Пән модулінің сипаттамасы

Азақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

Ықтану кафедрасы

«Бекітемін» ______

Факультетінің деканы

Э.ғ.к., доцент К.М. Утепкалиева

«____»_______________2014 ж.

В030100-«Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған

Азақстан Республикасының Конституциялық құқығы» пәнінен

СИЛЛАБУС

Атырау, 2014ж

1. Пәннің модулдік оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

1.1 Оқытушы туралы мәлімет:

Наурызова Венера Кайыржановна– «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы

Кафедрадағы уақыты:-8.30 – 17.00 – күн сайын

Сабақтан тыс уақыты: 14.00-17.00

Телефоны: 87012604082.

Курс жөніндегі мәліметтер

Теориялық құқықтық модулі бойынша (МБМ)-мамандық бойынша модуль, (БП)-базалық пән, (МК)-міндетті компонент болып табылады.

Пәннің атауы мен коды: «1202-Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы»

Кредет саны мен ЕСТS : 2 /4

Өтетін орны: сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:

Мамандығы Курс Сем Кредит Дәріс Сем СӨБЖ СӨЖ Барлығы Бақылау нысаны
құқықтану емтихан
құқықтану 1(3ж)   емтихан

Оқу пәнінің мақсаты, міндеті мен қорытындыларының тізімі

Курстың мақсаты – Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын оқыту Қазақстан Республикасында заң бiлiмiн берудiң маңызды бағытын құрайды. Жалпы теориялық пәндердiң бiрi бола отырып, ол негiзгi конституциялық құқықтық институттар туралы бiлiм бередi. Студенттердiң жалпы кәсiби мәдениетi мен танымын дамытады. Конституциялық құқықтың пәнiн барынша терең түсiнулерiн қамтамасыз етедi.

Конституциялық құқықтың пәнiн конституциялық актiлер негiзiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды оқыту құрайды.

Курстың міндеті – студенттердi конституциялық құқық ғылымының теориялық негiздерiмен таныстыру, конституциялық құқықтық актiлердi оқыту, оның өзге құқық салаларынан айырмашылығын көрсету, сондай-ақ демократиялық және құқықтық мемлекеттi құру үрдiсiндегi билiк институттарының қызметi мен ролiн түсiндiру болып табылады.

Курстың негiзгi концепциясы Қазқстан Республикасының конституциялық даму мәселелерi бойынша заң академиясының студенттерiне фундаментальдi бiлiм берудi көздейтiн негiзде құрылған, және қоғамдық құрылыс негiздерi туралы, билiк институттарының қызметi мен ұйымдасуы туралы мәселелердi қамтыған.

Білім беру қорытындысыбілім берудің деңгейіне сәйкес, Дублин дескрипторларының негізінде анықталады және олардың құзіреттілігінен көрініс табады.

Бұл арқылы білім берудің бес басты қорытындысын анықтайды:

- білім және түсінік

- қолдану

- анализ

- синтез

- бағалау.

Білім берудің қорытындысы толық бағдарлама бойынша, әрбір модуль және жеке пән бойынша қалыптасады. Білім берудің қорытындысын қалыптастыруда келесі қағидаларға сүйену керек:

- білімді игеруде немесе бағдарламаны аяқтағанда білім алушы жетістіктерді көрсету керек;

-білім алудың қорытындыларын бағалауда етістіктерді пайдалану керек.

Пәнде игеруге «кірісу» және аяқтау барысында студенттердің дайындығына (құзіреттілігіне) қойылатын талаптар

Пререквизиттер –Осы курсты оқу үшін алдын-ала оқытылатын пәндер:

1.Мемлекет және құқық теориясы;

2.Халықаралық құқық;

3.Саясаттану.

Постреквизиттер –Осы курсты игергеннен кейін оқытылатын пәндер:

1.Әкімшілік іс жүргізу;

2.Мемлекеттік қызмет және басқару;

3.Шетелдердiң конституциялық құқығы;

4.Салыстырмалы құқықтану.

