Детте, Парламент сессияларын ашады; 29 страница

4. Парламенттің ұйымдастырылуы мен қызметі, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгіленеді.

Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 49-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.07.14 N 13/2 қаулысымен.

Бап

1. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

2. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды.

3. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады.

4. Парламент депутаты бір мезгілде екі Палатаға бірдей мүше бола алмайды.

5. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Ескерту. 50-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 50-баптың 5-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.15 N 1/2, 1999.11.29 N 24/2, 2003.02.11 N 1, 50-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - 2004.02.12 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

1. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

2. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезекті сайлауы бұлардың өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі екі айдан кешіктірілмей өткізіледі.

3. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

4. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

5. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі.

6. Парламенттің депутаты Қазақстан халқына ант береді.

Ескерту. 51-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 51-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 1999.03.18 N 5/2, 51-баптың 2-тармағына түсініктеме берілді - 1999.11.29 N 24/2, 51-баптың 5-тармағына түсініктеме берілді - 2003.02.11 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

Алып тасталды

2. Парламент депутаттары оның жұмысына қатысуға міндетті. Парламентте депутаттың жеке өзі ғана дауыс береді. Депутаттың Палаталар мен олардың органдарының отырыстарына дәлелді себептерсіз үш реттен артық қатыспауы, сол сияқты дауыс беру құқығын басқа біреуге беруі депутатқа заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.

3. Парламент депутатының басқа өкілді органның депутаты болуға, оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге де жұмыс атқаруға, кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Осы ереженің бұзылуы депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

4. Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, тиісті Палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

5. Парламент депутатының өкілеттігі орнынан түскен, ол қайтыс болған, соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша депутат іс-әрекетке қабілетсіз, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен деп танылған жағдайларда және Конституция мен конституциялық заңда көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

Парламент депутаты:

1) ол Қазақстаннан тысқары жерге тұрақты тұруға кеткен;

2) оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

3) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан кезде өз мандатынан айырылады.

Парламент Мәжілісінің депутаты:

1) депутат конституциялық заңға сәйкес өзін сайлаған саяси партиядан шыққан немесе шығарылған;

2) конституциялық заңға сәйкес депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан кезде өз мандатынан айырылады.

Парламент Сенатының тағайындалған депутаттарының өкілеттігі Республика Президентінің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Парламент және Парламент Мәжілісі депутаттарының өкілеттігі тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісі таратылған жағдайларда тоқтатылады.

6. Депутаттарға жазалау шараларын қолдануға, олардың осы баптың 3-тармағының талаптарын, депутаттық әдеп ережелерін сақтауына, сондай-ақ депутаттардың өкілеттігін тоқтатуға және өкілеттігінен әрі депутатқа ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыруға байланысты мәселелерді әзірлеу Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жүктеледі.

Ескерту. 52-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284 Заңымен, 52-баптың 3 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001.05.17 N 7/2, 2003.05.12 N 5, 52-баптың 1 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - 2001.12.13 N 19/2, 52-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - 2003.01.30 N 10, 52-баптың 4 және 5-тармақтарына түсініктеме берілді - 2003.02.11 N 1 қаулыларымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді. Үкіметтің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін Парламенттің бекітпеуі Парламенттің Үкіметке сенімсіздік білдіргенін көрсетеді;

3) Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екісінің даусымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы;

4) соғыс және бітім мәселелерін шешеді;

5) Республика Президентінің ұсынысы бойынша бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Республиканың Қарулы Күштерін пайдалану туралы шешім қабылдайды;

6) Конституциялық Кеңестің Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын тыңдайды;

7) палаталардың бірлескен комиссияларын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметтен босатады, комиссиялардың қызметі туралы есептерді тыңдайды;

8) Парламентке Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Ескерту. 53-баптың 3) және 4) тармақшаларына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.06.26 N 5 Нормативтік қаулысы.

