E) Бейтараптықты сақтау үшін объективті емес бола алады

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ

МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы»

пәні бойынша

Заң бағыттары бойынша

5B030100- Заңтану мамандығы үшін

қазақ бөлімдер үшін

Тестілік тапсырмалар

Құрастырған:

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

____________М.Т. Абзалбекова

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының меңгерушісі:

з.ғ.к, доцент________________Р.М. Жамиева

Тестілік тапсырмалар саны: 100

Құрастырылған күні: 26.03.2014 ж.

Оқу жетістіктерін сырттай бақылау үшін арналған

ҚАРАҒАНДЫ-2014

«Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы»

пәні бойынша

Заң бағыттары бойынша

050301- Заңтану мамандығы үшін

қазақ бөлімдер үшін

Тестілік тапсырмалардың құрамындағы тақырыптар тізімі

Тақырып №,   Тақырып атауы
1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, мәні және міндеттері. Курстың пәні және негізгі ұғымдары.
2. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
3. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары.
4. Қылмыстық ізге түсудің түсінігі, нысандары және негізгі ережелері. Іс жүргізушілік мерзімдер, іс жүргізушілік құжаттар. Реабилитация.
5. Қылмыстық сот өндірісінің ұғымы және жіктелімі. Қылмыстық процеске қатысудың негізгі ережелері.
6. Қылмыстық процесте өзінің құқықтары мен мүдделерін немесе өкілдік ететін қатысушылары. Процеске қатысушы өзге де тұлғалар.
7. Дәлелдеудің этаптары және мазмұны. Дәлелдеме ұғымы.
8. Дәлелдемелердің түрлері.
9. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
10. Сотқа дейінгі өндіріс: жалпы сипаттамасы, нысандары.  

Құрастырған:

Аға оқытушы

______________М.Т. Абзалбекова

Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика

кафедрасының меңгерушісі:

з.ғ.к., доцент

__________________Р.М. Жамиева

Құрастырылған күні: 24.03.2014 ж.

Оқу жетістіктерін сырттай бақылау үшін арналған

Азақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы

$$$ 1

Сатылардың негізгі белгісі болып табылады:

A) Құқық нормасы.

B) Істе пайда болу негіздері.

C) Құқықтар мен міндеттер.

D) Қорытынды процессуалдық шешім.

E) Мәжбірлеу шаралары .

$$$ 2

Тұлғаларға қатысты қылмыстық істер жүргізу заңының әрекеті:

A) Қызметшілерге қатысты алулар бар.

B) Бас Прокурорға қатысты алулар бар.

C) Шетелдіктерге қатысты алулар бар.

D)Тергеушілерге қатысты алулар бар.

E) Анықтаушыларға қатысты алулар бар.

$$$ 3

Сот сайысушылық жағдайында :

A) Тараптардың істі қарауға қатысуын қамтамасыз етеді.

B) Айыпталушы болмағанда оның функциясын орындай алады.

C) Айыптау және қорғау функциясын жүзеге асырады.

D) Қылмыстық ізге түсу субъектісі болып табылады.

E) Бейтараптықты сақтау үшін объективті емес бола алады.

$$$ 4

Жариялылық қағидасының бұзылуы болып табылады:

A) Үкімнің жабық оқылуы.

B) Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстарына қатысты соттық талқылаудың жабық болуы.

C) Сот отырысының толығымен жабық болуы.

D) Сотқа дейінгі сатыда қылмыстық қудалауды жүзеге асырған органдардың шешімі мен әрекетіне шағымдарды сот қарағанда соттық отырысынң жабық болуы.

E) Істі мемлекеттік тілде қарастыру, процеске қатысушылар ол тілді білмегенде.

$$$ 5

ҚР ҚІЖК қылмыстық процестің қандай қағидасы көрсетілмеген:

A) Кінәсіздік презумпциясы.

B) Сайысушылық қағидасы.

C) Сот және заң алдындағы теңдік .

D) Айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету.

Наши рекомендации