Кімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.
Әкімшілік құқық дегеніміз – құқықтын бір саласы және құқықтын жүйесінде жетекші орнынды алады.
Әкімшілік құқық коғамдык қатынастардың мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру аясында қалыптасқан саласын реттейді.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы органдардың басқаруші – жарлықші қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.
Мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар оның субъектілерінің мінез-құлқының қөлемі мен шегін, сондай-ақ құқық бұзышылыққа байланысты олардың жауапкершілік тәртібін анықтайды.
Әкімшіліқ құқықтың пәні:
- Мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастар;
- Әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;
- Әкімшіліқ құқық бұзушіліқ
Құқықтың кез келген саласы өкім /өмір/, тыйым, рұқсат ету / ерик тберу/ сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерің пайдаланады.
Өкім /Әмір/ түріндегі мемлекеттік нұсқама - бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық норманың талаптарына толығынан сәйкестендіріп іс-әрекет етуге заңдық міндет жүктеу.
Тыйым – бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормамен қаралған іс - әрекеттерді жасаудан бас тартуға заңдық міндет жүктеу.
Рұқсат ету /ерік беру/ - бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормада көрсетілген қандай да болмасын бір Заңдық мәні бар іс-әрекеттердді жасауға немесе өзінің қалауы бойынша оны жасаудан бас тартуға рұқсат беру.
Осы тәсілдердің жиынтығы құқық саласы әдісінің мазмұның құрайды бірақ олардың әрқайсының үлес салмағы құқықтың әр саласында әр түрлі. Мысалы, азаиматтық құқықта рұқсат ету басым болады. Ал әкімшілік құқық басқарушылық қоғамдық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатуын реттейтін оның нормаларының қөбірек бөлігінің әмірлік /бүйрықтық – императивтык/ сипаты бар.
Кімшілік құқықтың қайнар қөздері
ҚР әкімшілік құқығының қайнар қөздері: ҚР Конституциясы ;ӘҚБтК, Кеден кодексы және басқа да салалык кодекстер/; Президенттің, Үкіметтің, орталық атқарушы билік органдарының нормативтік актілері; әкімшілік –құқықтық қатынастарды реттейтін жергілікті өкілді және атқарушы билік органдарының нормативтык актілері болып табылады.
Әкімшілік – құқықтық актілер жарияланатын аса маңызды ресми баспалар Парламенттің жаршысы, Президент пен Үкіметтің актілер жинағы, Егемен Қазақстан, Казахстанская правда газеттері, Заң газеті, Юридическая газета.
Кімшілік құқықтын субъектлері
Әкімшілік құқықтын субъектлері органдар ғана емес жеке адамдар да болады.
Мемлекеттік біліктік құқыққа ие мемлекеттік басқару органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар субъект бола алады.
Субъект – бүл әкімшілік құқық бүзушылык жасаған жеке немесе заңды тұлға. Одан басқа арнайы субъектілер – лауазымды адамдарға, әскери қызметшілерге, шетел азаматтарына бөлінеді.
Кімшілік заң бүзушылык ұғымы, белгілері, оның түрлері
Әкімшілік құқық бүзушылык туралы ҚР Кодексінің /ӘҚБтК/ ерекше бөлігінде қөзделген құқық бүзушылық құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. ӘҚБтК 28-бабына сәйкес әкімшілік құқық бүзушылык дегеніміз құқыққа қарсы, кінәлі /қасақана немесе абайсызда жасалған/ іс -әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі.
Әкімшілік құқық бүзушылыктың заңдық құрамы– бүл заңдық элементтердің жиынтығы солар болған жағдайда әрекет әкімшілік құқық бүзушілік болып саналады да әкімшілік жауаптылық туындайды. Басқаша айтқанда, бүзушының әрекетінде белгілі бір заңдық элементтер болған жағдайда ғана ол әкімшілік жауаптылыққа жатады. Мұндай элементтер әкімшілік құқық бүзушылыктың объектісі, объективтык жағы, субъектісі және субъективтық жағы болып табылады.
ДӘРІС
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дәріс мақсаттары:
1. ҚР азаматтық құқықтын ұғымдармен таныстыру
2. Құқықтық тәрбие
ЖОСПАР
1. Азаматтық құқық ұғымы, пәні, әдісі
2. Азаматтық құқық бастаулары (заңдары)
3 Азаматтық құқық қағидалары
4. Азаматтық құқық объектлері мен субъектлері
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Баққұлов С.Д. Құқық негіздері А., 2004
2. Баянов Е. Мемлекет және құқық негіздері А., 2001
3. Дулатбеков Н.О. Мемлекет және құқық негіздері Астана, 2001
4. Ашитов З.О. ҚР құқық негіздері А., 2003
5. Төлеугалиев Ғ. И. ҚР Азаматтық құқығы А., 2001
НҚА:
1. ҚР Конституциясы А., 1995
2. ҚР Азаматтық кодексы А., 1994; 1999
Бақылау сұрақтары:
1. Азаматтық құқық қайнар қөздері
2. Азаматтық құқық қатынастары
3. Құқық қабылеттіліқ. Әрекет қабілеттіліқ
4. Азаматтық құқықтық мәмілелері