Ық негіздері» пәні бойынша тест тапсырмалары

1. Алғашқы қауымдық құрылыстағы қоғамдық билiктiң ерекшелiктерi қандай?

A) Билiк басында қаруланған адамдар құрайды, олар арнайы аппарат құрып басқару iсiмен айналысады

B) Билiк беделге, жасы үлкендi құрмет ету қағидасына және дәстүрлерге негiзделедi, қоғамнан тысқары оқшауланған мәжбүрлеу аппараты болмайды

C) Iс жүзiнде билiк болмайды, кездейсоқ жағдайларға байланысты және өздiгiнен аяқ астынан болады

D) Алғашқы қауымдық қоғамдағы бүкiл өмiр болмыстағы былыққан сипатта болады, ұйымдасқан тәртiп болмайды

E) Қоғамдағы билiк табиғат жаратылысының заңдарына негiзделген болып келедi

2. Алғашқы қауым қоғамындағы адамдардың қатынастарын реттейтiн әлеуметтiк нормалар?

A) Заң нормалары

B) Саяси нормалар

C) Рулық әдет-ғұрыптар (мононормалар)

D) Техникалық нормалар

E) Дiни нормалар

3. Мемлекеттiң негiзгi белгiлерi?

A) Ұлттық валюта, әскер, полиция;

B) Аумақ, үкiмет, халық;

C) Жалпыға бiрдей ережелер және билiктiң арнайы аппараттары мен басқармалары арқылы белгiлi бiр аумаққа жайылып таралған мемлекет егемендiгi;

D) Астана, жалау(ту), елтаңба, әнұран;

E) Мiндеттi түрде сан алуан саяси партия, абақты, банкi, қоғамдық ұйымдардың болуы.

4. Бұқара көпшiлiк - саяси билiк бұл?

A) Қоғамды басқарып отыратын мемлекеттiк органдар жүйесi

B) Нормативтiк - құқықтық актiлер жүйесi

C) Қоғамның саясы өмiрiне қатысып жүрген қоғамдық ұйымдардың жүйесi

D) Құқықтық нормалар, әдет-ғұрыптар, өнегелер жүйесi

E) Саяси партиялар мекемелер мен қоғамдық қозғалыстар жүйесi

5. Мемлекет егемендiгi -бұл

A) Мемлекеттiк билiктiң iшкi және сыртқы саясатты өз еркiмен жүзеге асырудағы дербестiгi мен тәуелсiздiгi;

B) Қоғамда билiк жүргiзуге өкiлеттiк алған қабiлеттi бұқаралық көпшiлiктiң саяси ұйымының бар болуы;

C) Аумағы мен халқының болуы;

D) Елтаңбасы, әнұранының және туының болуы;

E) Салық салушы органның болуы.

6. Мемлекет нысанының элементтері:

A) Жоғарғы мемлекеттiк билiктi ұйымдастыру тәсiлдерiнiң жиынтығы

B) Мемлекеттiк билiк құрылысы жүйесiндегi тәсiлдердiң жиынтығы

C) Мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру әдiстерiнiң жиынтығы

D) Халық пен мемлекеттiк билiктiң өзара қарым-қатынасының тәсiлдерi

E) Басқару нысаны, мемлекеттiк құрылым нысаны, саяси режим нысаны.

7. Мемлекеттiң басқару нысаны - бұл?

A) Мемлекеттiк билiктi жүзеге асыру әдiстерi мен тәсiлдерi

B) Жоғарғы мемлекеттiк билiктiң ұйымдастырылу тәсiлi мен құрылу тәртiбi

C) Мемлекеттiк құрылымның ұйымдастырылуы

D) Жергiлiктi жерлерде мемлекеттiк билiктiң ұйымдасуы

E) Аумақты бөлiктерге бөлiнуiнiң ұйымдастырылуы

8. Республикалық басқару нысанына тән белгi?

A) Билiк мұра тәртiбiмен белгiленген

B) Билiктi мерзiмсiз пайдалану

C) Мемлекет басшысында жауаптылық институтының жоқтығы

D) Мемлекет басшысы мен басқа да билiктiң жоғарғы органдарының белгiлi бiр мерзiмге сайланатындығы және билiгiнiң сайлаушылар еркiне сәйкес шектелуi

E) Билiктi мұра бойынша беру

9. Президент қолына мемлекет басшысы мен үкiмет басшысы құзiретiнiң шоғырлануы; үкiметтiң Парламент алдында жауаптылық институтының болмауы; президенттi Парламенттен тыс сайлаудың әдiсi; президент алдында үкiметтiң жауаптылығының болуы - тән?

A) Президенттiк республикаға

B) Парламенттiк республикаға

C) Абсолюттiк монархияға

D) Шектеулi монархияға

E) Аристократиялық республикаға

10. Мемлекеттiң құрамына кiретiн бөлiнiстерде жеке конституциясы, заң шығару, атқару, сот органдары бар мемлекеттiк құрылым нысаны:

A) Конфедерация

B) Федерация

C) Унитарлы мемлекет

D) Империя

E) Халықаралық ұйым

11. Тоталитарлық саяси жүйенi сипаттайтын белгi:

A)Билiктiң құқықтық заңмен шектелуi

B)Билiк органдарын халықтың сайлауы

C) Қоғам өмiрiнiң барлық салаларының толық мемлекеттенуi

D)Мемлекеттiң төменгi органдары үшiн жоғары билiк органдарының шешiмiнiң мiндеттiлiгi

E)Мемлекет органдары қызметiнiң еркiндiгi,жариялылық

12. Зайырлы мемлекет - бұл?

A)Ешқандай дiндi ұстанбайтын мемлекет

B)Бiр дiндi ғана ұстанатын мемлекет

C) Бiрде-бiр дiндi жоғары деп ұстанбайтын, барлығын бiрдей теңдей көретiн, әртүрлi дiндердiң болуын қалайтын мемлекет

D)Дiннiң барлық түрiнiң болуына шек қоятын мемлекет

E)Бiр таптың не топтың мүддесiн қорғайтын мемлекет

13. Унитарлық мемлекет-бұл?

