Ндірістік жарықтандыру және түрлері, оларға қойылатын талаптар
Міртіршілік қауіпсіздігі бөлімі
Дипломдық жұмысым «Көкөністерді сақтау қоймасын жылумен және электрмен қамдау жүйесін жаңарту» тақырыбын зерттеуге арналған. Дипломдық жобаның өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімінің негізгі мәселелері қазандық цехындағы еңбек жағдайы, адамның денсаулығы мен жұмысқа деген ынтасы, қабілеті, еңбек қауіпсіздігі және т.с.с. Сондықтан да қызметкерлердің жұмыс жасайтын орындарда оңтайлы, жағымды еңбек шарттары қарастырылуы керек. Дұрыс ұйымдастырылмаған еңбек шарттары әсерінен қызметкерлердің денсаулығына қатысты мәселелер туындауы мүмкін. Осы тектес мәселелердің болдырмау мақсатында еңбекті қорғау туралы заң актілері бекітіліп, сонымен қатар, оған сәйкес келетін әлеуметтік-экономикалық, техникалық сипаттағы шаралар жүзеге асырылады. Дипломдық жұмысымның өмір тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қарастыратын мәселелерім:
1) Өндірістік жарықтандыру және оның түрлері;
2) Желдету жүйелеріне және ауа алмасуды есептеу.
Көкөністерді сақтау қоймасын жарықтандыру .
Адамдар қабылдайтын ақпараттың көп бөлігі жарықтандыруға байланысты болады: сапалық және сандық тұрғыдан қанағаттандырылмаған жарықтандыру тек қана көру қабілетін нашарлатып қоймай, сонымен қатар, ағзаны толықтай шаршауына алып келеді. Оңтайлы емес жарықтандыру: нашар жарықтандырылған қауіпті аймақтар, көру қабілетін нашарлататын жарық көздері, бұлыңғыр көлеңкелер көруді жұмыс істеушілер бағытын жоғалтып алу деңгейінде нашарлатады. Дұрыс жоспарланған және соған сәйкес орнатылған электр немесе табиғи жарық сол жарыққа байланысты атқарылатын жұмыстың жағдайын жақсартуды, өңдірілген өнімнің саны мен сапасы жоғарлатып, жұмысшының көңіл күйіне, психологиялық жағдайына жағымды әсерін тигізеді, сонымен қатар, өндірістегі еңбек жарақаттарын азайтады.
Өндірістік орталарда, жұмыс орындыарында электр жарығын тиісті норма бойынша өлшегенде, оның сан мен сапа қасиеттері түгел есепке алынады.
ндірістік жарықтандыру және түрлері, оларға қойылатын талаптар
Жалпы айтқанда адам ақпаратты көзі арқылы 80-90% алады. Алған ақпараттың сапасы әсіресе жарықталуынан байланысты - жеткіліксіз жарықталу болған кезде тек көзі ғана шаршамай, ағзасы толығымен шаршайды. Қалыпсыз жарықталуда нашар жарықтандырылған қауіпті аумақтар, жарық көздерінен және олардың сәулелерінен зақымданулар пайда болады, олардың айқын көлеңкелері жұмысшылардың көруін нашарлатады да бағдарын толығымен жояды, еңбек өнімділігі төмендейді де өнімнің брактары көбейеді. Өндірістік кәсіпорындарды жарықтандыру табиғи, жасанды және аралас болып бөлінеді.
Табиғи жарықтандыру тек қана көру мүшесіне ғана жағымды әсер етпейді, сонымен қатар адам организмін жақсартып және қалыпты психологиялық әсер етеді.
Табиғи жарықтандыру терезе (бүйірлік жарықталу), жарық шамдары (жоғарғы) арқылы немесе құрамды (терезе және шам арқылы бір уақытта) түрде орындалады. Табиғи жарықтандыруларды нормалау табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) арқылы жүргізіледі. Барлық ТМД өңірі табиғи жарықтандыру коэффициенті (ТЖК) шамасынан байланысты бес сәулелік белдеу болады. Үшінші белдеулердің ТЖК базалық болып қабылданады.
Табиғи жарықталу бірқалыптылықпен бағаланады, сонымен қатар бірқалыпсыздығы бүйірлік және табиғи жарықталуы бар бөлмелерде 3:1 (максималды ТЖК-ның минималды ТЖК-ға қатынасы) кем болмауы керек. Жасанды жарықтандыру тәуліктің түнгі уақытында жеткіліксіз жарықталуы болған кезде пайдаланылады және олар қызметтік тағайындамасы бойынша жұмыстық, кезекші, апаттық, эвакуациялық және күзетшілікке бөлінеді. Жұмыстық жарықтандыру адамның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайларды жасайды.
Оңтайлы табиғи жарықтандыру психологиялық ыңғайлылықпен қамтамасыз етеді, көру, сонымен қатар шаршаудың алдын алады, көру мүшесінің қауіпті ауруларға шалдығуына жол бермейді, еңбек өнімділігін арттырады және еңбек сапасын жақсартуға алып келеді, жарақаттық қауіптерін азайтады.
