Кітап қоры төмендегідей
Оқу жылындағы кітапхананың жартыжылдықта атқарылған жұмысы
Мақсаты: Кітапханадан ақпарат алуда оқушыларға әдістеме-кеңестік көмек көрсету. Оқушылардың интеллектуалдық дамуына мүмкіндіктер жасау, газет-журнал, кітаптармен өздік, шығармашылық, ізденушілік жұмыстарын жүргізуде білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.
Кітап қоры төмендегідей
2016-2017 жарты жылдық | |
Жалпы кітап қоры | |
Көркем әдебиет | |
Әдістемелік құрал | |
Оқулықтар | |
Электрондық оқулықтар | |
Оқырман саны | |
Кітапханаға келушілер саны | |
Берілген кітаптар саны |
Кітапханада «Конституция күні», «Алғашқы қоңырау»,«Менің Отбасым», «Салауатты өмір салтын ұстап!», «Тіл мәртебесі –ел мәртебесі», «Ұстазым менің ұстазым», «Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл», «Роллан Сейсенбаевтың туғанына 70 жыл», «Хамит Ерғалиевтың туғанына 100 жыл», «Сайын Мұратбековтың туғанына 80 жыл», «Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл», «Халықаралық СПИД-ке қарсы күрес күні», «Елбасы күні-ерлікке құрмет мереке», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «ЭКСПО -2017» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.
2016 жылдың 16 қыркүйек күні Тілдер күні мерекесіне қарсы № 11 балалар кітапханасы ұйымдастыруымен өткен «Егер адамдар дос болса – тілдерде дос болады» атты іс-шараға 5 «Ә»сынып оқушылары қатысып қайтты.
2016 жылдың 17 қыркүйек күні «Салауатты –өмір салтын ұстан!» ұранымен дүниежүзілік денсаулық күніне арналған көрмемен 4-5 сынып оқушылары танысты.
2016 жылдың 19 қыркүйек күні «Тіл мәртебесі ел мәртебесі» атты көрмемен 9 а сынып оқушылары танысты.
2016 жылдың 12 қазан күні Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында ақын Қасым Аманжоловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Биікке самға, тарлан жыр» атты әдеби-музыкалық кешке 7ә, 8ә сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды.Оқушылар алғыс хатпен марапатталды.
19.10.2016 жылы № 11 балалар кітапханасында Ақын және ойшыл: Дулат Бабатайұлының шығармашылығына орай «Бір ел – бір кітап» атты іс-шараға 8 а сынып оқушылары қатысты.
2016 жылдың 19 қазанында Н.В.Гоголь атындағы кітапханада М.Иманжанов пен Б.Бұлқышевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлытаудың ұландары - қазақ рухының қырандары» атты онлайн әдеби кешке мектебіміздің мұғалімдері мен кітапханашы қатысты.
13 қазан 2016 жылы № 11 балалар кітапханасында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай «Ұстаздардың ұстазы» атты портрет кешке 5 ә сынып оқушылары қатысты.
19.10.16 жылы «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ№7 филиалына Қ. Аманжоловтың 105 жылдығына орай өткізілген «Қыран қанатты ақын» атты іс-шараға 10 сынып оқушылары қатысып, ақынның өлеңдерін оқыды.
15 қараша 2016 жылы бастауыш сыныптар апталығы аясында мектеп кітапханасында өткен мәнерлеп оқу сайысына 2-4 сынып оқушылары қатысты. Жақсы оқыған оқушылар мадақтамамен марапатталды.
17 қараша 2016 жылы бастауыш сыныптар арасында өткен «Менің Отаным - Қазақстан» атты викторинаға 2-4 сынып оқушылары қатысты. Сұрақтарға жақсы жауап берген оқушылар мадақтамамен марапатталды.
30 қараша 2016 жылы кітапханада 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы күні – елдікке құрмет мерекесі» атты көрме ұйымдастырылды.
8 желтоқсан 2016 жылы Абай атындағы балалар кітапханасында өткен Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына арналған «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» атты әдеби кешке 8 а сынып оқушылары қатысты.Кешке Қарағанды қаласындағы «Ұлттық тағдыр» қозғалысының өкілі А.Хален, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Р.Нұрбай, Ж.Бектұров атындағы жасөспірімдер кітапханасының «Бота» орталығының жетекшісі Г.Құдайбердиевалар шақырылды.
14 желтоқсан 2016 жылы № 11 балалар кітапханасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қазақстан мемлекетінің тарихы: тарихи видио саяхат» атты іс-шараға 8 ә сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Тәуелсіздік туралы өлеңдер оқыды.
15 желтоқсан 2016 жылы кітапханада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке 25 жыл» атты кітап көрмесімен 2,3 сынып оқушылары танысты.