A)Өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын еркiн жүргiзе алатын мемлекет

B) Территориясы әкiмшiлiк немесе ұлттық-аумақтық бiрлiктерге- облыстар және аудандар, бiртұтас билiктiк және басқару органдары бар мемлекет

C)Құрамында жеке бiрлiктер, автономиялары бар мемлекет

D)Белгiлi бiр мақсаттарға жету үшiн құрылған мемлекеттер одағы

E)Шетел азаматтары тұратын кез-келген мемлекет

14. Федеративтiк мемлекет - бұл?

A)Мүшелерi мемлекеттiк егемендiкке ие болмайтын бiртұтас бөлiнбейтiн мемлекет

B)Белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн құрылған мемлекеттер одағы

C) Мүшелерi белгiлi бiр жағдайда ғана мемлекеттiк егемендiкке ие болатын күрделi мемлекеттiк құрылым

D)Халықаралық ұйым

E)Бiрнеше мемлекеттердi бiрiктiретiн халықаралық одақ

15. Мемлекеттiң функциялары дегенiмiз не?

A)Мемлекеттiң құрылымы

B)Мемлекеттiк билiктi ұйымдастырудың әдстерi мен тәсiлдерi мен тәсiлдерi

C) Мемлекет қызметiнiң өзгермелi жағы, оның қызметiнiң негiзгi бағыттары

D)Мемлекетiк билiктi жүзеге асырудың әдiс-тәсiлдерi

E)Мемлекеттiң белгiлерi

16. Мемлекеттiң iшкi қызметiн (функциясын) көрсетiңдер

A) Әлеуметтiк қызмет

B)Елдi қорғау қызметi

C)Бейбiтшiлiктi және әлемдiк тәртiптi қолдау қызметi

D)Әлемдiк экономикаға интеграциялану қызметi

E)Әлемдiк келелi мәселелердi шешуде басқа елдермен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату қызметi

17. Мемлекеттiң сыртқы қызметiн (функциясын) көрсетiңiздер

A) Елдi қорғау қызметi

B)Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметi

C)Салық салу және оны жинау қызметi

D)Экологиялық қызметi

E)Әлеуметтiк қызметi

18. Мемлекет механизмi бұл?

A) Мемлекеттiк органдар жүйесi

B)Жалпыға мiндеттi нормалардың жүйесi

C)Әрекет етушi нормативтiк-құқықтық актiлердiң жиынтығы

D)Қоғамдық ұйымдардың жиынтығы

E)Саяси партиялардың жиынтығы

19. Азаматтық қоғам дегенiмiз?

A)Ортақ бiрегей мақсатқа бiрiккен, өзара байланысты мемлекеттiк органдардың жиынтығы

B) Отбасы, ұлттар, таптар және басқа да әлеуметтiк топтардың, адамдардың араларындағы, бұған мемлекеттiк аппарат пен оның iс-әрекеттерi жатпайтын, қоғамдық қатынастар жүйесi

C)Жалпыға мiндеттi нормаларды жиынтығы

D)Мемлекетiк, сондай-ақ мемлекеттiк емес органдарды, мекемелердiң, кәсiпорындардың жиынтығы

E)Қоғамдық қатынастарды реттейтiн нормалардың жиынтығы

20. Қазақстан Республикасы - әлеуметтiк мемлекет. Ол дегенiмiз?

A) Мемлекет халықтық барлық топтарына- шаруаларға, жұмысшыларға, кәсiпкерлерге, студенттерге және т.б. қамқорлық жасайды. Тұрмысы төмен және әлеуметтiк қамтамасыз етiлмеген адамдар мемлекет қамқорлығының ерекше обúектiсiне айналады

B)Мемелекет үстем таптық мүддесiн бiлдiрiп, оған лайық заңдар шығарады

C)Адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарын бiрiншi орынға қоятын, билiктi бөлу принцiпiне негiзделген мемлекет

D)Нарық пен нарықтық қатынас дамыған мемлекет

E)Әртүрлi дiнi бар және ол дiннiң бiрде бiреуi де үстем болмайтын мемлекет

21. Қазақстан Республикасының егемендiгi туралы төменде аталған құқықтық актiлердiң қайсысында ең алғаш рет ресми түрде жарияланды?

A)1990 жылы 25 қазанда қабылданған қазақ ССР-ң мемлекеттiк егемендiгi туралы Декларациясында

B)1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында

C)1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында

D) 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданған ''Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгi туралы'' Конституциялық заң

E)1998 жылы 8 қазанда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтыруларды

22. Құқықтық мемлекетте- заң:

A)Негiзiнен азаматтар мен ұйымдаға үстемдiк етедi

B)Негiзiнен мемлекет пен оның органдарына үстемдiк етедi

C) Бiрдей тең дәрежеде азаматтарға, ұйымдар мен мемлекет және оның органдарына үстемдiк етедi

D)Тек шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға үстемдiк етедi

E)Халықаралық ұйымдарға үстемдiк етедi

23. Құқықтық мемлекеттегi “Заңмен тыйым салынбағанның бәрiне рұқсат етiлген.” деген жалпы құқықтық демократиялық қағида тұлғалардың қайсысына арналған?

A)Мемлекеттiк органдарға

B)Кәмелетке толған тұлғаларға

C)Халықаралық үкiметтiк емес ұйымдарға

D)Лауазымды тұлғаларға

E) Нарықтық, шаруашылық, азаматтық-құқықтық қызметтiң субьектiлерi ретiндегi заңды және жеке тұлғаларға арналған

24. Мемлекеттiк мәжбүрлеу күшiмен қамтамасыз етiлген, мемлекетпен бекiтiлген жалпы, мiндеттi жүрiс-тұрыс ережелерi, нормалар жүйесi -ол?

