Оғамның экономикалық құрылымының конституциялық негізін талдау.
Экономикалық жүйе – меншіктің алуантүрлігі, кәсіпкер-ліктің және бағаның еркінділігі, тиянақты бәсекелестік қағида-ларымен, сондай-ақ
адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру-ға бағытталған басқа да шаруашылық қызметінің түрлерімен сипатталатын Конституцияда және басқа
заң актілерінде бекітілген экономикалық қатынастардың құрылысы.
Экономикалық жүйенің негізгі қағидалары:
1. меншіктің алуантүрлігі;
2. меншікке ешкімнің қол сұқпауы;
3. меншіктің барлық субъектілерінің теңдігі;
4. меншік иесінің құқығын мемлекеттің қорғауы;
5. экономикада монополизмді жою;
6. еркін кәсіпкерлік;
7. бәсеке;
8. еркін баға;
9. салықтарды тӛлеу міндеттілігі;
10. адамдардың қажеттіктерін қанағаттандыру;
11. т.б.
Экономикалық жүйенің негізі болып меншік табылады. Шетелдердің Конституциясы ШЕ экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән
екендігін бекітеді – жеке, мемлекеттік. Шетелнда мем-лекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекет-тiк меншiк екі түрге бӛлінеді:
республикалық және коммуналдық меншiк.
Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген
мүлiктен тұрады.
Шетелдердің мемлекеттiк қазынасын келе-сілер құрайды: республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның
қойнауы, су, ӛсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген ӛзге де
мемлекеттiк мүлiк. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құ-жаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi қазынаны жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген ӛзге де коммуналдық мүлiк
құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару дең-гейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және
аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бӛлінеді.
Жеке меншiкті:
1) ШЕ азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың меншігі;
2) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлес-тiктерiнiң меншiгi құрайды.
Конституция адамдардың меншік иесі болу құқығын таниды. Меншiк құқығы – бұл субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және
қорғалатын ӛзiне тиесiлi мүлiктi ӛз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк иесiнiң ӛз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi.
Пайда кiрiс, ӛсiм, жемiс, тӛл алу және ӛзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi (мысалы, мүлікті сату, сыйлау, т.б ).
Меншiк иесiнiң ӛз ӛкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдде-лерiн бұзбауға тиiс.
Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де меншігінен - ӛз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен кӛзделген ерекше жағ-дайларда мемлекет мұқтажы үшiн
мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен ӛтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
Конституцияға сәйкес әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндi-гiне, ӛз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы
бар.
Кәсiпкерлiк – бұл меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұра-нымды
қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару
құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк
жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады.
ШЕ кәсіпкерлердің кәсіпкерлік еркіндігі бекітілген-діктен оны пайдаланып қиянат жасауға жол берілмейтіндігі де реттелген. Кәсіпкерлік
еркіндігін пайдаланып қиянат жасау формасы ретінде заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар алуға,
тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған монополис-тiк және қандай болса да басқа қызмет түсініледі.
Ал, монополистік қызмет ретінде нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды
теріс пайдалануы, мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері анықталады.
Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жо-сықсыз бәсекеге тыйым салынады. Жосықсыз бәсеке – бұл заңды тұлғаның және (немесе)
жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi ӛзiн-ӛзi басқару органдарының бәсекенi жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк
қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген iс-әрекетi (әре-кетсiздiгi).
Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi Рес-публиканың келесідей заңнамаларында толығырақ реттелген:
1. Шетелдердің Азаматтық Кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан;
2. Жеке кәсіпкерлік туралы ШЕ заңы 31.01.2006 ж. (21.07.2007 ӛзгертулер мен толықтырулармен)
3. Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы ШЕ заңы 7 шілде 2006 жыл (21.07.2007 ӛзгертулер мен толықтыру-лармен)
4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау туралы ШЕ Президентiнiң 1998 жылғы 27 сәуiрдегi
Жарлығы (ШЕ Президентінің 10.03.04 ж. Жарлығымен енгізілген ӛзгерістерімен)