Экономикалық,мәдени,әлеуметтік мәдени құқықтар

Адам құқықтары — адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы, өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемл-пен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы, білім алуға, еңбек етуге, бақуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге) құқықтары. Адам құқықтарының қағидалары ұлттық деңгейде Конституцияда (Қазақстан Республткасының Конституциясы, 10-39 баптар) және заң актілерінде (мысалы, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтарда, арнаулы заңдарда) қарастырылады. Халықаралық деңгейде адам құқыларын қорғау, ең алдымен адам құқылары жөніндегі халықаралық билльде негізделген; оған адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясы (10.12.48), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқылар туралы пакт (12.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пакт (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге факультативтік хаттама (19.12.66), Азаматтық және саяси құқылар туралы пактіге екінші факультативтік хаттама (19.12.66) енеді. Адам құқықтарының жекелеген аспектілері халықар. конвенцияларда көрініс тапқан. Олар адамның нақты құқыларын немесе кешенді құқыларын қорғауға: нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрін жоюға, адамды кепілдікте ұстауға қарсы күресуге, жәбірлеп, қинауға тыйым салуға, апартеидтік қылмыстардың жолын кесіп, ол үшін жаза белгілеуге, т.б. бағытталған. Адам құқыларын халықаралық деңгейде қорғап, қаделеу ісі Халықаралық Еңбек Ұйымы (ХЕҰ), Мәдениет пен білім саласындағы ынтымақтастық жөніндегі ұйым (МБСЫҰ, яки, ЮНЕСКО), Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің практикалық іс-әрекеттерімен, халықар.-құқықтық актілерімен жүзеге асырылады.Конституциялық құқықтар мен бостандықтар заңды болуы үшін мына шарттарды сақтау қажет деп есептелінеді: оларды бекітетін

Конституцияның халықпен не оның ӛкілді органымен демократиялық жолмен әрі заңи бекітілген тәртіпте қабыл-данылуы, конституциялық

құқықтар мен бостандықтардың және міндеттердің ӛзгеруі тиісті заң актілерінің негізінде ғана жүзеге асуы.

Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының басты элементтерінің бірі – азаматтық. Республика Конституциясының ережелерін талдаудан келіп

шығатыны: азаматтық тұлғаның Қазақстан мемлекетімен конституциялық-құқықтық байланысын білдіреді, ол ұзаққа созылатын және орнықты

байланыстармен, олардың ӛзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы болуымен сипат-талады. Азаматтықтың жалпы және ӛзіндік қағидаларын

кӛрсетуге болады. Азаматтықтың ӛзіндік қағидаларына мыналар жатады:

1. азаматтықтың бірыңғайлығы және теңдігі қағидасы – Азаматтықтың бірыңғайлығы туралы конституциялық қағида мемлекеттің

біртұтастығынан келіп шығады және Республика азаматтарының бірыңғай конституциялық құқық субъектілікке негізделген, бірыңғай құқықтық

мәртебеге ие екендігін біл-діреді. Азаматтықтың теңдігі қағидасы Республика азаматтары-ның тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік

жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге кӛзқарасына, нанымына, тұрғы-лықты жеріне немесе кез келген ӛзге жағдаяттарға (м\ы азамат-тықтың

алыну жолына) қарамастан құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің теңдігін білдіреді

2. азаматтықтың еріктілігі қағидасы – азаматтық алу және одан шығу ерікті түрде жүргізіледі;

3. азаматтықтың тұрақтылығы қағидасы - тұрған жеріне, отбасылық жағдайына, жас шамасына қарамастан ШЕ азамат-тығы тұрақты болып

табылады;

4. бір азаматтық қағидасы – ШЕ-да азаматтық біртұтас, қос азаматтық мойындалмайды;

5. ШЕ азаматтығынан айыруға болмайтындығы қағидасы – ШЕ Конституциясына сәйкес Республиканың азаматын ешқандай жағдайда

азаматтығынан, ӛзінің азаматтығын ӛзгерту құқығы-нан айыруға болмайды;

6. азамат пен мемлекеттің ӛзара жауаптылығы қағидасы – азаматтық байланысы жеке тұлға мен мемлекеттің арасында ӛзара құқықтар мен

міндеттер туындап, ӛзара жауаптылық жағдайын белгілейді;

7. қан және топырақ құқығының үйлесімдігі қағидасы - ШЕ азаматтығын тууы бойынша алу кезінде тиісті мәселе ата-анасының азаматтығына

қарай және ШЕ аумағында тууына қарай шешілуі мүмкін;

8. ШЕ азаматын басқа мемлекетке бермеу қағидасы.

