Оқу өндірістік тәжірибе күнделігі
Мамандығы: 03032000 «Мейірбике ісі»
Біліктілігі: 0302011«Жалпы практикадағы мейірбике»
Өту орны: Семей қаласының облыстық ауруханасы
Орындаған: Қайрқан Әсел
Тобы: 3 Мейірбике ісі «5»
Әдістемелік жетекшісі: Әсем Маратқызы
Жалпы жетекшісі:
Күні | Орындаған жұмыс көлемі мен мазмұны | Баға | Тәжірибе басшысының қолы мен ескертуі |
07.03.16 | Мен оқу өндірістік тәжірибеден өту үшін, бүгін сағат 7:45-те «Семей қаласының облыстық ауруханасына» келдім. Адістемелік жетекшіміз Марина Александровнамен таныстық. Арнайы формамызды киіп болғаннан кейін облыстық аурухананың ішімен таныстық. Облыстық аурухана 5 бөлімнен тұрады: 1) Қабылдау бөлімі; 2) Неврологиялық бөлім; 3) Хирургиялық бөлім; 4) Нейрохирургиялық бөлім; 5) Кардиоревматологиялық бөлім. Мені хирургиялық бөлімге бөлді. Хирургиялық бөлімнің аға мейірбикесі Исабекова Гульмира Жакыпбековнамен таныстық. Ол бізді хирургиялық бөлімнің құрылымымен таныстырды, оның құрылымына: 2 бокс бөлмесі, 2 орап таңу бөлмесі, емшара бөлмесі, 12 палата, 2 дәретхана, дәмхана, мейірбикелер бөлмесі, кезекші дәрігерлер бөлмесі, аға мейірбикенің бөлмесі, дәрігерлер бөлмесі, шаруашылық иесі бөлмесі, конференц залы, сервистік бөлмесі, оқу бөлмесі және доценттер бөлмесі кіреді. Хирургиялық бөлімшенің медбикелік постындағы 1-ші жұмыс күнім. Ең бірінші қолымды гигеналық деңгейде тазарттым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолдың саусақтарынан сақинаны, жүзік, сағатты және тағы да басқа әшекей-бұйымдарды шештім. 2. Қол терісінің бүтіндігін тексердім. 3. Халаттың жеңдерін білектің 2/3 бөлігіне дейін қайырып орадым. 4. Қағаз салфеткалар көмегімен су шүмегін ашып, судың температурасын 35-400С реттедім. Ол шүмекте орналасқан микроорганизмдермен қолдың жанасуын қорғайды. 5. Жылы судың жайлы орташа ағымы астында қолды білектің 2/3 бөлігіне дейін жігерлі сабындап, келесі ізбе-ізділікпен жудым: - алақанды алақанмен; - сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанымен және керісінше; - алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында; - оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше; - үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен үйкеледім; - сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, он алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше. Әрбір іс-қимылды 5 реттен кем емес 10 секунд бойы қайталадым. 6. Қолымды ағынды жылы судың астында сабын толық кеткенше шайдым. Қолымды шынтақ деңгейінен жоғары ұстадым (осы қалыпта су таза зонадан ласқа қарай ағады). 7. Шүмекті қолымның оң шынтағыммен жаптым. Қолымды қағаз сүлгімен құрғаттым. Одан кейін посттағы мейірбикенің нұсқауымен журналды толтырдым. Бөлімшеде дәрілік заттарды сақтауға қойылатын жалпы талаптар: Постыдағы медбикенің тартпасында құлыппен ішке және сыртқа қолдануға арналған дәрілер сақталынады. Барлық дәрілік заттар қалай және қандай кезде қолдануға болатындығы жазылып бөлек бөлек жиналады, іздегенде тез табылатындай болуы тиіс. Иісі өткір дәрілерді бөлек сақтайды. Ал тоңазытқышта (тұнбалар, қайнатпалар, микстуралар, ) сонымен қатар мазьдар, вакцина, сыворотка (t° дан +2°С ға дейін +10°С) сақталады. МҰ емдеу бөлімшесіндегі дәріханадан дәрілік заттарды жаздырып алу ережесі: 1. Таңертеңгі дәрігерлік аралап шығудан кейін, тағайындау парағынан барлық дәрі-дәрмектерді дәрі-дәрмектер бөлімшесіне даярлауға жібердім. 2. Күшті әсер ететін және улы дәрі-дәрмектерді бөлек дәптерге жаздым. Онда: науқастың аты-жөнін, ауру тарихының №, күнін, ампула санын жазып, қолымды қойдым. |
Сандық есеп
Қолды жуу | |
Журналды толтыру |
09.03.16 | Медбикелік посттағы 2-ші жұмыс күнім.Жұмысты бастамас бұрын қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым. Одан кейін қолыма залалсыздандырылған қолғапты киіп, постқа ағымды тазалық жүргіздім. Залалсыздандырылған қолғапты кию іс әрекет алгоритмі: 1. Гигиеналық деңгейде қолымды тазартып, антисептикпен қолымды өңдедім. 2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жаздым. 3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алдым, саусақтар қолғаптың кайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек. 4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгіздім. 5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты кидім. 6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргіздім, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек. 7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстадым. 8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгіздім. 9. Сол қолдың саүсақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты кидім. 10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптын бүгілген шетінің астына қарай тарттым. Алдымен үстелдің ішкі полкаларын, тартпаларын сүрттім, одан кейін үстелдің сырт жақтарын, үстелдің маңайын сүртіп шықтым. Дәрілік заттар сақталатын шкафтың ішіндегі дәрілерді алып шығып, кезекпен полкаларын сүрттім. Дәрілерді орнына койып, тазалықты жүргізіп болғаннан соң, ерітіндіні ауыстырып, қолғабымды шештім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасадым. 2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса, отырып қайырма жасадым. 3. Сол қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шештім. 4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстадым. 5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстадым. 6. Оң қолдағы қолғапты, оны теріс айналдыра отырып, шештім. 7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. Дәрілік заттарды тарату ережесі : Дәрілік заттарды таратарда Медбикенің барлық әрекетіндегідей гигиенаны сақтау қажет. Дәрілік затты таратпас бұрын қолды гигиналық тұрғыда өңдеу керек. Жылжымалы столға латокқа: сұйық дәріні флаконда, әр флаконға арналған пипеткалар, дәрілік затты қабылдауға арналған стакандар, су құйылған құмыра, таблеткаларды таратуға арналған пинцеттер, қайшыны қою керек. Наркотикалық дәрілік заттарды сақтау ережелері: Наркотикалық дәрілер оқшауланып кіруге тыйым салынған арнайы құлпыланатын бөлмеде сейфте сақталады. Улы дәрілік заттар бөлек металл шкафта құлпыланып сақталады; Металл шкафпен сейфтің есігінің ішкі жақ бетінде «А» тобының дәрілік заттары екендігі және жоғарғы дозасы мен тәуліктік дозасы жазылуы керек; «А» тобының дәрілік заттары артығымен болмауы керек, улы – 5 күнге, наркотикалық – 3 күнге, әсері қатты – 10 күнге; Әсері қатты дәрілік заттар бөлек ағаш шкафта құлыппен «Б» тобының дәрілік заттары деген жазумен жазылады. |
Сандық есеп
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Ағымды тазалық |
