Мемлекеттік басқару түрлері
I Кіріспе.
II Негізгі бөлім.
1. Мемлекет ұғымына сипаттама.
2. Мемлекеттің тарихи түрлері.
3. Мемлекеттің басқару түрлері.
III Қорытынды.
IV Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мемлекет деген ұғым бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А.Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А.Гатцель, В.Соловьев, Б.Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Қорыта келе, мемлекет деп – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементін айтамыз.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т.с.с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т.б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол – ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді.
Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің
· құлиеленушілік,
· феодалдық және
· буржуазиялық түрлері анықталған.
Құлиеленуші мемлекетте үстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдарқандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді. Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
· Унитарлық (лат. unitas — біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады.Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т.б. осы түрге жатады.
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]
· Федерация (лат. foederatio — одақ, бірлестік) — белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады). Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Алмания, Малайзия, т.б. жатады.
Мемлекеттік басқару түрлері
Монархия - мемлекеттегі саяси биліктің бір тұлғаның қолына шоғырландырылуымен және мұрагерлік жолмен берілуімен сипатталады.
Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді.
Абсолютті монархияда монархтың билігі шексіз болады.
Абсолюттік монархия — мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.
Конституциялық монархияда монархтың билігі конституциямен шектеледі. Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым — монарх және парламент болады. Монарх үкіметті тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол вето құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие болады.
Парламенттік монархия. Парламенттік монархияда монарх билігі заң шығармашылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметінде парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік вотумын білдірген жағдайда үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламенттік сайлауды тағайындайды.
2.2 Монархтың конституциялық-құқықтық мәртебесі.
Монарх әдетте мемлекеттiк билiктiң жоғары өкiлi, суверен ретiнде сипатталады. Монарх берген өкiлеттiк бойынша үкiмет өз қызметiн жүзеге асырады; мемлекетте монархтың атынан заңдар қабылданады; сот шешiмдерi шығарылады; мемлекет қызметiнiң негiзгi салалары монархтың прерогативасына жатады.
Дуалистiк монархияларда монарх мемлекеттiк билiк органдары жүйесiнде орталық орын алады. Монарх үкiметтi тағайындайды және қызметiнен босатады; парламенттiң құрылуы мен қызметiне бақылау жасайды; жекелеген парламент мүшелерiн тағайындайды; парламенттi мерзiмiнен бұрын тарату құқығына ие болады; парламент қабылдайтын заңдарға вето қою құқығына ие болады; қарулы күштердiң бас қолбасшысы болып табылады; жоғары азаматтық және әскери лауазымдарға тағайындауларды жүзеге асырады; судьяларды тағайындайды; мемлекетте шынайы билiктi жүзеге асырады.
Парламенттiк монархияларда монарх мұндай кең көлемдегi өеiлеттiктерге ие болмайды, оның билiгi айтарлықтай дәрежеде конституциямен шектеледi.
Монарх ерекше жеңiлдiктердi пайдаланады: мемлекет басшысы титулын иемденедi; жоғарғы билiк белгiлерi болады; азаматтық және қылмыстық iстер бойынша жауапқа тартылмайды; салық төлеуден босатылады; монархтың өзi және әулет мүшелерi мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтамасыз етiледi.
2.3 Республика-мемлекеттік басқару нысаны
Республика латын сөзі – халық игілігі, қоғамдық іс деген ойды білдіреді . Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер. Республиканың өзінің бірнеше түрлері бар.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде көп қолдау тапқан және ең көп орын алатыны демократиялық республикалар. Олардың өзі үлкен үш топқа бөлінеді: президенттік республика, президенттік-парламенттік республика және парламенттік республика.
Республика - мемлекеттегі саяси биліктің сайланбалы тұлға немесе орган арқылы жүзеге асырылуымен және нақтылы мерзіммен шектелуімен сипатталады.
Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған “халық жиналысында” болды. 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік.
Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады.