A)Мораль

B) Құқық

C)Саясат

D)Дiн

E)Дәстүр

25. Заң белгiлеген тәртiппен тұлға кiнәсi сот шешiмiмен дәлелденбейiнше оны кiнәсiз деп болжамдау атауын табыңыз?

A)Құқыққабiлеттiлiк

B)Тұлға құқығына қол сұғылмашылық

C)Тұлға мәртебесi

D)Деликтқабiлеттiлiк

E) Кiнәсiздiк презумпциясы

26. Құқықтың негiзгi мақсаты?

A)Бағалаушылық

B)Танымдық

C)Тәрбиелiк

D) Реттеушiлiк, қорғаушылық

E)Интиретивтiк

27. Құқық дегенiмiз -…

A)Қоғамның пiкiр күшi арқылы қамтамасыз етiлген, қоғам мүшелерiне iс-әрекеттер бағыт-бағдарлық ұстаным ретiнде арналған ақыл-кеңестер мен тiлектер

B)Қоғам мүшелерi басшылыққа алуы тиiс моральдық және iзгiлiк қағидалары

C) Мемлекеттiң өзi белгiлеген және оны бұзушылықтардан қорғауға алған жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы

D)Дiни идеялар, моральдық қағидалар мен iзгiлiктiң бағыт-бағдарлары

E)Өз жүрiс-тұрыстарында басшылыққа алған ұстанымдары және дағдылары мен әдеттерi

28. Заң дегеніміз...

A)Қоғамның барлық мүшелерінің өздерінің ерік-ықтиярлары бойынша жасасқан келісімі.

B) Маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғары заң күші бар нормативтік акт.

C)Тараптардың өзара жасасқан келісімі (шарты). Оның орындалуы екі жақтың (тараптардың) уағдаластықтары арқылы қамтамасыз етіледі.

D)Мемлекет органдарының ресми түрде қабылдаған кез-келген құжаты

E)Қоғамда әлденеше рет қайталанып тұратын тәртіп реті.

29. Төмендегі анықтамалардың қайсысы нормативтік-құқықтық актінің мағынасын дұрыс түрде түсіндіреді:

A)Құқықты қолдану ісінде қабылдаған нақты ұйғарым.

B)Жалпыға бірдей міндетті, қоғамдық қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережелері.

C)Өнегелі, ізгілік қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережелері.

D) Жалпыға бірдей міндетті құқық шығармашылық органы қабылдаған құқық нормасы бар ресми акті-құжат.

E)Ерік-ықтиярды білдіретін, адресатына (тағайынына) орындау міндетті болатын ауызша нұсқау.

30. Мына нормативтік-құқықтық актілердің қайсысының ең жоғары заңдық күші бар:

A)Президент жарлығы.

B)Конституциялық заң.

C) Конституция.

D)Үкіметтің қаулысы.

E)Жоғары сот пленумының қаулысы.

31. Сот прецедентінің және нормативтік құқықтық акт ұғымдарының ортақ атауы:

A)Құқықтағы.

B)Құқық қолдану актісі.

C)Құқықты талқылау актісі.

D)Құқық функциясы.

E) Құқық бастауы (нысаны).

32. Құқық нормасының жүзеге асырылуының шарты мен іс-әрекет жағдайын анықтайтын құқық нормасының элементін атаңыз:

A) Гипотеза.

B)Диспозиция.

C)Преюдиция.

D)Презумпция.

E)Функция.

33. Құқықтық сана дегеніміз...

A) Күші бар және тілегіне сай құқықтарға адамдардың қатысын білдіретін түсініктері мен сезімдерінің жиынтығы.

B) Құқыққа теріс көзқарасын білдіруі.

C) Құқыққа оң көзқарас, құқықты құрмет тұту және дұрыс бағалау.

D) Субъектінің заңды жүріс-тұрысы.

E) Субъектінің заңға теріс келетін жүріс-тұрыстары.

34. Заңды білмеу заң алдында жауапты болудан босата ма:

A) Босатады.

B) Тек қана кәмелетке толмағандарды босатады.

C) Жоқ, босатпайды.

D)Заңда көрсетілген жекелеген азаматтарды ғана босата алады.

E)Мүгедектер мен халықтың кедей топтарын босатады.

35. Құқықтың қандай субъектілерінде құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік бір уақытта пайда болады:

A) Екеуінде де бір уақытта пайда болмайды.

B) Жеке тұлғаларда.

C) Екеуінде де.

D) Заңды тұлғаларда.

E) Жекелеген жағдайларда жеке тұлғаларда.

36. Тұлғаның өз әрекетерімен құқықтар мен міндеттерге ие бола алу және оны жүзеге асыра алу қабілеттілігі дегеніміз не:

A) Әрекет қабілеттілік.

B) Құқыққабілеттілік.

C) Құқықсубъектілік.

D) Объективтік құқық.

E) Деликтқабілеттілік.

37. Қандай нормалар міндетті нормаға жатады:

A) Тыйым салушы.

B) Азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтайтын.

C) Әрекеттерді жасаудың алдын алатын.

D) Заңда көрсетілген.

E) Жағымды әрекеттерді жасауға міндеттейтін.

38. Құқық субъектісінің еркі мен санасына тәуелсіз заңдық фактіні атаңыз:

A) Жоғарғы оқу орнына қабылдау туралы бұйрық.

B) Өрттің жасалынуы.

C) Некеде болу.

D) Тұлғаға зейнетақы тағайындау туралы жеке шешім.

E) Табиғи апаттың болуы.

39. Жеке тұлғалардың әрекетқабілеттілігі қай кезден басталады:

A) Заңмен белгіленген жасқа толған кезден.

B) Туылған кезінен.

C) Орта мектепті бітірген кезден.

D) Құқық бұзушылық жасаған кезден.

E) Кез-келген уақыттан.

