Және олардың айырмашылықтары. Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және

Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамының түрлері нақты белгілер бойынша өзара бөлінуі мүмкін.

Қылмыстық құқық ғылымында мұндай бөлінудің негізі (критериясы) болып: біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, екіншіден, қылмыс құрамының құрылысы есепке алынады.

Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі, жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамдары және жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамдары болып бөлінеді.

Негізгі қылмыс құрамы деп іс-әрекеттің белгілі түрі бойынша онда негізгі, тұрақты белгілердің болуын айтамыз.

Негізгі қылмыс құрамында қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайлар көрсетілмейді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігіндегі құрам негізгі құрамға жатады.Онда кісі өлтірудің жай түрі ғана көрсетілген, ауыр немесе жеңіл түрлері айтылмаған.

Егер қылмыс құрамында осы іс-әрекеттің негізгі белгілерінен басқа жауаптылықты жеңілдететін жағдайлар көрсетілсе, онда ондай қылмыс құрамын жауаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы деп атаймыз.

Мұндай қылмыс құрамына Қылмыстық кодекстің 98- бабында көрсетілген қылмыс құрамы жатады (жан күйзелісі жағдайында болған кісі өлтіру).Негізгі белгілермен бірге жауаптылықты ауырлататын жағдайлар көрсетілген қылмыс құрамы, сараланған қылмыс құрамы (яғни, жауаптылықты ауырлататын құрам) деп аталады.Сондай-ақ құрам қатарына 129-баптың III-бөлігінде көрсетілген адамды ауыр қылмыс істеді деп айыптап жала жабу жатады. Немесе 175-баптың 1-бөлігіндегі ұрлықты ауырлататын жағдайлар: адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы бойынша, бірнеше рет т.б. жағдайлар жатады.

Қылмыс құрамының сипатталу тәсіліне қарай құрам жай қылмыс құрамы, күрделі қылмыс құрамы және балама қылмыс құрамы деп бөлінеді.

Жай құрам дегеніміз қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни оның бір ғана обьектісі, бір ғана обьективтік жағы ғана болуы.Бұған мысалы, 125- баптың 1- бөлігінде көрсетілген адамды ұрлау жатады.

Күрделі қылмыс құрамы деп қылмыс құрамы элементтерінің бірінің күрделенуін айтамыз (обьект,обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы). Мысалы, екі обьектіге бірдей қол сұғуын (179-бап – қарақшылық).Кінәнің екі түрлі нысаны болатын қылмыстар (103-бап,2-бөлігі және т.б.).

Балама құрам деп Қылмыстық кодекстің бабындағы диспозициясында көрсетілген әрекеттердің біреуін істегендікті айтамыз.Мысалы, 259-бап есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, тасымалдау, жөнелту немесе сату.

Қылмыс құрамының құрылысына қарай құрамды түрге бөлудің де практикалық маңызы ерекше.Осы белгісі бойынша қылмыс құрамы материалдық, формальдық және келте қылмыс құрамы деп бөлінеді.

Іс-әрекеттің нәтижесінен болатын зардап қылмыс құрамында көрсетілсе ондай қылмысты материалдық қылмыс құрамы деп атайды.Мұндай қылмыс құрамы әрекет немесе әрекетсіздік жасалған уақыттан бастап қана емес, заңда көрсетілген қылмыстың зардабы болған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.Мысалы, қызмет өкілеттігін теріс пайдаланып қиянат жасауды келтіруге болады (307-бап).

Формальдық қылмыс құрамы деп зардабы болмайтын қылмысты айтамыз. Формальдық қылмысқа жататындар: пара беру (312-бап), қызмет жөніндегі жалғандық (314-бап).Пара беру, параны кез келген нысанда берген уақыттан бастап, белгілі бір зардаптың болуына қарамастан аяқталған қылмыс дер саналады.Кейде заң шығарушы қылмыстың аяқталған уақытын алдын-ала қылмысты әрекет сатысына көшіреді.Мұндай құралымда қылмыс құрамын келте құрам деп айтамыз.