2.4 Президенттік республика
Президенттік республикада президент қолына мемлекет басшысы мен атқарушы билік басшысы өкілеттіктері шоғырландырылады.
Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады.
Президенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау. Президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.
2. Үкімет президентке тәуелді.
3. Атқарушы биліктің және мемлекеттің басшысы президент. Үкімет те президенттің қарамағында болады.
Президенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, АҚШ, Ресей, Қазақстан, Португалия, Мексика және т.б.
Президенттік-парламенттік республиканың белгілері:
1. Екі жүйелі сайлау: президенттік және парламенттік сайлаулар әрқайсысы өз алдына бөлек өткізіледі.
2. Парламент парламенттік сайлауда жеңіп шыққан саяси партиялардың уәкілдерінен қалыптасады.
3. Президент – мемлекеттің басшысы. Үкімет Президенттің алдында жауапты.
Үкімет мүшелері Парламент палаталарына есепті. Президенттік-парламенттік республикаға жататын мемлекеттер, мысалы, Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Финляндия және т.б.
2.5 Парламенттік республика
Парламенттік республика мемлекеттік биліктің жоғары органдары жүйесіндегі парламенттің үстем болуымен сипатталады.
Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы — премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және олырды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Алманияны жатқызуға болады
Парламенттік республиканың белгілері:
- Сайлау бір жүйелі. Тек парламент сайланады.
- Парламентте ең көп орын алған саяси партияның жетекшісіне премьер-министрлік (атқарушы билік) және мемлекет басшысы міндеті жүктеледі.
- Үкімет парламентке тәуелді.
Парламенттік республикаға, мыселы, Германия, Италия, Индия, Түркия, Израиль және т.б. жатады. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде мемлекеттік басқару түрлерінің, жалпы демократияның дамуына байланысты шын мәніндегі демократиялық республиканың жаңа деңгейлері қалыптаса бастады. Олар — азаматтық қоғам
-Мемлекет басқаруы бойынша.
3.Мемлекет басшысының өкiлеттiктерi.
3.1 Мемлекет басшысының билiк органдарымен қарым-қатынасы
Басқару формасына қарамастан көптеген шетелдiк конституциялар мемлекет басшысына айтарлықтай өкiлеттiктер бередi. Бұл өкiлеттiктердi негiзiнен төмендегiдей классификациялауға болады:
Мемлекет басшысының мемлекеттiк билiк органдарымен қарым-қатынасы:
- парламент сессияларын шақыру құқығы;
· заң бастамашылығы құқығының болуы;
· заңдарға қол қою және жариялау, сондай-ақ вето қою құқығы;
· қабылданған заңдардың конституцияға сәйкестiгiн
· тексеру мақсатында конституциялық бақылау органына өтiнiш бiлдiру құқығы;
· сот билiгiн құруға қатысу құқығы;
· мемлекеттiк билiк органдары арасында келiспеушiлiк туған жағдайда төрелiк ету құқығы.
Азаматтық-құқықтық қатынастар саласында:
· азаматтық туралы мәселенi шешу құқығы;
· шетелдiк азаматтарға саяси баспана беру мәселесiн шешу құқығы;
· сотталғандарға кешiрiм жасау құқығы;
· мемлекеттiк наградалармен марапаттау құқығы.
Қорғаныс және қауiпсiздiк саласында:
· бас әскери қолбасшы болуы;
· мемлекет қауiпсiздiгiн қамтамасыз етумен байланысты шараларды жүзеге асыру құқығы.
Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат саласында:
· халықаралық шарттарға қол қою, немесе ратификациялау немесе денонсациялау;
· дипломатиялық өкiлдiктердiң сенiм және басқа да грамоталарын қабылдау;
· шетелдiк мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарға өкiлдердi тағайындау немесе керi шақырып алу құқығы.
Мемлекеттегi басқару формасына байланысты мемлекет басшысы басқа өкiлеттiктердi жүзеге асыруы мүмкiн.