Пән модулінің сипаттамасы

Модуль мен тақырыптардың атауы Сабақ-тың түрлері Қысқаша мазмұны Сағат саны
1. МОДУЛЬ 1. Теориялық-құқықтық модуль
1.1 ҚР конституциялық құқығының жалпы сипаттамасы Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Конституциялық құқық – Қазақстан халқына берілген билікті іске асыру механизімі мен мемлекет пен қоғамның ұйымдастық негізін реттейтін фундаментальді, негізгі құқық саласын айтамыз немесе ҚР-ның Конституциялыққұқығы деп ҚР-сы аумағында әрекет ететін қоғамның құрылысы негіздерін және мемлекеттік билікті ұйымдастыруды реттейтін ең негізгі құқық саласын айтамыз. Конституциялық құқық ҚР-сы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады. Конституциялық құқық Қазақстан қоғамы мен мемлекеті құрылысының негізін құрайтын қатынастарды, мемлекеттік билікті жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сонымен бірге адам мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттейді.Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды бекітуші және реттеуші құқық нормаларының жиынтығынан құралады, оларда ҚР-сы Конституциялық құрылысының негіздері, адам және азаматтық құқықтық мәртебесі, мемлекеттік билік және басқарудың жүйесі көрініс тапқан.ҚР-сы құқық жүйесі салаларының бірі. ҚР-сы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес басқа да құқық салаларының бастауы болып табылады.
семинар 1.ҚР-ның конституциялық құқығының түсінігі 2.Конституциялық құқықтың ҚР-ның қолданыстағы құқық жүйесіндегі орны және ролі. 3.ҚР-ның конституциялық құқықтың пәні және оның ерекшеліктері. 4.ҚР-ның құқық әдістері (өкілеттендіру, міндеттеу, тыйым салу, тану және т.б.). 5.Конституциялық құқық ҚР-сы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы. 6.Конституциялық-құқықтық нормалар: түсінігі, ерекшеліктері, түрлері. 7.Конституциялық-құқықтық қатынастар түсінігі, оларға тән белгілер, түрлері. 8.ҚР-ның конституциялық құқығының жүйесі: түсінігі, құрылым элементтері. 9.Конституциялық-құқықтық институттары: түсінігі және түрлері. 10.Конституциялық құқықтың басқа бастаулармен салыстырғанда ҚР-сы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және ҚР-ның барлық аумағында қолданылуы.
СОӨЖ 1. Конституциялық құқықтың ұғымы, пәні және әдістері. 2. Конституциялық құқықтың қайнар көздері. 3. Конституциялық құқықтық нормалар.
СӨЖ Рефераттар мен жазбаша бақылау
2. МОДУЛЬ 2. Теориялық-құқықтық модуль
2.1 ҚР Конституциясы – қоғам мен мемлекеттiң Негiзгi заңы Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Қазақстан Республикасының Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық салаларын өз нәрімен сусындататын зор ауқымды саяси-құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі принциптерін белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Конституцияны Қазақстан халқы қабылдады.
Семинар 1.ҚР-ның Конституциясы: түсінігі және мәні. 2.ҚР-ның Конституциясының нысаны және құрылымы. 3.Конституцияны қабылдау және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі. 4.ҚР-ның Конституциясын құқықтық қорғау. 5.Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері: 1926ж., 1937ж., 1978ж., Қазақстан Конституцияларында тән белгілері және ерекшеліктері. 6.1989-1993 ж.ж. Конституциялық реформалар. 7.25 қазан 1990 ж. Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 8.16 желтоқсан 1991ж. «ҚР-ның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң. 9.1993 жылғы ҚР-ның Конституциясы және оның тарихи маңызы. 10.ҚР-дағы конституциялық реформа (1995 ж. наурыз – тамыз). 1995 жылғы Конституциясын даярлау және қабылдау ерекшеліктері.
СОӨЖ 1.ҚР-сының Конституциясы: түсінігі және мәні. 2.ҚР-сының Конституциясының нысаны және құрылымы. 3. Конституцияны қабылдау және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізу тәртібі. 4. Қазақстанның конституциялық дамуының негізгі кезеңдері: 1926ж., 1937ж., 1978ж., Қазақстан Конституцияларында тән белгілері және ерекшеліктері. 5.ҚР-дағы конституциялық реформа
СӨЖ Пікір сайыс және рефераттар
