Сот шығындарын бөлу

Тараптар арасында сот шығындарын бөлу мәселесін сот (судья) азаматтық дау бойынша шешім кімнің пайдасына шыққанына қарай шешеді. Бұл сұрақ ҚР АІЖК 110-шы бабымен реттелген және ол екі тарап үшін де маңызды болып табылады, себебі бұл шығындардың іс бойынша жалпы мөлшері көп болуы мүмкін. Сонымен қатар істі талқылау барысында тек тараптар ғана емес, басқа іске қатысушылар, мысалы үшінші тұлғалар да шығындарды төлеушілер ретінде танылуы мүмкін.

ҚР АІЖК 110-шы бабының 1 бөлігіне сәйкес, пайдасына шешім шығарылған тарапқа, бұл тарап сот шығындарын төлеуден босатылса да, басқа тарптан іс бойынша жұмсалған барлық шығындарды сот алып береді. Егер талап қою ішінара қанағаттырылса, онда шығындар талап қоюшыға қойылған талаптардың сот қанағаттандырған мөлшеріне бара-бар, ал жауапкерге – қойылған талаптарының қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігіне бара-бар беріледі.

Егер жоғары сатыдағы сот істі жаңадан қарауға берместен шығарылған шешімді өзгертсе, немесе іс жаңадан талқылауға берілсе, онда сот шығындарын бөлуі де өзгереді.

Өкілдің көмегіне ақы төлеуге байланысты шығындарды өтеуде тек іс жүргізу ережелері ғана емес, заңи қызметтер көрсету нарығының да заңдары ескерілуі керек. Іс жүргізуге қатысушы әрбір адам, талап қоюшы, иә жауапкер болсын өз ісін жүргізуді, кәсіби заң саласында аты белгілі, дауласу барысында өз ұстанымын қорғап шыға алатын, заңмен белгіленген шекте өзге адамдардың көзін шындыққа жеткізе білетін жоғары білікті маманға тапсыруға тырысады. Мұндай біліктілік қасиеттері жылдар бойы жинақталады, өмір шындығы көрсетіп отырғандай істі жүргізу тапсырылған маманның имиджі артқан сайын ол корсететін заңи қызметтердің өтемақысы да жоғарылайды.

Клиенттің төлем қабілетсіздігі немесе жеткіліксіз төлем қабілетсіздігі салдарынан жоғары төлемді талап ететін адвокат жалдауға әркімнің шамасы келмеуі мүмкін. «Клиент – адвокат» қатынастарына құқықтық тұрғыдан араласу мүмкін емес, себебі бұл қатынастардың екі тарапы да келісімдегі сомаларды жария етуді көбінесе қажетсіз деп таниды. Тараптар өз өкілдерінің қызметтеріне ақы төлеп, ол қаржылық шығындарды сот арқылы өтетіп алуды да қажетсіз деп санайтын жағдайлар жиі кездеседі. Бұл – олардың құқығы, сондықтан егер мүдделі тараптар ондай талап қойып, тиісті растаушы төлем құжаттарын ұсынбаса, шығындарды өтеу жөнңнде шешімді сот қабылдай алмайды.

Аталған сұрақтардың нормативтік (тек нарықтық қана емес), яғни кешенді түрде реттелуі бұл салада іс жүргізу (процессуалдық) нормалары, салық құқығының нормалары, адвокаттар қызметін ретке келтірушы заңнама нормалары басшылыққа алынуы керек екендігін көрсетеді. Өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығындарды өтеу ережелері ҚР АІЖК 111-ші бабында анықталған. Бұл баптың Кодекстің 110-шы бабының ережелеріне сәйкес келетіндігін байқауға болады: пайдасына шешім шығарылған тарапқа процеске қатысқан оның өкілінің көмегіне төленген шығындарды сот басқа тараптан алып (өндіріп) береді. 61

Іс жүзіндегі шығындар тек өкілдің көмегіне төленген ақыдан басқа оның (өкілдің) жол жүру шығындарын және т.б. құрайды. Әдетте мұндай шығындарды өтеу талап етілмейді, бірақ өкілдер оларға төленген ақы есебінен ол шығындарды өздері өтейді. Ақшалай талап бойынша бұл шығындар қойылған талаптың қанағаттырылған бөлігінің он процентінен аспауы тиіс.

Заң консультациясының (жеке адвокаттық кеңсесінің) адвокаты сотта заң көмегін тегін көрсетуі мүмкін. Алайда оның «көмегінің тегіндегі» (заңмен көзделген жағдайларда) тек оның клиентін ғана (мысалы талапкерді) адвокаттық қызметінің шығындарын төлеу міндетінен босатуды білдіреді. Ал қарсы тарапқа бұл ереже таралмайды. Сонымен, егер адвокат заң көмегін тарапқа тегін көрсетсе, сот осы бапта аталған шығындарды адвокат бөлген заң консультациясының, кеңсесінің пайдасына немесе келісім-шарт бойынша жұмыс істеуші адвокаттың пайдасына өндіреді.

61ҚР АІЖК 111-ші бабының 1 б. нормативтік редакциясы: Пайдасына шешім шығарылған тарапқа сот процеске қатысушы өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі өзіне екенші тарап келтірген шағындарды іс жүзінде өзі шеккен шығындар мөлшерінде басқа тараптан алып береді.

Наши рекомендации