10.03.16 | Бөлімшедегі 1-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00 де бөлімшеге келдім. 42-палатадағы науқастың артериалды қан қысымын өлшедім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріп, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтадым, қандай нәтижелер болғанын науқас білеме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек. 2. Науқасқа ыңғайлы қалып бердім, отыру немесе жату салмақты босансыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады, (алақанмен жоғары) аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді. 3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекіттім. 4. Манометрді манжетамен бекіттім, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексердім. 5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтадым, фонендоскопты осы жерге қондырдым (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі). 6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырдым. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше. 7. Вентильді аштым және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя бердім. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қарадым, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындадым және манометрдің көрсеткішін қадағаладым. 8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгіледім (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систальдық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастольдық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығардым. 9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шештім. 10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жаздым (алымы – систольдық қысым, бөлімі –диостольдық қысым). 11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырдым. 12. Фонендоскоптын басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырдым. 13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарладым 51-палатадағы науқастың тамыр соғысын анықтадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндірдім, оның келісімін алдым, тамыр соғуын анықтайтын жерді таптым. 2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды бердім. 3. Қолыңызды гигиеналық денгейде тазарттым. 4. Өз қолымның саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстадым, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде), 1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады. 5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстадым. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қыстым, тамыр соғатын жерді анықтадым, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сездім. 6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырдым. Тамыр соғу сәйкестігін анықтадым. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егерде тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі). 7. Тамыр соғу реттілігін анықтадым. 8. Тамыр соғу жиілігін анықтадым. 9. Тамыр соғу толысуын бағаладым. 10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтадым. 11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жаздым. 12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарладым. 13. Қолымды жуып, кептірдім. |
Сандық есеп
Қол жуу | |
Қолғап кию |
11.03.16 | Бөлімшедегі 2-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00 де бөлімшеге келдім. Ең алдымен қолымды гигеналық деңгейде тазарттым. Одан кейін 53-палатадағы науқасқа оксигенотерапияны жүргіздім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысын түсіндірдім. 2. Гигиеналық деңгейде қолымды жудым. Залалсыздандырылған қолғапты кидім. 3. Науқасқа Фаулер қалпын бердім. 4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындадым: - таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды құйдым; - жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз еттім; - ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізідім. 5. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткіздім. 6. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойдым. 7. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын құйдым. 8. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстадым. 9. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгіздім. 10. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қарадым. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзімді жеткіздім. 11. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына жапсырдым. 12. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырдым. 13. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырдым. 14. Оттегі шығатын шүмекті аштым (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттедім (2-3 л/мин). 15. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қарадым. Науқастың қал-жағдайын бағаладым. 16. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалды, мұрынға майлы ерітінді тамыздым. 17. Катетерді алап тастадым. 18. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым. 19. Қолғапты шештім. Қолымды жуып, құрғаттым. 43-палатадағы науқастың қызуын өлшедім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндірдім, оның келісімін алдым. 2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазарттым. 3. Науқасты отырғыздым. 4. Термометрді қолға алдым. Оның бүтіндігін тексердім. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіп қарадым. 5. Қолтық асты ойысын қарадым. 6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүрттім. (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді). 7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салдым, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұрадым). 8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойдым. 9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарлауы бойынша анықтадым. Науқасқа алынған нәтижені хабарладым. 10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жаздым (қара түспен). 11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзімді жеткіздім. 12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салдым. 13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жудым, салфеткамен құрғатып сүрттім, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салдым. 14-Қолымды жуып, кептірдім. |
Сандық есеп
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Қызуды өлшеу |