3. МОДУЛЬ 3. Теориялық-құқықтық модуль
3.1 ҚР конституциялық құрылысының жалпы сипаттамасы Лекция ҚР-ның конституциялық құрылымының түсінігі. ҚР-ның конституциялық құрылым негіздерінің түсінігі және оның негізі сипаттамасы мен мазмұны. ҚР-ның Конституциясында мемлекет нысанының негізгі белгілерінің бекітілуі (басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режим). ҚР-сы демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде қалыптасу жолында. Адам – мемлекеттің ең жоғарғы қазынасы. Тұлға, қоғам және мемлекет ара қатынасының конституциялық негіздері. ҚР-ның мемлекеттік егемендігі: түсінігі, мазмұны және мәні. Қазақстан халқы – мемлекеттік биліктің бірден – бір қайнар көзі. Ұлттық егемендік, оның ҚР-да жүзеге асырылуы. Демократиялық тікелей және өкілді нысандары. ҚР-да қолданыстағы құқықтың конституциялық негіздері. ҚР-ның мемлекеттік рәміздері. ҚР-ның халықаралық саясатының конституциялық негіздері.
Семинар 1.ҚР конституциялық құрылымының түсінігі. 2. ҚР-сы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, біртұтас мемлекет ретінде қалыптасуы 3.ҚР мемлекеттік егемендігі: түсінігі, мазмұны және мәні. 4.ҚР қызметінің негізгі қағидалары 5.ҚР-да азаматтық қоғам қалыптасудың конституциялық негіздері.
СОӨЖ 1.ҚР конституциялық құрылымының түсінігі. 2.ҚР-сы демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, біртұтас мемлекет ретінде қалыптасуы 3.ҚР мемлекеттік егемендігі: түсінігі, мазмұны және мәні. 4. ҚР қызметінің негізгі қағидалары 5.ҚР-да азаматтық қоғам қалыптасудың конституциялық негіздері.
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
4. МОДУЛЬ 4. Теориялық-құқықтық модуль
4.1 ҚР адам және азаматтың құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны ҚР-да Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, оларды ешкім айыра алмайды. Азамат өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады. Азамат өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру барысында өзге адамдарын құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірмей керек. ҚР-ның Конституциясы адам және азамат құқының негіздеріне оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз боларлық принциптерді жинақтайды. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектеуі мүмкін.
Семинар 1.Адам және азамат құқықтық мәртебесі негіздерінің түсінігі, жеке адамның құқықтық мәртебесінің негізгі элементтері. 2.Адам құқықтары аясында ҚР-ның заңнамасының және халықаралық құқықтың ара қатынасы. 3.ҚР-ның азаматтығы аса маңызды конституциялық құқықтық институт ретінде: түсінігі, мазмұны, қағидалары. ҚР-ның азаматтығын алу негіздері және тәртібі. 4.ҚР-да адам және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары және міндеттері. 5.Жеке тұлғаның конституциялық құқықтары және бостандықтарын бекітудің негізгі тәсілдері (позитивті, негативті). 6.Жеке тұлғаның құқықтарын және бостандықтарын шектеудің конституциялық негіздері. 7.Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары (мемлекетті басқаруға қатысу құқығы, т.б.). 8.ҚР-да шетел азаматтарының құқықтық жағдайы.
СОӨЖ 1.Адам және азаматтың құқықтық мәртебесінің түсінігі және негізгі элементтері 2.ҚР-ның азаматтығы: түсінігі, мазмұны және қағидалары 3.Адам және азаматтардың құқықтары, міндеттері және бостандықтары 4.Шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
5. МОДУЛЬ 5. Теориялық-құқықтық модуль
5.1 ҚР қоғамдық бірлестіктерінің қызметі мен ұйымдасуының конституциялық негіздері Лекция Лекцияның қысқаша мазмұныКөппартиялы жүйенің ҚР-да қалыптасуы. Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиямен арақатынасының конституциялық қағидалары. Саяси партиялардың қызметін құқықтық реттеу. ҚР-дағы саяси партиялар. ҚР-дағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық қағидалары. ҚР-дағы саяси партиялардың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Семинар 1.Көппартиялы жүйенің ҚР-да қалыптасуы. 2.Мемлекеттің қоғамдық бірлестіктер және саяси партиялармен ара қатынасының конституциялық қағидалары. 3.ҚР-дағы қоғамдық бірлестіктердің конституциялық – құқықтық мәртебесі. 4.ҚР-дағы саяси партиялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі.