40. «Оқшауланған өзіне ғана тиесілі мүлкі бар, өз атынан қажетті құқықтар мен міндеттер алуға қабілеті бар, сотта талапкер және жауапкер бола алатын тұлға» деген анықтама қайсы ұғымға жатады:

A) Заңды тұлға.

B) Жауапқа қабілетті тұлға.

C) Жеке тұлға.

D) Әрекетқабілеттілігі бар тұлға.

E) Құқыққабілеттілігі бар тұлға.

41. Құқықтық қатынастардың қайсы элементіне мына құқықтық өкілеттіктері жатады: 1) құқықты өкілетті тұлғада белгіленген мінез-құлықтың болуының мүмкіндігі. 2) міндетті тұлғадан белгіленген әрекетке баруын талап етудің мүмкіндігі. 3) мемлекеттің құзырлы орындарына арыздану арқылы тұлғаның өз міндетін орындауға мәжбүр етудің мүмкіндігі.

A) Субъективтік құқыққа.

B) Объективтік құқыққа

C) Заң белгілеген міндетке.

D) Заңды тұлғаға.

E) Жеке тұлғаға.

42. Деликт қабілеттік деген не:

A) Тұлғаның жеке өзінің іс-әрекеттерімен азаматтық-құқықтық келісімдер жасау қабілеті:

B) Тұллғаның құқық нормаларында көрсетілген субъективтік құқықтар мен белгілеген міндеттерге ие болу қабілеті.

C) Тұлғаның құқық бұзушылық жасағаны үшін заң алдында жауапты болу қабілеті.

D) Тұлғаның өз отбасын құру, яғни әулет ұясын жасау кабілеті.

E) Мемлекеттік органдардың алуан түрлі іс-әрекетке бару қабілеті.

43. Жеке тұлғаның құқық қабілеттігін кім шектей алады:

A) Ешкім шектей алмайды.

B) Өкілеттігі бар мемлекеттік орган шектей алады.

C) Тек заң ғана шектсй алады.

D) Тек халықаралық шарт қана шектей алады.

E) Кез келген адам да шектей алады.

44. «Орындалмаған жағдайда заң алдындағы жауаптылығы туындатуы мүмкін заңда көрсетілген мінез-құлық шамасының шегі» деген анықтама қай ұғымға жатады:

A)Субъективтік құқықка.

B)Объективтік құқыққа.

C)Табиғи жаратылыстық құқық.

D) Заңдық міндетке.

E)Заң алдындагы жауаптылыққа.

45. «Заңдарда баяндалған, мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, болуы мүмкін мінез-құлық шегі» деген анықтама қайсы ұғымға жатады:

A)Субъективтік құқыққа.

B) Объективтік құқыққа.

C)Табиғи жаратылыстық құқыққа.

D)Заңды міндетке

E)Заңды жауаптылыққа.

46. Құқықтық катынастардың объектілерін көрсетіңіз.

A)Азаматтар, тұтастай алынған мемлекет.

B)Занды тұлғалар.

C)Субъективтік құқық және занды міндеттер.

D) Адамдардың әрекеттері, іс-қылықтары, мүліктік жоне мүліктік емес игіліктер, құнды қағаздар мен құжаттар.

E)Заңды айғақгар.

47. Заңдық жауапкершіліктің туындауының негізін атаңыз:

A) Құқық бұзушылық туралы заңдық факт.

B)Құқық субъектілерінің мәмле жасауының негізі.

C)Азаматтың өз құқықтарын білмеуі.

D)Мораль нормасын бұзу.

E)Кез-келген тәртіп бұзу.

48. Келесі жауапкершіліктердің қайсысы заңдық жауапкершілік болып
табылады:

A)Діни.

B)Моральдық, ұнамдылық.

C)Діни, саяси.

D)Этикалық, моральдық, ұнамдылық.

E) Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік.

49. Құқыққа сәйкес іс-әрекет дегеніміз:

A)Жеке тұлғаның мүддесіне сай іс-әрекет.

B)Қоғамның мүддесіне сай іс-әрекет.

C) Құқық субъектісінің заң нормасына сәйкес саналы іс-әрекеті

D)Пайдалы іс -әрекет

E)Әдеттегі іс-әрекет.

50. Төменде көрсетілген жауапкершіліктің қайсысы заңдық жауапкершілік болып табылады:

A)Моральдік.

B)Саяси.

C) Тәртіптік

D)Діни.

E)Ұнамдылық.

51. Қылмыс дегеніміз ол:

A) Кінәлі, қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы, жазаланатын әрекет.

B)Моральға қайшы әрекет.

C)Жалпыға танылған жүріс-тұрыс ережелерін бұзу.

D)Азаматтық қүқық бұзушылық.

E)Адамгершілікке қарсы әрекет.

52. Адамнан бөлінбейтін, абсолютті, шартсыз жөне адамға туылғаннан бастап берілген құқықтар, ол:

A) Табиғи құқық.

B)Объективтік құқық.

C)Позитивтік құқық.

D)Субъективтік құқық.

E)Материалдық құқық.

53. Заңдылық дегеніміз:

A)Актінің заңдық күші.

B)Қоғамды реттейтін ережелер жүйесі

C) Заңды қатаң, мүлтіксіз орындауды талап ету.

D)Заңдарды сыйлау

E)Құқыққа сәйкес емес іс-әрекеттері.

54. Тұлғаның құқығы, бостандығы және міндеттерінің жиынтығы, мемлекеттік ұйымдастырылған қоғамдағы жағдайы калай аталады:

A)Деликтік қабілеттілігі.

B)Қүқық қабілеттілігі.

C)Қүқық субъектілігі.

D)Құзыреті

E) Құқықтық мәртебе

55. Азаматтардың саяси кұқығына жатады:

A)Сотпен қорғалу құқығы.

B)Білім алу құқығы.

C) Бірлесу бостандығы құқығы.

D)Жеке және отбасының құпиясы қүқығы.

E)Жекеменшік құқығы.

56. ҚР-да заң шығарушылық бастамасы қүқығы бар:

A)Президентте.