12.03.16 | Бөлімшедегі 3-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00 де бөлімшеге келдім. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып болғаннан кейін 46-палатаға ағымды тазалық жүргіздім. Ағымды тазалау - 0,015% Люмакс-хлор ерітіндісімен жүргізіледі. Ол үшін 4 литр суға + 1 таблетка Люмакс-хлор қосып дайындаймыз. Шкафты, шкаф полкаларын, столды сүрттім. Ағымды тазалық жұмысын жүргізіп болғаннан кейін қолымды механикалық қол жуу алгоритмі бойынша жуып, кептірдім. Сосын 1 сағатқа кварц шамын қостым. Журналды толтырдым. Одан кейін 45-палатадағы науқасты фиброгастродуаденоскопияға дайындадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алдым. 2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргіздім. 3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарладым. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салдым, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайтынын ескерттім. 4. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағаладым. 5. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын наукасқа ескерттім (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады). 6. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апардым. 7. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апардым және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұрадым. Темекі шегуге болмайтынын ескерттім. Одан кейін 3 науқастың қан қысымын өлшедім, 42-палатадағы науқастың дене қызуын өлшедім. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып, журнал толтырдым. Одан кейін 43-палатадағы науқасқа тазарту клизмасын жасадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндірдім, оның келісімін алдым. 2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршадым. 3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты кидім. 4. Гигиеналық деңгейде қолымды тазарттым, қолғапты кидім. 5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жаптым. 6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы ілдім, оған ұштықты кигіздім, оның ұшына вазелин майын жақтым. 7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығардым, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жаптым. 8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойдым. 9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төседім, оның үстінен жаялықты төседім. 10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтірдім, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болды. 11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгіздім. 12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұрадым. 13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алдым. 14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұрадым. 15. Наукасқа дәрет ыдысын бердім. 16. Анус тесігінің айналасын тазарттым. 17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салдым. 18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шештім. 19. Қолымды жуып, кептірдім. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. |
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Ағымды тазалық | |
Дене қызуын өлшеу | |
АҚҚ өлшеу | |
Тазалау клизмасы | |
ФГДС-қа дайындау |
14.03.16 | Бөлімшедегі 4-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00-де бөлімшеге келдім. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып болғаннан кейін, 51-палатадағы науқасты зәрді лабороториялық зерттеуге дайындадым. Іс- әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алдым. 2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргіздім. 3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйреттім. 4. Қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым. Қолғап кидім. 5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа бердім. 6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйреттім (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жудым). 7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет. 8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинадым және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтадым. 9. Қақпақпен банкіні жаптым. 10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндірдім. 11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апардым. 12. Қолғапты шештім, қолымды жуып, кептірдім. Одан кейін сол науқастың қан қысымын, дене қызуын өлшедім. 43-палатадағы науқас құсқан кезде көмек корсеттім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Жедел дәрігерге хабарладым. 2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жаптым. Науқасқа сүлгіні бердім. Оның аяғына шылапшынды қойдым. 3. Науқастан алмалы-салмалы тіс протезін алып тастауын сұрадым. 4. Қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым. Қолғапты кидім. 5. Құсқан уақытта, өзімнің алақанымды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстадым. 6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүрттім. 7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз еттім. 8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырдым. 9. Оның қақпағын тығыз жаптым. 10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жібердім. 11. Қолғапты шештім. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 12. Қолымды жуып, құрғаттым. Одан кейін 44-палатадағы науқасты колоноскопияға дайындадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндірдім, оны жасауға келісімін алдым. 2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргіздім. 3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескерттім (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды). 4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарладым. 5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады. 6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады. 7. Зерттеуді жасау қарсаңында науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасадым. 8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасадым. 9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апардым (ауру тарихымен). 10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салдым. |
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Құсу кезіндегі көмек | |
Колоноскопияға дайындау |