СОӨЖ 1.ҚР-сының саяси партиялар түсінігі 2.ҚР-сының саяси партиялардың қызметі 3.Қоғамдық бірлестіктердің қызметі 4.Қоғамдық бірлестіктерді ұйымдасуының конституциялық қызметі
СӨЖ Рефераттар мен жазбаша бақылау
6. МОДУЛЬ 6. Модулдің атауы
6.1 ҚР сайлау құқығы және сайлау жүйелері Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Сайлау – бұл демократиялық процедура, өйткені онда азаматтар өздері және өкілдері арқылы, дауыс беру арқылы, заңға сәйкес өз кандидатурасынұсынған депутаттарды, мемлекет басшасын және өзге лауазымды тұлғаларды билік орнына отырғызады. Жалпы сайлауға қатысудағы басты мақсат бұл қанша адам сайлауға қатысты немесе жоқ деген сұраққа емес, азаматтардың өздеріне берген конституциялық құқықтарын жүзеге асыруында болып табылады. ҚР-ның сайлау туралы заңы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрды. Кодекстің жалпы бөлімінде Президентті, Жоғары Кеңес депутаттарын сайлаудың жалпы тәртібі туралы, сайлау құқығының демократиялық принциптері, сайлау органдарының жүйесі, учаскелердің құрылу тәртібі, сайлаушылар тізімін жасақтау, кандидаттарды ұсыну және тіркеу, сайлау алдындағы үгіт, сайлауды қаржыландыру, сайлау нәтижелерін анықтау, дауыс беру жағдайлары қарастырылды. ҚР-ньң абсолюттік көпшіліктің мажорлық, сайлау жүйесі қабылданған. ҚР-ның сайлау жүйесі деп ҚР-сы Конституциясының және Президенті «ҚР-дағы сайлау туралы» конституциялык заң күші бар Жарлығында көзделгендей ҚР-ньң Президенті, ҚР-сы Парламентінің Мәжілісі мен Сенатының депутаттарын, Мәслихат депутаттарын ҚР-ның азаматтары тікелей де, сондай-ақ, жанама да сайлайтын сайлау тәртібі түсіндіреді. Сайлау жүйесін құрайтын конституциялық-құқық нормалар ҚР-сы конституциялық құқығының бір бөлігі болып табылады.
Семинар 1.ҚР-ның сайлау құқығы: түсінігі, қағидалар және әлеуметтік функциялар. 2.ҚР-да сайлау туралы заңнамасының дамуы. ҚР-ның сайлау құқығындағы ценздер: түсінігі және түрлері. 3.Сайлау жүйелері (мажоритарлы, пропорционалды), олардың ерекшеліктері. 4.ҚР-дағы сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттілік мерзімдері. Сайлау комиссиясы мүшесінің мәртебесі. Сайлау комиссиясының қызметін ұйымдастыру. 5.Сайлау процесі: түсінігі және негізгі кезеңдері (сайлауды белгілеу, сайлау аймақтарын және учаскелерін құру, сайлаушылардың (дауыс берушілердің) тізімдерін құрастыру, кандидаттарды ұсыну, кандидаттарды тіркеу, сайлау алдындағы үгіттеу, сайлауды қаржыландыру, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау нәтижелерін анықтау). 6.ҚР-ның Президентін сайлау ерекшеліктері. 7.ҚР-ның Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттарын сайлау ерекшеліктері. 8.Мәслихат депутаттарын сайлау ерекшеліктері. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлау.
СОӨЖ 1.ҚР-сының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалар және әлеуметтік функциялар. 2.ҚР-да сайлау туралы заңнамасының дамуы. 3.Сайлау жүйелері (мажоритарлы, пропорционалды), олардың ерекшеліктері. 4.ҚР-дағы сайлау органдары: түсінігі, жүйесі, өкілеттілік мерзімдері.
СӨЖ Коллоквиум және тест жасақтау
7. МОДУЛЬ 7. Теориялық-құқықтық модуль
7.1 Республикалық референдум Лекция Лекцияның қысқаша мазмұныРеферендум тікелей демократия, яғни халықтың мемлекеттік мәселелерді шешуге тура қатынасу нысандарының бірі болып табылады. Референдумға мемелекеттің сайлау құқығы бар барлық азаматтары қатысады. Референдум азаматтардың еркін білдіру бостандығы мен еріктілік принципі негізінде жалпыға бірдей, тең және төте жабық дауыс беру жолымен өткізіледі. Республика азаматтарына, қоғамдық бірлестіктеріне жиналыстарда, митингілерде, азаматтардың жиындарында, бұқаралық ақпарат құралдарында референдумға енгізілген мәселелер бойынша өз пікірін білдіру кепілдігі берілген. Реферндумға әзірлену мен оны өткізуге байланысты шығынды мемлекет өз мойнына алады. Референдум өткізуге барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық жұмырдырылады. Республикалық референдум – мемлекеттік маңызы бар шара. Халықаралық ұйымдардың, халықаралық қоғамдық бірлестіктердің, шет елдің мемлекеттік органдарының, заңды тұлғалары мен азаматтарының, заңды тұлғалары мен азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың рефеерндумға қатысты қаржыландыру және өзгеше қолдау шараларына қандай да өте немесе жанама түрде болсын қатысуына рұқсат етілмейді. Референдум қабылдаған шешімнің ҚР-ның бүкіл аумағында міндетті заңдық күші болады. Айталық, ҚР-ның 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына ҚР-сы азаматтарының басым көпшілігі дауыс берді. Осы күн Конституция қабылданған күн деп есептеледі.
Семинар 1.Республикалық референдум: түсінігі және қағидалары. 2.Республикалық референдумның пәні. 3.Республикалық референдумның пәні бола алмайтын мәселелер. 4.Республикалық референдумды белгілеу және оны дайындау. 5.Республикалық референдум комиссиялары. 6.Республикалық референдумды өткізу тәртібі. 7.Республикалық референдум шешімдері.
СОӨЖ 1.Республикалық референдум: түсінігі және қағидалары. 2.Республикалық референдумды белгілеу және оны дайындау. 3.Республикалық референдум комиссиялары. 4.Республикалық референдумды өткізу тәртібі.
СӨЖ Рефераттар мен жазбаша бақылау
8. МОДУЛЬ 8. Теориялық-құқықтық модуль
8.1 ҚР мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Мемлекеттік органдардың түсінігі белгіленген тәртіппен құралған азаматтар ұжымы, мемлекеттік билік өкілдігіне мемлекет өзінің құзіреті шеңберінде қызмет атқаратын бірыңғай мемлекеттік аппарттың бөлігі болып табылады. Мемлекеттік органның негізгі белгілері: орган мемлекет орнатқан тәртіппен құрылады; органға мемлекет өз міндеті мен қызметін жүзеге асыруы үшін іркілеттік береді, бұл орайда ол жекелеген қызметі де, қызметер жиынтығында (Мысалы: парламент) орындауы мүмкін. органға мемлекет билік өкілеттігі берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған акілердің орындалуын қамтамасыз етеді. мелекет үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етілуі тиіс. ҚР-ның Мемлекеттік органның Конституциялық жүйесі (президент, парламент, соттар, конституциялық кеңес).
Семинар 1.Мемлекеттік органдардың түсінігі 2.Мемлекеттік органдардың негізгі белгілері. 3.Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық қағидалары. 4.ҚР-ның мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі (Президент, Парламент, соттар, Конституциялық Кеңес және т.б.).
СОӨЖ 1.Мемлекеттік орган: түсінігі, негізгі белгілері. 2.Мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы және қызмет етуінің конституциялық қағидалары. 3.ҚР-сының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі (Президент, Парламент, соттар, Конституциялық кеңес және т.б.).
СӨЖ Рефераттар мен глоссарий
9. МОДУЛЬ 9. Теориялық-құқықтық модуль
9.1 ҚР Президентінің конституциялық – құқықтық мәртебесі Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны ҚР Конституциясы Қазақстанды президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жариялады және онда басқару жүйесі белгіленді. Республика Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылады. Президент– халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президентінің осыншама жоғары мәртебесі президенттік басқару түріндегі мемлекет болып саналатын біздің еліміздің конституциялық сипатынан туындайды. Бұл мемлекет басшысының мемлекеттік билік құрылымдағы жетекшілік, жүйе құрушылық ролін көрсетеді. Президенттің сыртқы саяси өкілеттігі. Президент республиканың келіссөздерін жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды, республика қол қойған халықаралық шарттарды Парламентке ұсынады; бекітілген грамоталарға кол қояды; республика кол қойған халықаралық шарт тағайындаудың шарттардың күшін жою туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Президент басқа да бірқатар сыртқы саяси іс-әрекеттерді орындайды.