B) Президентте, үкімет және парламент депутаттарында.

C)Бас прокурода.

D)Халық және қоғамдық ұйымдарға

E)Жоғарғы сот.

57. Құқықтың бір саласы ретінде конституциялық құқық дегеніміз:

A)демократиялық қоғамның ырылымын реттейтін, әлімшілік -құқықтық нормалар жүйесі

B) ҚР конституциялық құрылыс ты реттейтін және белгілейтін, қылмыстық- құқықтық нормалар жүйесі

C)конституциялық құрылыс негізі, жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, құқықтық мемлекет және қоғамның құрылымын реттейтін және бекітетін, конституциялық- құқықтық нормалар жүйесі.

D)Құқықтық мемлекеттің қызметі мен қалыптасуын реттейтін және бекітетін, еңбектік-құқықтық нормалар жүйесі.

E)Жеке тұлғаның құқықтық жағдайын реттейтін және бекітетін азаматтық -құқықтық нормалар жүйесі.

58. Мемлекеттік және қоғамдық органдарға байланысты барлық актілерге қатысты жоғарғы заңдық күші бар -актіні атаңыз:

A)Заң

B)Адам және азамат құқықтары туралы Декларация

C)Қылмыстық құқық

D) Конституция

E)Конституциялық заң.

59. ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгертулер қалай енгізіледі?

A) Егер Президент мақұлдаған жағдайда республикалық референдуммен, сонымен бірге Парламентпен

B)Конституциялық Кеңес шешімімен

C)Президент жарлығымен

D)Үкімет қаулысымен

E)Тек қана республикалық референдумда енгізіледі

60. Егеменді Қазақстанның алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

A) 28 қаңтар 1993 ж.

B)29 қаңтар1994 ж.

C)30 тамыз1994 ж.

D)16 желтоқсан 1996 ж.

E)1 қыркүйек 1991 ж.

61. Қаз ССР-нің (Жоғарғы Кеңесінің Қаулысымен бекітілген “Қаз ССР-нің Мемлекеттік Егемендік туралы ”Декларациясы қашан қабылданды:

A) 25 қазан 1990 ж.

B)16 желтоқсан 1991 ж.

C)28 қаңтар 1993 ж.

D)30 тамыз 1995 ж.

E)20 қараша1990 ж.

62. ҚР биліктің негізгі қайнар көзі -

A)Президент

B)Парламент

C) Қазақстан Халқы

D)Конституциялық Кеңес

E)Президент және Парламент

63. ҚР Констититуция бойынша қос азаматтық қалай танылады?

A)ҚР барлық азаматтарына рұқсат берілген

B)Ресей және Түркияда өмір сүретін қазақтарға рұқсат берілген

C)ҚР орыс ұлт өкілдеріне рұқсат берілген

D)ҚР өмір сүретін Қытай азаматтарына рұқсат беріледі

E) Қос азаматтық танылмайды (рұқсат жоқ)

64.Қолданыстағы ҚР Конституциясы қандай жолмен қабылданды?

A)ҚР Президентімен бекітілді

B)ҚР Парламентімен қабылданды

C) Республикалық референдумда қабылданды

D)ҚР Конституциялық Кеңесімен қабылданды

E)Үкіметпен қабылданды

65. Азаматтардың ар-ождан бостандығы құқығын құқық және бостандықтың қай тобына жатқызамыз?

A)Саяси құқықтар

B) Табиғи құқықтар

C)Экономикалық құқықтар

D)Әлеуметтіr құқықтар

E)Саяси, экономикалық құқықтар

66. ҚР азаматы басқа мемлекетке беріледі ме?

A)Жоғарғы талап бойынша барлық кезде беріледі

B)Ешқандай жағдайда берілмейді

C) ҚР мемлекеттермен жасаған шарттарда көзделген жағдайларды қоспағанда берілмейді

D)Кісі өлтірген жағдайларда беріледі.

E)Құқыққорғау органдарының талаптары бойынша барлық кездерде беріледі.

67. Азаматтық дегеніміз не?

A)Мемлекет пен азаматтар арасындағы жалпы құқықтық қатынас

B)Мемлекет пен тұлға арасындағы қылмыстық құқықтық қатынас

C) Құқық пен міндеттеменің өзара жиынтығын білдіретін мемлекет пен тұлға арасындағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс

D)Тұлғаның мемлекеттен шығуы.

E)Мемлекет пен адам арасындағы азаматтық құқықтық қатынас

68. Азаматтығы жоқ тұлға дегеніміз -

A)ҚР Азаматтығы жоқ тұлға

B)Басқа мемлекеттің азаматтығындағы тұлға

C)ҚР аумағында құжатсыз тұрып жатқан тұлға

D) ҚР азаматтығына жатпайтын және басқа мемлекет азаматы екендігін дәлелдей алмайтын, бірақ ҚР аумағында тұрып жатқан тұлға

E)Басқа мемлекетке ҚР аумағыанан тұрақты тұруға кеткен тұлға

69. ҚР Президентінің кезекті сайлауы қай кезде өткізіледі?

A)Тиісті жылдың 1 желтоқсанында

B) Тиісті жылдың желтоқсанының бірінші жексенбісінде

C)Тиісті жылдың 5 желтоқсанында

D)Тиісті жылдың желтоқсанының бірінші сенбісінде

E)Тиісті жылдың 10 желтоқсанында

70. ҚР Президентінің өкілеттілігінің мерзімі:

A)4 жыл

B)7 жыл

C) 6 жыл

D) 5 жыл

E)10 жыл

71. Қандай жағдайларда ҚР Президентінің сайлауы өтті деп есептелінеді:

A)Сайлаушылардың 25 % сайлауға қатысса

B)Сайлаушылардың 50 % астамы сайлауға қатысса

C)Сайлаушылардың 60% астамы сайлауға қатысса

D)Сайлаушылардың 70% астамы сайлауға қатысса

E) Сайлаушылардың сайлауға қатысуының пайыздық есебі көрсетілмеген

72. ҚР Президентіне үміткер Қазақстан территориясында қанша жыл тұруы тиіс?