Азаматтық институты Республика егемендігінің, тәуелсіздігі мен конституциялық құрылысының айқындаушы белгісі болып табылады,

ӛйткені мемлекеттің азаматтарынан тұратын Қазақ-стан халқы ғана "мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы" болып табылады және "билікті

тікелей республикалық референ-дум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ ӛз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға

береді".

Азаматтық алу, оның тоқтатылуы, балалардың азаматтығы мәселелері, Шетел Президентiнiң және мемлекеттiк органдарының азаматтық

мәселелер жӛнiндегi ӛкiлеттiгi азаматтық туралы заңдарда толығырақ реттеледі.

Шетел азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі олардың заң алдында тең бола отырып Конституциямен белгіленген

құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің барлық кешеніне ие болуын кӛздейді.

Алдында атап кеткеніміздей, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы барлық құқық салаларының нормаларында кӛрініс тапқан құқықтар мен

бостандықтардың, міндеттердің жиынты-ғымен анықталады. Ал, жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері конституцияда бекітілген

құқықтар мен бостандық-тарды, міндеттерді қамтиды. Олар конституциялық (негізгі) құқықтар мен бостандықтар және міндеттер деп аталады әрі

олар барлық құқықтар мен бостандықтардың азымаз, негізгі бӛлігін құрайды. Олар негізінен әркімге тумысынан тән болып табылады, сондықтан да

олар адамнан бӛлінбейтін, ажырамас құқықтар мен бостандықтар болып есептеледі. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың ӛзге

құқықтар мен бостан-дықтардан бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

1. конституциялық құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияда бекітілген.

2. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адам үшін, қоғам үшін неғұрлым маңызды болып табылады.

3. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адамға әдетте тумысынан тән болып табылады және ажырамайды;

4. жалпы алғанда конституциялық құқықтар мен бостан-дықтар әрбір адамға, азаматқа тән.

5. конституциялық құқықтар мен бостандықтар жалпы құ-қықтар мен бостандықтардың ядросы, негізі болып табылады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың 3 түрі бар:

А) жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және адамның мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес,

одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бӛлінбейді; адамның жеке ӛміріне, бас бос-тандығына, ар-ожданына байланысты ӛзге

де табиғи құқық-тарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.

Б) саяси құқықтар мен бостандықтар – мемлекеттің азамат-тығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды,

азаматтардың мемлекеттің саяси ӛміріне қатысуын байқатады;

В) әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қана-ғаттандыруға

байланысты құқықтар мен бостандықтар.

Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандық-тарының кепілдіктері – бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы

жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың келесідей негізгі түрлерін кӛрсетуге болады:

1. әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер адамдардың құқықтар мен бостандықтарды еркін пайдалануын қамтамасыз ететін

тиісті орта мен материалдық негіздің болуын анықтайды – мысалы, әлеуметтік тұрақтылық, дамыған экономика, ӛндірістік күштердің болуы,

қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіктеріне қызмет кӛрсетуге мүмкіндік беретін мекемелер жүйесінің болуы т.б.

2. саяси кепілдіктер – адамдардың еркін дамуы мен лайықты ӛмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағыттал-ған мемлекеттің

саясаты – саяси тұрақтылық, саяси құрылым-дардың тұрақтылығы мен олардың азаматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда

тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениетінің тиісті деңгейі, т.б.

3. заңи кепілдіктер – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық

амалдар. Нақты айтсақ, әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі; құқықтар мен бостандықтарды мемлекеттің қорғау

міндеті, құқықтары мен бостандықтарын азаматтардың ӛзінің қорғау механизмінің болуы (арыздану, БАҚ-на жолдану, т.б.), соттық қорғау,

халықаралық қорғау, зиянды ӛтеу т.б.

4. Идеологиялық кепілдіктер – азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттері туралы білім деңгейін кӛтеру.

Наши рекомендации