Өндірістік бөлімшелерді жарықтандыруға еңбекті қорғау келесі негізгі талаптарды қояды: жарықтың жеткілікті болуы және көзбен көру жұмысының сипатына сәйкес болуы тиіс, көру нысаны және көру фонының арасында көлеңкенің болмауы, араларында біраз шектеулер болуы керек; жарық көзі обьектіде шағылыспауы тиіс; жарық көзі жұмыс істеушінің көзін шағылыстырылмаулары керек; жұмыстық аудандарды жарықтандыру дәрежесі үнемі бірқалыпты болады; жасанды жарықтандыруға арналған электр қондырғылары қызмет көрсетуге зиянысыз болуы қажет.
Кәсіпорынның өндірістік, қосымша және әкімшілік-тұрмыстық бөлімшелерінде табиғи және жасанды жарықтандыру қолданылады.
Табиғи жарықтандыру күннің көрінетін жарық энергиясының, ағзаның жұмысын реттейді, оның қоршаған ортаны сезе білу қабілетін қамтамасыз етеді, бөлмеде бірқалыпты жарық тудыруға мүмкіндік тудырады.
Апаттық жарықтандыру жұмыстық жарық сөнген кезде іске қосылады. Апаттық жарықталудың шамдары жеке көз арқылы қосылады және жұмыстық жарықтан 5% кем жарықпен қамтамасыздандыра алады, бірақ бөлмелердің жұмыстық бөлігінде 2лк кем емес және кәсіпорынның территориясында 1лк жарықты қамтамасыз етеді.
Эвакуациялық жарықтандыру қауіп пайда болған кезде бөлмелерден адамдарды шығару үшін іске қосылады. Ол 50 адамнан астам жұмыс істейтін бөлмелерде, сондай-ақ қоғамдық ғимараттарда және, егер бір уақытта 100-ден астам адам жұмыс істейтін өндірістік кәсіпорындарда орнатылады. Бөлмелердің жарықталуы 0,5 лк, сыртында – 0,2 лк болуы міндетті. Күзетшілік жарықтандыру күзетілетін аймақ шекараларының бойында орындалады және 0,5 лк жарықты қамтамасыз ете алуы керек.
Жарық көздерінің орналасқаны бойынша жасанды жарықтану түрлері: жалпы, жергілікті және құрамаға бөлінеді. Жалпы жарықтануда шамдарды жұмыс орындарына біқалыпты жарық беру үшін жоғарыда орналастырады. Табиғи жарықтандыру болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда жасанды жарықтандыру пайдаланылады, қыздыру шамдары, жоғары және төмен қысымды газдық-разрядтық шамдар, жазық және саңылаулы жарықжолдар ретінде жарықтың осындай көздері іске асырылады.
Көздің шаршаған дәрежесі заттарды көру әсерінен ілесетін процестердің кернеулігіне байланысты болады. Осы сияқты процестерге көруге икемделу, үйлесу және бейімделу жатады.
Еңбектің қолайлы жағдайларын жасау үшін өндірістік жарықтандыру келесі талаптарға тиісті жауап беру қажет:
- жұмыс орындағы жарықтың «Табиғи және жасанды жарықтандыру. Жалпы талаптар» 2.04-05-2002 ҚР СНжЕ бойынша орындалатын жұмыстың сипаттамасына сәйкес болу қажет.
- жұмыстық беттердегі және қоршаған кеңістік шектеріндегі жарықтың мүмкіндігінше бірқалыпты таралуы керек;
- жұмыстық беттерде айқын көлеңкелер болмаулары;
- түстерді дұрыс тарату үшін қажетті жарықтың қажетті спектралдық құрамын жарықтандырылуы қамтамасыз ету қажет;
- жарықтандыру жүйесі басқа зиянды факторлардың көзі болмауы керек, сонымен қатар, электрлік және өртке қауіпсіз болуы қажет. Балалар мекемелерінің жарықтандыру тәртібін көру қызметінің дұрыстығын сақтау проблемасынан бөліп қарауға болмайды. Негізгі бөлмелердің жарықтандырылу жағдайы оқу-тәрбие кезінде жалпы және көру қызмет-қабілетінің сақталуына жағдай жасап, көздің қажуының алдын алып, соған сәйкес болатын көрудегі ауытқулардың, жеке алағанда алыстан көрмеушіліктің дамуына жол бермеу керек.
Бұл жағдайлардың орындалуы мекеменің құрылысы (қайта салынуы) кезінде жүзекге асырылады. Бірақ СНменЕ талаптары сақталған күннің өзінде көптеген жағдайлар кері әсер етіп, табиғи жарықты сандық және сапалық жағынан біршама төмендетуі мүмкін. Осы тектес жағдайларға бөлме интерьерінің бояуы, жиһаздар мен басқадай құрал-жабдықтардың түр-түсі мен орналасуы, терезенің өлшемі мен конфигурациясы, санитарлық жағдайы, терезе алдының биіктігі т.с.с. жатады.
Күнделікті санитарлық бақылауларда бөлменің жарықтандырылу жағдайын бақылау, қарастыру кезінде бөлменің бағыты, көлеңкелік коэффициенті, тереңдік коэффициенттері, терезенің құрылымы мен өлшемі, оның санитарлық жағдайы, есіктердің, терезе жақтауларының түр-түсі, әйнектелулері, терезе алдының биіктігі, қараңғылайтын заттар (перделер, гүлдер және т.с.с.) қабырғалардың, төбенің, құрал-жабдықтардың бояуының түсі, оның санитарлық жағдайы анықталады.