Семинар 1.Президент институтының түсінігі. 2.ҚР-да Президент институты қалыптасуының негізгі кезеңдері. 3.ҚР-да Президенттік басқару нысаны: түсінігі, ерекшеліктері. 4.ҚР-ның Президентінің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны. 5.ҚР-сы Президентінің құзіреті (өкілеттіктері). 6.Президенттік лауазымынан мерзімнен бұрын босату тәртібі. 7.ҚР-сы Президентінің өкілеттерінің ауысуы. 8.ҚР-сы Президентінің құқықтық актілері. 9.ҚР-сы Президент қызметін қамтамасыз ету жүйесі. ҚР-сы Президент Әкімшілігінің оның өкілеттіктерін жүзеге асырудағы ролі. 10.ҚР-сы бұрынғы Президенттердің конституциялық – құқықтық мәртебесі. ҚР-ның тұңғыш Президентінің құқықтық мәртебесі.
СОӨЖ 1.Президент институтының түсінігі және ҚР-сында президент институты қалыптасуының негізгі кезеңдері. 2.ҚР-да президенттік басқару нысаны: түсінігі, ерекшеліктері. 3.ҚР-сының Президентінің жоғары мемлекеттік билік органдар жүйесіндегі орны. 4.ҚР-сы Президентінің құзіреті (өкілеттіктері). 5.ҚР-сы Президентінің құқықтық актілері. 6.ҚР-сы Президент қызметін қамтамасыз ету жүйесі.
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
10. МОДУЛЬ 10. Теориялық-құқықтық модуль
10.1 ҚР Парламентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Республика Парламентінің мәртебесі. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейді. Біздің елдің конституциясы, Парламент мәртебесіне осындай сипаттама бере отырып, оның өкілеттілік табиғаты туралы, яғни Қазақстан халықтарының мүддесін көздейтін органдар туралы айтады және екіншіден, мемлекеттік өкімет жүйесіндегі оның қызмет мақсатын- заң шығаруды жүзеге асыруын белгілейді. Мұнда Парламентке тұрақты жұмыс істейтін орган ретінде сипаттама беріледі, соның нәтижесінде заң шығару қызметі үздіксіз жүзеге асырылады, мұның өзі қазіргі мемлекеттік үлгіге сай келеді әрі қоғам мен мемлекеттің қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді. Республика Парламентінің құрылымы.
Семинар 1.Республика Парламентінің мәртебесі 2.Республика Парламентінің құрылымы 3.Республика Парламент Палаталарының өкілеттілік мерзімі 4.Республика Парламентінің Мәжіліс депутаттарын сайлау. 5.Республика Парламентінің Сенатан құру 6.Республика Парламентінің Палаталары-ның бөлек отырысындағы құзіреті
СОӨЖ 1.Республика Парламентінің мәртебесі 2.Республика Парламентінің құрылымы 3.Республика Парламент Палаталарының өкілеттілік мерзімі 4.Республика Парламентінің Мәжіліс депутаттарын сайлау. 5.Республика Парламентінің Сенатын құру
СӨЖ Глоссарий және рефераттар
11. МОДУЛЬ 11. Теориялық-құқықтық модуль
11.1 ҚР Парламенті депутатының құқықтық мәртебесі Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Парламент екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Қазақстан тарихында тұңғыш рет бір Палаталы бір Парламенттің орнына екі Палаталы Парламент болды да және бұл кездейсоқ емес. Мәселе мынада: заң шығарушы органының екі Палаталы құрылымы едәуір сапалы заңдар шығаруға ықпал етеді, мемлекеттік органдар арасындағы қатынастарға дағдарыс ықтималдығын кемітеді, Парламенттегі біршама тұрақты әрі орнықты етеді, заң шығару қызметінде бір Палаталы Парламентке тән жершілдік және ведомстволық біржақтылықты тежейді. Депутат парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат парламенттің және оның палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға ұсыныстар мен ескертулер енгізуге,басқа да өкілеттіктер жүргізуге құқылы. Парламент депутатының өкілеттігі ол орнынан түскен депутат іс әрекетке қабілетсіз деп танылған парламент таратылған,депутат болып сайланғаннан кейін лауазымды қызметін жалғастыру үшін сол қызметті сақтауға тиіс болғанда тоқтатылады.
Семинар 1.Халық өкілдігі түсінігі. 2.ҚР-ның Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі. 3.Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары. 4.Парламент депутатының өкілеттіктері. 5.Депутаттың Парламент сессияларына, оның палаталар отырыстарына қатысуы. 6.Парламент депутат қызметін қамтамасыз ету жүйесі. 7.Парламент депутатының өкілеттіктерін жүзеге асыру кепілдері. 8.Депутатқа қолсұқпаушылық. 9.Парламенттегі депутаттардың бірлестіктері. 10.Парламент депутатына қолданыла алатын жазалау шаралары.