15.03.16 | Емшара бөлмесіндегі 1-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00-де емшара бөлмесіне келдім. Ең бірінші қолымды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғап кидім. Емшара бөлмесіне ағымды тазалау жүргізіп шықтым. Болғаннан кейін емшара бөлмесінің мейірбикесіне флаконнан дәрілік ерітіндіні шприцке толтырып бердім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, спирттелген мақта шариктерімен қолымды өңдедім. Қолғапты кидім. 2. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырдым (стандарт бойынша). 3. Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыдым және сыртқы көрінісін анықтадым, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырдым. 4. Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін аштым. 5. Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүрттім. Спиртті кептірдім. 6. Шприцті 900 бұрышта ұстап отыра, флакон тығынының ортасын инемен тесіп, флаконға инені 0,5-1,0 мл енгіздім. 7. Флаконнын түбін жоғары қаратып көтердім. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстадым. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алдым. 8. Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастадым, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекіттім. 9. Шприцті тік қалыпта алып, V саусақты – поршенде, II саусақты иненің канюлясында, I, III және IV саусақтарды – цилиндрде ұстап отыра, иненің өткізгіштігін тексеріп, ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет. 10. Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салдым. 11. Қолғапты шешіп, контейнерге салдым. Қолымды жуып, кептірдім. Одан кейін мейірбикенің нұсқауымен келесі науқасқа арнап ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алып, мейірбикеге дайындап бердім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырдым. 2. Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыдым, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексердім. 3. Гигиеналық деңгейде қолыма тазартуды жүргіздім, спирттелген мақта шариктерімен қолымды өңдедім, қолғапты кидім. 4. Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырдым (стандарт бойынша). 5. Сол қолға ампуланы алдым, оны сәл сілкідім, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсірдім. 6. Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай қозғалыспен тазарттым. Қолданылған мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 7. Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен азырақ кестім. 8. Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы аштым, оны жылдам қозғалыспен өзінен сындырдым. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 9. Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алдым. 10. Оң қолға құрастырылған шприцті алдым. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстадым. 11. Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгіздім, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алдым, , ине үнемі ерітіндіде батырулы екендігін кадағаладым. 12. Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алдым. 13. Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигіздім. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдаланамыз. 14. Шприцті қатаң тіке қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығардым. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде). 15. Оң колдың үлкен саусағымен поршенді бастым, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстадым, ауаны және аз дәріні ығыстырып шығардым, шприцте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз. 16. Шприцті дәрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салдым. 17. Қолғапты шештім, қолымды жуып, кептірдім. |
Қолды жуу | |
Қолғап кию |
16.03.16 | Емшара бөлмесіндегі 2-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00-де емшара бөлмесіне келіп, қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым. Мейірбикенің нұсқауымен антибиотиктерді араластырдым. Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді. Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады. Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі. Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД. 1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет: - 500.000 ЕД : 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде); - 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде). 2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет. - 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді; - 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді. 2 науқасқа бұлшықет ішіне егу жасадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таныстым. 2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті бердім. 3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектестім: - бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызамыз; - санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызамыз; - иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызамыз. 4. Инъекция жасайтын жерді киімінен босаттым. 5. Инъекция жасайтын жерді анықтадым (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі). 6. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексердім, түйін және тығыздалу болған жоқ. 7. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолымды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты кидім. 8. Шприцті құрастырдым(стандарт бойынша). 9. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алдым: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салдым. (стандарт бойынша). 10. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазарттым: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салдым. 11. Оң қолға шприцті алдым: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойдым (поршеннің сабы бос болуы керек). 12. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін кердім және бекіттім. 13. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгіздім (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмай. 14. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіздім. 15. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойдым. 16. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алдым. 17. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасадым. 18. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 19. Қолымды жуып, кептірдім. |
Қол жуу | |
Қолғап кию | |
Иньекция жасау |