A)Көрсетілмеген

B) 15 жыл

C)25 жыл

D)10 жыл

E)5 жыл

73. ҚР Президенті өзінің міндеттерін атқару кезіндегі қандай іс-әрекетті үшін жауапкершілікке тартылады?

A)Барлық іс-әрекеттер үшін

B)Үкіметті таратқаны үшін

C) Мемлекетке опасыздық жасағаны үшін

D)Ешқандай іс-әрекеті үшін тартылмайды

E)Парламентті таратқаны үшін

74. ҚР Үкімет мүшелері кімге ант береді ?

A)Қазақстан халқына

B)ҚР Президентіне

C) Қазақстан халқына және ҚР Президентіне

D)ҚР Парламентіне

E)ҚР Премьер-министрге

75. ҚР Парламентінің өкілеттілгі қашан тоқтатылады?

A)Жаңадан Парламент Депутаттарын сайлаған күннен бастап

B) Парламенттің жаңа шақырылуының бірінші сессиясының жұмысының басталуымен

C)Парламенттің бұрынғы шақырылуының соңғы сессиясының жұмысының аяқталуымен

D)Парламенттің жаңа шақырылуының депутаттарды сайлауға байланысты Президенттің жарлығының шығуымен

E)ҚР Конституциясында бұл айтылмаған

76. Сенат депутаттары қалай сайланады?

A)Тікелей сайлау құқығы негізінде

B) Жанама сайлау құқығы негізінде

C)Көп сатылы сайлау құқығы негізінде

D)Барлық сенаторлар тағайындалады

E) Мәжіліс депутаттарымен сайланады

77. ҚР республикалық бюджетті бекітуді жүзеге асырылады:

A) Мәжіліс отрысында

B)Сенат отрысында

C)Кезекпен қарау жолымен бірінші Мәжілісте,кейін Сенатта

D) Мәжіліс пен Сенаттың бірлескен отрысында

E)Парламенттік тыңдауда

78. ҚР Үкіметіне сенімсіздік вотумы білдіріледі:

A)Парламенттің әр палатасының депутаттарының жалпы санының ¾ дауысымен

B) Әр палата депутаттарының жалпы санының 2 /3 дауысымен

C)Палата бірлескен отрысының жай көпшілік дауысымен

D)Мәжіліс отрысына қатысушылардың жалпы санының 3 /4 дауысымен

E)Парламент әр палатасы депутаттарының жалпы санының 4/5 дауысымен

79. Қазақстан астанасында, республикалық маңызы бар қалада және обыстарда атқарушы билік басшысы кіммен тағайындалады?

A)Премьер-министрмен

B)Үкіметпен

C)Сенатпен

D)Маслихатпен

E) Президентпен

80. Референдум - бұл

A)Конституция жобасын, конституциялық заңдарға, мемілекет өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде шешімдер мен заңдар бойынша бүкіл халықтық талқылау

B) Конституция жобасын, конституциялық заңдарға, мемілекет өміріндегі маңызды мәселелер жөнінде шешімдер мен заңдар бойынша бүкіл халықтық дауыс беру

C)Конституция, конституциялық заңдар, заңдарды алдымен Парламенте, содан кейін халықпен

D)Парламентпен заң қабылдау

E)Мемілекет басшысының шешімін халықпен бекіту

81. Жергілікті өзін-өзі басқару органы:

A)Маслихаттар

B) Ауылдық және қалалық жергілікті қоғамдық арнайы органдар - жергілікті маңызды тапсырмаларды шешетін орган

C)ҚР Президенттің өкілетті тұлғалары

D)Қоғамдық бірлестіктер

E)Әкімдер

82. ҚР Сот билігі кімнің(ненің) атынан жүзеге асырылады:

A)Президенттің

B)Соттың

C) Қазақстан Республикасының

D)Үкіметпен

E)Халықпен

83. Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқығының пәнi:

A)Мемлекеттiң тек қана құқық қорғау органдары қызметiнiң аясындағы қоғамдық қатынастар

B)Жергiлiктi өзiн-өзi басқару аясындағы қоғамдық қатынастар

C)Тек қана жоғарғы өкiлдi және атқарушы билiк органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметiнiң аясындағы қоғамдық қатынастар

D) Мемлекеттiк әкiмшiлiктi ұйымдастыру мен оның қызметiнiң аясындағы қатынастар.

E)Еңбек ету барысында пайда болатын қатынастар

84. Әкiмшiлiк құқықтың әдiстерi:

A)Тек қана императивтiк (бұйрықтық)

B)Императивтiк және диспозитивтiк

C)Диспозитивтiк

D)Диспозитивтiк, ал ерекше жағдайларда императивтiк

E)Барлығы

85. Әкiмшiлiк - құқықтық қатынастар мына нормалардың қайсысымен реттеледi:

A)Конституциялық құқықтың

B)Әкiмшiлiк құқықтың

C)Азаматтық құқықтың

D)Конституциялық құқық және әкiмшiлiк құқықтың

E)Барлығымен

86. Заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады:

A) Әдiлет органдарында

B)Мемлекеттiк статистика органдарында және әдiлет органдарында

C)Әкiмдiктерде

D)Қаржы министрлiгiнiң органдарында

E)Прокуратура

87. Қазақстанда атқарушы органдар жүйесiн басқарады

A)Қазақстан Республикасының Президентi

B)Қазақстан Республикасының министрлiктерi

C) Қазақстан Республикасының Үкiметi

D)Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi

E)Қазақстан Республикасының Парламенті

88. Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқы бар:

A)Өкiлдiк органның депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi болуға

B) Оқытушылық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметпен айналысуға

C)Кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi басқаруға

D)Дiни бiрлестiктердiң мүшесi болуға

E)Кез келген ақылы қызмет атқаруға

89. Мемлекеттiк басқарудың құқықтық нысанына жатады:

