Детте, Парламент сессияларын ашады; 14 страница
4. Жоғары тұрған мемлекеттік органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін өзінің жазбаша өтініші негізінде оны кері қайтарып алуы мүмкін. Тұлғаның шағымды кері қайтарып алуы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мерзімдері сақталған жағдайда оны қайта шағым беру құқығынан айырмайды.
20-3-бап. Шағымның нысаны мен мазмұны
1. Шағым жазбаша нысанда беріледі.
2. Шағымда:
1) шағым берілетін жоғары тұрған мемлекеттік органның атауы (жоғары тұрған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
2) шағым беруші жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және тұрғылықты жері не заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;
3) жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиалы мен өкілдігі) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі;
4) актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауы немесе әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
5) шағым беруші тұлға өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар және дәлелдемелер;
6) шағым берілген күн;
7) шағымға қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
3. Шағымда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар өзге мәліметтер де көрсетілуі мүмкін.
4. Шағымға тікелей оны беретін адам не оның өкілі болып табылатын адам қол қояды.
20-4-бап. Шағымдарды қараудың жалпы қағидалары
1. Тұлғаның шағымы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарады.
2. Шағым қаралған кезде онда жазылған дәлелдер жан-жақты тексеріледі, қажет болған жағдайда тиісті лауазымды адамдардан, ұйымдардан және азаматтардан лауазымды адамдардың шағым жасалып отырған әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), мемлекеттік органдардың шағым жасалып отырған актілеріне (шешімдеріне) қатысты түсіндірмелермен бірге қосымша материалдар талап етіп алдырылады.
3. Шағым оның мазмұны шегінде қаралады.
4. Жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал жасауға тыйым салынады.
5. Лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және мемлекеттік органдардың актілеріне (шешімдеріне) шағымдарды қараудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
20-5-бап. Шағымның берілуіне байланысты лауазымды адамның әрекетін, мемлекеттік орган актісінің (шешімінің) орындалуын тоқтата тұру
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, шағым беру лауазымды адамның әрекетін, мемлекеттік органның шағым жасалып отырған актісінің (шешімінің) орындалуын тоқтата тұрады. Өзге де жағдайларда шағым келтіру, егер мұны шағымды қарайтын жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) қажет деп тапса, лауазымды адамның әрекетін, мемлекеттік органның шағым жасалып отырған актісінің (шешімінің) орындалуын тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін.
20-6-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімдер
1. Шағымды мәні бойынша қарау аяқталған соң жазбаша нысанда уәжді шешім шығарылады, ол шағым берген тұлғаға жіберіледі немесе тапсырылады, ал шешімнің көшірмесі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға немесе актісіне (шешіміне) шағым жасалып отырған мемлекеттік органға жіберіледі.
2. Шағымды қарау нәтижесінде шағымды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы не шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдануы мүмкін. Бұл ретте, егер бұл шағым берген тұлғаның немесе мүддесіне орай берілген тұлғаның жағдайын нашарлатуға әкеп соқса, бұрын шығарылған шешім өзгертілмейді.
3. Шағым берген тұлға шағым бойынша қабылданған шешім туралы және оған одан әрі шағым жасау тәртібі туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
20-7-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімнің нысаны мен мазмұны
1. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімде:
1) шешім қабылданған күн;
2) шағымды қарайтын жоғары тұрған мемлекеттік органның (жоғары тұрған лауазымды адамның) атауы;
3) шағым берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның толық атауы;
4) жеке тұлға үшін жеке сәйкестендіру нөмірі немесе заңды тұлға (филиалы мен өкілдігі) үшін бизнес сәйкестендіру нөмірі;
5) лауазымды адамның шағым жасалып отырған әрекетінің (әрекетсіздігінің) немесе мемлекеттік органның шағым жасалып отырған актісінің (шешімінің) қысқаша мазмұны;
6) шағымның мәні;
7) жоғары тұрған мемлекеттік орган (жоғары тұрған лауазымды адам) шағым бойынша шешім шығарған кезде басшылыққа алған Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтемелермен бірге негіздеме көрсетілуге тиіс.
2. Шешімде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және (немесе) шағымды мәні бойынша шешу үшін маңызы бар, сондай-ақ қабылданған шешімге негіз болған өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
5-тарау. ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГIЗГI
РӘСIМДЕРI
21-бап. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қойылатын негiзгi талаптар
1. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерi:
1) жария және ашық (заңдармен белгiленген шектерде) болуға;
2) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге қатысатын, мемлекеттiң жұмыстарын атқаруға және қызметтер көрсетуге, тауарлар сатуға, кредиттер алуға үмiткер азаматтар мен ұйымдарға қатысты тендерлiк бастауларға негiзделуге;
3) меншiк нысанына және өзге де мән-жайларға қарамастан, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң заң тұрғысынан теңдiгi принципiне негiзделуге;
4) мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген мерзімдерде уәжді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда рұқсаттардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын бөлуге (оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру мен мемлекеттiк сатып алу кезiнде), кредиттiк ресурстарды бөлуге;
2) рұқсаттар беруге;
3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге;
4) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге;
5) мемлекеттiк активтердi басқаруға байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қолданылады.
Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы шектеулер мен тыйымдар
Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнде:
1) мемлекеттiк бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуына;
2) тауарлар мен қызметтер рыногындағы бәсекенi шектеуге немесе жоюға;
3) табиғи монополияларды және заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қызметтiң жекелеген түрлерiне мемлекет монополиясын қоспағанда, жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рыноктағы монополиялық жағдайына;
4) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бiртұтас рыноктық кеңiстiгi шегiнде капиталдың, еңбек ресурстары мен тауарлардың еркiн қозғалуына кедергiлер белгiлеуге;
5) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар мен шектеулер көзделуге тиiс.
6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
23-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық
Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.18 N 262 Заңымен.
24-бап. Осы Заңның өзге нормативтiк құқықтық актiлермен арақатынасы
1. Осы Заңның ережелерi әкiмшiлiк рәсiмдердiң жекелеген түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау үшiн негiзгi ережелер болып табылады.
2. Осы Заңға сәйкес жекелеген мемлекеттiк функцияларды орындау тәртiбi туралы заңдарда осы мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру тәртiбiнiң ерекшелiктерiн айқындайтын әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.
25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу
Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi, осы мерзiм iшiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң әкiмшiлiк рәсiмдердi регламенттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Заңға сәйкес келтiруге тиiс.
ҚР жергіікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы ҚР Заңы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) әкім - жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін, тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару өкілеттігі және өзін-өзі басқару функциялары берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің өкілі;
2) әкім аппараты - жергілікті атқарушы органның (ол құрылған жағдайда) және әкімнің қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
3) әкімшілік-аумақтық бөліністі басқару схемасы - тиісті аумақта орналасқан, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар жүйесі;
3-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасы – мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою бойынша құзыреті шегінде жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, насихаттық және өзге де шаралар кешені;
4) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;
5) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган - жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме;
6) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
6-1) жергілікті қоғамдастық жиналысы – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;
6-2) жергілікті қоғамдастық жиыны – тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) осы Заңда айқындалған шекте және тәртіппен жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуге тікелей қатысуы;
7) жергілікті маңызы бар мәселелер - реттелуі осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл қызметінің мәселелері;
8) жергілікті мемлекеттік басқару - осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу, оны дамыту мақсатында жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын, сондай-ақ олардың тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты болып табылатын қызметі;
9) жергілікті өзін-өзі басқару - халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;
9-1) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
9-2) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңесі – қалалық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша бір немесе бірнеше сайлау округінің шегінде құрылатын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың әкімдігі жанындағы қала әкімінің халықпен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
10) жергілікті өзін-өзі басқару органдары — осы Заңға сәйкес жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу жөніндегі функциялар жүктелген органдар;
11) жергілікті өкілді орган (мәслихат) - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;
12) мәслихат аппараты - тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме;
13) мәслихат сессиясы - мәслихат қызметінің негізгі нысаны;
14) мәслихат сессиясының төрағасы - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету функцияларын жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы;
15) орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі - тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс шегінде орталық атқарушы органның функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Осы Заң Алматы қаласының айрықша мәртебесi және астана мәртебесi туралы заңдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде Алматы қаласы мен астананың аумағында қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
2-1-бап. Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру негіздері
1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
3. Жергілікті қоғамдастық жиыны және жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті қоғамдастық қызметінің нысаны болып табылады.
Ескерту. Заң 2-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.02.09 N 126-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 13.06.2013 N 101-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi) Заңымен.
3-бап. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзi
1. Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару қызметiнiң экономикалық және қаржылық негiзiн:
Жергiлiктi бюджет;
2) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiліп берілген мүлiк;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес коммуналдық меншiктегi өзге де мүлiк құрайды.
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыруға құқылы.
3. Жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері мынадай түсімдерден қалыптастырылады:
1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беруден түсетін кірістер;
1-1) облыстық бюджеттен және (немесе) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер;
2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;
3) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер аумақтары арқылы өтетін облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiндегі жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде;
аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;
4) аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 491, 505-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін алатын айыппұлдар;