17.03.16 | Емшара бөлмесіндегі 3-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00-де емшара бөлмесіне келдім. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып болғаннан кейін, 1 науқастың тері астына егу жасадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндірдім, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарладым. 2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып, қолымды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдедім, қолғапты кидім. 3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырдым (стандарт бойынша). 4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алдым (стандарт бойынша). 5. Науқасты отырғыздым. 6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазарттым: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерді контейнерге салдым). 7. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салдым. 8. Оң қолға шприцті алдым: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстадым. 9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинадым. 10. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгіздім, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстадым. 11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгіздім. 12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойдым. 13. Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығардым. 14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқаладым. 15. Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 16. Қолымды жуып, құрғаттым. 17. Науқастың қал жағдайын сұрадым. Одан кейін 2 науқасқа тері ішіне егу жасадым. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндірдім. Оны жүргізуге келісімін алдым. 2. Гигиеналық деңгейде қолыма тазарту жүргіздім, қолғапты кидім. 3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырдым. 4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алдым, инеден қалпағын алмай, ауаны шығардым, шприцті ораудың ішкі бетіне салдым. 5. Науқасты отырғыздым, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойдым. 6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазарттым: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салдым). Спирттің толық кебуін күттім. 7. Оң қолға шприцті алдым: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрдің қыр жағынан ұстадым. 8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тарттым. 9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгіздім. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан бастым. 10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгіздім. 11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай). 12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығардым (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспай). 13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салдым. 14. Қолғапты шешіп, контейнерге салдым. 15. Қолымды жуып, кептірдім. 16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндірдім. |
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Иньекция жасау |
18.03.16 | Емшара бөлмесіндегі 4-ші жұмыс күнім. Сағат 8:00-де емшара бөлмесіне келіп, қолымды гигиеналық деңгейде тазарттым. Қолғап киіп, емшара бөлмесіне ағымды тазалық жүргіздім. 2 науқасқа сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін бір рет қолданылатын жүйені құрастырып, тамшылатып енгіздім. Іс-әрекет алгоритмі: 1. Қолымды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолымды өңдедім, қолғапты кидім. 2. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярладым (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексердім). 3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексердім, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырдым. 4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алдым. 5. Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазарттым. 6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен аштым, ораудан жүйені шығардым. 7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жаптым. 8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгіздім. Тамызғыштың ауа кіргізгішін аштым (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізу керек). 9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекіттім. 10. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырдым. 11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырдым. 12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигіздім. 13. Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексердім Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып енгізу алгоритмі: 1. Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектестім (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықты және ішекті босатуын ұсындым. 2. Гигиеналық деңгейде қолымды тазарттым. Қолымды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдедім, қолғапты кидім. 3. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексердім, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыдым, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аудардым. 4. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салдым. 5. Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байладым. Көк тамырды тесетін жерін қарадым 6. Тамыр соғуын тексердім. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұрадым, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұрадым. 7. Көк тамырды саусақпен басып, сездім. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдедім. 8. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазарттым, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алдым. 9. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жібердім, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен бастым. 10. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгіздім. Оның бұрышын азайттым. 11. Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгіздім. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қыстым. 12. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткіздім; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді. 13. Сол қолмен бұрауды босаттым, науқастан жұдырығын жазуын сұрадым. 14. Ине тамырда екеніне көзімді жеткіздім. 15. Жүйенің қысқышын аштым. 16. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттедім (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақыладым, қарап шықтым, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағаладым. 17. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырдым, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жаптым. 18. Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағаладым. 19. Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақыладым. 20. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жаптым, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке бастым. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүктім. 21. Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салдым. 22. Қолымды жуып, құрғаттым. |
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Бір реттік жүйені дайындау | |
Көктамырға тамшылатып енгізу |
Қолды жуу | |
Қолғап кию | |
Ағымды тазалық | |
Қорытынды тазалық | |
АҚҚ өлшеу | |
Дене қызуын өлшеу | |
Журналды толтыру | |
Тазалау клизмасы | |
Иньекция орындау | |
Бір реттік жүйені дайындау | |
Көктамырға ташылатып енгізу | |
Құсу кезіндегі көмек | |
ФГДС-қа дайындау | |
Колоноскопияға дайындау |