СОӨЖ 1.ҚР-ның Парламент депутатының конституциялық-құқықтық мәртебесі. 2.Парламент депутаты қызметінің негізгі қағидалары. 3.Парламент депутатының өкілеттіктері. 4.Депутаттың Парламент сессияларына, оның палаталар отырыстарына қатысуы. 5.Парламент депутат қызметін қамтамасыз ету жүйесі. 6.Парламент депутатына қолданыла алатын жазалау шаралары.
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
12. МОДУЛЬ 12. Теориялық-құқықтық модуль
12.1 ҚР Үкіметінің конституциялық – құқықтық мәртебесі Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Үкімет атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президенттінің алдында жауап береді, сондай-ақ Конституцияның 53-бабының б) тармақшасында көзделген ретте Республика Парламенттіне есеп береді. Конституцияның 57 бабының б) тармақшасында көзделген ретте Үкімет мүшелері Парламент Палаталарына есеп береді. Үкімет заңды әрі нақты түрде жоғары мемлекеттік органдардың бірі болып табылады. Республика Премьер-Министрі тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Республика Президентіне ұсыныс енгізеді. ҚР-ның Үкіметі: Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді; Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қаматамасыз етеді Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады; Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді; Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелері бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады.
Семинар 1.Қазақстан Республикасының Үкіметі. 2.ҚР-ның Үкіметінің құзіреті. 3.Республика Премьер-Митнистрі. 4.Үкімет өкілеттілігінің тоқтатылуы 5.Үкіметті құру тәртібі 6.Үкімет қызметінің негізгі бағыттары
СОӨЖ 1.ҚР-сының Үкіметі. 2.ҚР-сының Үкіметінің құзіреті. 3.Республика Премьер-Митнистрі. 4.Үкімет өкілеттілігінің тоқтатылуы
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
13. МОДУЛЬ 13. Теориялық-құқықтық модуль
13.1 ҚР Конституциялық бақылау Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Конституциялық бақылауды жүзеге асыратын орган-Конституциялық Кеңес. Ол Төраға және жеті мүшеден тұрады. Осыған қоса республиканың бұрынғы Президенті өмір бойына Конституциялық Кеңестің мүшесі болып табылады. Конституциялық кеңестің төрағасына қызметке Президент тағайындап, Президент қызметінен босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Президент, екі мүшесін Сенаттың Төрағасы,екі мүшесін Мәжілістің Төрағасы қызметке тағайындап, қызметтен босатады. Конституциялық Кеңес мүшесінің өкілеттігі алты жыл. Конституяилық кеңестің құрамы үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық кеңес мүшелеріне мынадай талаптар қойылады; олар ҚР-ның азаматтары болуы тиіс; жасы отыздан төмен болмауы керек; Қазақстан аумағында тұруы тиіс; жоғары заң білімі болуы тиіс; заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек.
Семинар 1.Конституциялық қадағалау (бақылау) 2.ҚР-ның Конституциялық Кеңесі 3.ҚР-ның Конституциялық Кеңесінің мәртебесі 4.Конституциялық Кеңестің құзыреті 5.ҚР-ның Конституциялық Кеңесітің құрамы 6.Конституциялық Кеңестің Төрағасы мен мүшесінің қызметі
СОӨЖ 1.Конституциялық бақылау 2.ҚР-сының Конституциялық Кеңесі 3.ҚР-сының Конституциялық Кеңесінің мәртебесі мен Конституциялық Кеңестің құзыреті 4.ҚР-сының Конституциялық Кеңесітің құрамы
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
14. МОДУЛЬ 14. Теориялық-құқықтық модуль