3.2 Мемлекет басшысын алмастыру тәсілдері.
Мемлекет басшысын алмастыру мемлекеттегi басқару формасына байланысты болады.
Монарх таққа мұрагерлiк жолмен келедi де, өз лауазымын әдетте өмiр бойы иемденедi. Тақты мұралау тәртiбi конституциямен немесе арнайы заңдармен реттеледi.
Шетелдiк монархияларда тақты мұралаудың бiрнеше қалыптасқан жүйесi бар:
саликалық, яғни мұралау құқығы тек қана ер адамдарға тиiстi болады;
кастильдiк, яғни ер адамдардан тiкелей мұрагер болмаған жағдайда әйелдерге мұралау құқығы берiледi;
жекелеген жағдайларда мұрагерлiк туралы мәселе парламенттiң қатысуымен шешiледi;
тақ мұрагерi кәмелет жасқа толғанша немесе мұрагер әрекет қабiлетсiз болған жағдайда оның лауазымын уақытша атқару регентке тапсырылуы мүмкiн.
Мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi әр түрлi болады, мысалы: Швейцарияда – 1жыл; Италия, Түркияда – 7жыл; Францияда – 5жыл, т.б.
Президенттiң өкiлеттiктерi негiзiнен өкiлеттiк мерзiмi аяқталуға байланысты, мерзiмiнен бұрын отставкаға кетуiне байланысты, импичмент жариялануына байланысты, қайтыс болуына байланысты тоқтатылады.
Президент республикалық басқару формасындағы мемлекеттерде сайланбалы лауазым иесi болып табылады. Парламенттiк республикаларда президенттi парламент сайлайды(Чехия, Венгрия, Словакия) немесе парламентарийлердiң қатысуымен таңдаушылар алқасы сайлайды(Италия, Германия, Үндiстан). Президенттiк немесе аралас республикаларда президент тiкелей сайлаулар арқылы сайланады(Франция, Австрия, Ирландия, Латын Америкасы елдерi). Кейбiр мемлекеттерде президент жанама сайлау арқылы сайланады(мысалы АҚШ-та ең алдымен таңдаушылар алқасы сайланады да, одан кейiн таңдаушылар алқасы президенттi сайлайды).
Президенттiң тiкелей сайлауы мажоритарлық жүйе бойынша өткiзiледi.
Шетелдiк мемлекеттердiң конституцияларында президенттiкке кандидаттарға бiрқатар талаптар қойылады:
· 35-40 жасқа, жекелеген жағдайларда 45, 50 жасқа толу;
· жоғары жас мөлшерi негiзiнен қойылмайды;
· президенттiң өкiлеттiгi әдетте екi мерзiммен шектеледi;
· негiзiнен тумысынан сол мемлекеттiң азаматы болуы талап етiледi;
· мемлекет аумағында тұрақты түрде белгiлi бiр уақыт тұруы талап етiледi;
· басқа лауазымды қоса атқаруға тыйым салынады.
Сайланғаннан кейiн қызметiне кiрiсудiң белгiлi бiр процедуралары қарастырылады.
4.Қазақстан Республикасы
4.1 Қазақстан Президенттік республика
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Қазақстан тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алды. Ел астанасы – Астана қаласы. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі мәртебесіне ие. Ақша бірлігі – теңге.
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, оның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, сонымен қатар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін мемлекеттің ең жоғары лауазымды тұлғасы. Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының нышаны және кепілі.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушылық билігін жүзеге асырады, атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне жетекшілік жасайды.
Заң шығару қызметін тұрақты негізде жұмыс жасайтын екі палатадан – Сенаттан және Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады.
Сенатты конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенатта ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделерінің қамтамасыз етілуі қажеттігі ескеріліп, он бес депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан құралады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі – бес жыл. Қазіргі уақытта Мәжілісте үш партия – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және Қазақстанның Коммунистік халықтық партиясы өкілеттілік етеді.
