Басқару құрылымы түсінігі
БИЛЕТ
Басқарушының түрлері, ұтымды шешім және оны қабылдау кезіңдері стр 26
Басқару құрылымы түсінігі.
Туризм - экономиканың маңызды саласы ғана емес, сонымен қатар күрделі ұйымдық құрылым болып табылады. Туризм нысанына не жататынын әрқашан дәл анықтау мүмкін емес, тұтынушылар туристік құрылымдардың тығыз байланысын байқай бермейді, ал туристік кәсіпорындардың өкілдері өз жұмысында тек жалпы жүйенің бір бөлігін ғана анықтайды. Туризм құрылымы сонымен қатар, туристік аймақтарда, ұйымдарда және кәсіпорындарда еңбек ұжымы мен жекелей қызметкерлердің орнын анықтайды. Бұл белгілі бір қарым қатынастар құрылатын негіз болып табылады.
Кең ұғымда туризмді басқару құрылымы өзара байланысқан реттелген элементтер жиынтығы болып табылады.
Шын мәнісінде функционалды қызметтер басқару деңгейлерінің логикалық қарым қатынастары болып табылады, бұлар менеджмент көмегімен алдын ала туристік саланың стртегиялық мақсаттарына жету үшін арнайы құрылады.
Туристік құрылымдарды басқару - ұйым қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелер арасында мақсаттар мен міндеттерді тиімді бөлу болып табылады.
Басқарудың ұйымдық құрылымының құраушылары ұйымның бірнеше жеке жүйеліктерінің құрам, арқатынас, орналасу, өзара байланысы болып табылады. Мұндай құрылымды құру құқық және жауапкершілікті ұйымдаструдың жеке бөлімдері арасында жіктеуге бағытталған.
Ұйымды басқару құрылымында буындар (бөлімдер), тік және көлденең басқару және байланыс деңгейлері (сатылары) бөлінеді.
Басқару буындарына құрылымдық бөлімшелер, сонымен қатар сәйкес басқару функцияларын орындайтын жеке мамандар жатады.
Басқару буындарына бірнеше құрылымдық бөлімшелерді реттейтін менеджерлері де жатқызу қажет. Басқару буынын құру негізінде бөлімше нақты басқару фунциясын орындау жатыр. Бөлімдердің арасында орнайтын байланыс көлденең сипатты болып келеді.
Басқару деңгейі деп ұйымда басқару жүйелерінде нақты сатыда орын алатын басқару буындарының жиынтығы болып табылады. Басқару сатылары тік байланыста және бір біріне иерархия бойынша бағынылады, анағұрлым жоғары саты менджерлері шешімдерді қабылдап, нақтылап, төменгі орналасқан буындарға жеткізеді. Ұйымдағы басқарудың пирамидалық құрылымы 12-ші суретте көрсетілген.
Жоғары буынды басқару
Орта буынды басқару
Төменгі буынды басқару
4- сурет. Ұйымды басқару деңгейлері
Ұйымның барлық басқарушылары басқарушылық қызметтерді орындайтынына қарамастан, олар еңбектің бірдей түрімен айналысады деуге болмайды. Кейбір басқарушыларға басқа басқарушылардың қызметтерін ретке келтіру үшін уақыт жұмсау қажет болса, олар өз кезегінде төменгі буын менеджерлерінің қызметін реттейді, осылайша басқарушылық емес персонал өнім өндіретін, қызмет көрсететін адамдарды қызметін қадағалайтын басқрушыларға дейін. Осындай еңбек бөлінісін сипаттау басқару деңгейлерін құрайды. пирамида формасы алдыңғы деңгейге қарағанда жоғары деңгейде аз адам орналасатынын көрсетеді.
Ұйымды басқарудың жоғарғы деңгейі Директорлар Кеңесінің төрағасы, бақылаушы кеңес, президент, вице преидент, басқарушылықтан тұруы мүмкін. Бұл басқарушы қызметкерлер тобы акция иегерлерінің мүдделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, ұйым саясатын жасақтайды және оның тәжірибеде жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, жоғарғы басқарушылрды екі деңгейге бөлуге болады: атқарушылық басқару және жалпы басқарма.
Орта деңгей басшылары жоғарғы басшылар жасақтаған ұйымның қызмет жасау саясатының жүзеге асуын қамтамасыз етіп, ұйымдар мен бөлімшелердің толық сипатталған міндеттерінің орындап отыруын қадағалап отырады. Осы топқа кіретін мамандар әдетте міндеттердің кең ауқымына ие болы, шешім қабылдаудың жоғары еркіндігіне ие болады. Бұларға бөлімшелер, бюро бастықтары, ұйым құрамына кіретін кәсіпорындар директорлары, функционалды бөлімдер бастықтары жатады.
Басқарудың төменгі деңгейі кіші бастықтардан тұрады. Бұл тікелей қызметкерлерге соның ішінде жиі орындаушыларға нақты мндет қоятын кіші менеджерлерге бақылауды жүзеге асыратын басшылар.
Барлық деңгейлерде де басшылар тек басқару емес, сонымен қатар атқару функцияларын орындайтынын ескеріп кету қажет. Бірақ басқару деңгейінің сатысы өскен сайын атқару функцияларының үлестік мөлшері азая түседі. Есептеулер бойынша, жоғары деңгейде бұл көрсеткіш 10 пайызды, ортаңғы буында 50 пайызды, ал төменгі буында 70 пайызды құрайды (13 – сурет).
Жоғарғы менеджмент | Стратегиялық шешімдер |
Орта менеджмент | Оперативті Шешімдер Өкімдер |
Төменгі менеджмент | Атқарушылық Жұмысар |
5 - сурет. Қызмет түрі мен басқару деңгейлеріне байланысты менеджерлердің уақыт шығындарының жіктелуі
Жалпы уақыттың мынадай жіктелуі барлық үш деңгей менеджерлері екі міндет түріне ие болуына байланысты: менеджмент бойынша тапсырмалар және мамандығы бойынша тапсырмалары. Бұл дегеніміз, кез келген басқару деңгейінің басшысы өз уақытының белгілі бір пайызын басқарушылық шешімдерді қабылдауға, белгілі бір пайызын мамандығы бойынша шешімдер қабылдауға жұмсайды. Ұйым түрі және көлеміне, оның салалық және аймақтық ерекшеліктеріне, басқа да факторларға байланысты әрбір үш деңгей менеджерлерінің құрамы мен фнукцияларының сипаты өзгеруі мүмкін.