Бап

1. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы конституциялық заңдар мен заңдар қабылдайды, оның ішінде:

1) республикалық бюджетті бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

2) мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;

3) Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін айқындайды;

5) мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

6) рақымшылық жасау мәселелерін шешеді;

7) Республиканың халықаралық шарттарын ратификациялайды және олардың күшін жояды.

2. Парламент палаталардың бөлек отырысында мәселелерді әуелі - Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1) республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерді талқылайды;

2) Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша қарсылықтар жіберілген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылықтарының қабылданғанын білдіреді. Егер Мәжіліс пен Сенат әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екі көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығын ең болмаса палаталардың бірі еңсермесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданды деп есептеледі. Парламент қабылдаған конституциялық заңдарға Мемлекет басшысының қарсылығы осы тармақшада көзделген тәртіппен қаралады. Бұл ретте Парламент Президенттің конституциялық заңдарға қарсылығын әр Палата депутаттарының жалпы санының кемінде төрттен үшінің даусымен еңсереді;

3) республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтереді.

Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен, 54-бабына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.10.15 N 8 Нормативтік Қаулысымен.

Бап

Сенаттың ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау;

2) Республика Президентінің Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру;

3) Республиканың Бас Прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасы мен судьяларын оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру;

Алып тасталды

5) Мәжілістің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентінің конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөніндегі функцияларын орындау;

6) Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Ескерту. 55-баптың 1-тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000.07.05 N 11/2 қаулысымен, өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

1. Мәжілістің ерекше қарауына мыналар жатады:

1) Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;

2) Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;

3) Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;

4) Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

2. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен, Мәжіліс депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бірінің бастамасы бойынша Мәжіліс Үкіметке сенімсіздік білдіруге хақылы.

Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.05.21 N 254 Заңымен.

Бап

Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз:

1) Конституциялық Кеңестің екі мүшесін қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;

2) Конституцияның 47-бабының 1-тармағында көзделген ретте Парламент құратын комиссия мүшелерінің тең жартысына өкілеттік береді;

3) Палаталардың бірлескен комиссиялары мүшелерінің тең жартысын сайлайды;

4) Палаталар депутаттарының өкілеттігін тоқтатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ұсынуымен оларға ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан Палаталардың депутаттарын айыру мәселелерін шешеді;

5) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша парламенттік тыңдаулар өткізеді;

6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен оны қызметтен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Егер Республика Президенті мұндай өтінішті қабылдамай тастаса, онда депутаттар Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен алғашқы өтініш берілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін Республика Президентінің алдына Үкімет мүшесін қызметінен босату туралы мәселені қайталап қоюға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;

7) Палаталардың үйлестіруші және жұмыс органдарын құрады;

8) өз қызметінің регламентін, Палатаның ұйымдастыру және ішкі тәртібіне байланысты мәселелер бойынша өзге де шешімдер қабылдайды.

Ескерту. 57-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1998.10.07 N 284, 2007.05.21 N 254 Заңдарымен.

Бап

1. Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.

2. Палаталардың төрағалары, егер бұл үшін Палаталардың депутаттары жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қызметтен кері шақырылып алынуы мүмкін, сондай-ақ олар өз еркімен орнынан түсуге хақылы.

3. Парламент Палаталарының төрағалары:

1) Палаталардың отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді;

2) Палаталардың қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды;

3) Палаталар төрағаларының орынбасарлары қызметіне сайлау үшін Палаталарға кандидатуралар ұсынады;

4) Палаталар қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;

5) Палаталардың үйлестіру органдарының қызметіне басшылық жасайды;

6) Палаталар шығаратын актілерге қол қояды;

7) палаталарға Конституциялық Кеңестің, Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі қызметіне тағайындау үшін кандидатуралар ұсынады;

8) өздеріне Парламент регламенті жүктейтін басқа да міндеттерді атқарады.

4. Мәжіліс Төрағасы:

Наши рекомендации