Біздің мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам, адамның өмірі мен құқықтары және бостандықтары. Осылай көрсетілген жаңа Конституция 2007-жылы 21-мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қайта бекітілді. Жаңа Ата заңымыз елдегі тұрақтылық пен бірлікті, татулықты, әрбір азаматтың құқықтарын қорғауды көздейді. Осы Конституциямызды басты назарға алып, Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы жылдың 28 тамызында «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы туралы» Жарлыққа қол қойды.Осы Ата заңда көрсетілген адам, азаматтың бостандықтары мен құқықтарын сақтауда, қорғауда оның тетіктерін одан әрі қалай дамытуға болады? Мемлекетіміздің дамуы үшін қандай жағдайлар жасалынуы тиіс? Міне, осы орайда тұжырымдамадағы құқықтық жүйенің бірнеше саласы бар десек, оның негізі аталған құжат болып табылады. Тұжырымдаманың маңыздылығы да сонда, ол бір жағынан құқықтық құжат болса, екіншіден, саяси құжат. Сондықтан ол ұлттық заңнаманың негізгі салалары конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, экологиялық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңдарын жетілдіруге қызмет етеді. Демек, осы тұжырымдама негізінде барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер бірігіп, алда тұрған міндетті айқындап, жүйелі түрде жұмыс атқаруы тиіс.10 жылға межеленген ұзақ мерзімдік құжат құқықтық жүйенің барлық саласын жетілдіруді көздейді. Көзделген мақсаттың ең бастысы еліміздің құқықтық саласын халықаралық талапқа сай гуманизациялау. Яғни ол бойынша аңдаусызда жаза басып, істі болған азаматтардың жазасы барынша жеңілдетілмек. Әсіресе өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын айта кету қажет. Тағы бір жаңалық бұдан былай қылмыстық жауапкершілікке тек жеке тұлғалар ғана емес, заңды тұлғалар да тартылмақ.Еліміздегі жалпы құқықтық саясатты жүргізуде аталған тұжырымдаманың маңызы өте зор, ол алдағы он жылдағы құқықтық жүйе дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын құқық саласының өзегі болып табылады.
«Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, онда конфессияаралық татулық пен келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптасуы тиіс» деп дін саласына да аса мән беріліп отыр.
Президент Үкiметтi Конституцияда көзделген тәртiппен құрады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды (64-бап). Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiнiң жоғары алқалы органы болып табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңи табиғатын ашады, мемлекеттiк билiктi бөлiсу жүйесiндегi орнын көрсетедi және оның қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын, олардың қыз-метiне басшылық жасайтын жоғары атқарушы орган ретiнде ол елде мемлекеттiк басқаруды жүзеге асырады.
Премьер-Министрдiң кандидатурасын Президенттiң өзi таңдайды және Парламент Мәжi-лiсiне ұсынылған саяи партиялардың фракциялары өкiлдерiмен ақылдасқаннан кейiн Премьер-Министрге кандидатураны Мәжiлiстiң қарауына енгiзедi. Парламент Мәжiлiсiнiң келiсiмiн алғаннан кейiн Президент Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын, Үкiмет Аппаратының басшысын, министрлердi, мемлекеттiк комитеттер төрағаларын қызметке бекiтедi. Конституцияда Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы айтылған. Қазақстан Респубилкасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Конституциялық заң күшi бар Жарлығында Үкiметтiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар құратыны айтылған. Үкiметтiң құрамына Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсынысты Премьер-Министр тағайындал-ған кейiнгi он күндiк мерзiм iшiнде енгiзедi. Үкiмет мүшелерi халыққа және Республика Президентiне ант бередi. 2007 жылғы 21 мамырдағы Заң жаңадан сайланған Парламент Мәжiлiсi алдында Республиканың Премьер-Министрi Үкiметке сенiм бiлдiру туралы мәселе қояды. Мәжiлiс Үкiметке сенiм бiлдiрген жағдайда, егер Президент өзге шешiм қабылдамаса, ол өзiнiң мiндетiн орындауды жалғастырады. Мұндай ереженiң мәнi мынада, Президент пен Парламент Мәжiлiсiн сайлау мерзiмi сәйкес келмеуi мүмкiн. Премьер-Министрдi Мәжiлiстiң келiсi-мiмен Президент тағайындайтындықтан, Үкiметтiң өкiлеттiк мерзiмiнiң өтпегенiне қарамастан, жаңадан сайланған Мәжiлiс Премьер-Министрдi тағайындауға келiсiм беру құқығын иеле-недi.
Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде жұмыс iстейдi және жаңа сайланған Президент алдында өзiнiң өкiлеттiлiгiн тоқтатады. Үкiмет өз мiндетiн Республика Үкiме-тiнiң жаңа құрамы бекiгенше орындайды. Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату және оның кез келген мүшесiн қызметiнен босату туралы Президенттiң өзiнiң жеке бастамасы бойынша шешiм шығаруына құқығы бар. Премьер-Министрдi қызметiнен босату бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтатуды бiлдiредi.
4.2 Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет
Қазіргі кезеңде көптеген мемлекеттердің саяси өміріндегі ең жиі айтылатын сөздің бірі — “демократия”. Демократия туралы мәселенің өте маңызды болуына бірнеше себептер бар. Біріншіден, қазіргі кезеңде демократия дүниежүзілік жалпы адамзаттың рухани құндылығы болып табылады. Ол халықтар арасындағы бірлестіктің, қауымдастықтыңдамуына зор әсер етеді. Екіншіден, әрбір мемлекеттегі саяси биліктің сапасы қоғамдағы демократияның деңгейіне байланысты. Үшіншіден, демократия біздің Қазақстан мемлекетінің мақсаты мен болашағы. Оған дәлел Қазақстан Республикасының Конституциясының ең бірінші бабы осы мақсаттан басталады. “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық … мемлекет ретінде орнықтырады” – деп жазылған. Әсіресе осы соңғы себепке байланысты әрбір қазақстандық, әсіресе болашақтағы мамандар елдің демократияландыру жолдарын жақсы танып білуі тиіс, бұл процеске өзінің үлесін қосуға да міндетті.
Демократияның ерекше маңызды болуының себебі, оның әрбір адамға тиімді, пайдалы болуында. Бұны демократияның негізгі ұстанымдарынан (шарттарынан) байқауға болады.
Демократияның негізгі ұстанымдары:
1. Демократия ұжымдық шешімді қолданады.
2. Мемлекеттік билік органдарына азаматтардың, әлеуметтік топтардың арасынан ең таңдаулылары, ең қалаулылары сайланады.
3. Билікке сайланғандар сайлаушылардың алдында есеп береді.
4. Әрбір азаматтың билікке сайлануына (өзін-өзі ұсынуына) мүмкіндік беріледі.
Демократиялық ұстанымдардың әрбір адам үшін тиімділігі осында
Демократиялық шешім қабылдау дегеніміз ол көпшіліктің пікірі арқылы шешім қабылдау.
Бұл ұстаным бойынша демократияның қолдайтын бостандығы, әр азаматқа беретін құқығы санаулы ғана.
Олар:
1) Ұжымдық шешім қабылдауға қатысу.
2) Шешім қабылдау үшін өз пікірін, ұсыныстарын білдіру.
Яғни, еркіндік тек ғана шешім қабылдағанша ғана құқылы. Ал шешім қабылдағаннан кейін көпшіліктің шешімі барлығы үшін заң. Азшылық дауыс берген уақытта қарсы болса да, көпшіліктің шешімін орындау оларға да заң.
Бұл демократияның тәртібі, заңы, мәдениеті, сонда ғана демократия көпшілікке қажет тәртіпті орнатуға мүмкіндік береді. Ал кейбір азаматтардан өз міндеттерін, жауапкершіліктерін талап ету немесе талап етпеу демократияның қызметі емес. Бейберекетсіздік, анархиялық бостандық – ол демократияның ұстанымына жатпайды.