A)Құжаттық рәсім жүргiзу

B) Мемлекеттiк басқарудың жеке актiлерiн шығару

C)Қаржылық есеп жүргізу

D)Мұрағат iсiн ұйымдастыру

E)Қоғамдық жұмысқа тарту

90. Әкiмшiлiк жауапкершiлiк- бұл:

A) заңи жауапкершiлiктiң бiр түрi

B)моральдық жауапкершiлiктiң бiр түрi

C)діни жауапкершiлiктiң бiр түрi

D)тәртiптiк жауапкершiлiктiң бiр түрi

E)барлығы

91. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық- бұл:

A)қылмыстық жауапкершiлiктi тудырмайтын кез-келген әрекет не әрекетсiздiк

B)жалпыға мiндеттi әкiмшiлiк-құқықтық нормаларды бұзатын кез-келген әрекет не әрекетсiздiк

C) әкiмшiлiк-құқықтық нормаларды бұзатын және әкiмшiлiк жауапкершiлiктi тудыратын құқыққа қарсы, кiнәлi түрде жасалынатын кез-келген әрекет не әрекетсiздiк

D)қызметтiк мiндеттердi орындамаумен не оны дұрыс орындамаумен байланысты кез-келген әрекет не әрекетсiздiк

E)еңбек тәртібін бұзатын әрекет немес әрекетсіздік

92. Әкiмшiлiк жауапкершiлiк туындайтын жас мөлшерi:

A)14

B)15

C) 16

D)18

E)өзге

93. Әкiмшiлiк қамауға алу жазасының (бейбіт жағдайда) мерзімі:

A)14 тәулiк

B) 15 тәулiк

C)16 тәулiк

D)17 тәулiк

E)20 тәулік

94. Айып пұл -бұл:

A) ақшалай өндiрiп алу шарасы

B)материалдық табыс

C)қылмыстық жаза

D)ақшалай табыс

E)барлығы

95. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың пәні болып табылады?

A)жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар;

B)мемлекеттің қаржылық қызметі процессінде туындайтын қатынастар;

C)мемлекеттің қызмет ету аясындағы қатынастар;

D) қатысушылардың теңдігіне негізделген мүліктік қатынастар, мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар;

E)қатысушылардың теңдігіне негізделген кез-келген қоғамдық қатынастар

96. Азаматтық құқықтың обьектілері болып нелер табылады?

A) материалдық игіліктер мен рухани игіліктер;

B)заңды тұлғалар;

C)жеке тұлғалар;

D)адам және азаматтар;

E)Қазақстан Республикасының азаматтары.

97. Азаматтың тұрғылықты жері- бұл:

A) азаматтың тұрақты тұратын мекен-жайы;

B)азаматтың көбінесе тұратын мекен-жайы;

C)азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын мекен-жайы;

D)азаматтың ата- анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері;

E)азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені және ауданы.

98. Кәсіпкерлік - бұл:

A)жеке кәсіпкер өзіне тиесілі барлық мүлік жиынтығымен, сонымен қоса мүліктік құқықтар негізінде өз қызметін жүзеге асырады;

B) азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі;

C)заңды тұлға құру және қызметі;

D)қызмет және жұмыс аясы;

E)заңды тұлға құрмай-ақ қызметпен айналысу.

99. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандары:

A) мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив;

B)мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі;

C)акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор;

D)Өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор;

E)акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі.

100. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мынадай нысанда құрылуы мүмкін:

A)мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив;

B)мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі;

C)акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор;

D)Өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор;

E) мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну коопераптиві, қоғамдық қор, діни бірлестік.

101. Акционерлік қоғам - ол:

A)серіктестік, оған қатысушылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша мүлкі жетпеген жағдайда ортақ жауапкершілікке тартылады;

B)заңды тұлғаның оқшау бөлігі;

C) жарғылық капиталы белгілі бір акциялар санына бөлінген серіктестік;

D)діни бірлестік;

E)бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысу мақсатында құрылған азаматтардың мүшелік негізіндегі ерікті бірлестігі.

102. Мекеме - ол:

A)саяси партиялар, кәсіби одақтар;

B)қайырымдылық мақсатты көздейтін ұйым;

C) басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым;

D)рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі;

E)ассоциация.

103. Мәміле - ол:

A) азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттері;

B)әкімшілік актілер;

C)оқиғалар;

D)заңды әрекеттер;

E)құқыққа қайшы іс-әрекеттер.

104. Сенімхат дегеніміз:

A)бір адамның (сенім білдіргіш) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім танушы) берген ауызша немесе жазбаша уәкілдігі;

B)бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген ауызша уәкілдігі;

C) бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі;

D)сенім білдіруші көрсетілген кез келген құжат;

E)сенім білдірген көрсетілген кез келген құжат.

105. Сенімхат қандай мерзімге беріледі:

A) 3 жыл;

B)2 жыл

C)4 жыл

D)5 жыл;

E)10 жыл.

106. Мемлекеттік меншіктің түрлеріне жатады:

A) республикалық және коммуналдық;

B)айрықша;

C)облыстық және қалалық;

D)орталық және жергілікті;

E)облыстық, қалалық және аудандық.

107. Жалпы ереже бойынша ерлі - зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі - бұл мүлік:

A)жеке пайдалануда болған;

B) ерлі - зайыптылардың некеде тұрған кезде жиналған;

C)ерлі - зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі болған;

D)ерлі - зайыптылардың біреуімен сыйға алынған;

E)ерлі - зайыптылардың біреуімен мұрагерлік тәртіппен алынған.

108. Қазақстан Республикасы аумағындағы ақшалай міндеттемелер:

A) теңгемен жүргізілуі тиіс;

B)АҚШ долларымен жүргізілуі мүмкін;

C)шетел валютасымен жүргізілуі мүмкін;

D)теңгемен жүргізілуі мүмкін;

E)бағалы қағаздармен жүргізілуі мүмкін.

