Б.М.Теплов бойынша «әскери қозу» жағымды толқуды бастан өткізумен байланысты және жаттығуды орындаудан алған қанағаттанушылық /27, б.86/.
Осыған байланысты ерік сапасының көрінуі әр түрлі эмоционалды реактивтілікке, өз кезегінде нерв жүйесінің типологиялық ерекшеліктерне байланысты: әртүрлі батыл комплексті типологиялық ерекшеліктер бар, қорқақтарда эмоционалды реактивтілік жоғары, сондықтан қорқуды жоғары деңгейіне әкеледі, және оны жеңу өте қиын. Бұл көрсеткіштер батылдықты көрсетудің деңгейін бағалалауға ешқандай әсер етпейді, бірақ алынған бағаның, ерік күшімен қатысына күмәндандырады. Қорқақ адамдар - әлсіз ерікті ме деген сұрақ туындайды. Бұл пікір ерік сапаларының мақсатқа жету жолында кедергі келтіретін эмоционалды жағдайларды меңгеретін сапаларына қатысты. Бірақ ерік сапаларының тізімі мұнымен бітпейді. Эмоцияны меңгерумен байланысты емес ерік сапалары да бар. Бұндай қасиетке шыдамдылық жатады. Нерв жүйесі әлсіз адамдарда шаршау, нерв жүйесі күшті адамдарға қарағанда кейінірек пайда болады. (энергияны үнемдеп жұмсауына байланысты)