Сонымен, демократияның мақсаты – қоғамда өлшемсіз, ретсіз бостандық орнатып, билікті әлсірету, бәсеңдету емес, көпшілік үшін қажетті тәртіп орнату.
Демократия – ол бостандықтың өзі емес, демократия – бостандықты орнатудың жолы.
Демократия мәселесіндегі маңызды сұрақтың бірі – демократиялық мемлекет қандай болуы керек? Демократиялық мемлекеттер бір түрде, бір ғана жолмен орнықпайды. Бірақ демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың бәріне ортақ белгілері бар.
Демократиялық мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Саяси биліктің негізгі органдарының сайлануы.
2. Шешім қабылдаудағы азшылықтың көпшілікке бағыну тәртібін ресми мойындау.
3. Азаматтардың жалпыға бірдей сайлау құқығының болуы.
4. Сайлауда бір орынға бірнеше үміткердің болуы (балама сайлау).
5. Саяси, экономикалық, рухани әртүрлілік.
6. Саяси биліктің үш тармағының болуы.
7. Қарсылықты (оппозицияны) заңдылық ретінде мойындау.
8. Саяси биліктің заңға бағынышты болуы.
9. Қоғамдық-саяси шешімдер қабылдаудағы жариялылық.
10.Азаматтардың заң алдындағы теңдігі.
Қортынды
Қазақстан Республикасының ең басты мақсаты —қоғамда тұрақтылық орнатып, азаматтарының қалыпты өмір сүруіне жағдай жасау. Мемлекет туралы тақырыпты талдаған кездегі жиі кездесетін сұрақтың бірі: «қоғамның мақсаты қандай мемлекет орнату, яғни қандай мемлекет халық үшін тиімді болып табылады?» деген сұрақ. Бұған саясаттанушы ғылымдардың қысқаша жауабы: «Ең жақсы мемлекет—ол өзімізді өзіміз басқаруға жәрдем ететін мемлекет» — деген қағида.Мемлекет барлық құқықтық жүйенің өзегі болып есептелетін адам құқығын қорғап отырады. Сондықтан да оның заңдары мен жарлықтары адам құқығына сай келетін, оның ешбір бұзылмайтын принциптеріне бағынатын болуы керек. Сонымен, адам құқығының мәні — оның ар -ұжданының, адамгершілігінің, абыройының, мүддесінің мызғымастығы және оларды қорғау кепілдігін қамтамасыз ету.
Қазақстан егеменді мемлекет болғаннан кейін өзінің Конституциясында қоғамдағы құқықтық заңның үстем болуын басты принцип етіп жариялап, бірінші бабында — ақ: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады”- деп атап көрсеткен. Мемлекет құқықты тек іске асыруға жағдай жасаушы ғана. “Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында”: “Барлық адам жаратылысынан еркін, бойындағы қасиеттері мен құқықтары тең болып туады. Оларда ақыл, ар-ұждан болғандықтан бір-біріне туысқандық рухта ықылас білдіруге тиіс” — деп көрсетілген. Осы тұжырымды айқындай келіп, Декларацияның 3 бабы: “Әрбір адам өмір сүруге,еркін болуға және жеке басының өміріне ешкімнің қол сұқпауына құқылы” -деп бүкіл әлемге паш етті. Бүкіл адамзат мойындап отырған осы аса маңызды халықаралық құжаттың аталып өткен қағидалары Қазақстан Конституциясында толығымен енгізіліп: “… дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз”- депатап көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер:
http://student.zoomru.ru/gospravo/memlekettk-basaru-trler/230056.1806471.s3.html
http://mybiblioteka.su/tom2/4-666.html
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D0%BC_%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%D2%A3_%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D0%B8_%D1%82%D2%AF%D1%80%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96