Детте, Парламент сессияларын ашады; 20 страница

17-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi;

17-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;

18) тиiстi аумақта ветеринариялық iс-шаралар жүргiзудi, мал шаруашылығында пайдаланылатын арнаулы көмбелер (көмiндiлер) салуды және ұстауды ұйымдастырады, сондай-ақ ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыруды жүзеге асырады;

19) азаматтардың тегін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу құқығының іске асырылуын жүзеге асырады;

20) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемелерді және мемлекеттік кәсіпорындарды құрады, облыстық атқарушы орган белгілеген штат санының лимиті және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормативтер шегінде аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитін белгілейді;

21) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетке толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;

22) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен лицензиялауды жүзеге асырады;

23) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;

23-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

24) Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негізінде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді;

25) дене шынықтыруды және спортты дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

26) "Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;

27) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

27) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

28) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

29) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды жүзеге асыруды ұйымдастырады.

1-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімдігі "Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.

2. Ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгі жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдік өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруда аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат алдында жауап бередi.

4. Осы бапта аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) әкімдіктерге жүктелген өкілеттіктерді қалалық әкімдіктер жүзеге асырады.

Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2004.12.21 N 15 (қолданысқа 2005.01.01 енгізіледі), 2004.12.20 N 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.04.15 N 45, 2006.01.10 N 116 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.07.07 N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.01.11 N 218, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.08 № 266-IV, 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 465-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 N 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі), 2012.02.15 N 556-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 N 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 130-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.02.2014 № 175-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2014 N 212-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2014 № 225-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 N 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

32-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiн қызметке тағайындау қызметiнен босату және өкiлеттiгiн тоқтату тәртiбi

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен қызметке тағайындалады немесе сайланады. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi лауазымына тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі осы Заңда айқындалады.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының Президентi белгiлеген тәртiпте қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.

Ескерту. 32-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.

33-бап. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзыретi

1. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;

2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;

3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;

3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;

4) мынадай лауазымды адамдарды:

жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң орынбасарларын;

әкiм аппаратының қызметкерлерiн, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

4-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне ауданның (қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті полиция қызметінің басшысын атқаратын лауазымынан босату туралы ұсыну енгізуге құқылы;

5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;

6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

6-1) тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органды кәсіби емес медиаторлар тізілімін жүргізу үшін уәкілетті орган ретінде айқындайды;

Алынып тасталды.

8) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;

Алынып тасталды.

10) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

11) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкiмшілiк-аумақтық бірлікті басқару схемаларын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;

12) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;

13) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, азаматтық қорғау, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

14) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;

15) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.

1-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің алдына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қояды, олардың орындалуын бақылайды, жылына екі реттен сиретпей ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі басшысының тиісті есептерін тыңдайды.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.

3. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.

4. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.

Ескерту. 33-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.05.11 N 552 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.01.10 N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.22 N 255, 2007.07.27 N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.04.2014 № 189-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); Заңдарымен.

34-бап. Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк әкiмдіктер

Республикалық маңызы бар қаладағы (астанадағы) аудандық, аудандық маңызы бар қалалық, кенттiк, ауылдық, ауылдық округтiк әкiмдіктер құрылмайды.

35-бап. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің құзыреті

1. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында тиiстi аудандық (қалалық) әкiмдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді;

4-1) әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаны әзірлеу кезінде жергілікті қоғамдастық жиналысының талқылауына жергілікті маңызы бар мәселелерді Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің құрамында көзделген бағыттар бойынша қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды шығарады;

5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

10-1) әділет органдары жоқ жергілікті жерлердегі кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариаттық әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

10-2) жұмыспен қамту органдары жоқ жерлердегі кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды белгілеп отырады;

11) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

12-1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

12-2) мүгедектерге көмек көрсетуді ұйымдастырады;

12-3) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

12-4) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi органмен және мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады;

12-5) мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiмен бiрлесiп, мәдени-бұқаралық және ағарту iс-шараларын ұйымдастырады;

12-6) мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтiк көмек көрсетуді үйлестiредi;

12-7) халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

12-8) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;

12-9) "Алтын алқа" алқасымен наградталған аналарға үй бөлуге жәрдемдеседі;

13) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

14-1) шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізіп салуды ұйымдастырады;

15) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;

16) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

17) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде қала, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

18) республикалық маңызы бар қалада, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

19) өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi;

20) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

21) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

22) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

23) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды.

Наши рекомендации