14.1 ҚР сот билігінің конституциялық негіздері Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР-ның Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР-ның Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Конституцияда, «Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық соттар мен судьялар үшін ортақ әділ сот принциптері белгіленген. Сот билігі заңдарда белгіленген, барлық соттар үшін біртұтас сот өндірісі нысандарында жүзеге асырылады. Барлық соттар Конституцияның 4-бабында айтылатын ҚР-ның қолданыстағы құқығын қолданады. Аудандық және оларга теңестірілген соттаржергілікті соттарға жатады. Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот — әскери гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке толмағандардың істері бойынша және басқа соттар теңестіріледі. Аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық сотта бір судья көзделген болса, онда ол осы сот төрағасының өкілеттіктерін жүзеге асырады. Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады.
Семинар 1.Сот билігі: түсінігі және оның ерекшеліктері 2.ҚР-дағы сот жүйесі 3.Судьяның құқықтық мәртебесі 4.Сот төрелігінің принциптері. 5.ҚР-ның Жоғарғы Соты 6.Прокуратура
СОӨЖ 1.Сот билігі: түсінігі және оның ерекшеліктері 2.Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі 3.Сот төрелігінің принциптері. 4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар
15. МОДУЛЬ 15. Теориялық-құқықтық модуль
15.1 ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың конституциялық – құқықтық негіздері Лекция Лекцияның қысқаша мазмұны ҚР жергілікті мемлекеттік басқару жергілікті өкілді органдар мен жергілікті атқарушы органдардан тұрады. Ол мемлекеттің құрамдас бір бөлігі болып табылады және Республика үшін біртұтас мемлекеттік қызмет принциптерін басшылыққа алады. Мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдардың құзіретін, олардың ұйымдық және қызмет тәртібін заң белгілейді. Жергілікті өкілді органдар - маслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық, бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Маслихаттарды жалпыға бірдей тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге халық сайлайды. ҚР 20 жасқа толған азаматы маслихат депутаты болып сайлана алады. Маслихатты өкілеттік мерзімінен бұрын иденті тоқтатады не маслихат өзін өзі тарату туралы қабылдаған жағдайда тоқтатылады. Жергілікті өзін-өзі басқару. ҚР жергілікті маңызы бар мәселелері тұрғын халықтың өзі шешуі қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару танылады. Жергілікті өзін-өзі басқаруды тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақты тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтарға сайланбалы және басқа жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен оларды қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне олардың заңмен белгіленген өкілетті шегінде кепілдік беріледі.
Семинар 1.Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі мен оның жүйесінің қалыптасуы. 2.Мәслихаттар – жергілікті өкілді органдар. 3.Мәслихаттарды құру тәртібі, құзіреті және қызметінің ұйымдастырылуы. 4.Мәслихаттардың құқықтық актілері. 5.Мәслихаттар өкілеттіктерін тоқтату негіздері. 6.Мәслихат депутатының құқықтық мәртебесі. 7.Мәслихат сессиясы төрағасының және мәслихат хатшысының құқықтық мәртебесі. 8.Әкіматтар – ҚР-ның жергілікті атқарушы органдары. 9.Әкімат өкілеттіктері. 10.Әкім - әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы. Әкімнің құзіреті. Облыс, аудан, поселке, ауыл, ауылдық аймақтың әкімін тағайындау тәртібі. Әкімат, әкім актілері. 11.Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі. Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуы. Жергілікті өзін-өзі басқару органдар қызметін ұйымдастыру тәртібі.
СОӨЖ 1.Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі және мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуы. 2.Мәслихаттар – жергілікті өкілді органдар. Мәслихаттарды құру тәртібі, құзіреті және қызметінің ұйымдастырылуы. Мәслихаттардың құқықтық актілері. 3.Әкіматтар – ҚР-ның жергілікті атқарушы органдары. Әкімат өкілеттіктері. Әкім - әкімшілік-аумақтық бірліктің басшысы. Әкімнің құзіреті. Облыс, аудан, поселке, ауыл, ауылдық аймақтың әкімін тағайындау тәртібі. Әкімат, әкім актілері. 4.Жергілікті өзін-өзі басқару түсінігі. ҚР-сында жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуы. Жергілікті өзін-өзі басқару органдар қызметін ұйымдастыру тәртібі.
СӨЖ Баптарға түсінік беру және рефераттар

Наши рекомендации