Бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Нормативтiк құқықтық актiлер туралы
Күшін жойған
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Заңымен
Тарау. Жалпы ережелер
бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) заң - аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
1-1) заң техникасы – нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
2) заңнамалық акт - конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң конституциялық заң күшi бар жарлығы, кодекс, заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер - заңнамалық және өзге де сатысы бойынша жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде және (немесе) орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
4) заңнама - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
5) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
7) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған, баспа және электрондық-цифрлық нысандағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерімен және толықтыруларымен бірге) жиынтығы, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледі;
9) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
10) құқық нормасы - реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға есептелген, жеке дара айқындалмаған тұлғалардың тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi жүріс-тұрыс қағидасы;
11) нормативтiк құқықтық акт – референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат, сондай-ақ жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
11-1) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – мемлекеттік органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу нөмірі және деректемелері қамтылған жазбаша түрдегі тізбе;
12) нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiн кейiннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткен нормативтiк құқықтық актiлердi баспа басылымында жариялау;
12-1) нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі – Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі;
13) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау – нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкес келетін графикалық форматта жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
15) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңнамада белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, олардың ведомстволары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
16) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары әзірлеген және Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізуге жататын заң жобалары бойынша қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүзеге асыру жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым.
Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.12.29 N 209 Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.29 N 271, 2008.07.04 N 57, 2011.01.10 N 383-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.