109. Ипотека - бұл:

A)кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының меншігіне өтетін кепіл түрі;

B)кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының иелігіне өтетін кепіл түрі;

C) кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігіне және пайдалауында қалатын кепіл түрі;

D)уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінщі тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома;

E)бір тұлға басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенетін міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.

110. Азаматтық құқықтық шарт бұл:

A)әкімшілік акт;

B) Екі немесе одан да көп адамдардың азаматтық құқықтармен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі;

C)үшінші жақтың ерік білдіруі қажет келісім;

D)бір тараптың ерік білдіруі жеткілікті мәміле;

E)еңбек шарты

111. Қылмыстық жауаптылықтың негiзi болып не табылады.

A)Қылмыстың объектісі болуы

B)Тұлғаның жеке қасиеттерi

C) Қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет (әрекетсiздiк)

D)Әрекет (әрекетсiздiк) келтiрген қоғамға қауiптi зардап

E)Әрекет (әркетсiздiктiң) объективтi белгiлерi

112. Көрсетiлген белгiлердiң қайсысы арнайы субъектiнiң белгiлерiне жатады:

A)Қылмыстық жауаптылық басталатын жасқа жету

B)Есi дұрыстық

C)Жеке тұлға

D) Лауазымы

E)Есi дұрыс еместiк

113. Көрсетiлгеннiң қайсысы жазаның мақсаты болып табылады

A)Қаралау

B) Әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру

C)Адамны” қадiр қасиетiне нұқсан келтiру

D)Денеге жарақат келтiру

E)Барлығы

114. Еңбек ету құқығы бостандығы мынаны қамтиды:

A)кепiлдiк берiлген жұмыс, мамандық және кәсiпте

B) әркiмнiң өз еркiне, мүмкiндiгi мен арнайы дайындығына сәйкес дербес өндiрушi немесе еңбек шартына сай жұмыс iстеу мүмкiндiгiн

C)кепiлдiк берiлген мамандықта, жұмыс түрiн және сыйақы алуды

D)жынысына, тiлiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен дiнге сенiмiнен тәуелсiз кепiлдiк берiлген жұмыс берiлудi

E)бiлiм алу және жұмыс алу

115. Жеке еңбек шартының мазмұны мынаны қамтиды:

A)Жұмыс берушінің еңбек ақы беру міндетін

B) Жұмыскердің белгілі бір жұмысты істеу міндетін

C)Еңбек жағдайының қажетті және қосымша жағдайларын

D)Аудан немесе облыс ережелерімен көзделген жағдайларды

E)Жұмыс берушінің актілерінде көрсетілген шарттар

116. Жеке еңбек шартын жасауға жол беріледі

A) 14 жастан бастап

B)16 жатан бастап

C)18 жастан бастап

D)15 жастан бастап

E)17 жастан бастап

117. Ең төменгі жалақы мөлшерін қандай орган белгілейді?

A)Кәсіподақтар органы

B)Жұмыс беруші

C)Үкімет

D)Президент

E) Парламент

118. Жұмыс уақытының қалыпты апталық ұзақтығы:

A) 41 сағат

B) 40 сағат

C) 36 сағат

D) 24 сағат

E) 30 сағат

119. Еңбек демалысының ең төменгі мерзімі?

A) 15 жұмыс күні

B) 30 жұмыс күні

C) 18 жұмыс күні

D) 20 жұмыс күні

E) 24 жұмыс күні

120. Тәртіптік жазаларға жатпайды:

A) Айып пұл

B) Сөгіс

C) Жұмыстан шығару

D) Ескерту

E) Қатаң сөгіс

121. Түнгі жұмыс уақыты:

A) 17 сағаттан - 02 сағатқа дейін

B) 18 сағаттан - 03 сағатқа дейін

C) 20 сағаттан - 04 сағатқа дейін

D) 22 сағаттан - 06 сағатқа дейін

E) 21 сағаттан - 05 сағатқа дейін

122. Неке жасы:

A) 20 жас

B) 16 жас

C) 18 жас

D) 19 жас

E) 17 жас

123. Қылмыстық кодекске сәйкес кәмелетке толмағандар:

A) 14 жасқа толған 18 жасқа толмағандар

B) 14 жасқа толған 16 жасқа толмағандар

C) 15 жасқа толған 18 жасқа толмағандар

D) 17 жасқа толған 18 жасқа толмағандар

E) 18 жасқа толған 20 жасқа толмағандар

124. Кәмелет жасқа толмағандарға тағайындалмайтын қылмыстық жаза:

A) Өлім жазасы

B) Бас бостандығынан айыру

C) Қамау

D) Түзеу жұмыстары

E) Бас бостандығын шектеу

125. Адвокатура бұл.........

А) қоғамдық-құқықтық институт

В) әлеуметтік ұйым

С) мемлекеттік орган

D) қоғамдық кәсіпорын

Е) қоғамдық мекеме

126. «Адвокат» ұғымы латын тілінен аударғанда білдіреді:

А) дәлелдеймін

В) айыптаймын

С) белгілі бір әрекеттерді жасауға шақырамын

D) қорғаймын

Е) сөйлеймін

127. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін берілетін құжат:

А) лицензия

В) сенімхат

С) диплом

D) атақ

Е) жеке басын куәландыратын құжат

128. Адвокаттар адвокаттық қызметпен айналысу үшін тапсырады:

А) біліктілік алқасына емтихан тапсырады

В) атестациядан өтеді

С) тағылымдамдан өтеді

D) ешқандай талап қойылмайды

Е) ай сайын емтихан тапсырып отырады

129. Сотта айыпталушыны қорғайды:

А) прокурор

В) судья

С) халық өкілдері

D) тергеуші

Е) адвокат немесе сенімді өкіл

130. Төменгі мемлекеттік органдардың қайсысы құқық қорғау органдарына жатпайды?

A) Прокуратура

Наши рекомендации