Келте қылмыс құрамына адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру қаупінде қалтыру (116-бап,1- бөлігі) жатады.Бұл құрам бойынша заң шығарушы аяқтау уақытының зияндылығына байланысты оқталу сатысына көшірген.Яғни, бұл қылмыс деп аталған адамдардың жәбірленушіге осы ауруды жұқтырған уақытынан емес, оларға осы ауруды жұқтыру қаупін туғызған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.

Келете қылмыс құрамына бандитизм де (237-бап) жатады.Бұл қылмыс құрамы ұйымдастырылған уақыттан бастап-ақ біткен қылмыс деп есептелінеді.

Орытынды

Сонымен курстық жұмысымның тақырыбы болған, “қылмыстық жауаптылық және оның негіздері: түсінігі, белгілері мен тұрлері” мәселесін жүйелі түрде талдау барысында, кіріспе бөлімінде көрсетілген мақсат міндеттерге қол жеткізе отырып мынадай ғылыми-теориялық тұрғыдан негізделген ой-қорытындысына келдім:

Қылмыстық жауаптылықтың түсінігіне келсек, сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы айыптаушылығын айтамыз.

Қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалатын және жаза тағайындалмайтын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалау фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық құқылық түсінік екендігін оның жазасыз ақ қолдананылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара бір-біріне ұқсас емес ұғымдар екендігін аңғарамыз. Негізгі бөлімде қылмыс құрамының түсінігі мен элементтерін қарастырдым.

Қылмыстың құрамы деп – қылмыс заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызу мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының элементтері мен қылмыс құрамының түрлерін қосымшада көрсеттім.

Бұл институттың жекелеген түрлеріне талдау курстық жұмысты жазу барысында жүргізілді. Әрбір түріне қатысты өзіндік ерекшеліктері жүйелі түрде сипатталып, қажет болған жерлерінде практикамен байланыстырылып, өмірдегі болған нақты фактілі мәліметтер жиынтығымен бекітілді. Ал жалпы қорытынды жасайтын болсақ, қылмыстық жауаптылық және оның негіздерінің институттары бірін-бірі толықтырып отыратын, тұтастай бір бүтінді құрайтын біздің қоғамымыздағы әділеттілікті орнатуға көмектесуші құралдардың бірі, құқықтық мемлекетімізді қалауға септігін тигізерлік бір тетігі деп есептеймін.

Қосымша №1

және олардың айырмашылықтары. Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және - student2.ru

Қосымша №2

Қылмыстың субьективтік жағы
және олардың айырмашылықтары. Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын терең ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және - student2.ru

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, 1997ж. 16 шілде.

3. Коментарий к Уголовному кодексу РК/Отв.ред.: Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К.- Караганда, РГК ПО “Полиграфия”,1999ж.

4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім.Оқулық. Алматы:Жеті Жарғы, 2001ж.

5. Қайыржанов Е. ҚР Қылмыстық құқығы.(Жалпы бөлім), Алматы,2003ж.

6. Наумов А.В. ҚР Қылмыстық құқығы, Астана, 2001ж.

7. Аскеров Э. “Институт освобождения от уголовного наказания в уголовном законодательстве зарубежных стран”, // Уголовное право, №4, 2005ж.,8-10-б.

8. Алауханов Е. “Қылмыс және қылмыстық әрекет”, // Заң, №8,2005ж., 30-33-б.

9. Әбілқасымов Е. “Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың бастапқы негіздерінің ерекшеліктері”, // Заң және заман, №8, 2004ж., 44-46-б.

10. Бұғыбай Д. “Қылмыстық жауптылықтан босату түсінігі”, // Заң, №3, 2004ж., 58-64-б.

11. Парадинова А. “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату”, // Заң, №12, 2002ж., 49-51-б.

12. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы. // Заң, №3, 2002ж., 18-24-б.

13. “ҚР Қылмыстық Кодексінің 67 бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы ” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы, №4, 21 маусым 2001ж.

14. “Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатутуралы ереже”, 7мамыр 1996ж.

15. “Ауруға шалдығуына байланысты қылмыстық жазадан босату туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы.

16. “Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы” ҚР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы, 30сәуір 1999ж.

17. “Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы ” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы,

13 желтоқсан 2001ж.

Наши рекомендации